Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 8-сынып



бет14/19
Дата22.12.2023
өлшемі326,17 Kb.
#142748
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы Қазақ тілі (оқыту қа-emirsaba.org

Оқылым

Тапсырма
Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]


Жасөспірімдер және қылмыс
І. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау – бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін мәселе. Әрбір құқықбұзушылық пен қылмыс – отбасы үшін орны толмас қайғылы оқиға. Қылмыстың нәтижесі біреуді өлімге, енді бірін мүгедектікке апарса, біреу өз өмірінің болашағына балта шауып, темір тордың ар жағында қалады. Қалай десек те, құқықбұзушылық жақсылыққа апармайтынын естен шығармайық.
ІІ. Жалпы, жастардың және жасөспірімдердің қылмыс жасау мәселесі құқық қорғау жүйесінің ғана емес, сонымен қатар отбасының, барша мемлекеттік ұйымдардың үнемі қадағалауын талап етеді. Жастар арасындағы қылмыс қашан да ұлт тұтастығы мен ел болашағына қауіп төндіріп, қоғамымыздың ары қарай дамып өркендеуіне кері әсерін тигізетіні анық.
ІІІ. Жаңадан өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң жолдарын таңдауы
– дәуір қасіреті. Бүгінде түрмеде отырған азаматтардың 70 пайызы жас адамдар. Жасөспірімдер қылмысы мен тәртіпсіздігі неден бастау алады? Қоғам желіктіріп тұр ма, жоқ, әлде тәрбие таяз ба? Сотталған жас азаматтардың көбеюі қоғам өмірінің келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады.
ІV. Астана қалалық сотының мәліметінше, соңғы жарты жылда кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен елордада 43 қылмыстық іс қозғалыпты. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі. Алайда адам өлтіру, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, адамды ұрлау және т.с.с. ауыр қылмыс жасаған тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

1. Мәтін мазмұнына қай ақпарат сәйкес? (1, 2-абзац)


[1]

  1. Бүгінгі таңда жастар қылмысы өзекті мәселе.

  2. Жастардың құқық бұзуы тек заңгерлердің мәселесі.


      1. екеуі де бұрыс


      2. екеуі де дұрыс


      3. тек біріншісі


      4. тек екіншісі



    1. Жасөспірімнің заң бұзуының бүкіл ұлттың дамуына әсері туралы қай абзацта айтылған?[1]


      1. І

      2. ІІ

      3. ІІІ

      4. ІV


24

3. Көптеген жастардың заңға тартылуы ненің белгісі? (3-абзац)


[1]

A) Адамдар тұрмысының нашар болуының



B) Бала тәрбиесінің жеткіліксіз екендігінің




C) Заң қызметкерлерінің әділетсіздігінің


D) Көше тәрбиесінің кері әсерінің

  1. Мәтіндегі «Жаңадан өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң жолдарын


таңдауы – дәуір қасіреті» дегенді сіз қалай түсінесіз? Неге?


[2]

________________________________________________________________________________

  1. Автор не үшін мәтіннің соңғы бөлімінде жасөспірімнің қылмыстық жас ерекшелігін


мысалға келтіреді? Мәтінге сүйене отырып, дәлел келтіріңіз.


[2]

________________________________________________________________________________

6. Мәтін мазмұны бойынша перифразалау арқылы 3 сұрақ құрастырыңыз.


[3]

________________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет