Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 8-сынып



бет18/19
Дата22.12.2023
өлшемі326,17 Kb.
#142748
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы Қазақ тілі (оқыту қа-emirsaba.org

Оқылым

Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10] Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылдағы демалыстарын Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлде өткізіп, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, демалыс дәмін татқысы келеді. Қарап отырсақ,
туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар.
Қазақстанның Туризм және спорт агенттігі бүкіләлемдік туризм ұйымымен бірлесіп, сыртқы және ішкі туризмді дамытудың тиімді бағыттарын айқындап, соның бірі ретінде экологиялық туризмді атап көрсеткен. Экологиялық туризмге қатысты елдегі мүмкіндігі жоғары аймақтар ретінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары белгіленді.
Елімізде бұл сала экономикамыздың әжептеуi р пайда әкелетi н тармағына айналып келедi. Алайда көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын сенімді түрде айтады. Өйткені туризмнің дамуы бірінші кезекте саяхаттауға барлық жағдайдың жасалуына байланысты. Сол себепті сыртқы елдерге шығатын туристер саны әлі де басым болып отыр.
Соңғы кездері Қазақстан саяхатына шетелдік қонақтар қызығушылық танытуда. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастады деп түсіндіреді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуіне мүмкіндігі бар деп есептеледі.

1. Мәтін не туралы?


[1]

    1. Еліміздегі туризмнің аса жетілгендігі туралы

    2. Отандық саяхатты өркендету жолдары туралы


    3. Тек ішкі туризмнің өзгеше ұтымдылығы туралы


    4. Шетел саяхатының аса дамығандығы туралы



  1. Шетелде демалатын туристердің көптігі жайлы мәтіннің қай бөлігінде айтылған? [1]


      1. 1

      2. 2

      3. 3

      4. 4


3. Мәтіннің тақырыбы қандай?


[1]

  1. Қазақстан саяхатына қызығушылық бар ма?

  2. Қазақстанда туризм саласы қашан дамиды?


  3. Өзге елдегі демалыс орындарының дамуы


  4. Сыртқы туризмнің экономикаға әсерінің болуы



4. Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылған?


[1]

________________________________________________________________________________
5-7. Сөйлемдерді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдеріңізді берілген сөздермен бастаңыз.

  1. Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде


экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады.


Туризм саласы дамудың __________________________________________________________
  1. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуіне мүмкіндігі бар деп есептеледі.




Әлемдік туризм нарығының биігіне _______________________________________________
32
  1. Алайда көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын сенімді түрде айтады.





Қазақстанның __________________________________________________________________

8. Мәтіннен алынған пікірге өз тұжырымыңызды білдіріңіз.


[3]



Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар...


________________________________________________________________________________


Жазылым
Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай, сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін қолданып, аргументативті эссе жұмысын орындаңыз.
[10]
  1. Өз еліңізде саяхаттау мүмкіндігі болса, қай жерге барар едіңіз? Неліктен?


2. «Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын», – деген екен Г. Ревзин. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе?


________________________________________________________________________________
33



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет