«Тұран» Университі


Ерік, бостандық және игі дәнекерлік



бет37/171
Дата21.10.2022
өлшемі2,56 Mb.
#44551
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   171
Байланысты:
С. Мырзалы Философия

Ерік, бостандық және игі дәнекерлік.
Дүниедегі зұлымдықтың түп-тамыры адамның еркінде болғаннан кейін Августин оны егжей-тегжей талдап, еріктің тұрақсыздығын көрсетеді. Ол мен едім, оны тілеген, сонымен бірге, одан бас тартқан. Сонымен өз-өзіммен күресіп, өз-өзімді тырнадым²,- дейді ойшыл.
Сократ уақытында адамның зұлымдылыққа баруы - оның білмегенінде деген тұжырымға келген болатын.
Алайда, адамдарды толғандыратын нәрсе - ол білім мен еріктің, бір-бірінен алшақтығы. Жақсылық пен жамандықтың не екенін біле тұра соңғыға ұмтылу адамдардың өмірінде жиі кездесетін құбылыс.
Августин бұл мәселеге “коперникандық төңкеріс² жасап, бостандық - ақыл-ойдың емес, еріктің қасиеті деген пікірге келеді.
Ерік ақыл-ойдың басқаша көрінісі. Ақыл-ойдың қабылдайтынынан, ерік бас тартады. Ақыл-ой танып-біледі, ерік - таңдайды және оның таңдауы көбіне ақылға симайды.
Алғашқы тектік күнә - ол адамның тәкәппарлығынан шықты, ерік ауытқып, Құдай талабына сай келмеді. Адамның кеудесінде бос ұлылық пайда болып, мен-мендікке әкеледі, содан кейін тек өзін ғана мадақтап, өзін ғана сүйеді.
Августин адамның еркі сонда ғана шынайы, егер ол зұлымдыққа бармаса дейді. Ондай талап адамға алдын ала қойылған болатын. Бірақ, ол Құдайдың талабын бұзды, ал оның өзі оның еркін әлсіретті.
Сондықтан, бірде-бір адам, тек өз күшімен, қанша тырысса да, күнәлік шеңберден шыға алмайды, өйткені, ол өз-өзіне жеткілікті емес. Оған әрқашанда Жаратышуның көмегі керек.
“Адам тек өз күшіне ғана сеніп, Құдайдың қолдауынан бас тартса, ол әрқашанда күнәнің олжасы. Бірақ әр адамның құтқарушысына сиынып, ерікті түрде Құдайдың сыйына жетуіне мүмкіншілігі бар. Адам әрқашанда Құдайына сену арқылы өзінің күш-жігерін зұлымдыққа қарсы күреске жұмсап қана нағыз еріктікке ие болады.
Енді біз Августиннің қоғам мәселелерін қалай шешетіні жөнінде қарауымызға мүмкіншілік келді.
Жердегі қала² мен “Құдай қаласы².
Сонымен, залымдықтың түп-тамыры адамның өзін ғана сүюінде болса, игіліктің - Құдайды сүюде- яғни, ақиқатты игілікті сүюде.
Құдайды сүйетін адамдар бірігіп “Аспан қаласын² (яғни, шіркеуді) құрайды, ал қалғандары “Жердің қаласының² пенделері. Соңғылар адамның даңқын іздейді, ал біріншілер Құдайдың даңқын арттырады.
Бұл жердегі өмірде олар Кайн* мен Авельдың тұқымдары ретінде бір-бірінен бөлінеді.
“Жер қаласының² адамдары бұл Дүниеде өздерін әлемнің патшасы ретінде сезінеді, ал “Аспан қаласының² адамдары - дәуріш сияқты жүреді.
Августин адамзат тарихының басы болғаннан кейін, оның соңы да бар деген пікір айтады. Дүние соңында адамдарды қайта тірілтіп қахарлы соттан өткіздіретініне ол сенген.
Құдай адамға сүйіспеншілікті сыйға тартты. Сондықтан адам жақынды да, алысты да, дүниедегі заттарды Құдайдың риясыз жаратқан кейіпі ретінде сүйсе, онда ол - нағыз сүю (charіtas).
Ал адам өзін ғана сүйіп, жердің қызықтарына ғана құмартса, онда оны жалған сүю (cupіdіtas), (ындын құмартушылық) деп атауға болар еді.
Қорыта келе, Августиннің сенім шеңберіндегі философиясы өзінің гуманистік-адамгершілік бағытымен адамзаттың рухани қазынасында ерекше орын алады. Адамның өлшемі - оның басқаларды сүю салмағымен анықталады. Августин айтқандай: сүй, сонда ғана не істегің келсе де жасай бер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет