«Тұран» Университі



бет34/171
Дата21.10.2022
өлшемі2,56 Mb.
#44551
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   171
Байланысты:
С. Мырзалы Философия

Құдай мәселесі.
Августин Христиан философиясында Құдай болмысының 3 дәлелдеуін ұсынады.
Бірінші дәлелдеуде ол Дүниенің жетілгендігін ұсынады. Дүние- қаншалықты әртүрлі және өзгерісте болғанменен, ол Хаос емес, онда тәртіп, әсемдік бар. Дүние ешқандай сөзсіз ақ бізге Жаратушыны, оның күдіретті күшін көрсетіп тұрғандай.
Екіншіде бүкіл адамзаттың Құдайдың болмысы жөніндегі келісімі, оны мойындауы, көнуі жатыр. “Құдайдың Дүниедегі билігін адамның ақылы болса аңғармайтын адам жоқ. Егер біз аз-мұз табиғаты бұзылған адамдарды есептемесек, қалған бүкіл адамзат Құдайдың болмысын мойындайды.
Үшінші дәлелдеу игіліктің баспалдақтық табиғатынан шығады. Ең соңында біз ең жоғарғы игілікке - Құдайға келіп тірелеміз.
Расында да, Дүниеде тегіс дала бар. Соқпақтар, таулар бар. Дүниеде бір зат әсем, ал екіншісі- одан да әсем, бір зат пайдалы, ал екінші зат одан да пайдалы. Ал олардың бәрін салыстырып анықтау үшін біз ешнәрсемен салыстырылмайтын өзіне-өзі тең таза игілікті қажет етеміз: ол - Құдай.
Сонымен, Болмыс, Игілік, Ақиқат - Құдайдың мән-мағыналық қасиеттері.
Олай болса біз Августин Құдайдың үштік (Троица) табиғатын қалай түсінетініне назарымызды аударайық.
Үштік мәселесі.
Христиан дінінің негізгі ерекшеліктерінің бірі - үштің сиқырлы мағнасын ашу (шамасы, пифагореизмнің жұрнағы болса керек). Құдай біреу болғанымен оның үш тұлғалық жақтары бар. Ол Құдай- әке, Құдай- ұл және киелі рух. Құдайдың осы үш тұлғалық жағының біреуі де басқаларынан басым емес, сондықтан бір: Құдай - ол әке де, ұл да, киелі рух та, бір-бірінен Болмыста бөлінбейді.
Бірақ, оларды бір-бірінен айыру керек. Августиннің айтуынша, “киелі рухты айырамыз, бірақ басқа Құдайдың жақтарынан бөле алмаймыз. Ол мәңгілік игілік пен тұрақтықта. Бұл үш тұлға - бір Құдай. Әке болған жерде ұл бар, және ол ұл емес; ұлдың әкесі бар, бірақ, ол - әке емес; Егер ұл белгілі бір уақытта Дүниеге келсе, онда күндердің бір күнінде ол Балалық шағын тастар еді, бірақ Құдай - ұл - мәңгіліктен. Сондықтан Құдай-әке де, Құдай-ұл да- мәңгілікті, тұрақты.
Құдай үш тұлғалық болғаннан кейін жаратылған Дүниеден де оның іздерін табуға болады. Дүниедегі заттардың бірлігі, бітімі және тәртібі бар. Ал адамның ақыл-ойына келер болсақ ол да бір мен үш: ақыл, таным, сүю. Сонымен біз айнадағы өзіміздің сәулемізді көргендей, Құдай біздің жан-дүниемізде, сондықтан, Құдайды тану - жан-дүниені танумен, жан-дүниені тану - Құдай арқылы танумен тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет