«Тұран» Университі


Схоластикалық философия (scholastіca-лат. сөзі, оқушы, ғалым)



бет38/171
Дата21.10.2022
өлшемі2,56 Mb.
#44551
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   171
Байланысты:
С. Мырзалы Философия

Схоластикалық философия (scholastіca-лат. сөзі, оқушы, ғалым).
Патристикалық философия христиан дінінің негізгі қағидаларын жүйеге келтіріп Х1 ғасырға қарай діни философияның екінші сатысына өтуге жағдай жасады. Патристиканың мистикалық жағы жаңа жағдайда көп ойшылдарды қанағаттандырмай, Тертуллианның жоғарыда келтірген нақыл сөзі басқаға “credo ut іntellіgam² (сенемін-түсіну үшін) ауысады.
Құдайға сену бұрынғыдай бірінші орында болса да, қазір одан кейін білім қойыла бастайды. Негізгі мақсат - құдіретті аян арқылы берілген ұғымдардың мазмұнын анықтау, ақыл-ой елегінен өткізу бір-бірімен үйлесімді түрде ұштастыру т.с.с.
X1-X11 ғасырларда алғашқы рет универсалиялар (жалпы ұғымдар) жөнінде қарама-қарсы тұрған екі бағыт - номинализм және реализм пайда болды (realіs,-лат. сөзі,- шындық, заттық; nomіnіs- лат. сөзі,- затқа қойылған ат).
Схоластиканың пісіп-жетілген уақыты X111-X1V ғасырларда. Негізгі идеялар университеттерде шыңдалады. Негізінен алғанда, бұл уақытта Платонизмның негізгі идеялары сыртталып, Аристотелизм оның орнына келеді.
Схоластиканың соңында (ХқVғғ.) сенім мен ақыл-ойдың үйлесімді болуына күмән келтіріліп, бірте-бірте “екі ақиқат² ілімі тарала бастайды.
Бүкіл схоластика – шынайы өмірмен байланысы жоқ, өткен ғасырлардан жеткен кітаптардағы ой-пікірлерді зерттеп, солардың ашылмаған сырын табуға бағытталған философия болды. Сондықтан, жаңа заман келіп “тәжірибелік білім² етек жайған кезде “схоластика² деген ұғым теріс мағна алып мазмұны жоқ, өмірден алшақ, бос сөздік ретінде қаралып және бүгінгі өмірде де солай түсініледі.
Схоластиканың алғашқы кезіндегі қойған мәселесі универсалиялардың табиғаты (unіversalіs,- лат. сөзі,- жалпы) жөнінде болды. Бүгінгі таңда универсалиялар деп біз филоофиядағы ең жалпы ұғымдарды айтамыз.
Универсалиялар жөніндегі ілім алғаш рет Плотиннің Философиядағы “идеялар² теориясында кездеседі. Плотиннің ойынша, қайсыбір жалпы ұғымға сәйкес келетін идея бар, олар нағыз болмыс -“идеялар әлемін² құрайды. Жердегі сезімдік заттар болмысын алсақ, олар көптікке жатады, жалпылық өзгеріске түсіп бөлініп жеке затта ешқашанда толығынан көрінбейді.
Аристотель танымдағы жалпылық жеке заттардың болмысын бейнелейді деген болатын. Қысқаша айтқанда, универсалия мәселесін Орта ғасырдағы философ Порфирий былайша қойды: Тек пен түр өзінше өмір сүре ме, олай болса олар дене ме әлде денесіз бе? Егер тек қана ақыл-ойда болса, олар бөлек өмір сүреді, әлде олар сезімдік құбылыстарда ма?
Х1 ғасырдың аяғы мен Х11 ғасырдың басында бұл мәселені шешуде үш ағым пайда болды. Олар - номинализм, реализм және концептуализм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет