ҚЫЗЫЛАҒАШҚА ҚОСЫМША
ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ
Отырыста Алматы облысының әкімі
Серік Үмбетов су тасқынынан зардап шек-
кен Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылын
толық қалпына келтіруге қосымша қаржы
сұрады. Оның сөзіне қарағанда, Қызыла-
ғаш ауылындағы су тасқынының салдарын
жоюға барлығы 7,8 млрд теңге қажет
екен. «Бізде әзір 3,1 млрд теңге қаржы
бар. Алдын ала есеп бойынша қосымша
тағы 4,7 млрд теңге қажет», – деген облыс
әкімі Үкімет басшысынан қаржыландыру
мәселесін тездетіп шешуді өтінді.
Қызылағаш ауылындағы су тасқыны-
ның салдарын жою үшін 3,1 млрд теңге
қаржы бөлінгені белгілі. Оның 1 млрд
теңгеден астамы қайырымдылық көмектен
түсті. Ұлттық компаниялардан 622 млн
теңге бөлінсе, облыс әкімдері тарапынан
тағы 870 млн теңге бөлінді. Апат салда-
рын жоюға деп Үкімет резервінен 599 млн
теңге бөлінген болатын. Өз кезегінде
Премьер-министр Кәрім Мәсімов Қызыл-
ағаш қа қажетті қаржы бөлінетінін атап өтті.
«Мен тиісті тапсырма беремін», – деді ол.
Облыс басшысының мәліметтеріне сәй-
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Халықаралық мекемелердің бюджеттері қанша?
Бірінші басшылардың әуе апаттары
10 сәуір күні Польша Президенті Лех Качиньский, оның зайыбы Мария
Качиньский және Польша елінің ресми тұлғалары мінген ұшақ Смоленск қа-
ла сының түбінде апатқа ұшырады. Тарихта мемлекеттердің бірінші басшы ла-
рының қайғылы әуе апаттары және оның себептері туралы деректер бар ма?
Мәулен БАТЫРБЕКОВ, Алматы облысы
Халықаралық ұйымдардың бюджеттері туралы көп біле бермейміз.
Халықаралық ұйымдардың ішінде қай мекеменің бюджеті көп?
Қасым АЛТЫНБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Халықаралық мекемелердің арасында
бюджетінің көлемі жағынан БҰҰ бірінші
орында тұр. Жер бетін қамтитын бұл ұйым-
ның қаржы қоры 2,6 млрд долларды құ-
рай
ды. Аталған қаражаттың 22 пайызын
АҚШ мемлекеті береді. Ал Қазақстан бұл
ұйым ға жыл сайын 650 мың доллар жарна
тө лейді. Екінші орында Халықаралық ва-
лю та қоры тұр. Атом энергетикасы бойын-
ша халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ)
бюд жеті 250 млн долларды құрайды. Оның
шамамен 25 пайызын АҚШ құяды. Ке лесі
кезекте Дүниежүзілік сауда ұйымын атау ға
бо лады. Оның бір жылдық бюджеті 100
мил
лион доллардан асып жығылады.
ЕҚЫҰ-ның 2010 жылдағы бюджеті 150 млн
750 мың еуроны құрады. ЕурАзЭҚ-тың
жылдың бюджеті – 4-5 млн доллар ша
-
масында. Ондағы Қазақстанның үлесі – ша-
мамен 760 мың доллар. Ал Шанхай Ын ты -
мақтастық Ұйымының бір жылдық бюд же ті
шамамен 15-17 млн долларды құрайды.
АЛАШ-АҚПАРАТ
КӨРШІ
Поляк халқына
көңіл айту кітабы ашылды
Бакиев барарға жер,
басарға тау таппай жүр...
Қазақстандағы Польша Республикасының елшілігінде
Смоленск түбіндегі әуе апатынан қаза болғандарға байланыс-
ты көңіл айту кітабы ашылды. Мұнда гүл мен майшам әкеліп,
апат құрбандары рухына тағзым етушілерде есеп жоқ.
Кеше Қырғызстанның биліктен аластатылған Президенті
Құрманбек Бакиев Жалал-Абад облысы Созақ ауданының
Тейит ауылында Бакиев отбасылары мүшелерінің
қатысуымен митинг өткізді.
Сәуірдің 10-ы күні Польша саяси
элитасының негізгі бөлігі бір мезгілде
опат болды. Ел Президенті бастаған
делегация Ресейдің Смоленск облы-
сына Катынь оқиғасының 70 жылды-
ғы на байланысты сол кезде жазықсыз
атылған 22 мыңға жуық поляк аза ма-
тының аруағына тәу етпекке келе жат-
қан. Варшавадан ұшқан Ту-154 қыз-
меттік ұшағы «Смоленск» аэродромына
қонар кезде апатқа ұшырады. Бұл уа-
қыт та көзге түртсе көргісіз көк тұман
бо лып тұрған. Ұшақ әуелі Катынь ор-
маны ағаштарының ұшар басына
соғылып, кейін құлап түскен. Борттағы
96 адамның ешқайсысы тірі қалған
жоқ. Оқиғаның себептері анық
талу
үстінде. Опат болғандардың ара сынан
алғаш болып Президент Лех Ка чиньс-
кийдің денесі анықталып, ел
астанасына жө нел тілді. Сәуірдің 12-сі
Ресейде қаралы күн болып жария-
ланды. Ал поляк елін де аза тұту сәуірдің
17-сіне дейін жал
ғасады. Қайғылы
оқиға бүкіл әлем жұрт
шылығының,
қазақстандықтар
дың, Алматы мен
Астанадағы поляк диас
порасы өкіл-
дерінің де қабырғасын қа
йыс
т
ырды.
Жұртшылықты дүр сілкін
дірген жағ-
дай ды ести сала, Мемлекет басшысы
Нұр сұлтан Назарбаев Польша Сеймы
төрағасының атына күллі поляк хал-
қына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Хатта «Польша Президенті Лех Ка-
чиньский мен оның жұбайының және
олармен бірге болған тұлғалар
дың
ұшақ апатында қазаға ұшырағаны
туралы қайғылы хабарды терең күйзе-
ліс
пен қабыл алдық. Осы бір ауыр
сағатта Қазақстанның барша халқының
атынан және жеке өз атымнан бауырлас
Польша халқына шын жүректен азалы
көңілімді білдіргім келеді. Сіздермен
бірге аза тұтамыз» делінген. Тарихи
тағдыр татуластырған поляк халқының
қайғысына еліміздің Премьер-ми-
нистрі Кәрім Мәсімов пен Мемлекеттік
хатшы-сыртқы істер министрі әрі ЕҚЫҰ
төрағасы Қанат Саудабаев және та ғы
басқа бір топ жоғары лауазымды ше-
неунік көңіл айтты. Кешелі бері Аста-
надағы елшілік пен Алматыдағы Бас
консулдық ғимараты алдына келу ші-
лер толастамай жатыр. Арнайы ашыл-
ған көңіл айту кітабына еліміздің бел-
гілі шенеуніктері мен саясаткерле рінен
басқа, қарапайым жұртшылық та
қолжазба қалдырып үлгерді. Польша
елшілігі мамандарының айтуынша,
көңіл айтуды ғаламтордағы amb@po-
land.kz мекенжайына да жіберуге
болады.
Болатбек МҰХТАРОВ
Қ.Бакиев ауыл тұрғындарының ал-
дын да сөз сөйлеп, елде қанды қақты-
ғыс тардың орын алуына өзінің кінәсі
жоқ екенін мәлімдеді. «Егер мен өз
кінәм ді сезінсем, қазір осы митингіде
сіз
дер
мен бірге тұрмас едім, Ақаев
сияқ ты баяғыда қашып кеткен болар
едім», – деді Қ.Бакиев. Ол өзінің жақ-
тастарын бүгін, яғни 13 сәуірде Жалал-
Абад та жергілікті уақыт бойынша таң-
ғы сағат 10-да өзін қолдап, митингке
шығу ға шақырды.
Ол оппозиция мен өзін билік етіп
жа риялаған Уақытша үкіметтің мүше-
ле рін «қылмыскерлер және кісі өлтіру-
ші лер» деп атады. «Олар билікті зор-
лық-зомбылық жолымен басып алды.
Ал біз 2008 жылдың наурызында
билік ті беру заңдылығының бүкіл про-
цедураларын сақтаған болатынбыз»,
– деді орнынан тайдырылған қырғыз
бас шысы. Президенттің жанында оның
үш ықпалды ағасы, соның ішінде ми-
тингке шыққандарға оқ атуды басқар-
ған және елдің жаңа билігі іздеу
жарияла ған Жаныбек болды. «Ин тер-
факс» тілшісінің хабарлауынша, ми
-
тингке екі мыңға тарта адам қатыс ты.
Олар «Бакиев – біздің Прези де нт» деп
ұрандап, қолдарына «Ле гитим ді пре-
зиденттен қол тартыңдар!» деген жа-
зулар көтеріп шыққан.
Кеше Уақытша үкіметтің тапсырма-
сы мен Қ.Бакиевті тұтқындауға қатысты
арнайы операция әзірленіп отырғаны
белгілі болды. Уақытша үкімет жетек-
шісінің бірінші орынбасары Алмазбек
Атам баевтың айтуынша, олар барынша
қантөгістің болмауын қадағалайды. Ал
Жалал-Абадтағы митинг барысында
Қ.Бакиев өзін тұтқындауға әрекет
жасал
ған жағдайда мемлекетте қан-
төгіс бас
талатындығын айтып, сес
көрсеткен бола тын. Бірқатар баспасөз
құралда рын да
«Құрманбек
Бакиев
АҚШ-қа жол тартады» деген қауесет
пайда бол ған еді. Алайда кеше Қыр-
ғызстандағы АҚШ елшілігі ресми мә-
лім деме жасап, Құрманбек Бакиевке
пана болмайты н дығын және елді тас -
тап шығуға қандай да бір жәрдем
көрсетпейтіндігін мә лімдеді.
Сәкен КӨКЕНОВ
Тарихта әуе апатынан 15 шақты мем-
лекет басшыларының опат болғаны тура-
лы деректер бар. 1943 жылы Катынь
қыр ғы нының шынды ғын ашуға талпын-
ған Поль
шаның қуғындағы пре
мьер-
министрі Вла
дислав Сикорский мін
ген
ұшақ Гибрал тар дан ұшып шығып, теңіз
үстін де апатқа ұшы раған. Оның себептері
әлі күнге дейін белгі сіз. АҚШ-тың одақ-
та
сы, ком
му
низмнің жауы болған Фи-
лип
пин президенті Рамон Магсайсай
мін
ген ұшақ 1957 жылы 14 наурызда
Се бу аралындағы тауға соғылып, апат қа
ду шар болды. 1959 жылы 29 наурызда
ұшақ бортындағы жарылыстан Орталық
Аф ри ка автономиялық Республикасының
бі
рінші премьер-министрі Бартелеми
Бо ган да қайтыс болды. БҰҰ бас хатшысы
Даг Хам мар шельдтің ұшағы 1961 жылы
қыркүйекте Сол
түстік Родезияның (қа-
зіргі Замбия) Ндо ла қаласының маңында
жерге құла
ды. Әртүрлі себептерге
байланысты әуе апатт
арынан Боливия
президенті Рене Бар риентинос Ортуньо
(1969), Югосла
вия пре
мьер-министрі
Джемаль Биедич (1977), Пор
тугалия
премьері Фран
сишку де Са Кар
нейру
(1980), Эквадор прези
денті Хайме
Роль
дос Агильера (1981), Па
нама
президенті Омар Торри
хос (1981),
Мозамбик президенті Са мо ра Машель
(1986), Пәкістан пре зи денті Мұ х аммад
Зия Ул Хақ (1988), Руанда пре зиденті
Жювеналь Хабиа
ри
мана мен Бурунди
пре
зиденті Сиприен Нтар
иамира бір
ұшақта (1994), Маке до ния президенті
Борис Трай ковс кий (2004) қаза болды.
Басы 1-бетте
Басы 1-бетте
Мансұр Х
АМИТ (фо
то
)
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№58 (284) 13.04.2010 жыл, сейсенбі
www.alashainasy.kz
3
e-mail: info@alashainasy.kz
ҚОҒАМ
ЖИЫН
ОЙ-КӨКПАР
Мақаш ТӘТІМОВ,
Орталық Азия университетінің ректоры,
демограф
Қабылсаят ӘБІШЕВ,
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы
Кезінде Абылай ханның тұсында да дәл
осындай жағдайлар орын алған. Қыр-
ғыздар қырықпышақ болып қырылып жат-
қанда, Абылайдың стратегиялық шешімі-
мен қырғыз елінің солтүстік бөлігін Қазақ
хандығының қарамағына алған болатын.
Сол кезеңдерде біздің солтүстік өңірлері-
мізге қырғыздар шоғырланған. Қазір әлі
күнге дейін Көкшетау жақта аты ғана
қырғыз, заты қазақ болып кеткен қырғыз-
дар бар. Міне, осындай жағдай ларды мүлт
жіберіп алмауымыз керек. Кейбіреулер
«елін тастап қашқандар – сатқындар,
Сондықтан жоғарыдағы екі факторға
сәйкес келмегендер босқын аталып,
босқын туралы заң қабылдаған елдерге
кіре алмайды. Егер көрші Қырғыз еліндегі
оқиғаға қатысқан халықты жазалау туралы
шешім қабылданса, онда халық босқын
аталып, өзге мемлекеттерді паналай ала-
ды. Қазіргі жағдайға байланысты Қыр-
ғызстан азаматтары келген жағдайда
арнайы комиссия қарап, олардың босқын
немесе босқын емес екенін нақты анық-
тайтын шешім қабылдайды. Әзірге көр-
шілес елдердің ешқайсысынан «босқын
болғымыз келеді» деп арыз жазған ешкім
болған жоқ. Тағы бір айта кететін мәселе,
көршілес елдер мен біздің мемлекеттің
арасында жасалған келісімшарттарға сәй-
кес, Қырғызстан азаматтарының 90 күнге
дейін ешбір тексерусіз біздің елге келіп,
сауда-саттықпен айналысуына, басқа да
жұмыс істеуіне, демалуына рұқсат етілген.
Егер үш айда еліне қайтпаса, онда міндетті
түрде тіркеуден өтуі шарт. Дәл осындай
келісім Тәжікстанмен арада да жасалған.
Тәжіктер Қазақстанда 30 күнге дейін еркін
жүріп-тұра алады. Ал Ресей, Өзбекстан
сияқты өзге мемлекеттердің азаматтары
бес күннің ішінде ресми түрде тіркелуі
шарт. Егер осы мерзім арасында тіркелмесе,
көші-қон полициясы әкімшілік жазаға
тартады. Бұрындары өз елінде қылмыс
жасамаған, Қазақстанның заңдарын бұз-
баған азаматтарға осы мерзім ара лығын да
Қазақстанға келуіне рұқсат беріледі. Ал
егер жаңа айтып өткен БҰҰ-ның конвен-
циясында еліміздің «Босқындар туралы»
заңының талаптарына сай келмесе, өзге
мемлекеттердің азаматтарын Қазақстанға
ешбір себепсіз қабылдай алмаймыз.
Орталық Азиядағы саяси тұрақсыздықтан қашқан
өзге ұлт өкілдерін Қазақстан қабылдауы керек пе?
Астанада ғарыштық
кешен салынады
Басы 1-бетте
оларды қабылдау әсте керек емес» дегенді
айтады. Бірақ біз тұрақты, экономикасы
қалыптасқан елміз ғой. Осындай кезеңде
өзге ұлттарды ассимиля
циялау оңай
жүргізіледі. Бұл мәселені мемлекеттік
билікте жүргендер айтпайды. Себебі бұл
мәселе саясиланып, мемлекет
аралық
жанжалдарға түрткі болуы кәдік.
Сондықтан мен сияқты ғалымдар, тәуелсіз
сарапшылар осындайды қоғам алдында
ашық айтып, пікір қалыптастыруымыз
маңызды деп ойлаймын. Көршілес елдер-
ден келген ағайындардан қорықпауымыз
керек. Себебі оларды арзан жұмыс күші
деп те атаймыз. Қазіргі дамыған мем лекет-
тердің барлығы да осындай арзан күш-
тердің еңбегіне сүйенген. Қазір біз эконо-
мика
мызды одан әрі дамыту үшін
ин дус трия ландыруға көңіл бөліп отырған
шақта жұмыс күші керек болады. Біздің
жеріміз байтақ, игерілмей жатқан жеріміз
көп. Орталық Азиядағы тұрақсыз жағ-
дайларға төзбей, елінен безіп кеткендерді,
жағдай болса, Қазақстанның қабылдағаны
дұрыс. Бірақ оларды Оңтүстік Қазақстанның
аудандарына шоғырландыра бермей,
Солтүстік, Орталық Қазақстанның ауыл,
аудандарына қоныстандырған жөн деп
есептеймін. Бізге Қытай жағынан демогра-
фиялық қауіп бар дейміз ғой. Бірақ Шың-
жаң автономиясын игермей, бізге қауіп
төндіре алмайды. Оған кемінде 50 жылдай
уақыт бар. Бізге алдағы 5-10 жылда демо-
графиялық қысым Өзбекстан жағынан
бола ма деп ойлаймын. Міне, осындай
бәсекелестік орын алған кезде халық
санының аздығы шешуші рөл атқарады.
Сондықтан да мен көршілес елдердің
азаматтарын бауырымызға салайық
дегенді айтып отырмын.
Ирак ЕЛЕКЕЕВ,
Мәжіліс депутаты:
Өмірәлі ҚОПАБАЕВ,
заң ғылымының
докторы, профессор:
Төлеужан ЖҮНДІБАЕВ,
Алматы облыстық ІІД
Көші-қон полиция
басқармасының аға
инспекторы:
?
А Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А Л
А Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А Л
Дайындаған Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
– Бұл мәселенің екі жағы бар. Бір жағынан алып қарағанда,
олар дың рейдті алдын ала хабарлап барып жүргізгендері дұрыс.
Өйт кені рейд барысында көп болса10-20 шақты адамды ұстап,
тәр тіпке салармыз. Ал қалғаны не істемек? Ал рейдтің, алдын алу
іс-шарасының күнделікті өтіп жатқаны жөнінде барлық ел құ лақ-
тан са, аяқтарын аңдап басады. Кішкене болса да, тәртіптің бар
екен і естеріне түседі. Сондықтан алдын алу іс-шараларының,
рейд тердің өтіп жатқаны туралы БАҚ-та алдын ала жария ла нып,
олар дың жазаланып жатқаны жөнінде білдіріп отырған жөн.
Алайда алдын ала рейдтерді хабарлау оның түріне де бай -
ланысты. Мәселен, қауіпті қылмыскерлерді құрықтау ба ры сын да
ақ параттардың неғұрлым құпия болғаны дұрыс.
Құзырлы органдардың алдын ала жариялап алып, рейдке шығуы қаншалықты тиімді?
– Рейдті алдын ала жариялап алып жүргізуді қолдамаймын. Өйткені
рейдтің нәтижесі неғұрлым сапалы болсын десек, тиісті мекемелер естімей
тұрып, аяқастынан жасаған қолайлы. Мұны мен күнделікті тәжірибеден де
байқап жүрмін. Бірақ алдын ала БАҚ беттерінде мұның бәрі жариялы түрде
болуын бізден талап етеді. Мәселен, іздеуде жүрген қауіпті қылмыскерлерге
де теледидарда іздеу жариялайды. Шын мәнінде, тұрғындар бәрібір оны
көрсе де, хабарламайды. Сондықтан қылмыскердің өзінің іздеуде жүргенін
білмей тұрып, байқаусызда ұстаған қолайлы. Осы секілді 10-15 күндік
рейдтер жасау барысында да алғашқы бір-екі күнде жасалып жатқан рейдтің
нәтижесі өте жақсы көрінеді. Алайда одан кейінгі уақытта бәрі сақтанып
үлгерген соң, рейд нәтижесі көрінбей қалады. Мысалы, алдын ала рейд
болатыны хабарланған соң, «автобус» шарасы өтетін болса, техникалық
жағдайы төмен немесе құжаттары дұрыс емес жүргізушілер жұмысқа
шықпай қояды. Алдын ала хабарланған соң, рейдтің тиімділігі төмендейді.
– Алдын ала хабарланған рейд-
тер дің бар лығы – көзбояушылық.
Рейд біт кен соң, күнделікті боямасыз
тір лік бәз бая ғы қалпында жалғаса
береді. Мұн дай рейд термен біз қо-
ғам ның өзек ті мә се ле лерін шеше ал-
маймыз. Сон дық тан рейд терді ал дын
ала ха бар ламай, өт кі зіп болған соң
ғана нақ ты ақ па рат ты, рейд тің қалай
өткені жө нінде БАҚ бет те рінде жа рия-
ла уы мыз керек. Жал пы, олар дың күн-
делікті мін деті бол ған нан ке йін, істеген
іс-ша ра сын айқай ла тып, жа рия лап
оты ру дың өзі – ыңғайсыз дү ние.
АЛАШ-АҚПАРАТ
ҚЫЛМЫС
Темір тор тұтқындарын
қорқыту арқылы қара басының
қажеттілігін өтеуді ойлаған қос
бірдей лауазымды тұлға қамауға
алынды. «Дәніккеннен құныққан
жаман» демекші, Құсмұрын
түрмесінің бастығы мен оның
орынбасары жазасын өтеушінің
есебінен түрлі тұрмыстық
техникалар мен 160 мың теңге
шамасында ақшалай пайда
көреміз деп пәлеге ұрынды.
Қостанай облыстық прокуратурасы
баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Әу-
лие
көл ауданы Құсмұрын ауылындағы
жалпы режимдегі түзеу мекемесінің бас-
тығы, әділет полковнигі Александр
Садовский мен осы мекеменің бөлім
бастығының орынбасары, әділет капитаны
Талғат Дю
сембиев үстіміздегі жылдың
28.01.-15.02. аралығында өздерінің қыз-
меттік өкі
лдіктерін пайдалана отырып,
жазасын өтеп жатқан С.-дан ақшалай,
тұрмыстық заттар мен ұялы телефон талап
еткен. Қазіргі уақытта ҚР Әділет ми нистр-
лігінің Қостанай облысы бойынша Қыл-
мыстық-атқару жүйесі комитеті басқарма-
сының УК-161/4 түзеу мекемесі бастығы
мен жедел бөлім бастығының орынбасары
қалалық Ішкі істер басқармасының
уақытша ұстау изоляторында қамауда
отыр.
Өз талаптары орындалмаса, орын басар
сотталушыға жағдайының нашар
лай-
тынын, негізсіз тәртіптік ықпалды қол дана
отырып, айып изоляторына, ка ме ра лық
үлгідегі үй-жайларға немесе жалғыз адам-
дық камераға ауыстыратынын айтып,
қорқытқан.
Ботакөз СЕЙІЛ,
Қостанай облыстық прокуратурасы
баспасөз қызметкері:
– Жоғарыдағы көрсетілген мерзім
аралығында жазасын өтеуші С. туыс-
тары арқылы лауазымды тұлға ларға
тұрмыстық, атап айтсақ, шетелдік үш
теледидар, төрт жинақтағы үй кино-
театры, екі ұялы телефон мен арнайы
компьютерге монитор және 160 000
теңге ақша
берген. Облыстық про-
куратура қыз
меткерлері Қостанай
облысы бойынша ҰҚК-мен біріге
отырып, облыс прокуроры санкция-
сымен тергеу шараларын жүргіз генде
мұның бәрі расталды. Заң бұзушы
лауазымды тұлғалар кабинетін тінту
барысында жазасын өтеушінің туыс-
тары берген теледидар, екі үй
кинотеатры және колонияның жедел
бөлімі бастығы орынбасарының үйінен
тұрмыстық заттар табылады.
Бүгінде Қостанай облысы бойынша
ҰҚК-нің Тергеу басқармасы мекеме бас-
тығы мен жедел бөлім бастығы орын-
басарына ҚР ҚК-нің 308-бабы 4-бөлімінің
«В» тармағы бойынша қылмыстық іс қоз-
ғалды.
Алмагүл СҰЛТАНОВА,
Қостанай
Түрме бастығы
түрмеге түспек
Семейдегі пәтерлердің
бірінде жарылыс болып, бір адам
көз жұмды. Қалалық жедел
медициналық жәрдем стансысы
дәрігерлерінің мәліметінше,
оқыс оқиға 10 ақпан күні
15-ықшамауданда болған.
Дүмпу кезінде 83 жастағы әйел мерт
болса, 94 жастағы қарт адам токсикология
бөліміне жеткізілген. Ақ халатты абзал
жандардың айтуынша, олар келген бетте
үйдің кіреберіс бөлмесінде сол қырымен
сұлық жатқан әйелді көрген. Алайда оны
құтқару мүмкін болмапты. «Біз жетпей, ол
жан тапсырыпты. Ер адам болса түтіннен
қатты уланған», – дейді мамандар. Дәрі-
герлердің пайымдауынша, ас бөлмедегі
тоңазытқыш пен қысқа толқынды пеш
атылып, салдарынан жарылыс шыққан.
«Толқынның күштілігі сонша, ас бөлменің
терезесінен сау-тамтық жоқ. Оның үстіне
бөлменің есігін де жұлып әкеткен», – дейді
олар. Қалалық Төтенше жағдайлар
жөніндегі басқарма қызметкерлері дүмпу
электр сымдарының қысқаша тұйықталуы
салдарынан туындауы мүмкін деген
жорамал жасауда. Қазір осы оқиғаға
қатысты тергеу жүріп жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |