Тұрақты және тұрақсыз мотивация


Эмпатия- қайғы- қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырыған өзгелерге жанашырлық білдіріп, солардың ауар халі өз басыңа түскендей сезіну. Құмарлық



бет8/28
Дата05.05.2023
өлшемі282,04 Kb.
#90206
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Эмпатия- қайғы- қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырыған өзгелерге жанашырлық білдіріп, солардың ауар халі өз басыңа түскендей сезіну.
Құмарлық- адамның белсенді іс- әрекетін оятатын күшті сезім. Құмарлық көрінісі анық, ұзақ уақытқа созылады. Ол әрқашан белгілі бір затқа бағытталды. Оның ұнамды және ұнамсыз жақтары бар. Мысалы, оқуға деген құмарлық адам қабілетін тәрбиелейді, мәдениетін дамытып, өмірдегі мақсат- мүддесіне жеткізеді. Ал ұнамсыз құмарлық адамның еркін нашарлатады, жан дүниесін аздырып, бей- берекетсіздікке ұшыратады.
Стресс- бұл күтпеген шытырман жағдайда туатын эмоциялық күй. Қауіп- қатер жағдайындағы әрекеттер, шапшаң шешімге келу қажеттілігі, қауіп төнген сәттегі реакция, күрт өзгерген жағдайдағы мінез- құлық стрестік күйлер болып табылады. «Стресс» сөзі ағылшын тілінен аударғанда- зорлану, қысым жасау деген мағынаны білдіреді. Сресті күй- соңғы 30-35 жыл ішінде ғылым мен техниканың, өнер мен білімнің тасқындап дамуына орай және экологиялық қолайсыздығына сәйкес адамда пайда болған эмоция мен сезімнің көрінісі, дене еңбегі ме ақыл- ой арқылы атқарылатын іс- әрекеттің шиеленісті әрі қауіпті жағдайында өте шапшаң және жауапты шешім қабылдау.
Срестің физиологиялық негізі- американдық физиолог У. Кеннонның гемеостазис туралы ілімі мен Канада ғалымы Г. Сельенің организмнің сырқы күшті тітіркендіргіштерге өздігінен икемделіп қорғануы жөніндегі зерттеуі. Мұндай тітіркендіргіштердің организмге әсерінің күштілігі сондай, оар адамның денесіне, жүйке жүйесіне, психикасына да күшті әсер етіп, сезімдік- эмоциялық жағдайын шиеленістіреді.
Адамның эмоциялары мен сезімдерінің барысында екінші сигнал жүйесі әсер етеді. Заттар тікелей әсер ғана емес, сөзде тебіреніс туғызады. Біреудің өз басынан кешкендерін әңгімелеуі тыңдаушыларда белгілі эмоциялық күй туғызуы мүмкін. Екінші сигнал жүйесінің қызметі расында эмоциялар мен сезімдер саналы процеске айналып, қоғамжық сипат алады және адамның өзінің эмоциялық реакциялары мен қоғамдық мәнді сезімдердің арақатынасы айқындалады. Тек екінші сигнал жүйесінің қызметі негізінде ғана адамның моральдық, интеллектуалдық және эстетикалық күрделі сезімдерінің қалыптасуы мүмкін болады.
Адамның жан жүниесінің сыры қршаған ортаға әсерленіп қана қоймай, оның құпия сырларын танып білуге ұмтылады. Мүндай әрекет адам сезімінің жоғары деңгейдегі саналы әрекетін, эстетикалық талғамы мен адамгершілік- моральдық қасиеттерін сезіне білетін көңіл-күйіне байланысты.
Ақыл- ой (интелектік) сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі- балалардың оқып білім алуға, ересектердің өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл- күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл- ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кісінің әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән- жайын жан- жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның іздемпаздық әрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды. Күманды жайттарды тәжірибе же,тістіктерімен салыстыра отырып тексереді. Ақиқаттылығы анықталған ойды қорытып, теориялық пайымдаулар туғызады. Болжамдарды анықтау барысында адамда ақиқатқа қалайда қол жететіндігіне деген сенім сезімі пайда болады. Сенім оған күш- қуат беріп, көңілін көтереді. Ақыл- ой сезімі- адамның кез- келген іс- әрекетіндегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл-күй.
Эстетикалық сезім –объективтік шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл- күй. Әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләззаттанып, рухани күшін арттыру сезімі адамның өмір тіршілігінде біртіндеп қалыптасатын жағдай. Әсемдікті қабылдау туа пайда болмайды. Әсемдік әлемі адамға өзінің сұлулығымен, табиғи жарасымдылығымен және шынайы көркемділігімен әсер етіп, адамның мақсат- мүддесіне, рухани қажеттілігіне лайықты түрде дамиды.
Эстетикалық сезім- мазмұны мен мән- мағынасы және түр- сипаты тұрғысынан ауқымы кең ұғым. Пихология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүниесінде бейнеленіп, оның мінез-құлқына, дүние танымыны ықпал етіп отв\ыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көніл- күйін шалқытып, іс- әрекеттерін өрістетуші фактор ретінде қарастырады. Өнер мен музыка, ән- күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесін тебірентіп, өмірдің неғұрлым мазмұнды болуына әсер етеді, оны шабыттандыра түседі. Мектеп пен оқу орындары түлектерін әсемдікті қабылдап, оған әсерленуге, дүниенің сұлулығына ләзаттанып, өз дүниетанымын дамытып отыруға тәрбиелеу эстеика пәні арқылы жүзеге асады.
Адамгершілік- моральдық сезімдер қоғамның қойған талабына адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл- күйін білдіреді. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те айтылады. «Мораль» -«морале» деген француз сөзі. Мағынасы- адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси- идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы- мұның бәрі адамгершілік сезім көрінісінен байқалып тұрады. Аталмыш сезімнің таптық сипаты да болады.
Адамгершілік сезімнің принципі мен жалпы негізі- белгілі бір қоғамдық- экономикалық формацияларда қалыптасып отыратын мінез- құлық нормалары. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер- борыш сезімі, әркімнің өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін құрмет тұтуы, әрбір адамның даралық- жекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық және әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың, этностардың өкіліне деген жалпы гуманистік қарым- қатынас. Адамгершілік сезім адмның өткен өміріндегі елестеріне, мақсат- міндеттерін жүзеге асыруы мен идеяларына және дүниетанымдық көзқарасы мен қоғамдық іс- әрекет түрлеріне байланысты болып келеді.
Адамның жоғары деңгейдегі сезімдерінің қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің деке басына деген жауапкершілікті сезінуінде жатыр. Екіншіден, ол отбасындағы тағылым- тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрістейді.
Адам- қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезмі де әлеуметтік сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандайда болмасын жұмыстың нәтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде- оның сапасы да төмен болмақ. Сезім мен эмоция мәселесі өте күрделі, сол себепті соңғы жылдарда сезімдер мен эмоциядың саласына қатысты білімдер ұдайы өсуде. Бұл білімдер әр түрлі мамандықтардан алынуда, өйкені бұлар пәнаралық мәселелердің бірі болып табылады. Сонымен бұл мәселе психологияда бүгінгі күні кеңінен жан- жақты қаралып жатыр деуге болады, бірақ қазіргі кезеңдегі біздің қоғамымызда әлеуметтік- саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен байланысты сезім мен эмоция мәселесін кең тұрғыда зеттелудің қажеттілігі талап етілуде. Сезім туралы әр ғалым өз пікірлерін үнемі қалдырып отырған, сол ғалымдардың бірі де бірегейі орыс ғалымы Б.М. Теплов сезім туралы «Адамның жан дүниесінің шарықтап жан- жақты жетілуінің қажетті шарты- сезімдердің байлығы. Сезімнің қораш, солған болуы- адамның өмірінде, күңгірт, мардымсыз етіп жібереді» , - деген екен.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

  1. Эмоция және сезім туралы түсінік.

  2. Эмоция және сезімнің айырмашылығы.

  3. Эмоция және сезімнің адамда көрініс алуы.

НӘ:[8]; ҚӘ:[4].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет