Тұрақты және тұрақсыз мотивация



бет9/28
Дата05.05.2023
өлшемі282,04 Kb.
#90206
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
Психология (каз)

Дәріс № 4. 1 сағ.
Тақырыбы: Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы
Жоспары: 1. Ерік- жігер, қажыр, қайрат туралы.
2. Ерік амалдары.
3. Ерік сапалары.
Негізгі мақсаты: Ерік- жігер, қажыр, қайрат туралы түсіндіріп, олардың амалдары мен сапалары туралы әңгімелеу.
Негізгі түсініктер: Табандылық, ұстамдық, жинақылық, жылау.
Ерік – адамның мінез -құлқын меңгере алу қабілеті.
Жігер –дегеніміз ерікті орындау кезіндегі кедергіні жеңу.
Қажыр- қайрат- дегеніміз өмір жолында кездесетін кедергіні жеңуде амал етуге ұмтылу.
Адамда ерік көрініс алуы сыртқы және ішкі кедергілерге тәуелді.Адамда қимыл –қозғалыстар есепсіз көп. Бұларды жүйелеп 2-ге бөлсек :

  1. Еріксіз қимылдар (көздің жұмылуы, шашалу, жөтелу, т.с.с)

  2. Ерікті қимылдар (түскен нәрсені көтеру, реттеу)

Осы қозғалыстар ерік негізінде орындалады.
Еріктік амалдар келесі кезеңдерден өтеді; дайындық кезеңі
орындалу кезеңі
нәтижесі.
Еріктің сапалары:

  • Тоқтамға келгіштік – шешіме келіп, оны жүзеге асыруға қабілеті болуы.

  • Ұстамдылық- өз тілегін тежей алуы.

  • Табандылық

  • Жинақылық

Жағымсыз көріністер:

  • Қыңырлық- адам жүйкесіндегі өзгеріс, себебі баланың дербестігінен айырылуы.

  • Жылау – дәрменсіздікті эмоция арқылы білдіруі.

Ғылымда дәлелденгендей жылау аса пайдалы, адамның көз жанары тазарады, оған пайдалы , қажетті гормондар жинақталады екен. Психологтардың пайымдауы бойынша Адам мүмкіндігінше көп жылауы керек, себебі көзде Адам ағзасына зиянды токсин бар, оны жиі шығарып отыруға тиіс.
Жылаудың әсері: көңіл-күйді, еңсені басатын болғаны зиянды, ал жылаудан кейінадам жеңілденсе, тиімді жаны тазарады.
Кейде сенің төсектен тұрғың келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін сөзсіз тұру керек.Бұл жерде ішкі кедергілерді жеңу қажет болады.Кейде көздеген мақсатымызға сырт нәрселер де кедергі жасайды.Бұл сыртқы кедергі делінеді.Адам осы айтылғандарды жеңіп отырмаса , еркі жетіліп , шыңдалмайды.
Өмірде біз адамның қалай жұмыс істейтінін, оқитынын, тынығатынын, сүйікті ісімен шұғылданатынын байқаймыз. Біз оның белгілеген мақсатқа жету жолында ұзақ уақыт талпынатынын, күш-жігер, ақыл-ойын жұмсайтынын, көптеген кедергілерден өтетінін, бойын кернеген сезімді тежеп отыратынын, шаттық пен қанағат әкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір жағымды жайттардан бас тартатынын көреміз. Мұның бәрінде де адам еркі көрініс береді.
Адамның қиындықтарды жеңуді талап ететін мақсатты әрекеттер мен қылықтарды жүзеге асыру қабілетінен көрінетін сананың реттегіштік жағы — ерік болып табылады.
И. М. Сеченов: «Ерік қимыл-қозғалысқа ғана басшылық ететін өзіндік ерекшелігі жоқ агент емес, ақыл мен моральдық сезімнің белсенді жағы, соның біріншісі немесе екіншісі үшін ол көбіне қимыл-қозғалысты адамның өзін-өзі сақтау сезіміне қарсы келе отырып басқарады» — деп жазды.
Ертеден-ақ ерік табиғаты жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас — материалистік және идеалистік көзқарастар қалыптасты.
Идеалистер ерікті ми қызметімен де, қоршаған ортамен де байланысы жоқ рухани күш деп санайды. Олар ерікті біздің санамыздың нұсқаушылық, қызмет атқаратын жоғары агенті деп санайды. Ерік ешкімге және ешнәрсеге де бағынбайды. Ол еркін. Олардың пікірінше, адам кез келген жағдайда ешкіммен есептеспей-ақ өзінің ойына келгенін істей алады. Ол еркін әрекет етеді. Басқаша айтқанда, адам не тілесе соны істейді, қалауына қарай қылық жасайды. Бәрі оның ерікті еркіне байланысты.
Ерік еркіндігінің идеалистік концепциясы философиялық және этикалық көзқарас тұрғысынан да жалған. Идеалистердің ойынша рух бостандығы әрекет бостандығына әкеледі. Бірақ қоғам мүшелерінің мүдделерімен санаспайтын жеке адам мінез-құлқы мораль және заң нормаларын менсінбеу, кейде оны бұзу болып табылады.
Материалистік ұғым—ерік табиғаты жөніндегі бірден-бір дұрыс түсінік. Онда психиканың басқа жақтарымен бірге еріктің де нервтік ми процестері түріндегі материалдық негізі болады. Ерікті материядан, мидан бөліп алу мүмкін емес. Материалистер адам қоршаған ортамен өте тығыз байланыста болады деп қарайды. Тиісті сыртқы жағдайлар болмаса, ол өмірін сақтай да, жалғастыра да алмайды. Ерік сананың басқа да түрі тәрізді объективтік шындықты мидың бейнелендіруі.
Ерік – мақсат қоюдан басталады. Адамда әртүрлі мақсат болады.Алда істелетін істің бағыт-бағдарын , мән-мәнісін , жоспарын белгілемейінше адамның талап-тілегі дұрыс жүзеге аспайды.
Ерік қимылдарының алғашқы көріністерінің бірі – “тілек” немесе “ниет”.Тілек-келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. Талғау ниетке ой әрекетінің араласуын қажет етеді , осы арқылы адам өзіне қажетсіз тілектерді тежейді де, қажеттілерін орындау үшін тиісті жоспар сызып , амал-айла , әдіс-тәсіл қарастырады.Соңғы жағдай ғана адамның тілегін нақтылы кесімді түрге келтіреді.
Мақсат айқындалғаннан кейін адам әрекеттің орындалу жолын қарастырады.Егер ол алдына мақсат қояр кезде өзіне “Не істеу керек?” деп сауал қоятын болса , жоспарлау үстінде “Қалай істеу керек?” , “Қандай жолдармен мақсатқа жетуге болады?” деген сұрақтар қояды.
Ерік актісінің келесі бір буыны – “қалау”.Бұл мақсаттың айқындығын , нысанға жеткізетін нақты жоспардың жасалғандығын, ойдың бекігендігін білдіретін атау.Бірақ , тілек те , қалау да ерік қасиетін толық көрсете алмайды.Өйткені , бұлар кейде біл-бірімен үйлесе алмай , бірі екіншісіне қайшы келіп жатады.Мәселен , абитуриент пединститутқа түсіп , мұғалім мамандығын алғысы келеді. Ол , сондай – ақ , өзінің дәрігер болғанын да бөтен көрмейді. Осы мамандықтар жөнінде оның түсінігі саяз және өз шама – шарқын жеткілікті білмейтін болса , бұлардың қайсысын қаларға білмей , әуре-сарсаңға түседі, өз ойынан тайсақтай береді. Сондықтан адам өзінің алдына ылғи да шамасы келетін , күші жететін , орындай алатын мақсаттарды қойып , осы жолда кездесетін қиыншылықтарды жеңіп отыруы қажет.Белгілі дуниетанымы мен сенімі , мінез-құлықтың принципі бар , өз ісінің дұрыстығына көзі жететін адам ғана дұрыс тоқтамға келе алып , оны қайткен күнде де орындаудың жолдарын іздестіреді.Бұл жолда ол орынсыз солқылдақтық , табансыздық көрсетпейді. Кейбіреулер өзінің алдына көмескі, бұлдыр мақсат қояды да , сөйтіп , мақсатын орындай алмай қалады . Ал ой жұмысын керек етпейтін жеңіл мақсат адамның еркін енжар , әлсіз етіп жіберуі мүмкін.
Адам мақсатына жете алмаған кезда жігерсіз , енжар куйге ұшырайды, не орынсыз ызақор , куйгелектікке салынады . Сондықтан да жеткеншек жасөспірімдер өз шамасын біліп , алдына нақты , әлі келетін мақсат қоблары тиіс. Әйтпесе халқымыз айтқандай “әлін білмеген - әлектің” кебін киюі ғажап емес.
Адамның ерік сапалары сан алуан. Олардың ұнамды , жанға жарасымды түрлерімен қатар ұнамсыз , нашар жақтары да аз кездеспейді.Ұнамды ерік сапаларының алдымен ауызға алынатыны – принциптілік.Бұл-адамның өз танымы мен сенімі жолында тайсақтамай күресе алу қабілеті.Мұндай қасиетке ие кісі жұмысқа тындырымды келеді , істегі кемшіліктерге төзбейді , бұлармен батыл күреседі, әділ сыннан қашпайды, қатесін мойындап, оны түзетуге дайын тұрады. Принциптілік орынсыз өжеттік , құр көкіреттікпен сыйыспайды. Көкіректік-кісінің білімі мен тәжірибесінің, сенімі мен талғамының саяз екендігінің белгісі.Орынсыз қасарысып, “буынсыз жерге пышақ ұрушылық”-теріс, принциптегі адамның қасиеті.
Ерік – жігердің келесі бір жақсы сапасы – ұстамдылық.Бұл – оқыс қимыл-қозғалыстан, пәтуасыз көп сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден боцды тежей алу.Ұстамды кісі істі әркез ойланып істейді, оның тетігін іздейді, ағат іске бармайды, көбелекше ұшып-қонбайды.Бар күш-жігерін алға қойған мақсатын орындауға жұмсайды.Ұстамдылық- түрлі қиыншылықтарды жеңе білуге үйрену, ауыртпалыққа шыдап, төзе алу.Орынсыз ұшқалақтық , жеңілтектік, дегбірсіздік іске нұсқан келтіреді.Қорқақтыққа, жалқаулық пен тартыншақтыққа , орынсыз ұшқалақтыққа жол бермеу - өзін-өзі ауыздықтай алудың, сабырлылықтың белгісі.Өзін меңгере білу-бұл өзін іске жеге білу деген сөз, мұнсыз қандай іс болмасын оны нәтижелі етіп тындыру мүмкін емес.
Жақсы ерік сапаларының бірі – тәртіптілік пен жинақтылық.Бұл- адамның қимыл – қозғалысын , талап-тілегін әркез жұрттың ырқына бағындыра алуы.кісі өз ісінің қоғамдық мәнін жақсы ұғынса , соғырлым зор сеніммен , белсенділікпен әрекет етіп, Отан алдындағы жауапкершілігін жақсы түсінеді.Жекешіл, эгоист, ұжымнан оқшауланып жүрген адамда тәртіптілік жағы кем болады.Тәртіптілік адамның жинақылығымен , іс-әрекетінң , мақсат-мүддесінің жоспарлы-жүйелілігімен тығыз байланысты.
Өз ерік-жігерін тәрбиелеуге белін бекем буғае кісіге қолданылатын әдіс-тәсілдер жеткілікті.Бұл үшін ол алдымен өзіне уәде беріп серттеседі, нақты міндет алады, тіпті қатаң бұйрық беріп отырады, бірде өзінің іс-қимылын мақұлдап, бірде айыптайды, кей кезде ойлаған ісінен бас тартатын да кездері болады.Өзінің қалт кеткен жерін тез аңғарып, өзін онан сайын қайрай түседі, сәтсіздікке ұшыраса , оған мойымауға тырысады.Бір сөзбен айтқанда , өз еркін тәрбиелеуді мықтап қолға алған адам осы іспеттес ішкі түрткілерге жүгініп отыруды ұйреншікті әдетке айналдырады.Ерік тәрбиесі , әсіресе адамның өз еркін қалайша тәрбиелеуді қажеттігі жайла “Өзін-өзі тәрбиелеуі және мамандық таңдау” атты параграфта толығырақ айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет