Тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтар: Тұлға және мотивация
2 Мотивацияның сыр-сипаты
3. Ішкі және сыртқы мотивация.
4. Мотивация ілімдері
НӘ:[8,9]; ҚӘ:[10].
Дәріс № 3 . 1 сағ. Тақырып. Эмоциялар және эмоционалдық интеллект Жоспары: 1. Сезім мен эмоция туралы ұғымдар.
2. Сезім мен эмоцияның айырмашылығы
3.Сезім мен эмоцияның адамда көрініс алуы.
Негізгі мақсаты:Сезім мен эмоция туралы ұғымдарды, оның айырмашылықтарын талдай отырып, адамда қандай көрініс алатыны жөнінде әңгімелеу.
Негізгі түсініктер: Актив- пассив, стеника, астеника,стресс,мимика, пантомимика,аффект,фрустрация.
Сезім – айналадағы заттар мен құбылыстардың адам қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінен туындайтын жан қуаты. Қажеттердің өтелуі жағдайына қарай адамдарда әр түрлі (ұнамды, ұнамсыз) сезімдер пайда болып отырады. Қуаныш, қайғы, ашу, ыза, құмарту, шошыну, наздану, қорқу, қайғыру, үрейлену, т.б. сезімнің «эмоция» деп аталатын қарапайым түрлері. Адамдардың тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты ол түрлі деңгейде көрінеді. Органикалық қажеттер мен инстинттермен байланысты қарапайым, өткінше эмоциялардан (күлкі, жылау, т.б.) мұның күрделі түрлері ажырату қажет. Сезімдер мен эмоцияларға бірнеше ерекшеліктер тән. Олардан қарама-қарсы полярлық сапалықтарды – сүйсіну, сүйсінбеу, шаттық, уайым, жігерлі, жігерсіз, қозу және кернеуден босану яғни, шешілу т.б. сияқты көріністерді байқауға болады. Сезімдерден адамның дүниетаным, өмір позициясы, ұстанымы жақсы аңғарылады. Алға қойған мақсат жолында өмір үшін күресте күшті, жігерлі сезімдерсіз табысқа жету қиын.
Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді.
Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез-құлқынан жиі крінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер.Адамгершілік немесе имандылық сезімдердің мазмұны да, құрылымы да күрделі келеді. Бұлар ең алдымен қоғамдық мәнді және жеке көңіл күйге байланысты моральдық сезімдер болып бөлінеді. Бұл екеуі бір-біріне қайшы келіп қалуы да мүмкін. Бірақ сана-сезімі жетілген, дүниетанымы мен сенімі қалыптасқан адамда мұның біріншісі басым болып отырады. Осындай сезімдердің тобына: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ұят т.б. жатады. Ар-намысты қорғау – адамға аса жарасымды сипат. Сезімнің осы түрі, көбінесе, қайсар, өжет, табанды әрі көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдардан жиі байқалады. Өз мініне іштей күйіну, өзін жазғырып, жазалау – адамның тек өз басына қадір тұтқаннан туындамайды. Ар-намысты қорғау дегеніміз, сонымен бірге, айналадағы адамдарды да сыйлай білу деген сөз. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық екенін, бірінен кездесе бермейтін қасиет. Мұның адам психологиясына қатты әсер етіп, терең із қалдыратындығы сонша – кісі кейде «Кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай алмай... ұйқыдан, тамақтан қалатыны да болады». К.Маркс ұятты адамның іштей ашулануы, өзінше өлең шығаруы деген екен. Ал Абай, ұяттың екі түрі бар дейді: оның бірі – надандықтан туатын, екіншісі – жағымсыз іске, теріс қылыққа ұялу. Оның ұғымынша, ұялмас нәрседен ұялу бұл надандық, ынжықтық, жігер-қайрат осалдығы, білім мен тәжірибенің саяздығыү Шын ұят ақыл-парасаттың ісі. «Өлімнен ұят күшті», деп халқымыз тегін айтпаған. Білімі, тәжірибесі, тәрбиесі мен мінез бітісіне қарай адамның ұялу дәрежесі түрліше болады.
Жоғары сезімдердің екінші бір түрі – эстетикалық сезімдер.
Эстетикалық сезімдер дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты өмірге үйлесімді, әдемі көрністерді тамашалау немесе табиғаттағы, көркемөнердегі, әсіресе, өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу кезінде байқалады. «Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу ләззат іздеуіне, сұлу нәрсеге сүйініп керексіз нәрседен жиренуіне... жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді». (М.Жұмабаев).
Эстетикалық сезімдер, сондай-ақ сурет полотноларынан, скульптуралық, архитектуралық, музыкалық немесе сахналық шығармалардың шебер орындалуына ләззат алуға байланысты да туып отырады.
Эмоциялар мен сезімдердің дамуы және қалыптасуы
Балалардың қарапайым эмоциялары туған күнінен бастап-ақ көрінеді. Бала есейген сайын эмоциялар біртіндеп дами түседі. Мәселен екі жарым жасар бала қол-аяғы байлаулы адамның суретін көргенде, оған жаны ашып жылаған. Төрт жасар бала анасы кітаптан иттің кірпіні ұстап алайын деп тұрған жерін оқығанда қатты күйзелген. Төрт бес жасар балаларда жоғары сезімдердің элементтері кездеседі.
Сезімдер – өте күрделі психикалық процестердің бір түрі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формуларда көрінеді.
Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәнә әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бақылаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесіндеөзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастарын мреттеуші ретіндекөрінгендіктен, психологияда эмоцияларға психолгтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда.
Ретикуляр (немесе тор түстес) формациясы қызметін жүргізілген ең жаңа зерттеулер ми қыртысы асты орталықтарының адамның эмоциялық өмірінің белсенділігін арттыратынын ашты. Қозу рецептордан тиісті талдағыш орналасқан жрге арнайы жолмен баратындығы белгілі. Электрофизиологиялық зерттеулер екінші бір жолдың болатынын көрсетіп отыр. Оған түрлі сезім мүшелерінің нервтік стимулдары келеді. Онда өндеуден өткен соң сигналдар үлкен ми сыңарларына жіберіледі. Энергия жинақтағыш міндетін атқара отырып, ретикуляр формациясы ми белседілігін төмендеду мен арттыру тітіркендіргішке деген жауапты күшейту, әлсірету және тежеуге қабілетті. Адамның эмоциялық сергектігі, оның эмоциялық реакциялары мен көрсеткіштері негізінен алғанда ретикуляр формациясының күйіне тәуелді болып келеді.
Сезімнің өзіндік психикалық прцесс ретіндегі ерекшеліктерін, негізіне, қарама- қарсы сипатта болатынынан айқын аңғарамыз. Сезім ерекшеліктерінің бірі- оның полярлығында, яғни біріне- бірінің қарама- қарсылығында. Мысалы, шаттық сезімі үшін- мұң, сүйсінуге- күйселу, сүйіспеншілікке- көре алмаушылық, қорқынышқа- өжеттік тағыда басқа полярлық сезім болады.Субъективті толғаныстарға байланысты сезімдер екі топқа бөлінеді: тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандырып, рахатқа бөлеуші жағымдысезімдер; тіршілік қажеттіліктерінің орындадалмауынан қанағаттанбау кейпіне түсіретін жағымсыз сезімдер. Орындалып жатқан адам қажеттіліктерінің деңгейіне орай сезімдер қарапайым және күрделі келеді. Қарапайымдары – ашу, қорқыныш, уайым, қызғаныш, күндеушілік; ал күрделілері- моральдық, эстетикалық, отан сүйгіштік.
Көріну әлпетіне орай барша эмоционалдық қалыптар келесідей түрлерге жіктеледі: көңіл- күй, кйіп, эмоция, аффект, стресс, фрустрация, құмарлық, жоғрғы сезімдер.
Көңіл (чувственный тон)- субъектіге қандай да эмоционалды реңкті сақтап қалуға не жоюға ықпал жасаушы психикалық процестің ерекше сигналдық түрі: кейбір түр- түс, дыбыстар, иістер өздерінің негізгі мәніне байланыссыз біздің есімізге түсуден жағымды және жағымсыз сезімдер тудырады. Мысалы, жақсы ән, тәтті тағамның өзі де ұнамай қалуы мүмкін. Мұның бәрі біздің сол сәттегі көңілімізге бйланысты. Егер көңіл тұрақты жйіркенушілікпен ұнасса, Бұл идиосинкразия сырқатының белгісі.
Көңілде қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың жиі кездесетін пайдалы не зиянды тараптарының жалпыланған бейнесі қалыптасады. Осының арқасында көңіл күтілген әсер жөнінде оны бұрынғы естегі ақпараттармен салыстырып отырмастан, күні ілгері шалт шешім қабылдауға көмегін тйгізеді. Көңіл көбіне субъектив сипатқа ие: қызықты кітап, сыпайы сұхбаттас және тағыда басқа бір адамда жақсы сезім тудырса, екінші тұлғаға тіпті жақпай қалуы әдеттегі құбылыс.Көңіл сипаты іс- әрекеттің желісіне де байланысты. Қажетті, бастауында ұнаған іс, бірақ өзінің ұзаққа созылғандығынан адамды жалықтырып, көңілсіз күйге түсіретіндігі белгілі. Іс- әрекеттегі, яғни еңбектегі сәтсіздікке әр адам әр түрлі қарайды. Біреулер еңсесі түсіп, қайғырған, үмітсізденген және үрейленген сезімді басынан өткізеді, ал екінші біреулері сергек көңіл-күйін сақтап, күш-қуатын жиып, жұмыста көтеріңкі өрлеу үстінде болады. Осы барлық әсерлер белгілі дәрежеде адамның өз алдында тұған міндеттерге көз қарасына, борышын сезіне білуіне, алға қойылған мақсатқа жетудің қажет екенін қаншалықты түсінуіне байланысты. Сырттай байқала бермейтін адам көңілін танып, оны орнымен пайдаланса, жеке және қоғамдық еңбек, оқу жемісті нәтижесін береді.
Кейіп (настроение) – біраз уақыт бойы адамның көңілін билеп, мінез- құлыққа әсер ететін жалпы эмоциялық күй. Өмір тіршілігінде адамның сезіме бір объектіге бағытталып, оғн қуанады не күйзеледі, біреуді сүйеді, бір нәрседен шошиды. Адам кейпінің көрінісі белгілі сезімге, себептерге байланысты. Мысалы, ұнамсыз хабар уайым билейді. Жұмысы сәтті болып, реттеле бастас оның көңілі тасиды, шаттық лебі ұзаққа созылады.
Адам кейпі тіршілік жағдайына байланысты құбылмалы болып отырады. Егер адам шаршап- шалдығып, ауырып жүрсе, оның кейпі солғын болады. Ал дені сау, ұйқысы қанық, көңілі көтеріңкі болса, адам мәз болып, жадырай түседі. Адамның кейпіне табйғат көрінісі, жыл маусымдары, ауа райы сияқты құбылыстарда айтарлықтай әсер етеді. Рухани байлығы мол, мақсат- міндеті айқын адам ауыр жағдайларға да мойын ұсынбай, өмір сүріп, жұмыс істей алады, өз кейпін меңгеріп, оған иелік етеді.
Эмоция (сезім шарпуы)- сезімнің тікелей қатынастағы уақытша көрінісі. Мысылы, сахынадағы айтыскер ақындардың бір ауыз тапқыр сөзіне бола, көрермендердің бір мезет дүрілдете қол соғып, қошемет айқай салуы.
Іс- әрекетке ықпал жасау тұғысынан эмоциялар стеникалық және асиеникалық болып бөлінеді. Стеникалық эмоциялар адамға қуат беріп, іс- әрекетке ынталадырады. Бұл жағдайда адам «тау қопаруға» дайын тұрады. Керсінеше, кейде толғаныстан адамның адамның аяқ алысы байланады, енжарлық басады- бұл астеникалық эмоция көрінісі. Осыдан, жағдайға, дара ерекшеліктерге орай эмоция адам қылығына әр түрлі ықпал жасауы мүмкін. Мысалы, қорқыныш сезімінің саналы болуынан адам өзін жинақтап, қатерге қарсы шығады. Ал керсінше сол қорқыныш адамды шідерлеп, «тізесі қалтырайтын» дәрежеге де келтіреді.
Қуаныш- орындалуы күманды болып тұрған қажеттіліктің толық қанағаттандырылуына байланысты туындайтын ұнамды эмоционалды күй.
Таңдану- күтілмеген оқиғаға байланысты пайда болатын эмоциялық белгі. Таңдану бұрыннан бар сезімдерді тежейді. Осыдан зейін толығы мен таңдануға себеп болуға ауысады, кейін ол қызығушылық ниетке жол ашады.
Қасірет- алғашында азда болсын сенім күттірген маңызды өмір қажеттігінің орындалмауы не оның орындалмайтыны жөніндегі ақпарат алудан болатын жағымсыз эмоцилық күй.
Қаhар- субъектіде өте маңызды қажеттіктің күшті кедергіге ұшырап, орындалу мүмкіндігінің кенеттен жойылуына байланысты пайда болып, дүлей көрініс беретін эмоциялық қалып.
Жеркену-тікелей қатынаста болған объектілердің (заттар, адамдар, құбылыстар, оқиғалар) жеке адам идеологиясына, адамгершілік не эстетикалық талғамына ымырасыз қарама- қарсылықтың болуынан туындайтын ұнамсыз сезім түрі.