VII ТАРАУ. ҚОЛ СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНУЫ ТОҚПАН ЖІЛІКТІҢ ЖОҒАРҒЫ БАСЫНЫҢ СЫНУЫ Сынықтың орналасу орнына байланысты 2 үлкен топқа бөлінеді: 1. Буынішілік сынық:
- Жілік басының сынуы
- Анатомиялық мойнының сынуы
2. Буынсыртылық сынық:
- Бұдырларының сынуы, үлкен және кіші бұдырының сынуы
- Хирургиялық мойнының сынуы және бұдырлар арқылы сыну
94 сурет. Тоқпан жілік жоғарғы басының сыну түрлері
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.
Буынішілік сынықтар көбінесе иық буынына құлағанда, кейде шынтақ
буынына, кейде алақанды тіреп құлағанда болады. Мұндай жағдайда
хирургиялық мойын немесе анатомиялық мойын шаншылып сынады. Кейде
орнынан ығысып кетеді.