Травматология



Pdf көрінісі
бет288/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЕМДЕУ ТӘСІЛІ 
Іштен  туа  біткен  ортан  жілікбасының  шығуын  мынадай  жағдайларда 
операция тәсілімен емдейді: 
1. Басым көпшілік балалардың жасы 2-ден асқанда. 
2.  1-2  жастағы  баланың  консервативтік  әдіспен  орнына  түспейтін  туа 
біткен ортан жілікбасының шығуы. 
3.  Орнына  түсірілгеннен  кейін  ортан  жілікбасының  кейінде  шығып 
кеткендері. 
4.  Консервативтік  әдіспен  ортан  жілік  басын  орнына  кіргізгеннен  кейін 
пайда болатын асқынулар. 


263 
 
Осы  күнге  дейін  теріні  тіліп  жамбас-сан  буынына  кіргізудің  30-дан 
астам  түрі  бар.  Қазір  ең  көп  қолданылатын  түрі  мынадай:  буын  мен  ортан 
жіліктібойлай  кесу  (Смит-Петерс,  Оллье-Лексер  және  Богданов  бойынша 
кесу). 
Барлық операциялар бірнеше топқа бөлінеді: 
1. Буынды ашып ортан жілік басын жамбас шұқыршағына кіргізу. 
2.  Буынды  ашып  ортан  жілік  басын  шұқыршағына    кіргізумен  қайыра 
қалпына келтіріп үйлестіру. 
3.  Жамбас  сүйегінің  негізімен  ортан  жілікбас  жағына  қайыра  қалпына 
келтіру. 
4. Полиативтік әдіс. 
Жамбас-сан буынын ашып ортан жілікбасын орнына қайыра салу 2 ден 
8  жасқа  дейінгі  ауруларға  қарағанда  есейіп  кеткен  ауруларда  қиындау 
болады. 
Ортан  жілікбасын  жамбас  шұқыршағын  ойып,  терендетіп  орнына  салу 
операциясы  кең  тараған.  Бұл  операцияның  егжей-тегжейін  Ф.  Р.  Богданов 
талдап  дамытқан.  Операцияның  мәнісі  мынада:  буынның  қапшығын  ашып 
қапшықты  жартылай  кесіп  алып  тастағаннан  кейін  жамбас  шұқыршағының 
ішіндегі  жүмсақ  тіндерді  алып  тастайды  да,  буын  шеміршегін  шоқпар 
сияқты  аспаппен  өңдейді,  содан  кейін  ортан  жілік  басын  өңделген  жамбас 
шұқыршағына кіргізеді. 
Ал, жамбас-сан буынын ашып ортан жілік басын жамбас шұқыршағына 
қайыра  қалпына  келтіріп  кіргізудің  мәні  мынада:  жамбас  шұқыршағын 
тереңдетіп  қалыптастырып  артропластика  жасау  немесе  ортан  жілікбасын 
жамбас  шұқыршағына  толық  кіргізу  үшін  мойын-диафиздік  бұрышты 
өзгертуге бағытталган операция жасалады. 
1900  жылы  Колонна  артропластика  жасау  үшін  буынның  қапшыған 
қолдануды  ұсынды.  Колоннаның  қапшықты  артропластикасы  былай 
жасалады.  Ұзарған  буын  қапшығы  мойын  тұсынан  кесіледі  де  ортан  жілік 
басы  толық  жабылып  жіппен  тігіледі,  ал  мойнақ  пен  жамбас  шұқыршағы 
арасындағы  қапшықтың  калдығы  кесіліп  алып  тасталынады.  Одан  кейін 
жамбас  шұқыршағы  терендетіледі  және  көлемі  ұлғайтылады,  сонан  соң 
қапшықпен  жабылған  ортан  жілікбасы  үлкейтілген  жамбас  шұқыршағына 
кіргізіледі. 
Ортан жілік басын артропластикалық әдіспен орнына салу үшін Каллио 
аурудың  өз  терісін,  не  өлген  адамнан  алынып  консервенттелген  теріні 
қолданды, М. В. Волков қағанақ қабығын пайдаланды. Бұл операциялар тек 
есейген балаларға жасалады (12-17 арасындағы аурулар). 
А.  Е.  Фрумина  жамбасшұқыршағынан  төбесін қайыра  қалпына  келтіру 
әдісін  кеңінен  қолданды.  Бұл  операцияның  мәнісі  мынадай:  жамбас-сан 
буынын  ашып,  буын  қапшығын  толығымен  кесіп  алып  тастағаннан  кейін, 
науалы  шақпымен  жамбас  шұқыршағының  жоғарғы  және  алдыңғы  жиегін 
төмен  түсіріп,  жамбас  сүйектің  қабын  жарып  сүйектің  кеуекті  жеріне 
көптеген  керіктер  жасалады.  Керіктер  сүйектің  жетіліп  өсіп,  тезірек  бітуіне 


264 
 
бірде-бір  себепкер  болады.  Осы  мақсатпен  көпшілік  оқымыстылар 
аллотрансплантаттар қолданады. 
Ортан  жілік  басын  жамбас  шұқыршағына  толық  бағыттауға  арналған 
операцияға  әртүрлі  остеотомиялар  жатады.  Оларға  жататын  Заградничектің 
ойлап  тапқан  ұршықтардың  ортасынан    қисайта  жасалатын  остеомия.Бұл 
операциямен  ортан  жіліктіқысқартып  қана  қоймай  антеторсияны  жоюға 
болады. 
Белгілі  бір  әдіспен  теріні  кескеннен  кейін  ұршықтың  ұш  жағын  тік 
шақпымен кесіп оған жалғанатын ортаңғы және кіші бөксе бұлшықеттерімен 
бірге  жоғары  қарай  ауыстырады.  Одан  кейін  буын  қапшығын  ашып,  оны 
толығымен сылып алып тастайды. 
Одан  соң  науа  түсті  шақпының  көмегімен  жамбас  шұқыршағын 
үлкейтіп  тереңдетеді  де,  оны  шоқпар  тәрізді  аспаппен  өндейді.  Одан  кейін 
ортан жілікұршықтарының ортасынан қисайта остеомия жасалады да үстіңгі 
бөлігі  төмен  түсіріліп,  санның  басы  қайыра  қалпына  келтірілген  жамбас 
шұқыршағына кіргізіледі. 
Келесі  сәтте  кесілген  сүйекті  бір-бірімсн  өзара  сыммен  серкляж  етіп 
тігеді,  үлкен  ұршықтың  ұшын  шуруппен  орнына  бекітеді.  Операция 
біткеннен  кейін  гипспен  сылайды.  Кейде  сымның  орнына  темір  шегемен 
шегелейді. Үлкен ұршықтың басын кесіп және ұршықтардың қақ ортасынан 
сүйекті  кескенде,  бұл  жерден  өтетін сүйек  ішіндегі  қан  тамырларының  бәрі 
бүлініп,  кейінде  ортан  жілікбасының  асептикалық  шіруіне  әкеп  соғады. 
Сондықтан  көпшілік  ғалымдар  ортан  жілікті  қысқарту  үшін  және 
антеторсияны жою үшін ортан жілік ұршықтардың астыңғы жағынан кесілуі   
керектігін анықтады. 
Егер  тек  қана  антеторсияны  жою  керек  болса  ортан  жіліктіжай    ғана 
көлденең  кесу  жеткілікті  болады  (Леффлер  әдісі).  Сүйектерді  ауто-
гомотрансплантаттармен  және  Фишкиннің  шегесімен,  Сиваш  штопормен 
және темір пластинкалар арқылы винттермен жалғауға болады. 
 
 
183 сурет. Хиари әдісі 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 


265 
 
 
184 сурет. Садырбаевтың «кос-құлып әдісі» 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
Ортан  жілікті  қысқартуға,  антеторсияны  жоюға  және  де  ауруларды 
медициналық  және  әлеуметтік  түрде  денсаулығын  жақсартуға  арналған 
операциялардың  бірі  К.  С.  Садырбаевтың  ойлап  тапқан  "қос  құлып"  атты 
әдісі (184 сурет). 
Бұл  әдіс  бойынша  ортан  жілікті  ұршықтардың  4-5  см  төмен  көлденең 
қақ бөлгеннен кейін, ортан жіліктің бөлінген екі жақ ұшына (үстіңгі бөлігіне 
сырт  жағынан,  астыңғы  бөлігіне  ішкі  жағынан)  трапеция  тәрізді  ойықтар 
жасалады.  Содан  кейін  жамбас  шұқыршағы  ойылып,  үлкендетіліп  қайыра 
қалпына  келтірілгеннен  кейін,  ортан  жілікбасы  осы  шұқыршаққа  кіргізіледі 
де,  ортан  жілікұштарына  жасалған  ойықтар  арқылы  бір-бірімен 
жалғастырылады.  Ойықтар  бір-біріне  толық,  тығыз  кіргізілуі  қажет.  Егерде 
ойықтар  арқылы  ортан  жілік  жалғасқан  жері  олқы  болса  екі  сүйектің 
жалғасы нашар болып, сүйектің бір-бірімен өсуі нашарлайды. 
Ортан  жілік  "қос  қүлыппен"  жалғастырғанның  арқасында  операциядан 
кейін  7-10  күннен  кейін  ортан  жіліктөменгі  жағынан  жүкпен  тартып  қойса, 
жамбас шұқыршағы мен ортан жілікбасының арасында кеңістік болады, "қос 
құлыптың"  қосылған  жерінде  өзара  тығыз  қосылғаннан  кейін  сүйектің  бір-
бірімен  өсуі  тездетіледі  және  аурудың  буын  қозғалысына,  массаж  жасауға 
мүмкіндік  туады.  Сондықтан  операцияның  нәтижесі  жас  бала  түгілі 
үлкендерде де жақсы болады. 
Келесі  операциялардың  бір  тобы  -  буынды  ашпай  жамбас  сүйекке 
жасалатын тәсілдер. Осындай операциялардың бірін 1950 жылы Австрияның 
ортопеді Хиари ойлап тапты (140 сурет). 
Оның  әдісі  бойынша  жамбас-сан  шұқыршағының  үстіңгі  жағына  буын 
қапшығы бекітілген жерден сәл жоғары тік қашаумен не сым арамен жамбас 
сүйекті  қақ  бөледі.  Содан  кейін  аяғын  сыртқа  қарай  ауыстырғанда  бөлінген 
жамбастың  төменгі  жағы  ортан  жілік  басымен  ішке  қарай  ауысады  да, 
үстіңгі бөлігі ортан жілік басына төбетіреу болып қалады. 
 


266 
 
 
185 сурет. Солтер бойынша жамбас остеотомиясы 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г. С. 2008 ж. 
 
Бұл  операцияны  ортан  жілікбасы  жамбас  шұқыршағының  жанында 
тұрғанда  ғана  жасауға  болады.  Операциядан  кейін  аурудың  екі  аяғын 
талтайтып гипсте 2 ай ұстайды. 
1957  жылы  Канаданың  ортопеді  Солтер  басқаша  әдісті  қолдануды 
ұсынды (185 сурет). 
Бұл операция Хиари сияқты жамбас сүйекті қақ бөліп, сүйектің арасын 
ашып,  оған  жамбас  сүйектің  қанатынан  кесіп  алынған  сынаны  тығады  да, 
гипспен  2  айға  бекітіп  қояды.  Кейіннен  массаж,  ЕДШ  тағы  басқа  емдер 
жасалады. Қорыта айтатын болсақ, операциялық  қандай тәсілмен іштен туа 
болатын  ортан  жілікбасын  орнына  кіргізілмесе  де,  кейіннен  жамбас-сан 
буынының  әдеттегідей  қызметін  орнына  келтіру  өте  қиынға  соғады. 
Операция  қаншама  жақсы,  ойдағыдай  жасалса  да  кейіннен  буынның 
асқынуы мүмкін. Сондықтан іштен туа пайда болатын ұршық-сан буынының 
дисплазиясын,  ортан  жілікбасының  шығып  кеткенін  баланың  жасы  3  айға 
жеткенше анықтап, консервативтік әдіспен емдеу керек. Сонда ғана кейіннен 
буында асқынғандық болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет