Өзінің әлеуметтік «МЕН» сана-сезімі пайда болады – байланыс орнатуды, ересек болуды ерекше қажетсінеді, өзінің жаңа хал-ахуалын мақтан тұтады;
Өзін тек өзіне ғана тән ерекшеліктері бар адам ретінде сезінеді: әлемді аңғал қабылдау ғайып болады (бала ашуланғанда, ашуланып тұрғанын сезінеді)
Уайым-қайғыда мән пайда болады: уайым-қайғы жалпыланады, сезімдерде қисын пайда болады (бала туындап жатқан барлық сезімдерді әрдайым ұғына бермейді, бірақ, міндетті түрде басынан кешіреді)
Қиял, бейнелі ойлау, зейін қою және ерікті есте сақтау қалыптасу аяқталады. Бұл ретте үлкен ми жартышарлардың жетілмеуімен (олар 13 жасқа қарай жетіледі) байланысты жоғары қозғыштық байқалады.
Ненің «жақсы», ненің «жаман» екені туралы түсінік жүйесі құрылады, жаманды жақсыдан ажыратуды үйренеді.
Өзіне баға беру, отбасындағы және қоғамдағы орны мен рөлі қалыптаса бастайды.
Мектепке бейімделу бірден орын алмайды
Бірінші сынып оқушысының бейімделуі 2 аптадан 6 айға созылуы мүмкін.