Жіпті салу (5, б сур.). Жаңа жіп жіпжүргізгіштің көмегімен иненің ілгегінен төмен өзегіне салынады. КТ типтес машинада жіпті инеге үздіксіз біртіндеп салады. 3 жіп қозғалмайтын жіпжүргізгіштің тесігі арқылы өтіп, 2 игіш платина тұмсығының астына түседі, сәл иіліп айналғаннан кейін инелі цилиндрдегі инелердің өзегіне бағытталады.
Иілдіру (5, в сур.). Иілдіру деп инеге салынған жаңа жіптің иілуін айтады. КТ типтес машинада инеге салынған 3 жіп, цилиндрдің сырт жағынан инелердің арасына кірген 2 игіш платиналардың көмегімен иіледі.