Трикотаж тәсілінің ілмек құрау ерекшелігі. Осы тәсіл бойынша жұмыс істейтін машиналардың жалпы құрылысы, олардың ілмек құрау органдарының конструкциясының ерекшелігі. Кт(МТ) машинасы «Нева», «Тойото» машинасы



бет31/37
Дата03.03.2022
өлшемі2,28 Mb.
#26904
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
Футерлік өрімдері

А) Далидович А.С. әдісі

жіптің қалыңдығы, мм F= λ T/31.62

ілмек қадамы, мм A2 = 4F

Aф = 2(F2+Fф)

Aср.ф = n * A2 + R * Aф / n + k

ілмек бағаналар саны, Nc = 100 / Aср.ф

ілмек қатарлар саны, Np = 100 / B



С коэффициенті:

  • жалаң өрімдер үшін C = 0.865

  • қосарлы өрімдер үшін C = 1 / 1.2

біртегістің бір ілмегіне сай келетін футер жібінің ұзындығы Lф = П Аср.ф / 2

жамылғыда негізгі өрім бойынша және астардағы ілмек жібінің ұзындығы беттік тығыздық, г/м2 g = 10-4 * Nc * Np (l * T2 + lф * Tф + Lпл * Tид )



10 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

тақырып Пүліш өрімдері. Пүліш өрімдердің параметрін есептеу

Жұмыстың мақсаты:

Кез келген басты өрімнің грунт жіптеріне түкті құру үшін ұзартылған созылмаларды құрайтын, қосымша жіптерді не штапель талшықтардың шоғын енгізеді осылай алынған трикотажды пүліш өрімді трикотаж деп атайды.



Пүліш өрімдерін екі жіптен тоқиды, бірі грунтты оң ілмектерін, басқасы пүліш теріс жағында ұзын, еркін салбыраған созылмаларды (платиналы доғаларды) құрайды. Осы созылмалар ілмекті түкті немесе пүлішті бетті құрайды.

Пүліш өрімі
Пүліш өрімдері жалаң не қосарлы, жамылғылы не арқау, толық не толық емес, тегіс не суретті (өрнектері бір түсті не шұбар тоқылған), түгі кесілген не ұйпаланған, жайманың бір не екі жағында болуы мүмкін.

Тегіс пүліштің теріс жағында әр ілмектің түгі болады.

Суретті пүліште ілмектердің бір бөлігі бір түсті, ал екінші бөлігі басқа түсті, немесе ілмектердің бір бөлігінде түгі болады, ал басқа бөлігі түксіз, немесе түктердің биіктігі әр түрлі болу мүмкін.

Иірмелі жалаң жамылғы пүлішті өндірген кезде, жамылғыға ұқсас барлық инелерге екі жіп салынады. Өндіру ерекшелігі екі жіптің иілдіру тереңдігі әр түрлі болады.

Пүлішті өндіргенде грунтты жіптер қысқа ілмек болып иіледі, де астарды құрады; пүліш (түкті) жіптері тоқыманың теріс жағында платина ілмектерін не созылмаларды ұзарту арқылы ұзын ілмектерді құрады, яғни түктер пайда болады.

Бұл үшін әр түрлі иілдіру тереңдікті қамтамасыз ететін арнаулы формалы платиналар қолданылады, демек ұзындығы әр түрлі (грунтты мен пүліш) ілмектерді қамтиды.

Жамылғы пүлішті (шеңберлі шұлық және шеңберлі тоқу машинасында) алу үшін екі тойтарыс жазықтығын: грунт ілмектерін және түкті ілмектерді иілдіру үшін пайдаланады.

Іліптоқу машинасында бір инешекте тілшікті инелерді, ал басқа инешекте инелердің орнына штифтерді орнатады. Грунт жіптері инелердің үстіне, бірақ штифтердің астында, ал пүліш жіптері штифтерге де, инелерге де салынады. Осылай екі жіпте инелермен ілініп алынады да, иіледі, пүліш жіптерінен ұзартылған созылмалары бар ілмектер, ал грунт жіптерінен қысқа ілмектер құрылады.

Трикотажды пүліштің маталыдан айырмашылығы түкті ілмектерді жеткілікті берік ұстамайды. Сондықтан түкті ілмектерді бекіту үшін тоқудың тығыздығын ұлғайту қажет. Грунттың тоқу тығыздығын ұлғайтып, түктің жиілігін көбейтуге болады, сонымен қатар түкті ілмектерді көтеріп, оларды жайма бетінде перпендикулярды болуын қамтамасыз етеді.

Сонымен, пүліш трикотажды өндіргенде мынаны ескереді:



  1. мүмкіншілігінше қалың грунтты және түкті жіптерді пайдалану, бұл грунт және түктердің жоғары тығыздығы мен жиілігін қамтиды;

  2. грунт ілмектерін мүмкіншілігінше минимальді құру.

Трикотаж пүліштің сырт сипаты әдемі, жылусақтағыш және созылғыш қасиеттері өте жоғары. Пүліш өрімдерін кейбір сырт және іш киімдерде, тоқымалы, интерлокты, шеңберлі шұлық автоматтарында өндіреді.

Пүліш өрімдері

А) Далидович А.С. әдісі

пүліш ілмегіндегі жіптің ұзындығы, мм lпл = l2 + 2a

а – түктің ұзындығы (1,0/2,0)

басқа параметрлер негізгі өрім бойынша

беттік тығыздық, г/м2 g = 10-4 * Nc * Np (l * T2 + lф * Tф + Lпл * Tид )



11 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет