Трикотаж тәсілінің ілмек құрау ерекшелігі. Осы тәсіл бойынша жұмыс істейтін машиналардың жалпы құрылысы, олардың ілмек құрау органдарының конструкциясының ерекшелігі. Кт(МТ) машинасы «Нева», «Тойото» машинасы


тақырып Прес тоқымасы.Престік өрімдердің құрылысы мен қасиеттері есептеу әдістері



бет33/37
Дата03.03.2022
өлшемі2,28 Mb.
#26904
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Тәжірибелік жұмыс ТТП Абишова Айгкль

тақырып Прес тоқымасы.Престік өрімдердің құрылысы мен қасиеттері есептеу әдістері.

Жұмыстың мақсаты:

Престік өрімдері. Престік өрімдердің анықтамасы мен құрылысы, қасиеттері және алу принциптері. Өрімдердің құрамында тұйық ілмектермен бірге нобайылар (тұйықталмаған ілмектер) тоқылса, оларды престік өрімдері деп атайды. Престік өрімдердің құрылымы екі элементтерден ілмек және нобайыдан тұрады. ( 3 сур.)






3 сур. Престік ілмек
Престік ілмектер деп, бір немесе бірнеше нобайылары бар ілмектерді атайды.

Престік ілмекті алу принципі мынадай: тоқу кезінде жіп барлық инелерге салынады да, жаңа ілмектерді құрайды, бірақ бұрынғы ілмектер әрқашанда емес, тек өрнекке сай түсіріледі.



Жүйелі трикотажда тоқыманың екі жағы бір ілмек құрау циклында құрылады.

Жүйесіз трикотаж ілмек құраудың әр циклында құрылады.

Тегіс престік өрімдердің кең тараған түрлері –жартылай фанг және фанг.



Жалаң жартылай фангпрестік өрім, оның жалаң прес ілмекті бағаналары біртегіс ілмекті бағаналарымен кезектесіп орналасады. Раппорт бағаналардың кезегін белгілейді.

Жалаң фанг – престік өрім, оның барлық ілмектері жалаң престік ілмектерден тұрады, яғни нобайылардың саны бірдей болады. Престік ілмектің нобайысы тоқыманың тек теріс жағында орналасады.

Қосарлы жартылай фанг – қосарлы престік өрім, оның бір жағы бүкіл престік индексі бірге тең, ал екінші жағы бүкіл біртегіс ілмектерден тұрады . Сондықтан жайманың оң және теріс жақтары әр түрлі: бір жағының ілмектері созылған, нобайылары бар, ал басқа жағының ілмектері қысқа, қысылған, нобайысыз. Жартылай фангты фангпен салыстырғанда неғұрлым созылмалы, тығыздығы төмен және ауыр болады.




Қосарлы фанг Қосарлы жартылай фанг
Қосарлы фанг – қосарлы престік өрім, оның әр ілмегі трикотаждың екі жағында өз нобайысын құрайды, тоқыма қос қабаттан тұрғандай болады және қабаттарын созылмалар біріктіреді . Әр түрлі жіптерден құралған қосқабатты тоқыма осы принцип негізінде алынады. Өрімнің екі жағы бірдей сырттай ластикке ұқсас, бірақ ілмектері көбірек созылған.

Жүйесіз престік өрімдердің негізінде әр түрлі үлдірлі, реңкті, түрлі-түсті және бедерлі өрнекті эффектерді немесе осы эффекттердің қиылыстырыуын алуға болады.

Ілмекті бағанада жіптердің түстерін алмастыру арқылы түрлі-түсті эффекттерді алуға болады.

Трикотажда үлдірлі эффекттерді немесе оның имитациясын жоғары индексті престік ілмектерді құру арқылы алады.



Реңкті эффекттерді құру үшін біртегіс ілмектері престік ілмектерімен жолақ, тік бұрыш, көп бұрыш және т. б. түрінде алмасады. Ілмектер қатарының биіктігі неғұрлым төмен болса, соғурлым жіптер көп қисаяды, сондықтан біртегіс қатарының биіктігі престік ілмектеріне қарағанда төменірек болып, жарық шағылынысуы көбірек әлсізденеді де, прес ілмегіне қарағанда қараңғы болады.

Бедерлі эффекттерді, нобайылары көп престік ілмектері біртегіс ілмектер тобын бойлай тарту арқылы алады, нәтижесінде тоқыманың беті тегіс емес бедерлі болады.

Престік өрімдерді алу тәсілдері инелердің конструкциясына және ілмек құрау үдерісіне байланысты. Бұл ілмек құрау үдерісінің циклынан кейбір операцияларды шығарып тастағанан не өзгеруінен болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет