Трикотаж тәсілінің ілмек құрау ерекшелігі. Осы тәсіл бойынша жұмыс істейтін машиналардың жалпы құрылысы, олардың ілмек құрау органдарының конструкциясының ерекшелігі. Кт(МТ) машинасы «Нева», «Тойото» машинасы



бет29/37
Дата03.03.2022
өлшемі2,28 Mb.
#26904
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
7. PASSAP ELECTRONIC 6000.
8 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

тақырып: Жаймадағы ақаулардың пайда болу себебін талдау

Жұмыстың мақсаты: Жазық және шеңберлі тоқымалы машинада алынған жаймалар мен дана бұйымдарда пайда болған ақаулардың себептері, иірімжіптің тоқуға жеткілікті дайындалмауы, машинаның бұзылуы немесе тоқымашы жұмысын ұқыпсыз немқұрайды істеуін түзету

Бұзылған инемен жұмыс істегенде жаймада тесік пайда болады.

Ілмек құрау үдерісте ине ілмектерді үзеді, егер оның ойысы түбіт не ласпен бітелсе; осы кезде тілшік толық айналым жасамайды, иненің сырығына жеткілікті қысылмайды не тығыз айналады.

Ине тілшігі майысқанда да, жіпті үзеді. Жұмысшы инелердің күйіне мұқият назар аудару және бүзылған инені көргенде дереу ауыстыру қажет.

Платиналар бұзылғанда да, жаймада тесік пайда болады. Егер платинаның тұмсықшасы майысса, онда олар инелердің дәл ортасында емес, бір инеге жақынырақ орналасады да, бұрынғы ілмекті үзеді.

Машиналар ластанғанда (коронка ойыстары түбіт не ласпен бітелген) платиналар жоғары көтеріледі де, тығыз жылжыйды. Платиналар жоғары көтерілгенде, бұрынғы ілмектердің тілшіктен иненің сырығына ауысу мүмкіндігі болмайды, яғни аяқталу операциясы орындалмайды. Осы жағдайда кейбір инелер ілмектердің жиынтығын құрайды, ал сонан соң оларды үзеді де, трикотажда тесік пайда болады.

Машинаның ластану белгісі – бойлай жолақтың (біркелкісіз ілмектерді құру) пайда болуы. Егер бұл байқалса, онда машинаны тоқтату керек және оны тазалау қажет.

Қосарланған иірімжіпті пайдаланған кезде, жіптердің бірі үзілуі және оны басқамен шатыстырып сөйтіп, екінші жіпте үзілуі мүмкін. Нәтижесінде жаймада тесік пайда болады не жайма үзіледі.

Машинаны пайдалану үдерісінде, сырғақтағы тоқитын (игіш) сыналардың бұрандалары не штифтері босау мүмкін. Нәтижесінде сыналардың тербелісі болады да, бір қатар ақаулар (тесіктер, ілмектердің түсуі, ілметердің жиынтығы) пайда болу мүмкін. Игіш сыналардың тербелісі инелердің өкшесін сындырады. Осындай жағдайда ескі сыналарды жаңамен ауыстыру ұсынылады.

Инелерге жіп дұрыс берілмегендіктен ілмектердің түсуі пайда болады. Бұл ақау жіп ілгектің астына дұрыс салынбағандықтан және бұрынғы ілмек түсіп тұйықталмай қалғанда болады.

Машинаның жұмысы нормалді өту үшін, әдетте жіп жіпбағыттауыштың қырынан жетінші инеге салыну қажет. Жіпбағыттауышты биіктігі бойынша ілгекке жақынырақ, тілшікке қарағанда және тілшіктің осінен біршама жоғары орнатады.

Жіптің түсуі қалың жіпті қолданғанда да, болуы мүмкін. Мұндай жіп ілгектің астына кірмейді де, ал бұрынғы ілмек түсіп кетеді, нәтижесінде ақау болады.

Сонымен қатар жаймада ілмектердің жаппай жиынтығы деген ақауы болады. Жіпбағыттауштар дұрыс орнатылмағандықтан ақау пайда болады. Егер жіпбағыттауш иненің тілшігін жанап өтіп оларды бұрып жіберсе, онда ілгектің астында бұрынғы ілмекпен бірге, жаңа салынған жіпте болады, сөйтіп аталған ақау пайда болады.

Ілмектердің жаппай жиынтығына себептер болатын тағы мына жағдайлар, коронканың ойысы бітелсе, платина тығыз жылжыса және әдеттегіден жоғары көтерілсе, тартқыш механизмнің жұмысы бұзылса. Мысалы, тарту күші босаған кезде (червякты жұп ластанғандықтан, белдіктің үзілуі не созылуы, тістегішке иірімжіп оралуы) ілмек тартылмайды және инелер көтерілгенде қайтадан ілгектің астына кіріп, ілмектердің жаппай түсуін құрайды.



Жайманың шұбарлылығы тоқитын сына дұрыс орнатылмағандықтан пайда болады, себебі әр жүйеде иілдіру тереңдігі бірдей болмайды. Егер осы ақау анықталса, онда барлық жүйелерді тексеріп және олардың әрқайсысында реттеуіш бұранданы бірдей бөлікке орнату қажет. Бұл ақау сонымен қатар, қалыңдығы бірдей емес иірімжіпті қолданғанда пайда болады.

Бойлай жолақ иненің басы олардың жалпы сызықтан ауытқуында пайда болады. Бұл цилиндрде дұрыс түзетілмеген (рихталмаған) инелерді орнатқанда не цилиндрдің ойысы түбітпен бітелгенде не кейбір инелер тозғанда болады.

Бұзылған платинарды (тұмсықшасы сыңған) қолданғанда да, бойлай жолақ болуы мүмкін.

Егер машинада қосарланған иірімжіпті қолданғанда, бір жіп үзуліп жалаң (бір жіптен) трикотаж тоқылса; осы кезде жаймада ақ жер аталған ақау пайда болады. Ақ жері бар жайманың учаскелерін сапасы кем деп, кесіп тастайды.

Әдебиет тізімі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет