Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет109/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы
6110. Өгдүлміш айтып берді – іші жалын,
Ауруын, туысының мүшкіл халін.
Өзінің барып оны көргендігін,
Өсиет оның бұған бергендігін.
Көңілі жасып, патша жасын төкті,
«Дариға-ай, – деді, – ол кісі асыл текті.


502
Тәңірім қинамасын, кешсін жанын,
«Құрғатып» тастамасын жан мен қанын!»
Қалайша халі, – деді, – айтшы бастап,
Сен өзің қалай келдің оны тастап? 
6115. Кім бағып, күзетеді, осы жайда,
Жатқаны жалғыз қалай осындайда?
Ол жерде сабыр қылмай, өре тұрып,
Сен кеттің кімге тастап көре тұрып?»
Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы
Келтіріп айтты Өгдүлміш сөздің әрін:
«Мен оған айтып едім мұның бәрін.
Қайтарды мені, сөзге тоқтамады,
Тағы айттым – басқаша бір жоқ та амалы!»
Тыңдады, патша тұрды жүрегі еріп,
Көрсетті жанашырлық көңіл беріп.
6120. Патша айтты: «Сен ақылдың жина күшін,
Дұға қыл, іске кіріс оның үшін.
Жарылқап Одғұрмышты жалғыз Алла,
Кешірсін бар күнәсін алда-жалда!
Тәңірі медет берсе оған һәман,
Тамұқтан, Құдай сақтап, болсын аман.
Есікті тас бекітіп кестің жолды,
Сөз тоқтап, жүз жасырып – о не болды?
Жарамас мұндай қылық, көңіл қосы,
Жүрмейді зерделі адам жолмен осы.


503
6125. Айт маған мұндай күшті көрсеткен кім,
Өштесіп, өкпелетіп ерсі еткен кім?
Құдайдың бұйрығы ғой осы қаза,
Пейліңді түзеп енді, ұста таза.
Сен неге еңірейсің жылап-ұлып,
Жақсы емес бұ қылықты қой жоқ қылып.
Туса – өліп, өскен – құлап шынығады,
Берсе – алып, жүрсе – жатып тынығады.
Ғибрат бұл өлім де сендей ерге,
Сабыр ет жақсылығы кез келерге.
6130. Тірілер тіршілікте өріп жүріп,
Ойланар өлгендерді көріп жүріп.
Өлгеннің сабағы бар: «Қара маған,
Бұл өлім мені тұтқан келер саған!»
Осыған меңзеп айтқан бәйітті оқы,
Көңілге жақсылап бір оны тоқы:
«Өлді ғой бұрын да адам мыңдап-мыңдап,
Олар да кеңес айтар алсаң тыңдап:
«Өткіздім бос өмірді сайран салып, –
Тұтты өлім, келер саған бір күн шындап!» 
6135. Сұрады тағы патша оның халін,
Өлгенін қалай, қайтіп – ақуалын.
Патшаға баян етті көргендерін,
«Өсиет қалдырды – деп – көргенді ерің».
Құмыра, бір таяқ ап, ойланды да*,
Патшаның «естелік» деп қойды алдына.


504
Ол айтты (Одғұрмышты есіне алды):
«Сақталып туысымнан осы қалды.
Біреуін таңдап патшам өзіңе алар,
Бүгін – бақ, ертеңге де жарап қалар!»
6140. Таяқты алды патша, «үлес» – делік, –
Әкелсін маған бақыт бұл естелік!
Сен өзің құмыраны алсаң онда,
Туысың жүзін көргін аңсағанда!»
Өгдүлміш ыдысты алды, қайғы буды,
Көз жасы көңлі кетіп бетін жуды.
Патша айтты: «Туысқаның болды бақұл,
Біз үшін бұл – ғибрат берген ақыл.
Жасады ол дүниеге көңіл бөлмей,
Жақсы аты қалды артында жүрер өлмей.
6145. Тыңдап ал, пейілі таза ер не деген
Ақылмен барлық істі зерделеген:
«Дүние қанша жисаң – болмайды көп, 
Аз жисаң да өзіңе болады дөп.
Жалғанда бір – қуаныш, сор – мың талай, 
Сүреді әркім өмір қалай-қалай.
Өлген соң пайдасы жоқ байлық – қыртың, 
Қуанар оны жеген басқа жұртың».
Туысың бұ байлыққа қойды қалқан,
Лыпа киіп, ас қылды арпа талқан.
6150. Жүрді өлмей, байлыққа бой алдырмады,
Ештеңе жұртқа жейтін қалдырмады.


505
Күні-түн ойлап жүгін жеңілдетті,
Басынан небір азап жеңіл өтті.
Құтылды енді азаптан күйттеп, күйін,
Біздің хал не болады, ол – бір түйін!»
Мың түрлі сөзбен патша кеңес құрды,
Беріліп оған түгел көп бой ұрды.
Сарайға патша тұрып, бара жатты,
Қайғырып үйге кірді, ойға батты.
6155. Өгдүлміш аза тұтып алды сабақ,
Өткізіп нала күнді, ашты қабақ.
Ұмытты қасіретті, қайғы жемей,
Ішіп-жеп, көңілденді ләм-мим демей.
Айтыпты ел басқарған дайынды адам,
Біліммен ел-жұрт ісін пайымдаған:
Өлең
«Бір күн күлер сорасы ағып жылаған,
Қасіреттің құрдымына құлаған.
Жаман, жақсы көбейеді жыл сайын,
Өмір – солай, адам деген – құл оған!»
6160. Қайғы басқан Өгдүлміш те сейілді,
Іске берді күш–жігерін, пейілді.
Ол өлермен болды жұрттың бәрінен,
Істі бастап сонау таңғы сәріден.
Қылды патша Өгдүлмішке үрдісін,
Сұрап бір күн халық халін, жұрт ісін:


506
«Қауым қамын жұрт қалайша шешіп жүр,
Ел өмірін қалай етіп кешіп жүр?
Барлық істе сен ғой – көз бен құлағым,
Біліп істе, сенен үміт қыламын.
6165. Басты қайғы... қай іске де қолайсың,
Қолың тимей... енді қазір қалайсың?»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет