Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет123/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

 «Отыз» жиды – сарп етті оны «елуі», Не болады сонда 
«алпыстың» келуі?
Бұл бәйіт «отыз жастың жинап-тергенін елу 
жас келіп қайтарып алды, Енді алпыс жас келіп елу жасқа қол 
салса не қылар екен?» деген мағына береді.
380.
Тіліме де таным берген өзі еді.
«Құтадғу білікте» 
(қысқаша: ҚБ-те)
 тануқлуқ
(орысша: «свидетельство», қазақша: 
«куәлік, айғақ»). Бұл жерде әңгіме Алла тағаланың авторға ислам 
дінін мойындап, оны уағыздап, оның символын білдіретін «Ла-
Иллаһа Иллал-л-лаһ, Мұхаммед расул-л- Аллаһ» («Құдайдан 
басқа Құдай жоқ, Мұхаммед – оның елшісі») деген аятты айта 
білу танымын (калимаға тілін келтіруді) бергендігі туралы болып 
отыр. 
386.
Ақтық демім шаһадатпен үзілсін. «Шаһадат» 
– араб 
тілінде ислам дінінің символын білдіреді (Түркіше:
тануқлук), 
380-сілтемені қараңыз.
490.
 Ол – Көсеміш, о да мұны қостапты. Көсеміш – 
«қалаулы» 
деген мағына береді. Сөз түбірі – көсе (күсе) «қалау, сағыну» 
(ДТС,329).
493.
 Ерсіг деген хажиб бир ед өзі бір, Жақын еді патшаменен 
сөзі бір. Ерсіг
көне түрік тілінде «батыл, ержүрек, айбынды, 
қажырлы, қайратты» деген мағына береді.


546
757.
 Бір селебе пышағы бар қолында, Шекер – оңда, ащы суы 
– солында.
Мұндағы ащы су түпнұсқада
 урагун
деп берілген. Ол 
«кісі ішетін ащы сұйық дәрі, үнді дәрілерінің бір түрі, соның 
аты» (ДТС,614). С.Н.Иванов оны «яд» деп аударған [772–бәйіт]. 
А.Егеубаев та осылай еткен:
 Қарақшыдай зәр пышақ қолындағы, 
Екі ыдыс тұр: оңы – бал, солында 
– 
у 
[772–бәйіт]. Осы бәйіттің 
мазмұнында қарақшы туралы ешқандай ұғым жоқ, әңгіме 
Күнтоғды патша туралы болып отыр. Бұл – бір, екіншіден, адам 
уды ішпейді, ал мынау – адам ішетін дәрі (орысша: «название 
одного из индийских лекарств, горький напиток») [ДТС, 614]. 
Өзі көп қолданылатын дәрі болса керек, ол Махмуд Қашқаридың 
еңбегінде де аталады.
826.
Құт қонақтап, іс- еңбегін асырған, Ыла айтыпты, 
тыңда, жұрты бас ұрған.
Мұндағы
Ыла –
Түркістандағы бір 
өзеннің аты; сондағы бір аймақтың аты. Осы өңірде жайлайтын 
бір тайпаның аты да болар, бұл
 Ыла
сол жұрттың өкілі сияқты.
1
884. Түпнұсқада патшаның берген жауабы туралы арнайы 
тақырып қойылмаған: жауап сөздер «Патша Айтты» деп 
басталады.
893.
 Ондай ерде мін бар ма сөз ететін. Зерделі ұғып, оған ойы 
жететін?
Осы бәйіттің екінші жолы С.Н.Иванов аудармасында 
қате берілген: «Бывает хороший хоть чем-либо худ, Дурные хоть 
в чем-либо доброе чтут?» [871-бәйіт]. А. Егеубаев аудармасында 
мәселе одан әрі шатасып кеткен: Кінә-міні бола ма ізгі адамның, 
жақсылығы бола ма арсыз, жаманның?» [871-бәйіт]. Түпнұсқада 
қарапайым жалпы адам баласы емес, мақтаулы ердің бойында 
ақылды кісі сезіп, біле алатындай бір мін бола ма, жоқ па? – әңгіме 
осы туралы. С.Н.Иванов пен А.Егеубаевтың аудармаларында 
осы мәселе қате аударылған. Біріншіден, олар әңгімені жалпы 
адам баласы туралы айтылатын етіп аударған, екіншіден, олар 
жақсы адам мен жаман адам жөнінде (антитеза ретінде) сөз 
қозғаған. Бұл бәйіттің жалпы мазмұнында ондай ұғым жоқ 
(жаман адам туралы ештеңе айтылмаған). Екі тілде де (орысша, 
қазақша) орын алып отырған қателіктің себебі мынада: бұл бәйіт 
алдыңғы бәйітте айтылатын ойға
байланысты, соның жалғасы 
есебінде қарастырылмаған, (демек, бұл – алдыңғы бәйіт те дұрыс 
аударылмаған деген сөз!) – онда аты шыққан мақтаулы адам 


547
жайында айтылады, бірақ ол айтылған ой осы екі тәржімашы 
аударған екі еңбекте де жоқ, қолыңыздағы біздің аудармамызда 
бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет