548
де, бірақ оны «жиға» деп аударады. Өзбек тіліндегі
жиға
сөзі –
этнографиялық термин: ер адамдардың түрлі-түсті асыл тастар
тізіп, үкі таққан бас киіміне безеп тіккен жарты ай сияқты темір
әшекей (соның аты). С.Н.Иванов бұл бәйіт туралы арнаулы
түсінік беріп, уәзірге тән сыйлықтардың
қатарына сауытты да
(қольчуга) қосады [1036-бәйіт], бірақ ол «Наманган» нұсқасында
кездеспейді. Орысша аудармасында
қыйағ
сөзі аталмай қалған, ол
сөз «ДТС» деген еңбекте де көрсетілмеген. А.Егеубаев былай деп
аударған: «Уәзір атақ берді,
байрақты, Таңба
беріп, көңілін бір
жайлапты» [1036-бәйіт]. Тиісті түсінік берілмеген. Түпнұсқада
байрақ
емес,
туғ
(яғни ту),
таңба
емес,
тамға
– бұл сөздер қазақ
тілінде де бар.
1038.
Жеміріліп, сөніп тынды толған ай –
Айтолдының қайтыс
болғаны туралы айтылып отыр. Бұдан әрі оның қалай ауырғаны
туралы әңгіме болады. «Құтадғу біліктің» орысша және қазақша
аудармаларында ондай ұғым жоқ. Орысша: «И вот уж луна –
перед убылью света» [1052- бәйіт] және қазақша: «Тола-тола
жіңішкеріп Ай қалды» [1052-бәйіт]. Демек, бұл – «Айтолды әлі
қайтыс болған жоқ» деген сөз.
1039.
Төрт болмысым ішімдегі қармасты, Бірі жеңіп, үшеуін
Достарыңызбен бөлісу: