64
Айтолды
көрсетті де бір тобықты,
Отырып, жамбасына қайта тықты.
Әр қилы айтты патша білім жайын,
Айтолды жауап берді – сөзге дайын.
610. Қуанды патша сонда жүзі күліп,
Айтолды көзін жұмды мұны біліп.
Патша бұл сөзін жұтты, семді жағы,
Айтолды жұмды көзін енді тағы.
Жалғады
патша сөзін инабатты,
Айтолды қабақ түйіп, жауап қатты.
Байқады оның патша түр мен түсін,
Білімін, парасатын, зейін, ісін.
Қарады патшада үміт, ой болды да,
Үйірді жүзін сонда Айтолды да.
615. Түнеріп патша басты ашуға зор:
«Асығу, – деді, – болар адамға сор
Жаңылып,
сенген екем бекер босқа,
Қалайша қатемді айтам қас пен досқа?
Сөзі бар білімдінің келер дөпке:
«Асықсаң – өкініші кетер көпке».
Пайда жоқ іс асығыс болса бастан,
Ауру бар асықтырып піскен астан.
Асығыс іс істейді жаңылғандар,
Жай істер жақсы адам боп танылғандар.
620. Асықтым, өтті қате мына бастан, –
Өзіңді жақын тұттым сынамастан.
65
Бір
бекке қызыметші ұнап қалса,
Жөн болар оны алдымен сынап алса.
Қадірін істің біліп піскендерді,
Көтеру керек сынға түскенде ерді».
Айтолды деді: «Патшам, несібең мол,
Ашумен күйіп-пістің несіне сол?
Білмедім, жазығым не, өз айыбым, –
Соны айт та, тыңда және сөз байыбын.
625. Жазала жазған болсам –
ерік сенде,
Болмаса түнермей тұр керіскендей».
Тыңдашы ақылгөйді қалыс тұрып,
Айтыпты осы ойменен салыстырып:
«Жаңылса, шақыр оны мұның не? – деп,
Болды, – деп, – сұра тағы қандай себеп?
Бар болса онда жазық – жазала да,
Жоқ болса – қуант оны желеп-жебеп».
Ашумен айтты патша: «Жазған! – деді,
Надан боп қатарынан азған! – деді.
630. Қарашы сен өзіңе: қай нем едің?
Атақты қайдан алған жай неме едің?
Жұмыста не бітірдің,
еңбек қайда,
Еңбек қып тигізбедің ешбір пайда.
Еңбексіз жетіп едің осы баққа,
Ойың бар енді мені басынбаққа.
Астыңа тобық тықтың әлде неге,
Айт соны желі қылып әңгімеге.
66
Сөйледім тыңдап алып бос сөзіңді,
Таң қалдым жұмғаныңда қос көзіңді.
635. Кешірдім, болса сенің түйір есің,
Жүзіңді, айтшы, неге үйіресің?
Дананың бір сөзі бар құлақ түрсең:
«Бекпенен сақтана біл бірге жүрсең!»
Ата-ана айтпады ма сөз өрнегін:
«Ей, ұлым, бекті өзіңе тең көрмегін».
Ел басы айтпады ма түсіндіріп:
«Басынба бекті басың үшін жүріп!»
«Бек» деген от болады –
жақын барма,
Күйдірер жақын барсаң, тақымдар да.
640. Бектер – от күйдіретін, есіңе тұт,
Жуысаң күйер отқа – келеді жұт.
Бектер – от сен қарасаң байқап егер,
Басын ап басынғанның, қанын төгер.
Бар
адам бектен қатты сасып тұрар,
Саспасаң – күшпен нықтап басықтырар».
Достарыңызбен бөлісу: