Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Одғұрмыштың Өгдүлмішке [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет63/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   139
Одғұрмыштың Өгдүлмішке [берген] жауабы
«Шын айт, – деп Одғұрмыш та берді жауап,
Не тілеп, не нәрсеге қылдың тауап?
Сөзімнің мен айтқанда алдын кесіп, 
Бересің сен жауабын желдей есіп.
Тіліңді ашық айтып, білегейсің, 
Не сұрап, нені, қане, тілегейсің?»
Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы
Өгдүлміш жауап берді: «Қайтем қашып,
Келіп ем бір тілекпен – айтам ашып.
3410. Падиша, бұ Күнтоғды естіп сені,
Керек қып, жіберді ғой мына мені.
Көруді сені арман қып «аһ» ұруда,
Жіберген мен – уәкіл шақыруға.
Патшаға керек сенің көрінгенің,
Болмас-ты «қиын» санап ерінгенің.


287
Патшамыз игі сұлтан бедел алған,
Еліне мейір төгіп, жанын салған.
Көрсе кім патша жүзін – жанар бағы,
Құт қонып екі өмірде жүрер тағы.
3415. Айтқан ер елге жайған асқар атын,
Ақылмен елін билеп, басқаратын:
«Тура бек, әділетті ер тарылмайды,
Бақытын елге төгіп, жарылқайды.
Тараса бектің аты қандай жерге, –
Табылар сонда барса бақыт ерге.
Бұл әлем әділ болмай тұра алмайды,
Түбірі тура болмай құралмайды.
Болмаса әділ бектер қалқан етер,
Жеті қат жерді Құдай талқан етер.
3420. Әділ бек жүзін көрсе – бағы жанар,
Құтылып күнәсынан, мейірі қанар!»
Мен, міне, адам болдым, білесің бе? –
Патшаның ол – жанашыр үлесінде.
Ақылды һәм білімді берді Құдай,
Қол кетті игі істерге содан ұдай.
Ізгілік берер Құдай өтер ерге, –
Ауыр жүк ел қамын жеп көтерерге.
Мұнда өмір патша тілер кешкеніңді,
Бірлесіп берік түйін шешкеніңді.
3425. Келгенде бір сөзім бар айтар тағын: 
Баһадүр, мені жалғыз қайтармағын!


288
Жіберді саған бір хат – өзі жазды,
Көр оқып – айтқан екен қандай назды!» 
Шығарып хатты берді, қолын сұнды,
Хатты ашып, Одғұрмыш та іштен тынды.
Оқыды хатын ұзақ, сөйледі ілік: 
«Беріпті патша маған жақсы білік.
« Кел!» – дейді сәлем айтып, жанамалап,
Айтыпты көп жақсылық санамалап.
3430. Үлкен іс – қалай етсем болар мақұл, 
Не қылам, сен бересің қандай ақыл?» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет