Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Одғұрмыштың Өгдүлмішке [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет71/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   139
Одғұрмыштың Өгдүлмішке [берген] жауабы
3915. Айтты Одғұрмыш жауап беріп түйінді:
«Бұ сөзің де жақсы емес қой иінді».
Саған, маған жараса ма – біз досқа,
Жөн-әдетті білмей, жүрсек құр босқа!
Бұ халықты жарылқайтын, түзейтін,
Бар ғой бектер, саралайтын, күзейтін.
Ел мен жұртын жеткізер бек, асырар,
Халық сеніп, инін бағып бас ұрар.
Қол Ұзартар бектер соған орайлап,
Білім жұмсап, ақылға сап әрі ойлап.
3920. Жақсы айтыпты ел басқарып тіс қаққан,
Ақыл, білім жиған біреу іс баққан:
«Билер әлем – білім болса тірегі,
Ел басқарса – болсын ақыл, жүрегі.
Қарап соған бек биіктеп, күш алар,
Мойнын үзіп, жауынан да өш алар.
Жөн-жосықты жасау керек бізге енді,
Жарастырып тәртіп ізін түзгенді».
Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы
Айтты Өгдүлміш: «Қиын емес үлесің,
Көрсең істеп жұмыс жайын білесің.


328
3925. Іс, әдетті білу оңай меңгеріп,
Мен айтайын, үйреніп ал сен көріп.
Білмесе әдет – үйренеді жол, ізін,
Сосын өзі болып алар қолы ұзын.
Бір білімді ер айтқан екен жасырмай,
Ес болмайды ол сөзді іске асырмай:
«Дана тумас, ер үйренер зейіндеп,
Тілі де ердің шығады ғой кейіндеп.
Кісі үйреніп, сосын дана болады,
Білім алса, істі әкетер бейімдеп!»
3930. Айтты Одғұрмыш: «Тілемейтін пенде жоқ,
Сенде болса, мұндай тілек менде жоқ.
Шақырасың маған ойың толғандай,
Патша алдында істер ісім, ол – қандай?
Қонар сөз бе көңіліме – таңдайын, 
Ол іс пе екен үйренетін – аңдайын.
Тәртіп, әдеп, жөн-жосықтың қандайын, 
Айтшы санап – отырмын ғой мен дайын!» 
Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы
Айтты Өгдүлміш: «Ізгі ниет иесі,
Жөндеп айттың айтар сөзді тиесі!
3935. Сен ақылдан алыс бастың, сенделдің,
Шындыққа енді қадам бастың, жөнделдің.
Мен айтайын, өзің енді тыңдашы,
Сал көзіңді, үйренуден тынбашы!


329
Сен үйренер болсаң өзің – тұр досқа,
Кес сөзіңді, беземе тіл құр босқа!» 
Бектерге қызмет қылу мынандай болады:
Қызыметкер екі түрлі болады,
Қызымет қып күнде үйреніп алады.
Бірі – жастан жұмысқа қол ұрады,
Бірі – ұлғайып жұмысқа кеп тұрады.
3940. Ең тәуірі бұл екеудің, біл, қаны, –
Жас кезінен қызметке тұрғаны.
Саған талай айтсам сөзді басынан,
Тұрған жайлы қызметке жасынан.
Соңы – жаман, сөз басталса ортадан,
Болса сенім, жақсы болар арты одан.
Есік ашқан қызметке шаршамай,
Қылған жақсы жас кезінен қаршадай.
Білген тәуір бастағанда бір істі,
Әдет, тәртіп, шығыс пенен кірісті.
3945. Ерте тұрып, істі болса ұтатын,
Көңіл, тілін, құлқын кішік тұтатын.
Зыр жүгіріп, ықшам ұстап өзін де,
Сақ ұстаса зерде, құлық, көзін де.
Қызымет қып жасы үлкенге қатты ұнап,
Тілін тыйып, сөзін берік қаттылап.
Бұл іспеттес жас жігіттер аңғарар,
Керекті ісін бектерінің оңғарар.


330
Кіріп, шығу жайын сосын жай аңдар,
Сөз, арызды бекке келіп баяндар.
3950. Жетсе осыған – сол болады дәуірің,
Табады бек оған істің тәуірін.
Оқшы, жайшы, болады ғой мергендер,
Мөрші болар құлқы түзу көргенді ер.
Көркі түзу, қылығы бар – бұ дағы,
Ыдыс-аяқ бастығы боп шығады.
Есеп білген қазынаны түстейді,
Ақылды адам хатшы болып істейді.
Лайық жан іске нұрын себер де,
Істі орындар сүйсініп те, шебер де.
3955. Біреу айтқан істің көріп не бірін,
Өткізіпті қызыметпен өмірін:
Бек алдыңда кетпеу үшін іс іріп,
Жасқанып тұр, жүзің төмен түсіріп,
Сен өзіңді жөн, әдепті ұстай біл,
Тілді – тура, сөзді ширақ пісіріп!»
Бек алдыңда тұрсаң, қалмай қағыста,
Көзді төмен, құлағыңды сақ ұста.
Тіке тұрып, қол қусырып байқастыр,
Сол қолыңды оң қолыңмен айқастыр*.
3960. Оң аяқпен атта кірер жерде сен,
Тілмен айтса түсініп ал зердемен.
Айтсаң арыз сұлық тұрып жекелеп,
Бол ұнамды, отыра қал шөкелеп.


331
Оңға, солға қисаңдама, қыңбағын,
Имене біл, сөз пайымдап тыңдағын.
Сөз сұрама – шын жауап бер өрілген,
Жеткіз тура тапсырманы берілген.
Жүрме босқа, ішпе ішімдік – арам ас,
Қаш бәледен, жаман істен жарамас.
3965. Естіме сен, естісең – қой ергенді,
Көрмеген бол әлдеқалай көргенді.
Жарасады болса осылай тағы да,
Іс көркейіп, күнде өседі бағы да.
Атты әскерді біреу билеп, қол даулар,
Енді бірі атқа қонып, ел жаулар.
Бірі – хажиб, бірі әскерді бастайды,
Сөздің сырын ғалым ашып тастайды.
Дана болып, біреу ақыл табады,
Босқа атақ ап, біреу төске шабады*
5970. Сенімді бек, құсбегісі тағы бар,
Әскер бегі, ханзада бек табылар.
Қай атаққа қызыметші жолығар,
Одан әрі өсудің де жолы бар.
Қылса жұмыс – мансап тола орын бар, 
Мәртебе алып, бар тілегін орындар.
Бек құлына сыйлап берер атақ бар, 
Ақтап оны қызыметші мадақтар.
Бір пысықтың сене қалма тіліне, ер!
Оның жаман іс-қылығы білінер.


332
3975. Дана айтыпты бір әңгіме етерде: 
«Тиімсіздің дәрежесін көтерме!» 
Бір дана сөз айтылған өз тұсында: 
«Ей, бек, қолды білімсізге ұсынба!» 
Бір санасыз ұлық болса, семіріп, 
Иесінің басын жейді кеміріп.
Бек құлының әр біреуі – бір төбе, 
Биіктесін білігімен мәртебе.
Қатты сына құлдың мінез-құлығын, 
Қарап оның зердесіне – ұлы қыл.
3980. Құл бегіне мейіріммен қарайды, 
Соған орай жарылқаса жарайды.
Деген екен жөн-жораны көп көрген, 
Өз жолымен бектік ісін өткерген:
«Құлдың аты – құл» ғой тартар тегіне, 
Қанша өссе де – қызыметші бегіне.
Бектің аты – «бек» қой кішік пішінде, 
Аты ерекше қызыметкер ішінде.
Ей, бектердің арқасында өскендер, 
Өсе түсер «бекті алқала!» дескен де ер.
3985. Сен бектермен тең түсем деп тартыспа, 
Байқап сөйле қиын-қыстау тар тұста!
Олар бақ қой, қолы да ұзын – сүйдірер,
Олар от қой, көзі түссе – күйдірер!
Олар – тағдыр замананы білетін,
Көнер соған ер қуанып күлетін!» 


333
Жақсы айтыпты сынап, біліп зерде еткен,
Бабын тауып, қызыметпен ер жеткен.
Дана сөзі – игісі ғой бар шынның,
Дана сөзі – қамка тоны баршынның:
3990. «Бектер күле қарағанда – теңселме:
Қуанба да, иланба да, сен сенбе.
Қызыметке сенбе, көңіл көтерме,
Бек жаңылса, көтерілмес еңсең де!» 
Үлкен, кіші, болсын, мейлі, ел гүлі,
Қызыметші қызыметте белгілі.
Бек ісіне берік қара, жаңылмай,
Қате қылмай, жаман атқа таңылмай.
Жақын ұстап, бектер болса төзімді,
Тура жүр де, сен ұмытпа өзіңді!
3995. Жақсы көрер бектен қорық – тазасы,
Көзге елестеп тұрсын берер жазасы.
Кейде бек – от, кейде – тасқын құлатар
Бір күлдіріп, кейде қатты жылатар.
Көрші қонба үш нәрсеге дәл осы:
Күйдірер от, ағызар су – бәле осы.
Бек – айбарлы арыстанның серісі,
Сипап көрсең – шым жібектей терісі.
Қаһар төксе – бас кесер де жанышар,
Сорып алып тамырыңды, қан ішер.
4000. Бек бедерсе, барма жақын, жолама, 
Бара қалсаң, кетпей құның қала ма!


334
Кір – шақырса, айт сөзіңді – сұраса, 
Аман жаса, қадірлі боп тұр аса!
Арыз айтып еркін кіріп–шығатын, 
Бір ер кісі айтқан сөз бар ұғатын:
« Кір!» десе бек – қарағаны құрметпен, 
«Шық!» дегені – сор еңбегің құр кеткен. 
Көзді сақта, сен өзіңді ұстай біл, 
Жақсы адамдар жүре берер бір бетпен!»
4005. Үш нәрседен қашық отыр – сөз ерер, 
Бірі – бірбет, тоңмойын боп безерер.
Бірі – өтірік, бірі – ашкөздік, құр итің, 
Үшеуінің түбі – құрдым құритын.
Таза жүріп-тұрғын барлық аяда, 
Соны сүйер, бек ісіне сай о да.
Кірсең, жүргін араласып сарайда, 
Құрмет қылса, істе соған қарай да.
Қолды сұлық тастап кірме жерге бұл, 
Қол ұстасып кірме сын ғой ерге бұл.
Сен отырар жеріңді де біл ұғып, 
Аяқ асты етпе адамды былығып.
Қақырынып, көп күшеніп ісінбе, 
Көп ішінде «ол – ұят», – деп түсін де!
Қисайма да, бүкірейме сықсыңдап, 
Қатты күлме дауыс қатып, мықшыңдап.
Түбіңді ойла – тегің қандай ер екен, 
Оны ұмытсаң кетер, сірә, берекең.


335
Ұлық сөзін айтпа, соған бас ұр да,
Өз сөзіңді таңдап сөйле, жасырма.
4015. Жүзің жанар – тура сөйле діліңді,
Тек жақсылық сөзге жұмса тіліңді.
Ішіп алып, кірме, сірә, Сарайға,
Ішкен – ұят, осыны ойла, жарай ма!
Сен өзіңді сыйламасаң, «тасты!» – дер,
Үш нәрсе бар, байқамасаң басты жер:
Бірі – бектің сөзін ұстау жаңылмай,
Сақтау оны өз тәнің мен жаныңдай.
Елге, екінші, бектің сөзін жаймаса,
Ұғып алса – жөн осындай жайды аса.
4020. Сарайда өзін ұстай білу, үшінші,
Керегі жоқ болса – көрме, түсінші.
Осы үшеуден жазып қалса есіл ер,
Дәу де болса ғазиз басы кесілер!
Тіке тұрып өз ісіңді істегін,
Кезі келмей көзге бекер түспегін.
Орын тиіп, бола қалсаң төрде сен,
Тұр орныңнан кірген жұртты көр де сен.
Бектер сенен сұрағанша – баға тұр,
Сен сөзіңді қысқа сөйле, баһадүр!
4025. Тыңдаса бек – бар білгенді баянда,
Сөзді кессе – сөзді созбай, қой онда!
Шақырса егер дәмге бектер тілі бал,
Әдеп сақтап, ас жеуді де біліп ал.


336
Оң қолыңмен ұста жейтін, алғанды,
Ең әуелі ал аузыңа Аллаңды.
Кісі алдынан асқа қолды ұсынбай, 
Өз алдыңнан асыңды же қысылмай!
Пышақ салып, сүйек қажап дәндеме, 
Ас талғама, еш адамға «ләм» деме.
4030. Асты обығып жеме, сонша зор қылып, 
Жеме бипаз қатындарша зорға іліп.
Алып отыр – астың жоқ қой сыймасы, 
Бектер асы – аса құрмет, сый басы.
Сен кіріссең әрбір түрлі сала, істе – 
Бар күшіңді, ықыласты сала істе.
Жақсы ой айтқан білікті ерлер – кең де олар, 
Әрбір сөзі саф алтынға тең болар:
«Сен ұстасаң егер істің бір басын, 
Істе біліп оның ұзын-ырғасын.
4035. Болсаң жұртқа сөз айтатын бұйырып, 
Сақы боп жүр, сергек ойға бой ұрып.
Болсаң ауыл, атты әскердің ұлығы, 
Мал таратып, ұстамды бол қылығы.
Боп уәзір сен ұзартсаң қолыңды, 
Ұста тура саясат пен жолыңды.
Зердең өсіп, «ақылшы» атақ таңылса, 
Түзеп отыр бегің егер жаңылса.
Болсаң бектің сенім артқан оң көзі, 
Сақ болып жүр, келер бақытың сонда өзі.


337
4040. Әскер басы, ел басы өзің боп тұрсаң, 
Көз, құлақты сақ ұстағын топ құрсаң.
Хажиб болсаң, пара алмағын өтімді, 
Тыңдаған жөн кедей, жесір, жетімді.
Берсе саған қазынашы санатын,
Тура жүріп, іс қыл халық нанатын.
Хатшы болсаң, әр жазғаның – серік, құт,
Сөз шығармай, көңіл күйін берік тұт!» 
Міне, бұлар – атақтылар санында,
Басқасы да бар ғой жүрген жанында.
4045. Талай адам – іс қылушы басшылар:
Төсек салып, құс баптаушы, асшылар. –
Болсаң адам басты бұған сұнбағын,
Рақат аз, азапты іс көп мыңдаған.
Құрмет іздеп, істемесең басқа айып, 
Сыйла жұртты, ей, жүрушім қасқайып!
Ұлыларды «ұлы» деп біл құрметтей, 
Сонда бақыт қонар саған құр кетпей.
Тыңда бір қарт айтыпты аппақ шашы бар, 
Оны ұққанда көз, көкірек ашылар:
4050. «Сыйлау – әдет өмірде үлкен кісіні, 
Үлкен келсе – тік тұр мұны түсініп. 
Кіші үлкенді құрмет етер жарасар, 
Сонда үлкен де қадір тұтар кішіні!» 
Сөзі бітіп, деді Өгдүлміш: «Досым–ай, 
Бекке жұмыс істеу керек осылай!


338
Сен есіттің, айттым істің дерегін,
Біліп алдың қалай істеу керегін.
Бек алдыңда әркім міндет ақтасын,
Еңбек етсе, ашар бақыт қақпасын.
4055. Міне, осылар – пайдалы істер, бойға құт,
Біліп ал да, жақсылап бір ойға тұт».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет