Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Сарайдағы қызметкерлер [туралы] сұхбат сөзі



Pdf көрінісі
бет72/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Сарайдағы қызметкерлер [туралы] сұхбат сөзі
Айтты Одғұрмыш: «Ойың жақсы, терең-ді,
Мен тыңдадым, сөзге кезек бер енді.
Тағы да бір сөзім бар-ды қозғайтын,
Енді соны айтып берші созбай тым.
Мен тіресем патша ісіне ат басын, –
Күнде қағып тұру керек қақпасын.
Жөн-жорықты біліп алған – жарайды,
Өмір өзі со сарайдан тарайды.
4060. Онда жұртпен араласып, қарасып,
Кету керек бәріменен жарасып.
Араласу ондағы әрбір ерді елеп,
Қалай екен? – айтшы, ұғайын зерделеп!» 
Жауап
Айтты Өгдүлміш: «Сөзіңді аңдап бағайын,
Бұ да керек нәрсе екен ғой, ағайын!
Мен үйретем іс-қызымет құруды,
Жөн білгенің қалай жүріп-тұруды.


339
Сен жұртпенен жүре берме бос, тегін:
Бірін «бауыр», енді бірін «дос» дегін!
4065. Таба білсе жарасымды қара бас,
Бәрімен де барыс, келіс, аралас.
Жөнін тауып жараспаса қатыбас, –
Онда жүріп өмір тұзы татымас.
Тыңда, айтыпты қызыметке ұста адам,
Әділ іспен бұ Сарайды ұстаған:
«Бекпен жақын болуды сен тілесең, –
Бәрімен де дос болуды біл, ей, сен!
Жолды өсетін сен ойласаң әріден,
Жақсы боп жүр Сарайдағы бәрімен.
4070. Бегің қанша болса саған жақын дос, –
Жарасып жүр, басқалармен тақымдас!»
Үш түрлі ғой сарайда елдің бәрісі,
Соған орай істеледі әр ісі.
Ең біреуі – үстем тұрған сабазың,
Соған табын, сонда бақыт табасың.
Сөзін сыйлап, құрмет көрсет – саналар,
Жарылқайды жақсы көріп сені олар.
Дана білгіш жақсы айтыпты ой-нама,
Дана сөзін сен «арзан» деп ойлама:
4075. «Бақ қонарда кіші үлкенге табынар,
Сонда құрмет үлкеннен де табылар.
Үлкен сөзін тыңдап, тұрса жүгіріп,
Жетер жастар тілегіне, тағы ұнар!» 


340
Құт тілесең – құт қой кісі ұлғайған,
Қыл қызымет – құт келеді шалғайған.
Кейбіреулер – өзіңе тең бастасың:
Жақында – дос, алыс жүрсе – қастасың.
Бұ кісілер – жолдас-жора, қатарың,
Қатынасып, сөйлесіп тіл қатарың.
4080. Ендігі топ – жастар, оны сұрарсың,
Ащы, тұщы араласып тұрарсың.
Кейде сыйла, күнә қылса – бұрап бір,
Бос жібермей әрбір істі сұрап жүр!
Кіші болса, басындырмай тұр ұстап,
Сен ойнама, тіліңді ұста дұрыстап.
Дос, жолдасты, жерлесті ұста – қалай біл,
Дос көп болса, сені мақтар талай тіл.
Жау болмасын бейтаныстың жаттығы, –
Жауы бардың жараспайды шаттығы.
4085. Аз жауыңнан көп болады зардап – біл,
Айта алмайды «жаудан пайда бар» деп тіл!
Тыңда, біреу – қайтпаған ер тауынан,
Айтқан екен бәле көріп жауынан:
«Мың бәле бар бір жауыңда білеудей,
Мың-мың досың аз болады біреудей.
Көрмес адам жауынан бір пайданы,
Көре қалса, оның өзі сүлей-ді!» 
Достар саған жүрсе қалай қарасып, –
Сен солай ет ойнап-күліп жарасып.


341
4090. Өзің теңдес болса аралас кеңінен,
Сай келеді теңдес адам теңімен.
Жолама да, жаман жанды қолдама,
Жаман жолдас аздырады жолдан – ақ.
Өзің жақсы болғың келсе һәманда,
Қатты ойла да, сен қосылма жаманға.
Барлығының тартатұғын бүйірі –
Мал, құрт, адам, құстың бар ғой үйірі!
Тыңда, айтыпты ел бастығы көп көрген,
Жақсы, жаман – бәрін көріп өткерген:
4095. Қара торғай ұшты, – көзің сап қара, 
Жұп боп ұшты – екеуі де қап-қара.
Қаз жүреді аққу құстан шет ендеп,
Сол аққудан бүркіт тіпті бөтен-ді!» 
Құс өз тобын біліп ұшар, жосылар,
Сен адамсың – кісіңді біл қосылар.
Бұ байланыс болады екен екі үдай,
Жұрт дос болар осы әдіспен, е, Құдай!
Тәңір үшін дос қылады төтен ой,
О достықта болмайды екен бөтен ой.
4100. Біреу дос боп өз пайдасын болжайды, –
Дос демегін түбегейлі бұл жайды.
Тәңір үшін дос болғандар бүгінде,
Қабақ түймей көтереді жүгін де.
Бұдан пайда іздеме осы Жалғанда,
Берер пайда Құдай ертең алғанда.


342
Пайдасы үшін дос болғанды тұт та оғаш,
Араласпа, араласса – зыт та қаш.
Тыңда, айтыпты осындай бір жайда сын,
Сынап біліп, достың зиян, пайдасын:
4105. «Досты сына – пайда, зиян тілесең,
Сонда барып нықтап аяқ тіре сен!
Дос көңілін білмек болсаң: аһ ұрып,
Түй қабақты сөзбен ашу шақырып.
Сүйер ме екен, сүймес пе екен ер сені,
Мәлім болар – сұра қимас нәрсені.
Қабақ шытпай ел қараса таныммен, –
Оны бірдей көрсең болар жаныңмен!»
Жүр алыстап – біл өсекші ниетін,
От бар оның тілінде жан күйетін!
4110. Өсек-жанжал шайқалтады Жалғанды,
«Жөн» де басын өсекшінің алғанды.
Қылса зорлық – жақындама, кет әрі,
Еш күмәнсіз оның жау боп кетері.
Бұ зорлықшыл дәме қылып жағалап,
Жүрер сені «інішек» деп, «ағалап!» 
Болмай қалса ол дәмесі – қалыс қап,
Көрмегендей суып кетер алыстап.
Дәме қылмас дос-жораны таба біл,
Сенім көрсет: жаса қамсыз, тоба қыл!
4115. Қайғы, шаттық кезде дос боп өтер ер,
Жақсылық пен жамандықты көтерер.


343
Сүйер адам көп болады нанымды,
Жүзіңді ашып, жегіз тұз бен наныңды.
Екі қылық іш жылытар өзі – сын,
Жақсы, жаман кезде қылар өз ісін.
Бір білікті ер айтқан екен осылай,
Іске асырып, сен осыған қосыл-ай:
«Кісі алдынан нан–тұзыңды үзбегін,
Ағытып бір тәтті сөздің тізбегін.
4120. Осы екеуі құл қылады кісіні, 
Басқа жол жоқ, болса, қане, іздегін!»
Екі түрлі жау болады ызақор.
Адамға олар құрады ғой тұзақ, тор.
Бірі – кәпір, олар – жауы Алланың,
Өмір бойы жаулығы бар алда оның.
Енді бір жау – пайда қуған ертеден,
Өштік дерті тұла бойын өртеген.
Кәпір жауға қатты керек тойтарыс, 
Құрбан етер тәнді, жанды тоң-торыс.
4125. Жауың болса пайда қуып өлісер, 
Бер пайдасын, өзі сонда келісер.
Пайда көрген жау жақындар қияннан, – 
Пайда түсер ол жасаған зияннан.
Жарас, қатыс болса дағы жаман жау, – 
Сау-саламат, сен жасайсың аман-сау.
Біл – жаулықта пайда жоқ қой, кіріспе, 
Қол тигізбе пайдасы жоқ бір іске.


344
Достық ісін атқар жақсы сен тыңдап, 
Жаулық қылсаң – дұшпан шығар сан мыңдап.
4130. Жақсы адамды дос еткендер сүйінер, 
Дос жарамсыз болса, өкініп күйінер.
Таңдаулы жұрт берсін десең қол ұшын, 
Екі түрлі болар достар ол үшін:
Бірі – жақсы кісілердің сарасы,
Дос тұт тапсаң, игіліктің бары – осы.
Бірі – жүрсе Алланы ойдан тастамай, –
Сол адамның кісілігі астам-ай!
Осы екеумен жақын жүргін – айтарым,
Сонда болар саған ізгі қайтарым.
4135. Жаман аты шықса – назар сап қара,
Қаш алыстап, жүрегі – оның қап-қара.
Қаш қарадан, болсаң егер сөзді ұғар,
Аққа қара, біле білсең, тез жұғар.
Дана кісі білім берер мықтаған,
Оны білген сөз айтады мақтаған:
«Араласпа Жаман жанмен сені елер, – 
Құлқың азып со Жаманға теңелер!
Жаманнан қашар себеп тағы бар: 
Жақсы атыңа жаман атақ тағылар.
4140. Бұ Жаманнан алыстау жүр тағы одан: 
Жамандық кеп ала түсер жағадан!
Жақсы адамдар Жамандармен қатысқан, 
Содан барып тәуір ісі шатысқан.


345
Көрдім талай жақсыларды – осы шын, 
Тартқан күйік жаман, арам дос үшін!»
Бектер тұрған үйдің аты – «Сарай»-ды, 
Өсек-аяң осы жерден тарайды.
Сарайда ұрыс, жанжал да бар, күндеу бар, 
Күндеу болса, бірін-бірі жүндеу бар.
4145. Сені ұлығың аяққа сап тепкесін, 
Отқа тастап, айтар тағы өкпесін.
Жақсы ісіңді күндер құрбың, қатарың, 
Білесің ғой сонда күнің батарын!
Сарай іші жақ-жақ болар күнде олар, 
Осы әдетпен бір жағы өлер күн болар.
Сен берік бол, артық. айтпа, үндеме, 
Тура жүр де, еш адамды күндеме.
Бұ күншілдік – қатты кесел, тегі бір, 
Жемісі оның – жанды жейтін жегі бір.
4150.Жақсы, жаман – бір Құдайдың әмірі,
Құдай қылса – күншіл болар өмірі.
Не пайда бар күндегеннен осы елге,
Күндеу деген ұрындырар кеселге.
Бар адамға жақсылықты сен егер
Қылсаң – жақсы боп қайтады, сене бер!
Кім қуанса – сен де қуан келісіп,
Қам-қайғысын ал біреудің бөлісіп.
Атың шықса, жұрт сүйеді, – жә, бұлар,
Араласу үшін саған жабылар.


346
4155. Жау қып алма, берік болып табанды,
Көп ағайын, сансыз туыс тап енді!
Жалғыз жауың болса, ойлама «аяр» деп,
Қамсыз қалма, тұзақты ұста даярлап.
Айтқан бір ер аяғынан нық тұрған,
Жауға аттанған, барлығын да ықтырған:
«Қапы қалма, жуыма жау сапына,
Торға түсір өз жауыңды қапыда.
Жау күшті деп темір қалқан дайында,
Шоқпар жұмсап тап бергенде қабына!»
4160. Көтер көңлін дос-жаранның, жүгін де,
Осы сөзді ұмытпа ертең, бүгін де.
Жау боп досың қастық етер, үздігер,
Жиған, терген мал-жаныңа көз тігер.
Іш, тысыңды жолдас білер қарымды,
Білген кісі – сол сыпырар барыңды.
Ол қаласа – мал-мүлкіңе қол салар,
Ол қаласа – жаныңды да қоса алар.
Сен өзіңді сақтай білсең – гәп сонда,
Досыңды да сақтай білгін дәл сондай!
4165. Сақтау – қиын, оңай-ақ қой достасу,
Жаулық – оңай, қиын болар астасу!
Жауың бар ма? – жанды баққан амалы,
Жауы бардың сау кеткені шамалы!
Араласпа екі түрлі кісімен,
Бәле шығар аралассаң ісіңнен:


347
Бірі – арызқой, өсек сөздің үздігі,
Бірі – күштеп қылар екі жүздігі.
Ішсе шарап – сен дос болма, қарашы:
Қылмас опа, қалар жүрек жарасы.
4170. Көңіл берме – пайда қуып үңілсе,
Пайда көрмей – жау болады, түңіл сен!
Жүрсін десең ылғи да жұрт жақындап,
Сұрамасты сұрай берме тақымдап.
Бұл өмірдің қуанышын тілесең,
Еш кісіні жәбірлеме – білесің!
Жат адамды құл етесің, пыспайсың,
Алтын төксең – сақалынан ұстайсың.
Етем десең жақынды алыс, сірә, аса,
Ірі сөйле, берме нені сұраса.
4175. Сен тілесең ұзақ өмір – ұзынды,
Сақы бол да, әкел нан мен тұзыңды.
Бәрі жұрттың сүйсін десең, сәт тілеп, –
Айт сөзіңді жүрек жарды тәттілеп.
Десең ұзақ сен қадірлі болайын,
Жүр қадірлеп жұрттың бәрін толайым!
Болғың келсе атақты бай, білесің,
Барға риза болсаң, өсер үлесің.
Ылғи мақтап жүрсін десең өзіңді,
Түзе мінез, күлім қақтыр көзіңді!
4180. Дәл осындай болса асыл ғой ол кісі,
Кісілік қой кісіліктің белгісі!


348
Білгің келсе кісі асылын, ұлығын,
Қара байқап оның мінез-құлығын.
Бұ бәйітті айтқан біреу сәнімен,
Болсын таныс деп осы сөз мәнімен:
«Кісі асылын білгің келсе анықтап,
Тіл, қылығын, ойын қара, жә, нықтап.
Тура болса көңіл, тілі, қылығы, –
Сол айғақтар асылдығын қанықтап!» 
4185. Қой жаманды, болсаң өзің есті егер,
Пасық адам беттің суын бес төгер.
Тыңда, білген кісі айтыпты ретін,
Пасық жұрттан сырттап алыс жүретін:
«Қой пасықты, инін біліп жөн-жолдың,
Пасық – басы барша керіс, жанжалдың.
Барып көрме ызақорға жақын да, –
Қаһар төксе, бұзар достық хақын да!» 
Сөз, сырыңды ашпа әркімге ой қылып,
Аштың екен, опық жейсің, – қой біліп!
4190. Болсын десең жұртың жақын, ей, дана, –
Бас пайдаңды еш уақытта ойлама!
Сөз орынды болсын десең сынымен,
Сұрап тұрса – тура сөйле шынымен.
Тура жүрсең – жүзің жарық, ой таза,
Жаның тыныш, бар бәледен бой таса.
Көп жасағың келсе сөзді ұстартып,
Тек жүресің – ұста қолды қысқартып!


349


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет