Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ



Pdf көрінісі
бет73/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Жүрем десең беттің суын бес төкпей
Жалған сөзді айтпа тілмен көстектей!
4195. Бас көтерсе бақ пен дәулет қай тұста,
Ей, езгі жан, соның жолын айт, ұста!
Бақпен жарас, өш қып алма басыңды, 
Жараспасаң – у қылады асыңды!
Сен кісіні жазғырма сөз көлдетіп,
Кек ұстама, жүрме өсекті желдетіп.
Жел, боран ғой – сөз көңілді сыздатар
Жұрт жамандап, жүрегіне мұз қатар.
Қарсы келме үлкендерге өмірі, 
Берсең жауап – сөйлей көрме сен ірі!
4200. Сыйла үлкенді, құрметте де қадір тұт, 
Сен де үлкен боп, бір күндері келер құт.
Барып, келіп, тең-құрбыңмен көрісіп,
Араласып, алысып тұр, берісіп.
Ол сыйласа, сен де сыйла, суыма,
Сыйламаса, сен сыйлама, жуыма.
Не қылса жұрт – істе соны, сауап-ты, 
Жылы сөзге тәтті етіп бер жауапты.
Жақсы болып жақсыларға көрін де, 
Жамандарға – жаман болғын, жерін де!
4205. Жақсы айтыпты білген кісі қалыпты, 
Жөн-жобамен түзетіпті халықты:
«Біреу сені «Сіз» дегенде, «Сіз» дегін, 
Одан жақсы жауапты да іздегін.


350
Ел «сен» десе, оны сен де «сен» дегін
Жартастағы жаңғырықтай түздегі!» 
Әдет-ғұрып, жөн-жобасы, тобасы,
Ел-жұртпенен аралассаң – тап осы!
Бердім айтып, есіттің ғой, – өз бағың, 
Ойға тоқы, енді сөзді созбағын!»
Қара халықпен араласу [туралы] сөзі
4210. Деді Одғұрмыш: «Сөзің есте жүреді, 
Мен тыңдадым, ей, таза жан жүрегі!
Тағы да бір сөзім бар-ды қымбаттым
Соны да бір айтып берші, сымбаттым!
Жүрсем кент, ұлыстарды жағалай, 
Халық, жұртпен қатынасам, жә, қалай?
Қалай сұхбат оларменен құрамын, 
Айтып берші, қалай жүріп-тұрамын?»
Өгдүлміштің Одғұрмышқа [берген] жауабы
Айтты Өгдүлміш: «Зердең, сірә, зерек–ау, 
Бұ да саған шыныменен керек–ау!
4215. Сен сұрадың керек істің тың жағын, 
Мұны тағы мен айтайын, тыңдағын!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет