Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Патшаның Одғұрмышқа [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет91/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Патшаның Одғұрмышқа [берген] жауабы
Деді патша: «Бек бір сөзін айтқан соң,
Жарамайды одан айнып қайтқан соң!
4965. Ел билігін асырмасын жүзеге,
Айтқан сөзден қайтса басып тізеге.
Басқармасын патшалықты ол кісі,
Тілі – жалған, ашу болса үлгісі.
Не болады – ұлы бек боп о тұрса,
Тілі – жалған, құралақан отырса!
Бір білікті сөз бар – білген ұтады:
«Сөз қиылса – құт қиылды, жұтады!»
«Өтірікші – ең «жаман» деп айтса егер,
Ода
жаман – уәдеден қайтса егер.
4970. Шын сөйлейтін кісі айтыпты – «құп!» дерсің,
Оны Құдай сыйласын да құт берсін:
«Бек сөзі – шын, түзу түсер санаға,
Сөзден танса – «адам ғой» деп санама!
«Адам» деген айтқан сөзден қайтпайды,
Қайтса – қатын, оны қоспа анаға!»
Айтты Одғұрмыш: «Патшам бір сөз тастады,
Жаңа қылық, жақсы әңгіме бастады.
Елің өссін, көп тарасын дабысың,
Игі қылық, қасиеттер дамысын!
4975. Бектер – елдің таңдаулысы, сарасы,
Және сондай сөз бен қылық арасы.


412
Бір білімдар айтып кеткен деседі:
«Әділ бектің халқы байып, өседі!»
Ақ басты адам айтқан екен аса дөп,
Көпті көрген, дейтін кісі «жаса көп!»:
«Өз қылығын езгі қылған ұтады,
Құт келер-ау, ол опасыз жытады.
Қатты жұмыс істеп, игі қалдыр ат,
Құт – опасыз, сені босқа қалдырад.
4980. Ей, қолы ұзын, жамандыққа бой ұрма!
Қылығыңды езгіліктен айырма!
Жүз үйірер бір күн бектік, ұлылық,
Оны езгілік істемейді, ұлым, ұқ!
Ізде езгілік, елдің жүгін көтергін,
Ол езгілік келгенше көп өтер күн.
Өтер өмір борандатып, желдетіп,
Құт пен бақыт – кетер сенен ол да өтіп!»
Патшаның Одғұрмышқа [берген] жауабы
Айтты патша: «Ұқ патшалық ісін бір,
Жол-жорықтың есігін аш – түсіндір!
4985. Сені мұнша іздегенім тосыннан,
Тілегім де, себебі де осыннан.
Ақыл-кеңес берсең енді не етеді,
Сонда қолым ізгілікке жетеді.
Көп қой адам құлқын қуып шұнайтар,
Жоқ қой адам әділ, тура, шын айтар.


413
Бек тілегін табар, бірақ аяныш – 
Медеу болар көңілге жоқ таяныш.
Жұртқа толып кетті мынау Сарай тым,
Біреуі жоқ пайдалы іске жарайтын.
4990. Бұған ұқсас айтылған бір бәйіт бар,
Оны оқысаң, ұғып алар жәйт бар:
«Кісімін!» деп жүр ғой ала-құлалар,
Бар ма бірі елге пайда қыла алар!
Мың адамның ісін қылса бір кісі,
Соны істемей талай мың жүр – бұлалар!»
«Ей, Одғұрмыш! – деді патша төтенше, –
Сені Құдай жарылқады бөтенше!
Атыңа орай қылығың да толысты,
Бақ, тілекті берді Тәңір, болысты.
4995. Со Құдайдың бергенінен бер бөліп, –
Жан тірілсін, қалсын сосын нәпсі өліп!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет