Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Одғұрмыштың патшаға [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет90/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Одғұрмыштың патшаға [берген] жауабы
Айтты Одғұрмыш: «Алла берсін зейнетті
Сені көріп ұмыттым ғой бейнетті.
4935. Өзім іздеп келдім халық иесіне, 
Оның өзі бейнет болар несіне!
Өзі қалап жүріп-тұрса бұ кісі, 
Іс-тілектің жатық болар тігісі.
Айтқан бір ер ел басқарып барлаған*, 
Ақылды аты жердің жүзін шарлаған:
«Алыс жерді көңіл жақын етеді, 
Соны білген мақсатына жетеді.
Бару үшін бір жеріне қалаған
Көңіл қойса, тез жетеді қол оған.


409
4940. Көңіл қоймай, басса аяқты ерініп, 
Жақын жер де тұрар алыс көрініп!»
Жаяу жүрсе – бейнеті оның жетеді
Ынта қойса – қиындығы кетеді.
Келдім саған өз көңілім соққанда, 
Біз санайық бұ бейнетті жоққа онда.
Көңіл кімді қаласа егер – бұрады, 
Қанша алыс жер онда жақын тұрады!»
Патшаның Одғұрмышқа [қойған] сауалы
Айтты патша: «Сөзден бұрын сұрақ бар,
Соған орай жауап беріп, сыр ақтар.
4945. Бұ сәлемде қасиетті астар мол,
Кім алдымен сәлем берсе – бастар жол.
Мені көріп, сәлем бермей нең үшін,
Құрмет тұтып жалғамадың жең ұшын?»
Одғұрмыштың патшаға [берген] жауабы
Айтты Одғұрмыш: «Сәлем жайын (біл сен де)
Мен әуелі жасамадым білсем де.
Сәлем беру – саламаттық қалауы,
Жан амандық тілемектің балауы.
Сәлем деген – тілеу аман-тыныштық,
Аман болу – жақсы сөз ғой және ыстық.
4950. Бұған ұқсас айтам бір сөз ретін,
Сен есіне сақтап алып жүретін:


410
«Сәлем қылған аман-саулық береді,
Қол алүшы аман тұрып өреді.
Сәлем – кісі саулығының кепілі,
Жауап қатқан күнін аман көреді!».
Бұ сәлемді кіші ұлықтан күтеді,
Ұлық айтса – бәрі жөнді бітеді.
Кіші тыныш болса ұлықтар жағынан,
Аман жүрер үміт үзбей бағынан.
4955. Мен патшаны не жарылқай аламын,
Мен кішімін, кішінің жоқ залалы.
Патша қолы ұзын – созса қол ұшын,
Не қаласа – бәрі болар ол үшін.
Байқа: бекке сәлем бермес бұ халық,
Мағынасын мен айтқан деп ұғалық.
Қою үшін қызметке шын байлап,
Мені әуелі шақырып ең ыңғайлап.
Келіспедім, мен еркіңе енбедім,
Қу Дүние алдамшы ғой, сенбедім.
4960. Оны қойып, салып едің еңсені,
Кездесуге келдім сыйлап мен сені.
Именер ем – айбыны бар сенде ердің,
Сәлем етіп, амандықты сен бердің.
Сол бұрынғы сөзге оралып жатар деп,
Отыр едім сезіктеніп, «қатер!» деп.
Анық, түгел саған сендім мен енді,
Жақсы үлгіні көрсем, оным – сенен-ді!»


411


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет