Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Тарау. Одғұрмыш Өгдүлміштің сөзіне қайыра жауап



Pdf көрінісі
бет99/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Тарау. Одғұрмыш Өгдүлміштің сөзіне қайыра жауап 
бергенін айтады
Деді Одғұрмыш: «жөн ғой, туыс, келісің,
Ойымыз бір, тыңда сөздің желісін.
Ізгі ниет қылып, айттың сырлы сөз,
Бағың асып, жайнай берсін нұрлы көз!
Бір біліммен шешілмейді бұл ісің, –
Талай түрлі істі керек білісің.


461
Соның бірі – мен айтайын аңдап ал,
Сосын істе, керегіңді таңдап ал.
5600. Саған сонда тұрған – жақсы, қолай-ды,
Маған – мұнда, жүрек соны қалайды.
Сенен бұл ел көріп жүр ғой шапақты,
Жұрт көбейтер сенсіз ұрыс, шатақты.
Қол ұзартып, патша қойды ұлық қып,
Қыл жақсылық атын шығар қылық қып.
Ел көгеріп, тыныш күнге кенелді,
«Шүкір!» – деуден бір шығарма сен елді.
Пайдалы сөз айтқан біреу, ол кісі –
Бұ халықтың, тыңда, көсем үлгісі:
5605. «Нағыз адам сол болады тегінде, –
Жақсылығын төксе ағыл-тегіл де.
Пайдасыз жан – кісі қоры, кесір ол,
Жақсы жанның пайдасы елге тегін де!»
Ой-ниеті жақсы болса кісінің,
Жүзеге асар барлық түрі ісінің.
Жақсы ниет жетер ойға діттеген,
Пайдасына кетер іс те бітпеген.
Бейбіт күнде қонса бақыт аңсаған,
Халық, патша – сүйсінеді ол саған.
5610. Тәртіп түгел ізгі жолға қойылды,
Айла, өтірік, жаман істер жойылды.
Тастап істі, мұнда келсең жайраңдап,
Өкінерсің ондағы ісің ойран қап.


462
Бұзылады заң – тәртібің ең басты,
Ел бұзылып, ешбір ісің оңбас-ты.
Орыныңа бір ессіз кеп, ол ұтар,
Күн көрсетпей, ел жылатар, ұлытар.
Ессіз әкім жаман жолға бастайды,
Жаман ізді шиырлап-ақ тастайды.
5615. Мұның бәрі түсер әлі сарапқа,
Сұрар сенен ізгі атыңа қарап та.
Жаман іс пен жаман әдет бастама,
Ондай қылық көрсеткенді қостама.
Деген біреу көңілі – түзу, ойы – құт,
Ақылды ердің айтқан сөзін есте тұт:
«Араласпа жамандарға ермегін,
Жаман іске ешбір ерік бермегін.
Жақсылық ет, саясатты әділ қыл,
Екі өмірде еш жамандық көрмегін!»
5620. Қорған болып жақсылықтың пәрмені,
Жүрсін жебеп істегенде әр нені.
Бұзбай-ақ қой игі ісіңді, ұяны,
Оның саған тиеді ғой зияны.
Өз пайдаңды, елдің қамын мұңдасаң,
Не жақсылық іздеп келдің мұнда сен!
Мұнда маған өмір сүру қолайлы,
Енді саған мен айтайын со жайлы.
Өзім сірә, мал-дүние термедім,
Еш тілекке көңілімді бермедім.


463
5625. Араласып, елге мойын бұрмадым,
Бек біткенмен бірге сұқбат құрмадым.
Байлық, дәулет – көзге, сірә, ілмедім, 
Жақсы, жаман – елдің халін білмедім.
Осы жайда онда барсам не етермін, 
Ғибадатты қалай тастап кетермін!
Алтын, күміс көрмей өсіп – өргендер, 
Бұзылар-ау енді оларды көргенде ер.
Елді Қытай керуені кезеді
Тыңда, соның бастығы айтқан сөз еді:
5630.«Байи қалса қу кедейдің тақыры,
Бір жақсылық істемейді-ау ақыры.
Түбі кедей байып алса кез жетіп, 
Қашар одан әділдік те тездетіп.
Құт қонбаған сормаңдайға келсе құт, 
Құлқы құрып, ол болады елге жұт:
Би болмаған би боп қалса – селтектер, 
Тіл тигізіп, туған елін келтектер!»
Міне – дәулет, жидың байлық тоғайып
Көңіл толды, тілек бітті – жоқ айып.
5635. Көзің тойды, көңіл тынды, жол ашып,
Патшаменен алдың ауыз жаласып.
Бар жақсылық бір басыңа жиылды, 
Тәңір иіп, жүзіңе нұр құйылды!


464


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет