459
Өмір үшін қызық қудым Жалғанда,
Не қызық бар енді ол босқа қалғанда.
5575. Бұ күнім де
өтер өстіп біртіндеп,
Көре алам ба ертең келер бір түнді.
Жазғы шөптей шаш қуарып тұр енді,
Болды сақал ақ күмістей реңді.
Күні ертеңгі дайындықты қамдайын,
Ертеңгі ісім болып тұрсын дап-дайын.
Бұған меңзер келді сөздің иіні,
Іске пайда осы сөздің түйіні:
«Өтті өмірім, өкінішке қалдым да,
Қанша күндік өмір қалды алдымда.
5580. Кетті босқа жігіт шағым, келер күн
Құр кетпесін болып ылдым-жылдым да!»
Іштім, жедім өрген малға ұсадым,
Енді өзімді ас пен судан қысамын.
Асып-тасып, барға жаным семірді,
Кез де жетті тәрік қылар өмірді.
Жайбарақат
жатты жаным, шалқайды,
Тік тұратын күн де туды – хал тайды.
Жау ғып алдым қалың елдің талайын,
Ығын есіп, енді көңлін табайын.
5585. Қолым тиіп,
тілімді көп батырдым,
Көп кешірім соған тілеп жатырмын.
Талай жанды алып едім қыспаққа,
Мен айыпты – шыға алмадым ұшпаққа.
460
Мен сорлымын әзер жүрген селтектеп,
Бар күнәға батып кеткен мелтектеп.
Қайта оралып, тәубаға бас ұрайын,
Бір Иемнің кешірімін сұрайын.
Тыңда, не
дер терең білім иесі,
Содан саған кеңес келер тиесі:
5590. «Қайт райдан өлім келіп қалғанда,
Не өкініш – белден ажал шалғанда.
Өлім, тәуба – бар, ұмытпа, Жалғанда,
Қапы қалма, ол жағадан алғанда.
Жігіт кезде «тәуба» болсын тірегің,
Қартайғанда құм болады жігерің.
Қатты сақтан,
өлім келмей тұрғанда,
Жоқ қой пайда өлімге бас ұрғанда.
Сонау жақтан келдім сұрап төресін,
Жақсы, мәнді қандай ақыл бересің?
5595. Енді маған мейірімді бауырсың,
Жөн-жолын айт, түсті басқа ауыр сын!»
Достарыңызбен бөлісу: