443
5370. Кәпір жауды жаныш, қылма аяныш,
Қуат тіле, Құдай – саған таяныш.
Бұ кәпірге қарсы әскерді құр сонда,
Таусылмайды кәпір қанша қырсаң да.
Жой бұттарын, үйі-жайын өртегін,*
Салдыр мешіт қалғаннан соң жер тегін.
Ұлын – тұтқын, қызын – күң қыл, қалғанды,
Қазынаға жина тартып алғанды.
Қыл мұсылман, шариғатты тола ұсын,
Атын езгі, өзің жақсы боласың.
5375. Қол тигізбе мұсылманға, әмірім,
Тиіскеннің жауы болар Тәңірім.
Бір-біріне мұсылмандар қол артып,
Туысқан боп, тимейді көз алартып.
Елге әділдік қыла білсең, жақсы ұлық,
Тиер саған дұғаменен жақсылық.
Бастап Құдай қуаныштың өріне,
Сен шығасың екі Жалған төріне!»
Достарыңызбен бөлісу: