Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Патшаның Өгдүлмішке [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет96/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Патшаның Өгдүлмішке [берген] жауабы
Айтты патша: «Сөзің сұлу, асыл-ай, 
Мен істесем, қылар едім осылай.
5380. Арнап бұған бар өмірді, әр демді, 
Мұны істеуге сен бере гөр жәрдемді.
Ең әуелі тазалап ал арасын, – 
Ішкі, тысқы істің көргін шарасын.


444
Сүйсе сені – сыйла қолды қусырып, 
Сүймесе егер – айда да шық, қу сүріп.
Елдің қамын ойла, тыңдап жұрт сөзін, 
Шарап сатар жердің бәрін – құрт көзін.
Тәртіп орнат, түгел түзет, жазала, 
Елді жұрттан оңбайтұғын тазала.
5385. Ел бағудың жөнді жолын білмедім, 
Істен қолым тимей кетті бұл менім!»
Өгдүлміштің патшаға берген жауабы
Айтты Өгдүлміш: «Ей, бек, тыңда, өз бағың, –
Іске кіріс, ешбір істі созбағын.
Қылар істі көп ұзатпа, көтер бас, 
Қыл ісіңді, бұ тіршілік, өтер жас.
Бүгін бітпей, ертең іске үстеліп, 
Іс қосылса, іркіледі іс келіп.
Елдің ісін салсаң жақсы қалыпқа, 
Ертең тыныш сен өзің де, халық та.
5390. Жамандыққа – жамандық»-тан ары аспа, 
Бар жаманды ел ішінен аласта.
Жөн-жорықты тура қылсаң – көз көрер,
Қисық адам тура болып өзгерер.
Тура кісі айтқан сөздің мәні бар,
Өзі әдемі көңіл, тілі, сәні бар:
«Қой жаманды, тура жүрген – сол ұғар,
Жаман адам бір зауалға жолығар.


445
Тура, қисық ақыретте сұралар,
Тура адамның онда тура жолы бар!»
5395. Әскер құрып, қол жи, патшам, білікті,
Әскер, бектер басады ғой бүлікті.
Сыйлық беріп, хал-жайына мойын бұр,
Кедей байып, ащы болса – тойындыр.
Қызметші сенен үміт етеді,
Ол болмаса, тұрақтамай кетеді.
Қызметші неше түрлі болады,
Шеш парықтап, – сонда көңіл толады.
Оның бірі іздеп жүрер абырой,
Әпер бедел – онда болса сабыр, ой.
5400. Енді бірі мүлік, тауар жияды,
Тауар берсең, саған жанын қияды.
Берсең бірі байлық, бедел – жаратар,
Ат-тон іздеп атағын да таратар.
Сыйла күміс балуан мен мергенге,
Қылыш ұрып, қала жаулап бергенге.
Ақыл, білім, дана болса – ол жағын,
Қадір тұтып, сыйлық беріп қолдағын.
Сен көтерме істер болса зорлықты,
Ерік берме – ол көрсетер қорлықты.
5405. Жаман, өктем адамдарды байытпа,
У ішкізер бір күндері ғайыпта!
Тыңда, батыр, ерлер басы бүйдейді:
«Сорлы жандар байыса бас имейді!»


446
Бұ жамандар, ей, елімнің ұлығы,
Байып алса, бұзылады қылығы!
Қолы қысқа жақсыларды кім аяр, –
Мінез-құлқы бұзылар да мұңаяр.
Жақсы кісі мұқтаждыққа ұрынса,
Бұзар құлқын қала бермей бұрынша.
5410. Күнде күзет жамандықты, ұлығым,
Құрмет қылсаң – жақсы ер түзер қылығын.
Өзіңе тарт бауырмалды, қыспағын,
Ұятсыздан сақтан – алыс ұстағын.
Пайдалы кім, пайдасызы – өз алды,
Ұста айырып, парық қылып көзалды.
Сүйетінін, сүймейтінін парықта,
Сүйгенді – сүй, жауға от боп ти, тарықпа.
Қаламаса сені – жүрсін алыстап,
Оны сүйме, жұмыс берме қалыс қап.
5415. Қиянат бар, адалдық бар досқа бір, –
Жарайтын мен жарамасты қоспа бір.
Екі адамға бір іс айтсаң – тыңдайды,
Бірақ одан бітетін іс тынбайды.
Іс қылатын кісіге іс бер – тынады,
Іс білмеген құр қайғы жеп сынады.
Бере көрме жарамсаққа ісіңді,
Пайдасына қарап ұста кісіңді.
Елге, өзіңе пайда тіле үнемі, 
Жұртқа тиме, болма пайдакүнемі.


447
5420. Пайдалы деп артық алма ештеме, 
Ел пайдасын тіле, өзіңді күштеме.
Пайда келтір – саған пайда жолдаса, 
Шеттеп ұста еш пайдасы болмаса.
Пайда берген кісіні сен құрметте, 
Керек істі соған тапсыр, құр кетпе.
Сен қылатын істер, патшам, – осылар, 
Мұны істесең – еліңе құт қосылар.
Сонда бақыт құшағына алады, 
Езгі атың мен сөзің елде қалады.
5425. Халық байып, жайнар патша тақыты, 
Жина байлық – қазынаның бақыты!
Деген екен бір бауырмал құты асқан, 
Сөз, сезімі бауырмал боп тұтасқан.
«Қай ел бегі жақсы жұмыс етеді, – 
Күні туып, сол ел байып кетеді, 
Ел байлығы – о да бектің байлығы, 
Не қылсаң да – соған қолың жетеді».
Кент, ұлысқа ұрыларды жолатпа, 
Керуенді, жолаушыны тонатпа.
5430. Ел ішінен зорлықшылды айдап сал, 
Ел сыртынан қарақшыны байлап ал.
Жаман жұрттың құлқын түзеу – таза осы, 
Жамандық қой жаман адам жазасы.
Түзеу үшін жаман жұртты – амал, сын: 
Орға түсіп, зындандарға қамалсын.


448
Елде талай халық бар ғой – ала бұл,
Сен соларды ажырата ала біл.
Соның бірі – ғалымдар мен даналар,
Олар елдің бақыты боп саналар.
5435. Сен бұлардан ақыл ал да, қолын тұт,
Мойын сұнып шариғаттың жолын тұт.
Бер бұлардың ішіп-жейтін бар асын,
Қамықпасын, жаз көңілдің жарасын.
Көңіл тыныш, олар білім тоқысын,
Жұртқа үйретсін, білімсіздер оқысын.
Бір әкім бар басқаратын базарды
Күш бер оған баса салып назарды.
Бейбастарды қысып қойсаң, тыйылар,
Көп сал мешіт, жеті жұртың жиылар.
5440. Бір топ адам қызмет қып тымпиып, 
Қабады олар – ұстамасаң тым тыйып.
Бұлар жүкті көтермейді – артарсың,
Сен көтеріп, тауқыметін тартарсың.
Бұдан басқа қара халық бар тағы, –
Жақсы қара, әділ болып бар дағы.
Ұста тағы ажыратып – топ бар үш,
Жұт болады – сен оларға салма күш.
Бірі олардың – байлар, білсең, мықты ісі, 
Бұлар елдің күштісі мен мықтысы.
5445. Енді бірі – орташалар әулеті, 
Жоқ бұларда байдың ісі, дәулеті.


449
Тағы бірі – кедейлер ғой, бақ тағын, 
Басқа жұрттан осыларды сақтағын.
Байдың жүгін орташаға жүктеме,
Олар айнып бұзылады – түк деме.
Орташалар – кедейлерге тым ірі,
Аштан өліп, үзіледі сіңірі.
Кедей жетер орташаға – қолдаса,
Ал орташа бай болады ол да аса.
5450. Орташа – бай, кедей – орта болғанда,
Патша да – бай орта байып толғанда.
Ел жетісіп, бар байлығын молайтар,
Соған арнап дұғаны жұрт, ел айтар.
Үч Орданың ханы айтыпты – елер сын,
Жақсы ат тіле – бір күндері өлерсің:
Жақсы аты бар кісі жұрттан бата алар,
Аты езгі боп, әр дұғада аталар.
Дұға қылса, орын алса моладан,
Тағы да бір өмір сүрер ол адам.
5455. Жер үстінде, жер астында тұрсаң да,
Жақсы ат болса, әйгілі өмір сүр сонда.
Сен өлесің, жақсы ат қалу – хас ой-ды,
Кісі өледі, аты мәңгі жасайды.
Сенде жұрттың үш хақы бар, о – тегін,
Жұмсама күш, бұ хақтарын өтегін:
Оның бірі – бар күмісті қолыңда,
Ұста таза, сапасын біл оның да!


450
Тағы бірі – жарлықты әділ жайқағын,
Бір-біріне күш қылмасын – байқағын.
5460. Енді бірі – тыныш болсын барлық жол,
Құрт қарақшы, тонаүшыны арам қол.
Жұрттың осы үш хақын да өтесең,
Өз хақыңды сұрай білгін төте сен.
Жұрт үстінде өзіңнің үш хақың бар,
Талап етіп, оларды бір тақымдар.
Оның бірі – жарлығыңды жағалай,
Орындасын құрмет тұтып, бағалай.
Енді бірі – қазынаңның қоры үшін,
Дер кезінде әкеп тұрсын борышын.
5465. Тағы бірі – жауыңа олар жау болсын,
Сүйсін олар сүйгеніңді, сау болсын!
Міндет бітіп, төрт құбылаң толады,
Жұрт та міндет орындаған болады.
Бек осылай болу керек әрі іскер,
Жұрт осылай болу керек әдіскер.
Бек аузына жақсылықпен қаратсын,
Тыныш жатып елге даңқын таратсын.
Ей, падишам, бақыт болар осы үгіт,
Екі бірдей дүниеде осы – құт.
5470. Бұдан басқа бар ғой дана, ғалымдар,
Елге білім берсін – назар салыңдар.
Қолында күш әкімдердің – тұқыртсын,
Жинап алып жамандарды бұ құртсын.


451
Саудагерлер аманатты сақтасын,
Білгендердің насихатын жақтасын.
Егін егіп диқан жапсын бүйірін,
Туындатсын жылқышылар үйірін.
Қол астында әскерің бар – жар салып,
Жау – бөріге шабатұғын қарсы алып.
5475. Сый бер оның көңлін ешкім жықпасын,
Басқа істерге әскер басын сұқпасын.
Пайда әкелсе – сый тарт, көтер бас ұрып,
Мал бер, байыт оның күшін асырып.
Жау – бөріге құрал-сайман сайласын,
Елін қорғап, жауды өлімге байласын.
Оңды болсын – байқа ісіңнің барысын,
Жетіледі жіптіктей боп бар ісің.
Екі Жалған қуанышын тел еміп,
Жүр Құдайдың мейіріміне бөленіп.
5480. Тура болсаң, сол жарасар бойыңа,
Тек туралық жеткізеді ойыңа.
Сені Тәңір сүйеді ғой сол үшін,
Өш болма елге, беріп отыр қол ұшын.
Тыңда, жығыл мына сөздің ағына,
Ол береді осы айтқандай мағына:
«Туралықтан тұр ғой аспан, кеңіс те,
Содан өсер жерде өсімдік, жеміс те.
Сен өзгерме, көңіліңді тура тұт,
Екі өмірде сонда болар жеңіс те!»


452
5485. Міне, патшам, білгенімнің
 
қыртысын,
Ақтарып–ақ айттым саған сырт-ішін.
Екі өмірдің бар пайдасын аян қып,
Келтіретін айттым сөзді баян қып.
Бұ Жалғанда, о Жалғанда жүрсең де,
Жақсы атақ пен игілік бар бір сенде.
Бұ Дүние берекеті қалады,
Жақсы ат қалдыр – бір күн ажал алады.
Жақсы айтылған тағылымда сөздер бар,
Мағынасы бұған меңзер кездер бар:
5490. «Сен өлесің – өзің жақсы ат алғайсың,
Сен өмірді тірі атыңмен жалғайсың.
Қыл жақсылық, ойла, жақсы іс істе,
Өзің мәңгі атпен тірі қалғайсың!»
Патша қатты қуанды, ойы ауыпты,
Көз нұрланып, көңіл ләззат тауыпты.
Патша мақтап Өгдүлмішті күлген-ді,
«Сен сөйледің, – деді, – өзің білгенді. 
Берсін Құдай саған таупық ылайым,
Сөздеріңе қарап амал қылайын.
5495. Алла сені жәрдемші етті, аңдасам,
Берер енді тілегімді таңдасам.
Мейір салып, бұ сөзімді айырғыл,
Енді жәрдем бер де, маған қайыр қыл.
Мен иланам, саған өзім сенемін,
Таптың сөзбен жүрегімнің сен емін.


453
Күнім туды, аймалайды ай да оны,
Сенен көрем мен ендігі пайданы.
Жақсы айтыпты жүрегімен ұққан ер,
Көңіл, тілі бір-ақ жерден шыққан ер:
5500. «Көңіл сенсе – «айна» деп сал көзіңді, 
Сен көресің сол арқылы өзіңді. 
Жақсы кісі – жан айнасы, қылы ғой,
Оған қарап түзеледі қылық, ой.
Кімнің көңлі кімге жақын шынымен, –
Сенсін дағы жақындасын мұнымен.
Сұрау керек сөзді адамнан сенімді,
Со кісі айтса, іс тынады өнімді!»
Патша сөзін бұл «мақұл!» деп тұр енді,
Өгдүлміштің қос көзінің нұры енді.
5505. Сөзді аяқтап, енді патша тыншықты,
Тұрды Өгдүлміш, бұл Сарайдан тың шықты.
Патша содан тынбай кетті бұ тіпті,
Көп қиындық көріп, елін күтіпті.
Жаман жұртты аластады, қыстады,
Бар жақсыны сыйлап жақын ұстады.
Ел тазарып, жүрді білмей қайғыны,
Бәрі тыныш, өтті жылдар, ай, күні.
Ел тоғайып, өмір сүрді бір қалып,
Күліп-ойнап жайшылықта жырғалып.
5510. Патша сүйді Өгдүлміштей арысты,
Сеніп оған тапсырыпты бар істі.


454
Бұл Өгдүлміш уайымға түсіпті,
Бір қанша кез қайғы буып пісіпті.
Ісін көзден өткерді де бекінді,
Жігіт кезі бос кеткенге өкінді.
Көз-көңілі ашылды – оны біледі,
Жүрек түбін таза ұстауды тіледі.
«Ойнап-күлдім, – деді, – қамсыз бейқам-ай,
Өтті-ау өмір өзім түкті байқамай!
5515. Өмір күші тайып тұрды – аңдадым,
Ілездемде таяқ ұстап, таңдадым!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет