Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Тарау. Өгдүлміштің өткен өмірге ренжіп, тәубаға



Pdf көрінісі
бет97/139
Дата03.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#112851
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   139
Байланысты:
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Тарау. Өгдүлміштің өткен өмірге ренжіп, тәубаға 
келгендігі [жайында] айтылады
«Әттең, шіркін, өткізіп ем не күнді, 
Түн түнерді, бітті өмір! – деп өкінді. –
Іштім, жедім мал сияқты тап арсыз, 
Мал сияқты ештеңеден хабарсыз!»
Деді: «Босқа ыржаңдадым мен тентек, 
Бар күнімді өткіздім-ау тектен-тек.
Жігіт күннің күші кетті, сарқылды, 
Күйіп-пісем – бұ жігіттік қор қылды.
5520. Таусылды өмір, келді-ау өлім шарасыз,
Еш амал жоқ, қашып қайда барасыз.
Аппақ қудай шаш ағарып о қалды, 
Шілде сорған шөптей қылды сақалды.
Отыз екі ақ маржандай тізіліп, –
Тісім быт-шыт, тізген жібі үзіліп. 


455
Жіті көзім күндік жерді шалатын, 
Қасындағын болды көрмей қалатын.
Сақ құлағым қиянға зер салатын – 
Қолмен ымдап, болдым хабар алатын.
5525. Қара құзғын қанатындай шаш кетіп
Аппақ қудай болып алды жас жетіп.
Кез де келді Алла алдына қайтатын, 
«Кешір, Алла, күнәмді!» – деп айтатын, 
Іс-әдеттің жарамсызын тастадым, 
Көңіл кірін тазартуды бастадым.
Ойлап алды: Асықпайын, саспайын, 
Сасу – күнә, ондай іске баспайын.
Ең әуелі, кеңесе біл, ұға біл,
Жаман ойды бастан қуып шыға біл.
5530. Жүргенің жөн ақылдасып іс қылып,
Өйтпегендер өкінеді, әсте, ұлып.
Шешен адам айтқан, тыңда енді оны:
«Әрбір істің кеңес болар ем-домы».
Құрса кеңес ағайынмен, өзімен –
Барлық жұмыс біте жатар кезімен.
Ақылдасқан іс шешілер оңынан,
Өйтпегендер пұшайман жер соңынан.
Мен барайын ағайынға аяңдап,
Кеңесейін бұл ісімді баяндап.
5535. «Жарайды» деп айтса, ісімді бастайын.
«Жарамайды» десе, – қалсын, тастайын.


456
Адам өзі біле бермес өз ісін,
Сұрау керек басқалардан көзі – сын.
Кеңес болса – білім болар толымды,
Білім, кеңес жеткізеді қолыңды.
Тыңда, айтыпты, кеңес берген арысты,
Ол бітірген кеңеспенен бар істі:
«Әр істе де адамдармен ақылдас,
Бермесе ақыл – санама дос, жақындас.
5540. Барлық істі кеңесіп ап, сосын қыл,
Сомен жетіп тілегіне тақымдас!»
Кеште жатты, тұрып ап таң арайда,
Атқа мініп, барды дереу Сарайға.
Барып кірді ұлықсатын алды да,
Патша сыйлап отырғызды алдына.
Ол өтінді: «Мен айрылдым төзімнен,
Ағайыным бір-бір ұшты көзімнен.
Болса ұлықсат, енді соған барайын,
Тез қайтамын қарастырып орайын!»
5545. Деді патша: «Барсаң жаның жай табар,
Ей, ақкөңіл, менен сәлем айта бар.
Менің атым дұғасында жатталсын,
Жалбарынып Жаратқанға жадқа алсын!»
Мол Алланың рахымы – білесің,
Бар күнәмды кешіруді тілесін!»
«Әлбетте!» – деп тұрып кетті сүйіне,
Өңі жайнап, жетті Өгдүлміш үйіне. 


457
Әлем нұры жарқырады алтындай,
Көзі күннің күлді сары жалқындай.
5550. Түйді қабақ, қайтып аспан аптабы,
Көзді байлап, қараңғылық қаптады.
Намаз оқып, жатты, көрпе жамылды,
Ұйқы соғып, алды біраз дамылды.
Көп ұйықтады, бөлінбестен ойы онша,
Жатыр жалғыз – бірде шошып оянса.
Содан қайтып жатты көзін ілместен,
Ол зерікті, не қыларын білместен.
«Есек қырған» туды – көзге шалынды*,
Көтерілді, өрт жалынға малынды.
5555. «Сириус» пен «Айғыр» келіп сап құрды*,
«Зауза» туып көздің нұрын ап тұрды.
Түрлі-–түсті нұр төгілді қалықтап*,
Әзірейіл кернай тартты шарықтап.
Бас көтеріп, Шығыс жаққа қарады, –
Күн жоғары көтеріліп барады. 
Жер бетінен ақ шұғыла тарады,
Аспан жүзін от пен жалын орады.
Ләззат төгіп, бүкіл әлем жайнады,
Қайғы тозып, қуаныш боп ойнады.
5560. Ол жуынып, қылды намаз жаттанды.
Тауды беттеп, сар желіспен аттанды.
Түсті келіп, есікті жай ұрады,
О туысы есікті ашып тұрады.


458
Ал, Өгдүлміш дереу сәлем береді,
Жауап беріп, оны Одғұрмыш көреді.
Қол алысып, олар үйге кірісті,
Туысы айтты, бастайын деп бір істі.
Айтты Одғұрмыш: «Келесің ғой былай да,
Кездескелі өткен жоқ қой бір ай да.
5565. Көңілің пәс – ой түсірді әр ғайып,
Түр-түсің де кеткендей-ау сарғайып.
Қайғы жұтып жүрсің бе осы әлде сен,
Аш тіліңді, айтып қандай халдесің?»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет