567
образды сөз» (ол ұшатын тірі қырғауылдың өзі емес, табиғаттың
түсін, түрін, көркін, суретін көрсететін теңеу сөз) [5677-бәйіт].
Бұл бәйіттің екінші
жолын А. Егеубаев «Ыбры айтып үні шықты
шалықтап» деп аударған [5677], бірақ Ыбыры сөзіне түсінік
бермеген. Ыбры (дәлірек айтқанда, «ибри») сөзін Қ.Каримов
Исрофил деп береді, С.Н.Иванов Азраил періште деп аударған.
Біз де осылай аудардық.
5637. Осы бәйіттен басталатын тақырыптың атына байланысты
жазылған
валлам
сөзі –
валлаху аьлам
сөзінің
қысқартылып
айтылатын түрі «шынында да солай» деген ұғым береді.
5741.
Адам өзі төрт нәрседен тұрады...
Осы төрт нәр
туралы
С.Н.Иванов мынадай түсінік береді:
адам денесіндегі
бұл төрт
нәрсе өзара араз (келіспейтін) көрінеді. Көне Шығыс
елдерінің
медициналық ілімі бойынша адам денесінде оның адам ретінде
өмір сүруінің материалдық негізі, реті
қалыптасқан түрі-түсі
жағынан өзара ажыратылып тұратын төрт сұйық элемент бар:
қызыл элемент – қан, сары элемент – от, қара элемент – ірің, ақ
элемент – қақырық, сілекей. Ертедегі
медициналық календарь
былай деп таниды: осы аталып отырған элементтердің ара
салмағы бұзыла қалса, ол кісінің денесі мен рухы жағынан ауру
болуына себепкер болады. Гиппократтың бұл ілімі бойынша, адам
денесіндегі төрт түрлі «сол»-дің қай түрі басым болуына қарай
айқындалатын темпераменттің төрт типі қалыптасқан: сангвиник
– қан, флегматик – сілекей, холерик – сары от, меланхолик – қара
от [5866, 1053-бәйіттер].
5802.
Қу дүние қоймас ойын-оспағын, «Аяқ» десең, көрсетеді
бас жағын.
Орыс тіліндегі аудармасы басқаша: «Суть этого мира
хитра и крива: К ногам его льнешь, а слетить голова» [5927].
Қазақша аудармасы: «ойын сынды бұ дүние мінезі, аяғын күтсең,
бірден басын тігеді» [5927]. Оның үстіне А.
Егеубаев өзінің
айтуынша, С.Н.Ивановтың аудармасын қазақ тіліне тағы да
аударған: «Бұл дүние құлқы сиқыр ұғынсаң, Басың кетер аяғына
жығылсаң».
6013.
Достарыңызбен бөлісу: