«ТҮркі әдебиеті бастаулары: зерттеу мәселелері мен оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет133/152
Дата11.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#137732
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   152
Негізгі бөлім.
Абай мұрасындағы «толық адам» жайлы 
ақындық пікірді жетілдіре, дамыта түсетін «үш сүю» ұғымы
жайында «Ұлы ақын нағыз адам, толық адам қандай болу керек 
деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап та береді. Абай 
поэзиясын 
тақырып
-
тақырыпқа 
бөлшектемей, 
тұтастай 
қарастырсақ
үш баға жетпес асыл қазыналарды бөліп алуға болар 
еді», 

дейді белгілі әдіскер, ғалым Қ.Бітібаева [2].
Өз
топырағымызда дүниеге келген ғұлама ғалым әл
-
Фарабидің трактаттарында молынан сөз болатын болмыс пен 
адамның кемеліне келіп, жетілуі де Абайдағы толық адамның 
дәстүрлі таным екендігін бекіте түседі. Әл
-
Фарабиге ортақ 
кемелділік пен өз парқынан ләззат алу танымы Абайда да бар. Тек 
Абай әл
-
Фарабидегі кемелділікті толық адам, жүректі 
мекендейтін үстем күш пен талпынғыш күшті сүю ретінде 
танытады. 
Толық адам жөніндегі ақын пікірлерінің кейбір жақтары 
шығу төркіні жағынан шығыс ойшылдарымен іліктес жатса да, 
Абай оны өз заманы талабына қарай сыншыл ақыл тұрғысынан 
екшеп, өзінше қорытып, өзіндік ой
-
пікірге айналдырып жіберген. 
Ақынның осы бір даналығы мен шеберлігін М.Әуезов «...өзінің 
ой
-
сезім дүниесіне әсер еткен ағымдардың бәрін өзінің өздік 


268 
ерекше елегінен өткізіп, қорыта өзгертіп, өзіндік етіп алады» 

деп әділ бағалаған. 
 
Абай үнемі ебін тауып кісінің адамгершілігін ұштай
түсумен болады. «Адамзат тірлікті дәулет білмек, Ақыл
таппақ, мал таппақ, адал жүрмек» өлең жолдарынан ақынның
өзі
айтқандай, адамда екі түрлі қуат бар: жан қуатымен ақыл
таппақ та, тән қуатымен мал таппақ, еңбек етпек. Ақын
екеуінің де адалдықпен болғанын қалайды және осы ойының
жүйелі түрде қалыптасқан таным екенін кейінгі өлеңдерінде 
сапалы өсудегі қайталауымен дәлелдеп отырады. 
Ақын бұл сөзі арқылы «адам бол, адам атын ақта» деген 
тағылымды ойын білдіріп отыр. Ақын өзінің арманды ойларын 
көбіне жастарға арнап айтады. Сол жастарды өзі армандаған 
адамгершілік қалыпта көргісі келеді. Қиялында, санасында 
қалыптастырған
адамгершілік сипатын сәндей түседі, ұштай 
береді.
«Күншіліксіз тату бол шын көңілмен, Қиянатшыл болмақты 
естен кеткіз» деген өлең жолдарынан ақын адамдағы қиянатшыл 
қаупін
көп айтады.
Оның ойынша, барлық кеселді қасиеттердің 
шығар көзі де, өсіп, өрбіп, ұлғая жетер жері де 
– 
осы 
қиянатшылдық. Ақын 
«әуелі көкіректі тазалау керек»
дегенде, 
адам ең алдымен осы қиянатшылдықтан аман болса екен дейді. 
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде ақынның бұған дейін 
айтылып келген адам болу жайындағы ойлары әжептәуір 
жүйеленіп, тиянақтала түседі [2].
Абайға дейін поэзияда адам мәселесі жырланбады емес, 
жырланды. Адамның әр жасы, әр жастағы оның жағдайы, жақсы
-
жаман қасиеттері 
– 
бәрі де сөз болды. Алайда ол
поэзияда 
сырттай сипаттау басым түсіп жатты. Ал, Абай ең басты мәселе 
етіп Адамды, оның жеке ісін, сезімін, тұрмысын, адами 
қасиеттерін
алды. Оның поэзиясында Адам 
– 
Алланың 
махаббатпен жаратқан ең ұлы, ең сүйікті туындысы. Сол себепті 
бүкіл әлемнің, қауымның, болмыстың темірқазығы 
– 
Адам. Оның 
мүмкіндігі мен құдіреті 
– 
орасан. Адам 

өмірдің қозғаушы күші, 
тірлікті дамытушы, қоғамды түзеуші. Міне, Абай осы адамды 
түсіну мен адамды тану міндетін ерекше саралайды. 
Абай Адамның 
– 
танылуы қиын жұмбақ деп біледі. Абай 
түсінігінде, адамның құдіреті 
– 
оның рухани азаттығында, ар 


269 
тазалығы мен сезім еркіндігінде, ойдың тәуелсіздігінде, сөз 
бостандығы мен мінездің тәуекелділігінде.
Абай поэзиясынан Адамның өзі 
– 
құдірет екенін, құдіреті 
білімінде, ақылында, жүрегі мен жанында екенін көреміз. 
Адамды бар жағынан тексерген Абай үшін адам 
– 
бір жағынан 
біртұтас әлем, екінші жағынан адам өз ішінде қайшылығы мол, 
күрделі тұлға. 
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ
-
барды, ертегіні 
термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек 
үшін», деген өлең жолдарынан ақынның өмірлік мұраты жас 
ұрпақтың
бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру болды [3].
Жаһандану үрдісінің ықпалы күшейіп, ұлт болашағы 
маңызды мәселеге айналып, барлық ұлттық құндылықтарымызға 
қамқорлық
керек болып отырған қазіргі уақытта «адамның 
баласы» болып, елдің ертеңі үшін өмір сүруді өсиет етіп кеткен 
Абайдың асыл сөздерін жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты құрал 
ретінде қолдану кезек күттірмейтін мәселе екендігін уақыт өзі 
дәлелдеп отыр.
Бұл Абайдың толық адам туралы ілімінің ұлттық 
сипатымызды, халқымызға тән ерекше қасиеттерімізді сақтап, 
қазақты
қазақ етіп танытатын, ел ертеңі болар ұрпақты 
тәрбиелеудегі рөлі мен маңызын анық көрсетіп, айқындап тұрған 
пікір. 
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі жастарды діни тәрбие, 
имандылық арқылы адамгершілікке, адами ізгілікке жетелеу 
болатын болса, ұлт ұстазы Абай мұрасының осы тұрғыдағы 
маңызы ерекше. Ақын түсінігіндегі «жетілген адам» 

ең
алдымен иманды адам. Имандылық бар жерде жамандыққа, жат 
қылықтарға
орын жоқ екені мәлім. «Алланың өзі де рас, сөзі де 
рас» деген ақын өсиетінің бүгінгі күні имандылықтан ада болып, 
өз
дінінен адасып, адамдық қасиеттерді аяққа таптап, түзу жол 
таппай жүрген замандастарымыз үшін өте қажет екені анық. 
Адамгершілікке тәрбиелеудің бастау бұлағындай болып 
көрінетін діни тәрбиенің маңызын ашып көрсете білген Абай 
мұрасы адам тәрбиесіндегі негізгі бағытты да анық сілтеп 
тұрғандай [4].


270 
Ізгілікті уағыздап, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі 
адам тәрбиесі жайында өлмес сөз қалдырған ұлы Абайдың өзін 
нағыз «толық адам» десек болғандай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет