Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы П. Тәжібаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Орындаған: Құрымбай Ерлан



бет4/6
Дата28.10.2022
өлшемі41,78 Kb.
#45976
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Нұрғали Ораз 2

Негізгі бөлім:
Нұрғали Ораздың шығармалары

Мектеп қабырғасында және студенттік жылдарда жазған шығармалары республикалық газет беттерінде жарияланған. Алғашқы әңгімесі «Жалғыз түп долана» («Долана») 1979 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде және «Арман қанатында» атты жинаққа енген.


Жазушы қаламынан туған оның «Қазығұрт оқиғалары» (1995жылы, Алматы «Жазушы»), «Соқпақ жол» (1985жыл), «Бақыршының балалары»(1988жыл), «Аяқталмаған ертегі» ( Астана – 2002жыл «Елорда»), «Даладан қалаға келгендер» (2006жыл), «Биіктегі сұлулық» ( 2008жыл), «Сиқырлы көл» (2010жыл), «Түнгі жалғыздық» сияқты бірнеше кітаптары бар.
Кинодраматургияда «Қазақфильм» киностудиясы оның әңгімелерінің желісі бойынша 2007жылы «Әурелең» деп аталатын толықметражды көркем фильм түсірген. Режиссері – Сәбит Құрманбеков.
2009 жылы ҚР Мәдениет министрлігі жариялаған Халықаралық «Тәуелсіздік толғауы» атты конкурста «Ең үздік драмалық шығармалар» номинациясы бойынша «Адасқан жұлдыз» атты пьесасы жүлделі ІІ орынды иеленген. Ғ.Мүсірепов атындағы драма театрында сахналанған.
Жазушы Нұрғали Ораз шығармалары өз елімізге ғана емес, өзге елдерге танылып, орыс, ағылшын, саха тілдеріне аударылған.
Жазушылықпен қатар журналистік мамандығын қатар алып келе жатқан Нұрғали Ораздың еңбектері де елеулі.
Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстан республикасы Президентінің стипендиаты.
«Жалын» журналында жетекші редактор, «Парасат» журналында бас редактордың бірінші орынбасары, «Оңтүстік Қазақстан» газетінде бас редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Қазір «Ақ желкен» журналының бас редакторы.
«Жалын» баспасының балалар мен жасөспірімдер тақырыбына арналған дәстүрлі жабық бәйгесінің, «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Парасат» журналы сыйлығының иегері. Шет ел жазушыларынан Д.Голсуорсидің, Х.Л.Борхестің, И.Ковабатаның, И.Иноуэнің шығармаларын тәржімалаған.
Көркем шығарманың міндеті адамға үйрету емес, оған эстетикалық тұрғыдан әсер ету. Адам жанына, адам санасына жақсы идеяларды сіңіреді. Оқырманга бір ғана кейіпкер үлгі бола алмайтыны анық. Әр шығарманың кейіпкерінің өз мінезі, өз болмысы ашылып жатады. Мәселен, Мұхтар Әуезовтің әңгімелерінен ХХ ғасырдың басындағы қазақ өмірі, қазақ ауылындағы әлеуметтік жағдайын көреміз. Бірі – аңшы, бірі – қарапайым шаруа, бірі – бейкүнә сәби бола тұра, тартысқа тола өмірді көрсетеді. «Кінәсіз бойжеткен», «Көксерек», «Қорғансыздың күні» сияқты шығармалары - осының айғағы. Кейіпкерлердің бәрі – өмір үшін күресушілер.
С.Мұратбеков, О.Бөкей, Д.Исабеков, М.Байғұт шығармаларында ауылдың тыныс-тіршілігі, табиғат пейзаждары, портрет, мінездемелер бір-бірімен ұштасып тамаша тұтастық береді.
- Ата біздің үйге түсіңіз, - деді ол.
- Ойбай, қой, балам, жүдә рахмет, болмайды.
- Жоқ түсесіз, шай-пай ішіп кетесіз.
- Жоқ, жоқ-жоқ...
- Әжемді де әкелемін қазір. Бүгін біздің үйде мейман боласыздар. Ертең Жеңіс күні ғой. Сіз үшін де, әжем үшін де ең үлкен мейрам емес па, а? Медаліңізді жумаймыз ба?
- Енді қайттім, болмайды. Болмайды ғой енді... Сөйтіп, бір ауылда отырса да Момын шал алғашқы қосағы Арзыкүлдің кейінгі тапқан табалдырығын отыз жылға жуық уақыттан соң аттады. [2]
Осы үзіндідегі Момын шал арқылы өмірдегі ақиқатты көрсетеді. Ақиқатты жазу, шынайылықты тану әдебиеттің жемісі. Көркемөнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі – көркем әдебиет. Әдебиет тілі өзге өнерге қарағанда нақты әрі затты. Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері затты, нақты болғанмен жансыз, қимылсыз, ал әдебиет кез-келген шындықты қимыл-қозғалыс үстінде құбылта, құлпырта көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін – бар өнердің басы, «өнер атаулының ең қиыны және күрделісі». Қазақ халқының «өнер алды – қызыл тіл» деген білгір тұжырымы да тегіннен тегін тумаса керек! [1]
Әдебиет – араб сөзі, қазақша «асыл сөз» деген мағына береді.
Қандай бір көркем шығарма оқырманға бұрын беймәлім немесе таныс өмірді, шындықты, адамды танытады. Сол арқылы адамдардың өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына ықпал етеді, тұрмыс-тіршілігіне әсер етеді.
Адам тағдыры – жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді танудың ерекше тәсілі.
Шығармадағы әрбір кейіпкер (образ) – типтік бейне. Бір адам арқылы жинақтап көрсетеді. Мысалы, «Ақ тырналардың ұясы» (Н.Ораз) әңгімесіндегі Ақмырза – типтік образ.
Әдебиеттегі адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болуы шарт, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді.Көркемдік әдіс тұрғысынан қарағанда образ екі түрлі: романтикалық образ және реалистік образ.
Романтикалық образ – көне жырларда, халық ертегілері мен аңыздарда, тарихи жырларда, ал реалистік образ – күнде көріп жүрген етене таныс, өмірдегі шыншыл әрі жинақталған бейнелер.
«Сексенінші жылдары баспасөз беттерінде жас жазушылар жөнінде жиі айтылатын. Қаламгерларді елең еткізіп, ауызға іліккендердің қатарында Нұрғали Ораз да болды. Енді, міне, орта буын жазушылар жайында сөз бола қалса, оның өрімі шымыр шығармалары туралы айтылмай қалмайды. Айтылып келеді. Айтылады да. Бұған сенімдіміз.Мұның үстіне оқырман сүйіспеншілігін қосыңыз. Нұрғалидың кітабын іздейтіндер барына куәміз», - дейді жазушы замандасы.
Нұрғали Ораз қаламының құдіретін сезу оңай, ал терең білу оңай емес. Оның әр шығармасындағы кейіпкерлер жеке-дара бір-бір әлем.
Шығармашылығы толысқан атамыздың ішкі құпиясы да өзгеше. Біз де солардың біріміз.
Киелі Қазығұрттың қаламы құдіретті қаламгеріне айналған Нұрғали Ораз шығармаларындағы кейіпкерлер әлемі де өзгеше. «Қайыршының жұлдызы», «Бақыт құсы», «Сиқырлы көл», «Біз, ол, «Мерседес» және махаббат»,, «Түндегі жетім тамшылар», «Қоңыр шәлі», «Керімсал ессе, келіншек мұңаяды», «Қонақүйдегі түн», секілді әңгімелерінде түрлі образ, түрлі кейіпкер көз алдыңа келеді. Тіпті, таныс кейіпкер. Кейіпкердің бірі – өзіңнің жерлесің сияқты. Енді бірі – туысың, досың, өз ауылыңның адамдары сияқты. «Соқпақ жол» болып алысқа сапарға шыққан, «Бақыршының балалары» болып арманшыл қиялын танытқан кейіпкерлер – бәрі де таныс, жүрекке жақын. Ол – жазушы қаламынан шыққан жұмбақ кейіпкерлер. Жазушының ауыл адамдарын осылай өз шығармаларына арқау етуі, оның ауылда өскендігінен болар. Бәлкім, туған жердің тауы мен асыр салған қырлары ақын жүрегінен мәңгі орын алған болар. Бәлкім, адамзаттың ұрпағын сақтап қалған құдіретті Қазығұртта туып-өскендіктен болар...
Жазушы шығармаларынан ауыл адамдарының тұрмысын, заман талабына сай тіршіліктің түрлі тауқыметіне ұшыраған тағдыры ұқсас адамдар келбетін көресің. Олардың мінез-құлқы, іс-әрекеттері әр түрлі болғанмен, үміті – біреу. Ол – бақытты өмір сүру. Кейіпкерлердің көпке дейін естен кетпей, ұмытылмауы жазушының өмірдегі күрделі иірімдерді көңіл зердесімен танып, жазуынан болар. Өмірдегі шындық шынайы шығармаға айналған.
«...әдебиеттегі адам образын жасаудың жолдары мен тәсілдері көп және әр алуан. Жазушы шын мәніндегі шебер, зергер болуы шарт, сонда ол қолданған әрбір амал адам образын ашуға қызмет етеді. Әдебиеттегі адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбетін (портретін) де осы тұрғыдан түсінген жөн.» [1]
«Аяқталмаған ертегі» әңгімесінде мектепте бірге оқып, бір-бірін ұнатқан, бірақ кейіннен бірі ауылда қалып, бірі үлкен қалаға оқуға түскен Сағындық пен Раушан туралы айтылады. Басты кейіпкер Раушан тұрмыс тауқыметімен үлкен қалаға барып майда-шүйде сатумен айналысады. Араға 23 жыл салып, телефон соғуы, өзінің қалада екенін хабардар етуі Сағындық үшін кұтпеген жаңалық. Ол да көруге, кездесуге асығады. Қалай кездесу керектігін жоспарлайды да «Апырау, мұным не менің? – деді ол ішінен өз қылығына өзі таң қалып. – Ертең жұмыс...жатып дем алайын ба? Жиырма үш жылдан бері көрмеген, баяғыда-а біреудің жары боп кеткен Раушанды ойлап, жас жігіт құсап қиялға батып, түн қатып тұрысыма жол болсын...» Бірақ ойда жоқта келіп бас салған өткен күндердің елесіне ілесіп кетті. «Мына жалғанда тірі пенденің көңілінен ешқашан өшпейтін сиқырлы үміт шағы секілді алғашқы нәзік махаббат та ертегідегі лағыл тас сияқты құдіретті болады екен. Әйтпесе, бұл түн жамылып, тәтті ұйқысынан безіп, бала-шағасынан бөлектеніп, бейуақта жападан жалғыз неге тұр?..» [3] Раушанның хабарласуы ертегі сияқты көрінді.Сол ертегіге жетуге асықты. Алайда автор Сағындықты Раушанмен кездестірмеді. Сағындық үшін ертегі аяқталмай қалды.
Ал Сағындықтың таксиден түсіп, дүңгіршектің жанынан өтіп бара жатып гүл сатушы қыздан раушан гүл алғанын Раушан көріп тұрды. Бірақ Сағындыққа көріне алмады. Өзін жасырып теріс айналды. Сағындыққа қарағанда өзінің көп өзгерген бір кездері мойылдай қара көздері тұнжырап тұратын. Раушанның өзгеріп кеткенін , әрине, Сағындық ойламады. Ол сонау бала кездегі жүрегіне түскен шоқтың әлі күнге дейін сөнбей, кеудесінде маздап жатқанын сезді.
Екеуінің телефонда сөйлесуін жазушы былай келтірген:
―Мен сені кафеге шақырайын деп ем. Ертең...кафеге...
―Қайда-а? Кәфеге дейсің бе?
―Иә.
Раушан үнсіз қалды.
―Үйге шақырудың реті кейін бола жатар,- деді бұл оның не ойлағанын біле алмай. – Әуелі екеуміз жолығып, жүз көрісіп дегендей... Бір-бірімізді танымай жүрерміз тіпті.
―Мейлі, - деді Раушан келісіп. – Танитын шығармыз... Не бопты сонша.. Жазда мен сені телевизордан көргенмін. Көп өзгермепсің. Тек сәл – пәл толысқан сияқтысың.
―Әй,қайдам,- деді бұл көңілденіп. –Сәл-пәл дегенің жәй сыпайыгершілік шығар әшейін.
―Жо-о, шын айтам,- деді оның даусына бір түрлі мұң араласып ― Өзгерді деп... мына бізді айтсаң болады... [3]
Раушанның сөздерінен тұрмысының ауыр болғанын байқаймыз.
«Тәңірім-ау, не үшін?! Кім үшін?...» деп Сағындыққа көрінгісі келмеген Раушан дүңгіршектің тасасына тығылады. Өзін бейшара халде сезінді.
«...ауыр тұрмыс пен жұмыс қажытып, торсиып ісініп кеткен қолдарын қайда қоярын білмей, онсыз да тырсылдап әрең сиып тұрған сұр плащының жеңін тартқылай берді...»
Раушанның көзіне ыстық жас іркілді. Артынан айқайлап тоқтатуға шамасы жетпейтінін білді. Аузын ашса болды, кеудесіне толған шер-шемен ақтарылып, өзін-өзі тежей алмай аңырап жылап жіберетіндей... Құдайым-ау, әркімнің пешенесіне жазылған өз тағдыры болады екен ғой...»
Оның есіне баяғыда Әкбарға тұрмысқа шығып бара жатқан кезде: « Сағындық жүдә момын, өмірге икемсіз...» деп ойлағаны түсті.
«...Шіркін, өткен жылдардан кешірім сұрап, балалық шаққа қайта оралатын күн туса... Бірақ ол ертегілерде ғана болатын ғажайып емес пе...»
Жазушы Раушан бейнесін жеке дара алмай, оның сөйлеген сөзімен ұштастыра суреттеп, оған өзінің авторлық көзқарасын білдіреді. Раушанның сыртқы келбеті мен ішкі бітім-болмысын дәл көрсете алған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет