Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет27/40
Дата14.09.2023
өлшемі1,97 Mb.
#107907
түріКонспект
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
Бақылау сұрақтары:

  1. Параллельді - тізбекті регистрлердің жұмысы.

  2. Реверсивті регистрлер туралы мәлімет.

  3. Әмбебап немесе көпрежимді (көпфункционалды) регистрлер.

  4. Көпрежимді регистрдің түрлері.



Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жұрынтаев Ж. З. Сұлбатехника: Оқулық. – Алматы: ҚазҰТУ. – ЖШС РПБК «Дәуір», 2017 ж.
2. Немцов М.В. Электротехника и электроника. / М.В. Немцов, М.Л. Немцова – М: Академия, 2014
3. Мышляева И.М. «Цифровая схемотехника» ученик, Издательство: «Академия» п. 400 с. 2012 г.
4. Павлов В.Н. «Схемотехника аналоговых электронных устройств» – М.: Радио и связь, 2016 г.
21-Дәріс
Тақырыбы: Санағыштар.
Жоспар:

  1. Санағыштар туралы жалпы түсінік.

  2. Санағыш түрлері және тағайындалуы.

  3. Санағыштардың классификациясы және параметрлері.

Дәрістің мазмұны
Санауыштардың негізгі параметрлері және жіктелуі
Санауыш деп, кіріс импульстерді санауға және олардың санын екілік (тікелей, қосымша және т.б.) кодтарда тіркеуге арналған, тізбекті типті функционалдық түйінді айтады. Сануыштар орындайтын негізгі операциялар:
- инкремент - сануыштың көрсеткішін (ондағы екілік санды
немесе сөз кодын) бірге арттыру;
- декремент - сануыштағы сөз кодын бірге кеміту.
Ақпаратты цифрлық өңдеу жүйелерінде санауыштар тағы да келесі:

  • сөз кодын сақтау және оны параллельді түрде беру;

  • сандық импульсті кодты екілік кодқа түрлендіру;

  • жиілікті бөлу;

- басқару құрылғыларында адрестерді қалыптастыру және т.б.
операцияларды орындау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Санауыштардың негізгі параметрлері - Ксч санау модулі (немесе санау коэффициенті) және санауыштың жылдамдығы. Санау модулі санауыштың тұрақты қалыптарының санымен сипатталады және санауыш санай алатын импульстардің ең көп са­нымен анықталады. Санауыштың санау кірісіне Ксч импульстер берілгеннен кейін санауыш бастапқы қалпына келеді.
Санауыштың жылдамдығы санауыш кодының орнатылу уақытымен toрн және санау импульстеріның берілу жиілігімен f сан сипатталады. f сан жиілігі f сан < l/(tИ + topн), t И ≥ t Т шарты бойынша таңдалып алынады, мұндағы t И - кіріс импульсінің ұзақтылығы;
tТ - триггердің ауысып қосылу кідірісі. Ішкі кідірісі бар триггерлерде орындалған санауыштар үшін topн - кіріс импульсінің әсері біткен кезеңі (соңғы фронты) мен санауышта жаңа кодтың орнатылу кезеңі арасындағы уақыт аралығының максималды мәнімен (интервалымен) анықталады. Басқаша айтқанда, бұл t орн уақыт аралығында санауыштың барлық разрядтарындағы айнымалы процесстер тұрақталады. Ішкі кедергісі бар синхронды триггерлерде құрастырылған санауыштарда разрядтардағы триггерлердің ауысып қосылуы (жаңа жағдайға ауысуы) кіріс импульсінің әсері біткен кезде орындалады.
Санауыштар әр түрлі белгілеріне қарай жіктеледі, олардың негізгілері: кодтау әдістері, санау бағыты, разрядтар арасындағы байланыстарды ұйымдастыру және т.б.
Санауыштар, олардағы қалыптасатын сөздерді кодтау әдісіне байланысты, позициялық (немесе екілік салмақталған)және позициялық емес (екілік салмақталмаған) кодталынған деп бөлінеді. Позициялық кодталынған санауышта санау кірісіне берілетін KL импульстер саны былай анықталады:
N-1
К۸=∑ ж і ∙с і . (4.7)
i=0
мұндағы N - санауыштың разрядтар саны; жі - і-ші разряд триггерінің логикалық жағдайы (қалып-күйі); сі - санауыштың і-ші разрядының салмағы. Мысалы, позициялық кодталынған 4 разрядты (8421 кодада жұмыс жасайтын) санауыш үшін cі разрядтар салмағы келесі мәндерді қабылдайды: с0 = 1 (кіші разряд салмағы); с1 = 2; с2 = 4 және с3 = 8.
Екілік емес кодталынған санауыштар разрядтарының тұрақты салмағы болмайды. Санауыш кірісіне келген К۸ импульстер саны мен санауыш қалып-күйі арасындағы байланысты анықтау үшін (4.7) формуладан қиынырақ формулалар пайдаланады. Әдетте мұндай байланыс сәйкестік кестесі бойынша орнатылады. Екілік емес кодталынған санауыштарға Джонсон санауышы; Грей
кодындағы санауыш; 1/N, 2/N түріндегі ығыстырушы регистрлері негізінде жасалынған санауыштар және т.б. жатады.
Позициялық кодталынган санауыштар цифрлық құрылғыларда кеңінен қолданылады. Олар санау модулінің мәні бойынша мыналарға бөлінеді:
- екілік (мұндай санауыштардың санау модулі екінің бүтін дәрежесіне тең, яғни Ксан = 2N);
- санау модулі кез келген мәнді екілік-кодталынғаы
(2N-1 –K сан <2N).
Санауыштар санау бағыты бойынша қосындылайтын, кемітетін және реверсивтік болып бөлінеді. Қосындылайтын сана­уыш тікелей санау (инкремент) онерациясын орындайды, яғни кіріске кезекті импульс берілгеннен кейін санауыш көрсеткіші 1-ге артады. Кемітетін санауыш керісінше санайды, яғни декре­мент операциясын орындайды. Реверсивтік санауыш, басқарушы сигналдарға байланысты, тікелей немесе керісінше санауды орындайды. Разрядтар арасындағы байланыстарды (немесе тасымалды) ұйымдастыру әдісі бойынша тасымалдары тізбектелген, параллельді және комбинацияланған.санауыштар болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет