Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет28/40
Дата14.09.2023
өлшемі1,97 Mb.
#107907
түріКонспект
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Бақылау сұрақтары:

  1. Санауыштардың негізгі параметрлері және жіктелуі.

  2. Сануыштар орындайтын негізгі операциялар.

  3. Екілік емес кодталынған санауыштар.

  4. Позициялық кодталынган санауыштар.

  5. Санауыштардың санау бағыты бойынша түрлері.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жұрынтаев Ж. З. Сұлбатехника: Оқулық. – Алматы: ҚазҰТУ. – ЖШС РПБК «Дәуір», 2017 ж.
2. Немцов М.В. Электротехника и электроника. / М.В. Немцов, М.Л. Немцова – М: Академия, 2014
3. Мышляева И.М. «Цифровая схемотехника» ученик, Издательство: «Академия» п. 400 с. 2012 г.
4. Павлов В.Н. «Схемотехника аналоговых электронных устройств» – М.: Радио и связь, 2016 г.


22-Дәріс
Тақырыбы: Екілік санауыштар
Жоспар:

  1. Екілік санауыштар.

  2. Тасымалысы тізбекті санауыштың сұлбасы.



Дәрістің мазмұны
Екілік санауыштар M-S немесе үш триггерлер (динамикалық басқарылуы бар) сұлбасымен құрастырылған Т-, TV-, D-, DV-, RS- және JK-типті, ішкі кідірісті синхрондық триггерлер негізінде жасалынады. Құрылымы ең қарапайым, тасымалысы тізбекті екілік санауыштарды асинхрондық деп атайды. Мұндай санауыштарда санау импульсі тек кіші 0-ші разрядтағы триггердің кірісіне беріледі, ал келесі разрядтардағы і-ші триггер кірісіне Pі тасымал сигналы беріледі. Бұл сигнал (і-1)-ші разряд триггерінің шығысынан алынады. Нәтижесінде, егер санауыштың қалып-күйі өзгерсе, разрядтардағы триггерлер уақыт бойынша тізбектеліп ауысып қосылады.
Ксан = 2N модулі бар екілік санауыш сұлбасын жасаған кезде тасымал тізбегі бойынша тізбектей жалғанған, ішкі кідірісі бар N триггерлер пайдаланады

4.16-сурет. Тасымалысы тізбекті санауыштың сұлбасы
M-S сұлбасы бойынша орындалған Т-типті триггерлерден жасалынған тізбекті тасымалы бар қосындылайтын санауышты қарастырайық (4.1,6-сурет). Санауыш жұмысы циклының басында барлық разрядтардагы триггерлер логикалық 0 қалпына орнатылады, ол үшін "0 Орн." шипасына бірлік деңгейдегі сигнал беріледі. Ол санауыш "0" қалпына орнатылғаннан кейін алынып тасталынады. Ары қарай кіріс импульстерінін келуіне байланысты caнауыш, 4.2-кестеге және уақыттық диаграммаға сәйкес, біртіндеп бір күйден екінші күйге ауысады.
Бұл кезде әр триггер, оның Т кірісіне импульстің құламасы (теріс айырмасы) берілген кезде ғана, өз қалып-күйін өзгертеді. Басқаша айтқанда, (і-1)-ші разряд триггері, бірлік жағдайдан нөлдік жағдайға ауысқанда, оның оң (тікелей) шығысынан алынатын тасымал импульсі і-ші разряд триггерін қарама-қарсы қалып-күйге ауыстырады.
Егер санау барысында екілік кодты басқа құрылғыға беру керек болса, "Кодты беру" сигналмен басқарылатын ЖӘНЕ элементтеріндегі сұрау тізбектері барлық разрядтардағы триггерлердің шығыстарына қосылады.
Тасымалысы тізбектей таралатын санауыштарда, кезекті кіріс импульсі келгенде, барлық триггерлердің тізбек бойынша ауысып қосылуын туғызатын жағдайлар пайда болуы мүмкін, мысалы,
санауыш 11....1 күйінен бастапқы 00.......0 күйіне ауысқан кезде. Осындай типті санауыштағы кодтың орнатылу уақыты tорн және оның кірісіне санау импульстеріның берілу жиілігі былай анықталады: tорн = N ∙ r Т, и fcaн=l/( r u+N∙ r Т).

Бұл өрнектен көретпгіміздей, тасымалысы тізбектемелі санауыштардың жылдамдығы өте аз, сондықтан олар негізінен жиілікті бөлгіш ретінде пайдаланады.
Тасымалысы тізбектемелі санауыштың, жиілікті бөлу режимінде, жұмысының шекті жиілігі кіші разряд триггерінің ең аз кідірісімен анықталады. Азайтатын санауыш 4.16-суреттегі санауышқа ұқсас жұмыс істейді, ол үшін сұлбадағы әрбір і-ші триг­гер кірісін (і-1) триггердің Q і-1 инверсті шығысына қосу, ал асинхронды Sa кірістерді (Ксан - 1)-ге тең санның бастапқы кодасын орнату үшін пайдалану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет