С. Қызметтік міндеттерді орындау кезеңінде үкіметке сенім білдіру
111- БАП. Егер Премьер-министр қажет деп тапса, онда Министрлер
кеңесінде мәселені талқылағаннан кейін Түркия Ұлттық Ұлы Мәжілісінен сенім
білдіру туралы сұрай алады.
Сенім білдіру туралы мәселе оны Түркия Ұлттық Ұлы Мәжілісіне
ұсынғаннан кейін толық бір күн өтпейінше, талқыға салынбайды және
пікірсайыстан кейін толық бір күн өтпейінше дауысқа салынбайды.
Сенім білдіру туралы сұранысты Мәжіліс мүшелерінің жалпы санының
басым көпшілігімен ғана қайтарыла алады.
Д. Функциялар мен саяси жауапкершілік
112- БАП. Премьер-министр Министрлер кеңесінің төрағасы ретінде
министрлер арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етеді және үкіметтің
жалпы бағытының орындалуын қадағалайды. Министрлер кеңесінің мүшелері
осы саясаттың орындалуына бірлесіп жауапты болады.
Әрбір министр Премьер-министрдің алдында жауапты және сондай-ақ
істің оның заңдық хүкімі бойынша өтуіне және оның бағыныштыларының іс-
әрекеттері мен қылықтары үшін жауапты болады.
Премьер-министр министрлердің өз қызметін Атазаңға және заңға сәйкес
жүзеге асыратынына және кемшіліктерді жою жөніндегі шараларды
қолданатынына кепілдік беруге міндетті.
Депутат болып табылмайтын Министрлер кеңесінің мүшелері Түркия
Ұлттық Ұлы Мәжілісі мүшелерінің алдында 81-бапқа сәйкес ант қабылдайды
және олар министр ретіндегі өкілеттік мерзімі ішінде депутаттарға қойылатын
талаптар мен ережелерді сақтауға тиіс. Министрлер Түркия Ұлы Ұлттық
Мәжілісінің мүшелері сияқты сондай жалақы мен артықшылықтарға ие.
E. Министрліктерді ұйымдастыру және министрлер
113- БАП. Министрліктерді қалыптастыру, тарату, олардың функциялары,
өкілеттіктері және құрылуы заңға сәйкес реттеледі.
Егер министрлікте қандай да бір бос лауазымдар болса немесе министр
еңбек демалысында болса, не белгілі дәлелді себептермен болмаса, министр
басқа адамның орнын ауыстыра алады. Алайда министр біреуден артық
министрлік қызметті ауыстырмауы тиіс.
Түркия Ұлттық Ұлы Мәжілісінің шешімі бойынша Жоғарғы сот алдында
жауап беруші министр өзінің қызметтік мәртебесінен айырылады. Егер Премьер-
министр Жоғарғы сот алдында жауап беретін болса, үкімет орнынан түскен
болып саналады.
Егер қандай да бір себеппен министрлік қызметі бос болса, жаңа
тағайындау 15 күн ішінде өткізілуі тиіс.
F. Сайлау кезеңіндегі Уақытша Министрлер кеңесі
114- БАП. Әділет, ішкі істер және коммуникациялар министрлері Түркия
Ұлы Ұлттық Мәжілісінде өтетін жалпы сайлауға дейін орнынан түсуге өтініш
береді. Премьер-министр бұл министрлердің орнына сайлау басталардан үш күн
бұрын немесе шешім қабылданған сәттен бастап бес күн ішінде мезгілінен
бұрын сайлау өткізу туралы шешім шыққан жағдайда Түркия Ұлы Ұлттық
Мәжілісі мүшелерін немесе депутат болып табылмайтын тәуелсіз тұлғаларды
тағайындайды.
116-бапқа сәйкес жаңа сайлау өткізу туралы шешім қабылданған кезде
Министрлер кеңесі орнынан түсуге өтініш беруі, ал Республика Президенті
уақытша Министрлер кеңесін құру үшін Премьер-министрді тағайындауы қажет.
Уақытша Министрлер кеңесіне әділет, ішкі істер және коммуникациялар
министрлері Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі мүшелерінен немесе депутат болып
табышмайтын
тәуелсіз
тұлғалардан
болуы
тиіс,
саяси
партиялар
фракцияларының парламенттегі санына барабар мүшелерінен тұрады.
Үкіметке шақырылатын партиялық топтар мүшелерінің санын Түркия
Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы белгілеп, премьер-министрге хабарлайды.
Ұсынылған министрлердің орнын қабылдаудан бас тартқан не соңынан бас
тартқан партия мүшелері Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі мүшелерімен немесе
депутат болып табылмайтын тәуелсіз тұлғалармен алмастырылады.
Жаңа сайлау өткізуге шешім қабылдау туралы үкімет хабаршысында
жарияланғаннан кейінгі бес күн ішінде Уақытша Министрлер кеңесі
жасақталады.
Уақытша Министрлер кеңесіне сенімсіздік білдіру таралмайды.
Уақытша Министрлер кеңесі сайлау науқаны мен Мәжілісті кері шақырып
алғанға дейінгі кезеңде өз міндеттерін орындайды.
G. Нұсқаулықтар
115- БАП. Министрлер кеңесі заңдардың орындалу тәртібін реттейтін
немесе қоланыстағы заңдарға қайшы келмейтін талаппен және Мемлекеттік
кеңесте қаралған заңдармен реттелетін мәселелерді білдіретін нұсқаулықтар
шығарады.
Нұсқаулықтарға Республика Президенті қол қояды және ол заңдарды
жариялау арқылы халыққа жария етіледі.
H. Республика Президентінің Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі сайлауын
тағайындауы
116- БАП. Министрлер кеңесі 110-бапқа сәйкес сенім білдіруді ала
алмайтын болса немесе 99 және 111-баптарға сәйкес отставкаға кетуге өтініш
білдіруге мәжбүр болған жағдайларда, сонымен қатар егер жаңа Министрлер
кеңесі бес күн ішінде жасақтала алмаса не жаңа Министрлер кеңесі сенім
білдіруді ала алмайтын болса, Республика Президенті Түркия Ұлы Ұлттық
Мәжілісі төрағасымен кеңескеннен кейін жаңа сайлауды тағайындай алады.
Премьер-Министрдін сенімсіздік білдіру аркылы орнынан түспей
отставкаға кетсе кыркбес күннін ішінде немесе жаңадан сайланган Түркия ұлы
Ұлттык Мәжілісінін Басшылық Құрамы сайланганнан кейін кыркбес күннін
ішінде Министрлар кеңесі ұйымдастырылмаған жагдайда Республика
Президенті Түркия ұлы Ұлттык Мәжілісі Төрағасымен кеңескеннен кейін жаңа
сайлауды тағайындай алады.
Жаңа сайлауды тағайындау шешімі үкімет хабаршысында жарияланады
және содан кейін ғана сайлау өткізіледі.
I. Ұлттық қорғаныс
а) Жоғарғы Бас қолбасшы және Бас штабты басқару
117- БАП. Бас қолбасшы мәртебесі Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің
рухани өмірінен бөлінбейді және оны Республика Президенті таныстырады.
Министрлер кеңесі Қарулы күштердің ұлттық қауіпсіздік пен ел
қорғаудағы дайындығына Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі алдында жауапты.
Бас штаб басшысы - Қарулы күштер қолбасшысы соғыс уақытында да
Республика Президенті атынан Бас қолбасшы міндетін жүзеге асырады.
Бас штаб басшысын Министрлер кеңесінің ұсынысы бойынша Республика
Президенті тағайындайды: оның міндеттері мен өкілеттіктері заңмен реттеледі.
Бас штаб басшысы өз міндеттері мен өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында
Премьер- министрдің алдында жауапты болады.
Ұлттық қорғаныс министрі мен Бас штаб қолбасшысының, сондай-ақ
Қарулы күштер қолбасшысының қызметтік қарым-қатынастары мен заңды
құзырының қолданылу аясы заңға сәйкес реттеледі.
б) Ұлттық қауіпсіздік кеңесі
118-
БАП. (Өзгеріс: 3/10/2001-4709/32) Республика Президенті
басқаратын Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Премьер-министрден, Бас штаб
басшысынан, ұлттық қорғаныс министрінен, ішкі істер және сыртқы істер
министрінен, әскери, теңіз және әуе күштері басшысынан, сонымен қатар
Жандармерия Бас қолбасшысынан тұрады.
Кеңес мәжілісіне күн тәртібінің ерекшелігіне байланысты министрлер мен
пікірлерін тыңдауды қажет ететін басқа да тұлғалар шақырылуы мүмкін.
(Өзгеріс: 3/10/2001-4709/32) Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Министрлер
кеңесін мемлекеттің ұлттық қауісіздік саясатын құруды, қалыптастыруды және
іске асыруға қатысты шешімдер қабылдауды әрі қажетті үйлестіруді қамтамасыз
ететін мәселелері бойынша шаралармен таныстырады. Министрлер кеңесі
Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттің тәуелсіздігін, елдің тұтастығы мен
бірлігін сақтауға, қоғамның бейбіт өмірін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
қажет деп есептейтін шараларын бірінші кезекте қарастырады.
Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің күн тәртібін Республика Президенті премьер-
министр мен Бас штаб басшысының ұсыныстарын ескере отырып құрады.
Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Республика Президенті болмаған кезде премьер-
министрдің төрағалығымен жиналады.
Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Бас хатшылығын ұйымдастыру және оның
міндеттері заңмен реттеледі.
III. Төтенше жағдайларды реттейтін ережелер
А. Төтенше Жағдайлар
1. Дүлей зілзала немесе маңызды экономикалық дағдарыс
зардаптарына қатысты төтенше жағдай жариялау
119- БАП. Дүлей зілзала, қауіпті жұқпалы індет немесе маңызды
экономикалық дағдарыс болған жағдайда Министрлер кеңесі Республика
Президентінің төрағалығымен бір немесе одан да көп аймақта немесе елдің
барлық аумағына алты айдан аспайтын мерзімге төтенше жағдай жариялай
алады.
2. Кең таралған зорлық-зомбылық актілері зардаптарына және
қоғамдық тәртіптің айтарлықтай бұзылуына қатысты төтенше жағдай
жариялау
120- БАП. Атазаңға немесе негізгі құқық пен бостандыққа сәйкес
белгіленген еркін демократиялық тәртіпті жоюға бағытталған кең таралған
зорлық-зомбылық актілері болғанда немесе зорлық-зомбылық актілері кесірінен
қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда Республика Президентінің төрағалығымен
мәжіліс
құрған
Министрлер
кеңесі
Ұлттық
қауіпсіздік
кеңесінің
консультациясынан кейін бір немесе одан да көп өңірде немесе елдің барлық
аумағына алты айдан аспайтын кезеңге төтенше жағдай жариялай алады.
3. Төтенше жағдайлар белгілеуге қатысты ережелер
121- БАП. Атазаңның 119 және 120-баптарына сәйкес төтенше жағдай
жарияланған жағдайда бұл шешім үкімет хабаршысында жарияланып, тез арада
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне мақұлдау үшін берілуі тиіс. Егер Түркия Ұлы
Ұлттық Мәжілісі демалыста болса, ол шұғыл түрде кері шақырылады. Мәжіліс
Министрлер кеңесінің ұсынысы бойынша төтенше жағдайдың әрекет ету
мерзімін өзгертуі, төрт айға дейін мерзімін ұзартуы немесе төтенше жағдайды
тоқтатуы мүмкін.
Азаматтарға жүктелетін қаржылық, мүліктік және еңбек міндеттемелері
119-бапқа сәйкес төтенше жағдай жарияланған жағдайда төтенше жағдайдың
әрбір түріне сәйкес қолданылады; 15-баптың ережелеріне сәйкес негізгі
құқықтары мен бостандықтары шектелетін немесе тоқтатылатын рәсімдер,
жағдаяттарға
қатысты
жинақталған
қажетті
шаралар,
мемлекеттік
қызметкерлерге берілетін өтемақы түрлері, төтенше жағдайлар кезіндегі
лауазымды тұлғалардың мәртебесі мен басқару тәсіліндегі өзгерістер төтенше
жағдайлар туралы заңмен реттеледі.
Республика Президентінің төрағалығымен мәжіліс құрған Министрлер
кеңесі төтенше жағдай кезінде төтенше жағдаймен байланысты мәселелер
жөнінде заң күші бар қаулылар шығара алады. Бұл қаулылар ресми хабаршыда
жарияланады және сол күні Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне мақұлдау үшін
берілуі тиіс. Мәжілістің оларды мақұлдау мерзімі мен рәсімі Регламентпен
белгіленеді.
В. Әскери жағдай, жұмылдыру және соғыстың жай-күйі
122- БАП. Республика Президентінің төрағалығымен мәжіліс құрған
Министрлер кеңесі Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің консультациясынан кейін
төтенше жағдай жариялауды талап ететін жағдайдан аса қауіптірек болып
табылатын және еркін демократиялық тәртіпті немесе Атазаңда бекітілген
негізгі құқықтар мен бостандықтарды жоюға бағытталған кең таралған зорлық-
зомбылық актілері болған жағдайда; не соғыс болған жағдайда, көтеріліс пен
соғысқа немесе Отан мен Республикаға қарсы зорлық- зомбылық және қауіпті
әрекеттерге итермелейтін жағдаяттар немесе мемлекет пен ұлт тұтастығына
қатер төндіретін ішкі және сыртқы кең тараған күш көрсету әрекеттері пайда
болған кезде бір немесе одан да көп өңірде немесе елдің барлық аймағына алты
айдан аспайтын кезеңге әскери жағдай жариялай алады. Бұл шешім ресми
хабаршыда шұғыл түрде жарияланып, сол күні Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне
мақұлдау үшін беріледі. Егер Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі демалыста болса, ол
шұғыл түрде кері шақырылады. Егер Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі қажет деп
тапса, ол әскери жағдайдың мерзімін азайта немесе ұзарта немесе оны тоқтата
алады.
Республика Президентінің төрағалығымен мәжіліс құрған Министрлер
кеңесі әскери жағдай кезеңінде әскери жағдаймен байланысты мәселелер
бойынша заң күші бар қаулылар шығара алады.
Бұл қаулылар ресми хабаршыда жарияланады және сол күні Түркия Ұлы
Ұлттық Мәжілісіне мақұлдау үшін беріледі. Мәжілістің оларды мақұлдау
мерзімі мен рәсімі Регламентпен белгіленеді.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің шешіміне байланысты әскери жағдай
кезеңін керек кезінде төрт айдан аса уақытқа ұзартуға болады. Соғыс болған
жағдайда төрт айға дейін шектеу мерзімі қолданылмайды.
Әскери жағдайда, жұмылдыру және соғыс жағдайында қолданылуға тиісті
ережелер және соғыс жағдайында немесе соғысқа итермелейтін жағдаяттар
пайда болған кезде азаматтардың бостандықтары мен жүктелген міндеттемелері
шектелетін немесе тоқтатылатын нұсқалар заңмен реттеледі.
Әскери жағдай басшылары өз міндеттерін Бас штабтың Басшысына
бағына отырып жүзеге асырады.
IV. Басқару
A. Басқарудың негізгі қағидаттары
1. Әкімшілік басшылық пен қоғамдық мәртебенің тұтыстығы
123- БАП. Әкімшілік басқару біртұтас болып табылады, оның құрылымы
мен қызметі заңмен белгіленеді.
Басқаруды ұйымдастыру мен қызметі орталықтандыру және жергілікті
өзін-өзін басқару принциптеріне негізделеді.
Қоғамдық заңды тұлғалар тек заңмен немесе заңмен берілген тікелей
нысандағы өкілеттіктер негізінде белгіленеді.
2. Заңға тәуелді актілер
124- БАП. Премьер - министрлік, министрліктер және қоғамдық заңды
тұлғалар заңдар мен нұсқаулықтардың арнайы әрекет ету саласына қатысты бұл
заңдар мен нұсқаулықтарға қайшы келмейтін талаппен заңға тәуелді актілер
шығара алады.
Заңға тәуелді қандай актілерді ресми хабаршыда жариялауға болатыны
заңмен белгіленеді.
B. Сот бақылауы
125- БАП. Сот бақылауына жүгіну әкімшіліктің барлық әрекеттері мен
актілеріне қатысты болуы мүмкін. (Қосымша ұсыныстар: 13/8/1999-4446/2 бап.)
Халықаралық
төрелікке
жүгіну
коммуналдық
қызметке
қатысты
келісімшарттардан шығатын концессиялар мен дауларға байланысты болуы
мүмкін. Егер дауда шетелдік элемент сипаты болса, халықаралық төрелікке
жүгінуі мүмкін. Шетелдік элемент болған жағдайда Халықаралық төрелікке
жүгінуі мүмкін.
Республика Президентінің жеке дара жүзеге асыратын әрекеттері мен
Жоғары әскери кеңес шешімдері сот бақылауын қолдану аясынан тыс болып
табылады. Алайда штаттан тыс себеппен зейнетке шығуға қатысты Жоғары
әскери кеңес істерінен басқа босатуға қатысты барлық іс сотқа шағымдануға
жатады.
Әкімшілік әрекеттеріне қарсы берілген талап арыздарда талап қою мерзімі
жазбаша хабарландыру мерзімімен есепке қойылады.
(Өзгеріс: 12/9/2010-5982/11бап) Әкімшіліктің заңмен белгіленген
әрекеттері мен актілеріне сәйкес сот билігін тексеруге шектеу қойылады және ол
әкімшіліктің дұрыстығын тексеру ретінде қолданыла алмайды. Заңмен
ұйғарылған нысандар мен принциптерге сәйкес атқару қызметін жүзеге асыруға
шектеу қойылатын, әкімшілік әрекеттері мен актілерін алмастыратын не
дискрециялық жағдайларды жоятын бірде бір сот қаулысы күшіне енбеуі тиіс.
Егер әкімшілік әрекеттерді орындау орнын толтыру мүмкін емес немесе
қиындық келтіретін зиян келтіретін болса, сонымен бірге бұл әрекет заңға анық
қайшы келсе, онда бұл әрекетті тоқтату туралы негізі бар шешім шығарыла
алады.
Заң төтенше жағдайлар орын алғанда, әскери жағдайда, жұмылдыру мен
соғыс жағдайында, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп пен
денсаулықты сақтау себептеріне байланысты жағдайларда атқарушы
органдардың әрекеттерін тоқтату туралы шешім қабылдауды шектеуі мүмкін.
Әкімшілік өз әрекеттері мен актілері салдарынан келтірілген зиянның
орын толтыруға жауапты.
С. Басқаруды ұйымдастыру
1. Орталық әкімшілік
126- БАП. Түркия географиялық ахуал мен экологиялық жағдайлар,
сонымен бірге коммуналдық қызмет көрсету талаптарының негізінде орталық
әкімшілікті ұйымдастыру тұрғысынан екі салаға бөлінеді; салалар әкімшілік
аудандардың ең төмен деңгейіне бөлінеді.
Басқару саласы кең тараған өкілеттіктерді орындарға беру қағидатына
негізделген.
Бірнеше сала кіретін орталық әкімшілік ұйымдары коммуналдық қызмет
көрсетудің тиімділігі мен үйлестіруіне кепілдік беру үшін белгіленуі мүмкін. Бұл
ұйымдардың қызметтері мен өкілеттіктері заңмен реттеледі.
2. Жергілікті басқару
127- БАП. Жергілікті әкімшілік органдар заңға сәйкес құқықтылық
органдары сайлау корпустарымен таңдалатын және ұйымдастырушылық
принциптері заңмен белгіленетін облыс, муниципалдық аудандар мен ауыл
тұрғындарының жалпы жергілікті қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
құрылған қоғамдық заңды тұлғалар болып табылады.
Жергілікті басқаруды құру, міндеттері мен өкілеттіктері жергілікті
басқару қағидаттарына сәйкес заңмен реттеледі.
(Өзгеріс: 23/7/1995-4121/12) Жергілікті әкімшіліктер үшін сайлау 67-бапта
баяндалған қағидаттарға сәйкес әр бес жылда өткізіледі. Алайда Түркия Ұлы
Ұлттық Мәжілісі мүшелерін жалпы немесе қосымша сайлауға дейінгі немесе
кейінгі жыл ішінде өткізілетін жергілікті әкімшілік органдарына арналған жалпы
немесе қосымша сайлаулар Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаттарын
жалпы немесе қосымша сайлаумен бір мезгілде өткізіледі. Үлкен қала
орталықтары үшін заңға сәйкес арнайы әкімшілік шаралары қолданылады.
Сайланған жергілікті билік органдарына немесе олардың мәртебесіне,
сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мойындамауға қатысты наразылыққа
байланысты рәсімдер сот тәртібімен белгіленеді. Алайда ішкі істер министрі
соңғы шешім қабылданға дейін уақытша шаралар ретінде міндеттерін орындау
кезіндегі құқық бұзушылықпен байланысты оларға қатысты тергеу немесе сотта
істерін қарау басталған жергілікті әкімшілік органдарын немесе олардың
мүшелерін міндеттерін орындаудан шеттете алады.
Орталық әкімшіліктің заңмен белгіленген принциптер мен тәртіптер
негізінде және орталықтандырылған басқару қағидаттарына сәйкес жергілікті
қызметті атқаруды қамтамасыз ету, бірыңғай коммуналдық қызмет көрсетуді
қамтамасыз ету, қоғамдық мүдделерді қорғау әрі жергілікті қажеттіліктерді
тиісті тәсілдермен шешу мақсатында жергілікті билік органдарының үстінен
әкімшілік қамқоршы болуға өкілеттігі бар.
Министрлер кеңесінің келісімімен жергілікті әкімшілік органдарын
біріктіру белгілі бір қоғамдық мәселелердің шешімін табу, сонымен қатар
қызметтер мен өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында өткізіледі; бұл
одақтарды қаржыландыру мен қауіпсіздік шаралары және олардың өзара
байланыстары, орталық әкімшілікпен қарым-қатынастары заңмен реттеледі. Бұл
әкімшілік органдары арасындағы қаржы ресурстары олардың қызметтеріне
барабар бөлінеді.
D. Мемлекеттік қызметкерлерге қатысты ережелер
1. Жалпы принциптер
128- БАП. Мемлекеттің, мемлекеттік экономикалық кәсіпорындардың
және қызметтері әкімшілік басқарудың жалпы негіздеріне сәйкес келуі тиіс
басқа да қоғамдық ұйымдардың негізгі және үздіксіз қызметтері мемлекеттік
лауазымды тұлғалар мен өзге де мемлекеттік қызметшілердің қызметтерімен
қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік лауазымды тұлғаларға және өзге де мемлекеттік
қызметшілерге қойылатын талаптар, оларды тағайындау тәртібі, міндеттері мен
өкілеттіктері, олардың құқықтары мен жауапкершіліктері, жалақылары мен
жәрдемақылары, сондай-ақ олардың мәртебелерімен байланысты басқа да
тұстары заңмен реттеледі. (Қосымша ұсыныс: 12/9/2010-5982/12) Қаржы және
материалдық құқықтарына қатысты ұжымдық шарт ережелері күшінде қалады.
Жогары мәртебелі әкімшілерді дайындауды белгілейтін рәсімдер мен
талаптар арнайы заңмен реттеледі.
2. Тәртіптік жаза қолдану кезіндегі міндеттер мен жауапкершілік,
кепілдіктер
129- БАП. Мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен өзге де мемлекеттік
қызметшілер өз міндеттерін Атазаңға және заңдарға бағына отырып орындауы
тиіс.
Мемлекеттік лауазымды тұлғалар, басқа да мемлекеттік қызметкерлер
және қоғамдық кәсіби ұйымдардың мүшелері немесе оларды басқарушы
органдар қорғануға берілетін құқықтарсыз тәртіптік жазаға тартыла алмайды.
(Өзгеріс: 12/9/2010-5982/13бап) Тәртіптік жаза сот бақылауына жатады.
Әскери қызметкерлерге, судьялар мен прокурорларға қатысты ережелер
өзгеріссіз қалады.
Әкімшілікке қатысты өз міндеттерін жүзеге асыру кезіндегі мемлекеттік
лауазымды тұлғалар мен өзге де мемлекеттік қызметшілердің кінәсінен
келтірілген шығындардың орнын толтыру туралы талаптар заңда көрсетілген
рәсімге және талаптарға сәйкес ғана және оларды кері қайтаруға құқықтары
болған кезде қойылады.
Заңда қарастырылған жағдайлардан басқа мемлекеттік лауазымды
тұлғалар мен басқа да мемлекеттік қызметкерлер жасады деп болжанған құқық
бұзушылықтарды соттың қудалауы заңда көрсетілген әкімшілік органдарының
рұқсат етуіне байланысты жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |