ТҮркия республикасының атазаңЫ 1, 2 Қабылданды


Қызметтері мен өкілеттіктері



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата12.01.2017
өлшемі0,66 Mb.
#1753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3. Қызметтері мен өкілеттіктері 

148-  БАП.  (Өзгеріс:  12/9/2010-5982/18)  Атазаңдық  сот  заңдардың,  заң 

күші  бар  қаулылардың  түрлері  мен  маңызы  бойынша,  сонымен  қатар  Түркия 

Ұлы  Ұлттық  Мәжілісі  Регламентінің  Атазанға  сәйкестігін  бақылайды  және 

жекелеген өтініштер бойынша шешім қабылдайды. Нысаны бойынша Атазаңдық 

түзетулер  тек  Атазаңға  сәйкес  бақыланып  тексеріледі.  Алайда  төтенше 

жағдайлар  кезеңіндегі,  соғыс  жағдайындағы  немесе  соғыс  уақытындағы 

қабылданған заң күші бар қаулылардың түрлері мен маңызы бойынша Атазаңға 

сәйкеспегендігі жөнінде Атазаңдық сотқа ешқандай шағым түсірілмеуі керек. 

Қорытынды  дауыс  беру  кезінде  көпшіліктің  қажетті  даусы  жиналмаса, 

заңдарды  нысаны  бойынша  тексеруге  шектеу  қойылады;  ұсыныстар  мен 

дауыстың  қажетті  бөлігі  алынбаса  және  мәселелерді  шұғыл  түрде  қарауға 

салынған  тыйым  орындалмаса,  Атазаңдық  түзетулерді  тексеруге  шектеу 

қойылады.  Республика  Президентінің  немесе  Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі  бес 

мүшесінің  бірінің  талабы  бойынша  заңдарға  нысаны  бойынша  тексеру 

жүргізіледі.  Заң  шыққан  сәттен  бастап  10  күн  өтіп  кеткеннен  кейін  заңдарды 

нысаны  бойынша  Атазаңға  сәйкеспейтіндігі  негізінде  жою  туралы  шағым 

түсіріле алмайды, осыған сәйкес ешқандай қарсылық білдірілмейді. 

(Қосымша  тармақ:  12/9/2010-5982/18)  Әркімнің  заңда  және  Адам 

құқықтары  жөніндегі  Еуропа  конвенциясында  көрсетілген  құқықтары  мен 

бостандықтары  бұзылған  жағдайда  Атазаңдық  сотқа  жүгінуге  құқығы  бар.  Ол 

үшін заң бойынша реттеудің мүмкін болатын барлық тәсілдері таусылған болуға 

тиіс. 


(Қосымша  тармақ:  12/9/2010-5982/1)  Жеке  жүгінулер  кезінде  жекелеген 

мәселелер зерттелмейді. 

                                                           

14

 Бул баптын аты  «2 мүшеліктін тоқтатылуы  » деп аталган  кезде 12/9/2010 жылы 5982 нөмірді заңнын 



17. бабымен  өзгертіліп  мәтінге енгізілген. 

 


(Қосымша  тармақ:  12/9/2010-5982/18)  Жеке  өтініш  беру  рәсімдерінің 

негіздері заңда көрсетілген. 

(Өзгеріс:  12/9/2010-5982/18  бап)  Жоғарғы  сот  ретіндегі  Атазаңдық  сот 

Республика  Президентінің,  Министрлер  кеңесі  мүшелерінің,  Атазаңдық  сот 

төрағасы  мен  мүшелерінің,  Жоғары  апелляциялық  соттың,  Мемлекеттік 

кеңестің,  Жоғары  әскери  апелляциялық  соттың,  Жоғары  әскери  әкімшілік 

соттың, 

олардың 


бас 

прокурорларының, 

Республика 

прокуроры 

орынбасарларының, сонымен бірге Судьялар мен прокурорлар жоғары кеңесінің 

төрағасы  мен  мүшелерінің  және  Есеп  судьясының  міндеттерін  орындауларына 

байланысты қылмыстары туралы істерді қарайды. 

(Қосымша  тармақ:  12/9/2010-5982/18)  Бас  штабтың  басшысы,  жаяу  әскер 

армиясының,  әскери-теңіз  флоты  және  әскери-әуеәуе  күштері  армиясының 

басшылары,  сондай-ақ  Жандармерия  Бас  қолбасшысы  қызметтік  міндеттерін 

орындау кезінде жасаған қылмыстары үшін Атазаңдық сотта сотталады. 

Жоғары  соттағы  прокурордың  міндеттерін  Республика  Бас  прокуроры 

немесе оның орынбасары орындайды. 

(Өзгеріс:  12/9/2010-5982/18)  Шешімді  қайта  қарауға  өтініш  берілуі 

мүмкін.  Алайда  Бас  Кеңестің  шығарған  жаңа  шешімі  соңғы  шешім  болып 

табылады. 

Атазаңдық сот Атазаңмен өзіне жүктелген басқа да қызметтерді атқарады. 

4. Сотта істі қарау тәртібі мен сот ісін жүргізу рәсімі 

149-БАП. (Өзгеріс: 12/9/2010-5982/19) 

Атазаңдық  сот  екі  бөлімнен  және  Бас  Кеңестен  тұрады.  Бас  Кеңес 

мәжіліске  төраға  бар  болса  немесе  төрағаның  нұсқауы  бойынша  оның 

орынбасары мен соттың он екі мүшесі жиналады және басым көпшілік дауыспен 

шешімдер  қабылдайды.  Жекелеген  өтініштерді  қарау  үшін  комиссия  құрылуы 

мүмкін. 


Саяси  партияларға  қатысты  істерді  сот  өндірісіне  қабылдау  немесе 

олардан  бас  тарту  ісі  Жоғарғы  сот  ретінде  Бас  кеңесте  қаралады,  ал  жеке 

тұлғалардың өтініштеріне қатысты істер бөлімдерде қаралып, шешіледі. 

Атазаңдық  түзетулерді  жою,  саяси  партияларды  жабу  туралы  немесе 

Мемлекеттік  көмекті  тоқтату  жөніндегі  шешімдер  үштен  екі  дауыспен 

қабылданады. 

Атазаңдық сот бірінші кезекте заң нысанын бұзуға негізделген арыздарды 

қарап, шешім қабылдайды. 

Атазаңдық  соттың  құрылымы,  Бас  кеңес  пен  бөлімдердің  айыптау 

рәсімдері,  Төрағаның,  төраға  орынбасарлары  мен  мүшелерінің  тәртіптік  істері 

заңмен  реттеледі;  сот  жұмысының  негіздері,  қалыптастыру,  бөлімдер  мен 

комиссиялардың міндеттерін бөлу Сот әзірлеген Регламентпен реттеледі. 

Атазаңдық  соттың  Бас  кеңесінде  Жоғарғы  сот  ретінде  саяси  партияларға 

қатысты  істерден  бас  тарту  немесе  оларды  сот  өндірісіне  қаьыолауға  қатысты 

істер  қаралады,  ал  бөлімдерде  жеке  арыздарға  қатысты  істер  қаралып,  олар 

бойынша  шешімдер  шығарылады.  Атазаңдық  сот  Жоғарғы  сот  ретінде  қызмет 

атқарған жағдайлардан  басқа  істерді жазбаша дәлелдемелері  негізінде қарайды. 

Алайда  сот  қажет  деп  есептеген  жағдайда  ол  іске  қатысы  бар  және  сот  ісіне 

қатысты ақпаратты білетін тұлғалардың ауызша түсіндірмелері мен талаптарын 


саяси партияны таратуға негіз ретінде қарау үшін шақыра алады; сонымен бірге 

Атазаңдық сот партияны тарату туралы қарауда жатқан мәселе бойынша партия 

басшысының  немесе  партия  жетекшісі  тағайындаған  өкілдің  қарсылығын 

Республика Бас прокурорынан кейін тыңдай алады. 



5. Актіні жою туралы істер 

150-  БАП.  Республика  Президентінің,  басқарушы  және  оппозициялық 

партиялардың  парламенттегі  топтарының,  сонымен  бірге  Түркия  Ұлы  Ұлттық 

Мәжілісі  мүшелері  жалпы  санының  кемінде  бестен  бір  бөлігінің  Атазаңдық 

сотқа  нысаны  бойынша  Атазаңға  сәйкеспейтін  заңдарды,  заң  күші  бар 

қаулыларды, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Регламентін немесе оның бірнеше 

баптары  мен  ережелерін  жою  туралы  өтініш  бідіруге  құқықтары  бар.  Егер 

билікте  бірнеше  саяси  партия  болатын  болса,  Атазаңға  сәйкеспейтін  актілерді 

жою туралы өтінішті парламенттегі саны көп партияның білдіруге құқығы бар. 



6. Актіні жою туралы істердің мерзімі 

151-  БАП.  Актіні  жою  туралы  істер  бойынша  Атазаңдық  сотқа  тікелей 

жүгіну үшін қарсы болған заңның, заң күші бар қаулының немесе Регламенттің 

ресми хабаршыда жарияланғанынан кейін 60 күн өтуі керек. 

7. Басқа соттардың Атазаңға сайкес келмейді деп табуы 

152-  БАП.  Егер  сот  ісін  қараушы  судья  қолданылған  заңды  Атазаңға 

сәйкес  келмейді  деп  тапса,  немесе  егер  судьяның  тараптардың  бірінің  берген 

талап  арызы  дәлелінің  Атазаңдық  еместігіне  көзі  жетсе,  ол  бұл  мәселені 

Атазаңдық сот шешпейінше, сот ісін қарауды кейінге шегере тұруы керек. 

Егер  судьяның  талап  арыз  дәлелінің  Атазаңдық  еместігіне  көзі  жетпесе, 

онда  негізгі  шешіммен  бірге  кассациялық  сатыға  сәйкес  соңғы  шешім 

қабылданады. 

Атазаңдық сот аталған мәселе бойынша шешім қабылдап, істі алған сәттен 

бастап  бес  ай  ішінде  көпшілікке  хабарлайды.  Егер  осы  кезең  ішінде  ешқандай 

шешім  қабылданбаса,  онда  сотта  істі  қарау  қолданыстағы  заң  нормалары 

бойынша  аяқталады.  Алайда  егер  қаралған  іс  бойынша  шешім  соңғы  болып 

табылса, сот оны орындауға міндетті. 

Атазаңдық  сот  шешімінің  ресми  хабаршыда  жарияланғанынан  кейін  он 

жыл  өткенге  дейін  қолданыстағы  заң  мазмұнының  Атазаңға  сәйкеспейтіндігі 

туралы ешқандай шағым жасала алмайды. 

8. Атазаңдық сот шешімдері 

153-  БАП.  Атазаңдық  сот  шешімдері  соңғы  шешім  болып  табылады. 

Актіні  жою  туралы  шешімдер  жазбаша  себептері  көрсетілмесе,  жариялана 

алмайды. 

Заңдарды  немесе  заң  күші  бар  қаулыларды  толықтай  немесе  олардың 

жекелеген ережелерін жою барысында  Атазаңдық сот заң шығарушы органның 

қызметін  орындай  және  жаңа  тәжірибеге  жетелейтін  шешімдер  қабылдай 

алмайды. 

Заңдар,  заң  күші  бар  қаулылар  немесе  Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісінің 

Регламенті  немесе  олардың  жекелеген  ережелері  өз  әрекеттерін  ресми 

хабаршыда  актіні  жою  туралы  шешім  жарияланған  сәттен  бастап  тоқтатады. 

Егер қажет деп табылса, Атазаңдық сот актіні жою туралы шешімнің күшіне ену 


мерзімін  белгілей  де  алады.  Бұл  ресми  хабаршыда  шешім  жарияланған  күннен 

бастап бір жылдан аспайтын мерзім болуы керек. 

Түркия  Ұлы  Ұлттық  Мәжілісі  бұл  мерзім  өзгерген  жағдайда  бірінші 

кезекте  нәтижесі  актіні  жою  туралы  шешім  қабылдау  болып  табылатын  заңды 

олқылықтардың орнын толтыруға қабілетті заң жобасы немесе заңға енгізілетін 

ұсыныстар бойынша талқылау өткізіп, шешім қабылдайды. 

Актіні жою туралы шешімнің кері күші болмайды. 

Атазаңдық  сот  шешімдері  тез  арада  ресми  хабаршыда  жарияланады  әрі 

заң  шығарушы,  атқарушы  және  сот  органдары,  әкімшілік  сатылар  мен  заңды 

тұлғалар үшін міндетті болып табылады. 



B. Жоғары апелляциялық сот 

154-  БАП.  Жоғары  апелляциялық  сот  -  заңға  сәйкес  басқа  сот  сатысына 

берілмейтін  сот  органдарына  шығарылған  шешімдерді  қарап,  оларды  шешу 

жөніндегі  соңғы  сатыдағы  сот.  Ол  сонымен  бірге  заңда  көрсетілген  істер 

бойынша бірінші және соңғы сатыда әрекет етеді. 

Жоғары апелляциялық сот мүшелеріне Жоғары Кеңес бірінші дәрежедегі 

Республика  судьялары  мен  прокурорларының  ішінен  судьялар  мен 

прокурорларды,  сонымен  қатар  осы  мамандықа  жататын  тұлғаларды  жалпы 

мүшелер санының басым көпшілігінің даусымен сайлайды. 

Төрағаны,  төрағаның  орынбасарын,  бөлімшелердің  мүшелерін  Жоғары 

апелляциялық сот кеңесінің толық құрамы жиналып, жеке мүшелері ішінен төрт 

жылға жасырын дауыс беріп және жалпы мүшелер санының басым көпшілігінің 

даусымен сайлайды; олардың өкілеттік мерзімдері біткеннен кейін қайта сайлана 

алады. 

Республика  Президенті  Республика  Бас  прокуроры  мен  Республика  Бас 



прокурорының  орынбасарын  әрбір  орынға  Жоғары  апелляциялық  сот  кеңесі 

толық  құрамының  жеке  мүшелерінен  жасырын  дауыспен  белгіленіп  ұсынылған 

бес  кандидат  ішінен  төрт  жылға  тағайындайды.  Олар  өкілеттік  мерзімдерінің 

соңында қайта сайлана алады. 

Жоғары апелляциялық сот құрылымы, төрағаны, төрағаның орынбасарын, 

бөлімшелер  басшыларын  және  олардың  мүшелерін,  сондай-ақ  Республика  Бас 

прокуроры мен Республика Бас прокурорының орынбасарын сайлау тәртібі мен 

олардың қызметтері соттардың тәуелсіздігі мен судья кепілдіктерін қамтамасыз 

ету қағидаттарына сәйкес заңмен реттеледі. 

C. Мемлекеттік Кеңес 

155-  БАП.  Мемлекеттік  Кеңес  заңға  сәйкес  басқа  әкімшілік  соттарға 

жатпайтын  әкімшілік  соттарының  қабылдаған  шешімдерін  қарау  үшін  соңғы 

саты болып табылады. Ол сонымен бірге заңда көрсетілген белгілі бір істер үшін 

бірінші және соңғы саты болып табылады. 

(Өзгеріс:  13/8/1999-  4446/3  бап)  Мемлекеттік  Кеңес  әкімшілік  істерді 

қарастырады, Премьер-Министр мен Министрлер кеңесі берген заң жобаларына 

қатысты  пікірлерді  анықтайды,  коммуналдық  қызметтерге  байланысты 

нұсқаулық  жобаларын  және  келісімшарт  талаптарын  зерттейді,  сәйкесінше 

жеңілдіктер  береді  әрі  екі  айдың  ішінде  өз  көзқарасын  білдіреді,  әкімшілік 

дауларды реттейді және заңда көрсетілген басқа да міндеттерді орындайды. 



Мемлекеттік  Кеңес  мүшесінің  төрттен  үш  бөлігін  Судьялар  мен 

прокурорлардың  жоғары  кеңесі  бірінші  дәрежелі  әкімшілік  судьялары  мен 

прокурорларының  ішінен  немесе  осы  мамандыққа  жататын  тұлғалардан 

тағайындайды;  мүшелердің  төрттен  бірін  Республика  Президенті  заңда 

көрсетілген талаптарға жауап беретін лауазымды тұлғалардан тағайындайды. 

Төрағаны,  Бас  прокурорды,  төрағаның  орынбасары  мен  Мемлекеттік 

Кеңес  бөлімшелерінің  басшыларын  Мемлекеттік  Кеңестің  толық  құрамы 

жиналып,  жеке  мүшелері  ішінен  жалпы  мүшелер  санының  басым  көпшілігінің 

жасырын  даусымен  сайлайды.  Олар  өкілеттік  мерзімдерінің  соңында  қайта 

сайлана алады. 

Төрағаның,  Баспрокурордың,  төрағаның  орынбасары  мен  бөлімшелер 

басшыларының  және  Мемлекеттік  Кеңес  мүшелерінің  құрылымы,  жұмыс 

істеулері,  біліктіліктері  және  оларды  сайлау  тәртібі  әкімшіліктің  заңды 

құзырының  ерекшелігіне,  сонымен  қатар  соттардың  тәуелсіздігі  мен  судья 

кепілдіктерін қамтамасыз ету қағидаттарына сәйкес заңмен реттеледі. 

D. Жоғары әскери апелляциялық сот 

156- БАП. Жоғары әскери апелляциялық сот - әскери соттар қарастырған 

істерді  қарау  және  шешу  жөніндегі  соңғы  саты.  Ол  сонымен  бірге  әскери 

қызметкерлерге  қатысты  заңда  көрсетілген  белгілі  бір  істер  үшін  бірінші  және 

соңғы саты болып табылады. 

Республика  Президенті  Жоғары  әскери  апелляциялық  сот  мүшелерін 

Жоғары  әскери  апелляциялық  сот  кеңесінің  толық  құрамын  жинап,  бірінші 

дәрежелі  әскери  судьялардың  әрбір  бос  орынға  ұсынған  үш  үміткерінің  ішінен 

жасырын дауыс беру арқылы және жалпы мүшелер санының басым көпшілігінің 

даусымен тағайындайды. 

Жоғары  әскери  апелляциялық  сот  төрағасы,  Бас  прокурор,  төрағаның 

орынбасары  мен  бөлімшелердің  басшылары  Жоғары  әскери  апелляциялық  сот 

мүшелерінің топтары мен атақтарына сәйкес тағайындалады. 

(Өзгеріс: 12/9/2010-5982/20) Жоғары әскери апелляциялық сот құрылымы, 

қызмет  етуі,  сонымен  қатар  сот  мүшелігіне  қатысты  қызметкерлер  құрамы  мен 

тәртіп мәселелері соттардың тәуелсіздігі мен судья кепілдіктерін қамтамасыз ету 

қағидаттарына сәйкес заңмен реттеледі. 



E. Жоғары әскери әкімшілік апелляциялық соты 

157-  БАП.  Жоғары  әскери  әкімшілік  апелляциялық  соты  әскери 

қызметкерлерге  немесе  әскери  қызметке  қатысты  әкімшілік  әрекеттер  мен 

әрекеттер нәтижесінде туған дауларды, тіпті ол әрекеттер мен актілер азаматтық 

билік тарапынан орындалса да, сот қадағалауын жүзеге асырушы алғашқы және 

соңғы саты болып табылады. Алайда нәтижесі әскери міндеттемелерді орындау 

болып  табылатын  даулар  кезінде  оған  қатысқан  тұлғаның  әскери  қызметші 

болуын міндеттейтіндей ешқандай шарттар талап етілмейді. 

Жоғары  әскери  әкімшілік  апелляциялық  сотының  мүшелерін  Республика 

Президенті  тағайындайды:  төраға  мен  бірінші  дәрежелі  әскери  судьялардан 

болған  сот  мүшелерінің  әрбір  бос  орынға  ұсынған  үш  үміткерінің  ішінен 

жасырын дауыс беру арқылы және жалпы мүшелер санының басым көпшілігінің 

даусымен әскери судьялар тағайындалады; заңда көрсетілген бірінші топқа және 

біліктілікке  сәйкес  лауазымды  тұлғалардан  әрбір  бос  орынға  Бас  штаб 


басшысының  ұсынған  үш үміткерінің ішінен  әскери  судья  болып  табылмайтын 

сот мүшелері тағайындалады. 

Әскери судья болып табылмайтын сот мүшелерінің өкілеттік мерзімі төрт 

жылдан аспауы керек. 

Төраға,  Бас  прокурор  және  сот  бөлімшелерінің  басшылары  шені  мен 

атағына сәйкес әскери судьялардың ішінен тағайындалады. 

(Өзгеріс:  12/9/2010-5982/21)  Жоғары  әскери  әкімшілік  апелляциялық 

сотының  құрылымы,  жұмыс  істеуі,  рәсімдері,  оның  мүшелеріне  қатысты 

тәртіптік  және  басқа  да  мәселелер  соттардың  тәуелсіздігі  мен  судья 

кепілдіктерін қамтамасыз ету қағидаттарына сәйкес заңмен реттеледі. 



G. Келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі сот 

158-БАП.  Келіспеушіліктерді  реттеу  жөніндегі  сот  сот  органдарының, 

әкімшілік  және  әскери  соттардың  арасындағы  олардың  заңды  құзырлары  мен 

шешімдеріне  қатысты  дауларда  соңғы  шешім  қабылдауға  уәкілетті  болып 

табылады. 

Келіспеушіліктерді  реттеу  жөніндегі  сотты  ұйымдастыру,  мүшелерінің 

біліктіліктері, оларды сайлау тәртібі, сонымен қатар олардың қызметтері заңмен 

реттеледі.  Бұл  сот  төрағасының  қызметін  Атазаңдық  сот  тағайындаған  мүше 

жүзеге асырады. 

Атазаңдық  сот  пен  басқа  да  соттардың  арасындағы  олардың  өзара  заңды 

құзырлары туралы келіспеушіліктері кезінде Атазаңдық сот шешімі басымдыққа 

ие болып табылады. 

III. Судьялар мен прокурорлардың Жоғары кеңесі 

159-БАП. (Өзгеріс: 12/9/2010-5982/22) 

Судьялар  мен  прокурорлардың  Жоғары  кеңесі  судьялардың  тәуелсіздігі 

мен судьяларға кепілдікті қамтамасыз ету принциптеріне сәйкес құрылады және 

өзінің функцияларын жүзеге асырады. 

Судьялар  және  прокурорлардың  Жоғары  кеңесі  үш  округ  жүйесінде 

жұмыс    істейді  және  жиырма  екі  толық  және  он  екі  ауыстыратын  қосымша 

мүшелерден тұрады. 

Кеңестің Төрағасы - Әділет министрі. Министрдің орынбасары лауазымы 

бойынша  Кеңестің  мүшесі  болып  табылады.  Кеңестің  төрт  негізгі  мүшесін 

Республика  Президенті  заңда  көрсетілген  ерекшеліктеріне  сай  жоғары  оқу 

орындарында  юриспруденция  саласында  қызмет  атқаратын  адвокаттар  мен 

оқытушылар арасынан  төрт жылға  сайлайды. Үш негізгі және  үш ауыстырушы 

мүшені төрт жылға, Жоғары апелляциялық сот өз мүшелері арасынан әрбір бос 

орынға  толық  Мәжіліс  арқылы  ұсынады.  Екі  негізгі  және  екі  ауыстырушы 

мүшені Мемлекеттік Кеңес төрт жылға әрбір бос орынға толық Мәжіліс арқылы 

ұсынады.  Бір  негізгі  және  бір  ауыстырушы  мүшені  төрт  жылға,  өз  мүшелері 

арасынан Әділет Академиясының кеңесі әрбір бос орынға ұсынады. Жеті негізгі 

және  төрт  ауыстырушы  мүшені  төрт  жылға,  әрбір  бос  орынға  апелляциялық 

соттың  бірінші  дәрежелі  судьялар  мен  прокурорлары  тарапынан  бірінші 

дәрежесінен айырылмаған судьялар мен прокурорлар арасынан ұсынылады. Үш 

негізгі  және  екі  ауыстырушы  мүше  төрт  жылға,  әрбір  бос  орынға  әкімшілік 

соттың  бірінші  дәрежелі  судьялар  мен  прокурорлары  тарапынан  бірінші 



дәрежесінен  айырылмаған  судьялар  мен  прокурорлар  арасынан  ұсынылады. 

Олар өз өкілеттіктері мерзімі соңында қайта сайлануы мүмкін.

15

 

Кеңеске  мүшелерді  сайлау  Кеңес  мүшелері  лауазымының  мерзімі  бітетін 



күнге  алпыс  күн  қалғанда  өтеді.  Президент  тарапынан  сайланған  мүшелердің 

орындары  уақытынан  бұрын  босаған  жағдайда,  орын  босаған  күннен  кейін 

алпыс  күн  ішінде  жаңа  мүшелердің  сайлауы  өтеді.  Толық  мүше  басқа  орынды 

босатқан  жағдайда  оны  ауыстыратын  мүше  оның  мерзімін  соңына  дейін 

атқарады. 

Кеңес  сайлауында  Апелляциялық  сот,  Жоғары  Кеңес  және  Әділет 

Академиясы кеңесінің мүшелері, Әкімшілік және Апелляциялық соттың бірінші 

дәрежелі  судьялары  мен  прокурорлары  дауыс  береді,  ал  көп  дауыс  жинаған 

кандидаттар  негізгі  және  ауыстырушы  мүше  болып  сайланады.  Бұл  сайлаулар 

бір кезең ішінде бір рет жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.

16

 

Әділет  министрі  мен  министрдің  орынбасарынан  басқа  Кеңестің  негізгі 



мүшелері  өз  қызметі  кезеңінде  заңда  көрсетілген,  Кеңестің  тағайындауымен 

басқа  қызметке  тағайындауды  қоспағанда,  басқа  қызметпен  айналыса  алмайды 

және сайлана алмайды. 

Кеңесті басқару және оның атынан өкілеттік ету Кеңес басшысына тиесілі. 

Кеңес  Басшысы  округтардың  істеріне  қатыспайды.  Кеңес  өз  мүшелері  ішінен 

округтер  басшысын  сайлайды  және  округтер  басшысы  ішінен  -  Кеңестің 

басшысының  орынбасарларын  сайлайды.  Басшы  өз  өкілеттіктерін  жартылай 

орынбасарларына бере алады. 

Судьялар мен прокурорлар Жоғары кеңесі, сот органдары және Әкімшілік 

соттарының  судьялары  мен  прокурорларын  мамандығы  бойынша  бекіту, 

тағайындау, орнын ауыстыру,  уақытша өкілеттіктерді жүктеу, қызмет бойынша 

өсу  және  бірінші  сыныпты  беру,  қызмет  бөлісу,  өз  кәсібін  тастау  орынды 

болмайтын мамандарға қатысты шешім шығару, жаза қолдану шарасын алу мен 

лауазымдық  қызметінен  босатуға  қатысты  мәселелерді  қарайды.  Кеңес  Әділет 

министрлігінің  ұсыныстары  бойынша  сот  және  прокурорлардың  міндеттеріне 

немесе 


құрамындағы 

өзгерістерге 

қатысты, 

сондай- 


ақ 

соттардың 

юрисдикциясына  қатысты  түпкілікті  шешім  қабылдайды.  Сондай-ақ  Кеңес 

Атазаң мен заңдардың оған беретін функцияларын атқарады. 

Кеңес судьялар мен прокурорлар заңға, жарғыға, ереже мен жарлықтарға 

сәйкес  (әкімшілік  сипаттағы  судьялар  үшін)  жұмыс  істей  ме,  өз  қызметтерін 

атқару барысында қылмыс жасай ма, олардың мінез-құлқы өкілеттіктерінен асып 

кетпей  ме,  қажет  болғанда  мүдделі  округ  ұсынысымен  және  Судьялар  мен 

прокурорлардың  Жоғары  кеңесі  басшысының  мақұлдауымен  Кеңестің 

инспекторлары тарапынан тергеу басталып, жауап алынады. Тергеу және жауап 

                                                           

15

  Бул  бабтын  үшүншү  айтылымындагы  «құқық»  айтылымынан  кейінгі  «...экономика  және  сайаси 



гылымдар...»  айтылымы    және  сол  айтылымдағы  «үниверстет  кадрлары»  айтылымынан  кейінгі 

«.....жогары мәртебелі акімшілер....» айтылымдары Атазаң Сотынын 7/72010 жылы Е: 2010/49, К: 2010/87 

нөмірді шешімі мен жойылган. (Р.Г.:1/8/2010,Кайта басылым 27659) 

16

 Бул бабтын бірінші айтылымындагы «әр бір судья мен прокурордын» айтылымынан кейінгі «...бірак әр 



бір үміткер үшін...» айтылымы    Атазаң  Сотынын 7/72010  жылы  Е: 2010/49, К: 2010/87  нөмірді шешімі 

мен жойылган. (Р.Г.:1/8/2010,Кайта басылым 27659) 

 


алу тергелетін адамның лауазымынан жоғары лауазым атқарып отырған адамға 

тапсырылуы мүмкін. 

Кеңестің  шешімі,  қызметінен  босатуды  қоспағанда,  ешбір  сот  жоғары 

тұоған орынға шағымдануға жатпайды. 

Кеңес  жанынан  Бас  хатшылық  құрылады.  Бас  хатшыны  Кеңес  Басшысы 

Кеңес  ұсынатын  бірінші дәрежелі судьялар мен прокурорлар  болып  табылатын 

үш кандидат арасынан тағайындайды. Кеңесте тұрақты немесе  уақытша жұмыс 

істеу  үшін  олардың  келісімімен  инспекторлар,  судьялар  және  прокурорларды 

тағайындау өкілеттігі Кеңеске тиесілі. 

Әділет  министрлігі  орталық  аппарат  пен  Әділет  министрлігі  жанындағы 

әділет  инспекторларын,  судьялар  мен  прокурорларды,  сондай-ақ  судьялар  мен 

прокурорлар  арасынан  ішкі  байқаушыларды  тұрақты  немесе  уақытша  жұмыс 

істеу үшін олардың келісімімен тағайындау өкілеттігі Әділет министріне тиесілі. 

Кеңеске  мүшелерді  сайлау,  округтердің  жұмысы  мен  Бас  хатшылықтың 

құрылымы  мен  өкілеттіктеріне  қатысты  округтердің  жұмысын,  Кеңес  пен 

округтер  міндеттемелерін,  Мәжілістерді  ұйымдастыру,  шешімдер  қабылдау, 

жұмыстың  негізі  мен  рәсімдері,  қарсылықты  қарастыру  рәсімдері  заңмен 

реттеледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет