1.3. Мәдениет және өркениеттің қайшылықтары, дәстүр мен
жаңашылдық үрдістері.
Біздің заманда мәдениет және өркениет, олардың айырмашылығы
мен қарым-қатынасы туралы тақырыптан өткір ештеңе жоқ. Бұл
танымға да, өмірге де қатысты, себебі ол келешек тағдырымызбен
байланысты. Адамзатты тағдырдан артық ешнәрсе қобалжыта
алмайды. Тарих белестерінде, күйзеліс пен қирау уақытында халықтар
мен мәдениеттердің тарихи тағдырының жүрісі туралы терең ойлау
үлкен қажеттілікке айналады.
Өркениет сөзі көне кезеңнен бері қолданылып келе жатса да, бұл
ұғымға әлі күнге дейін дау тудырмайтындай бірде-бір анықтама
берілмеген. Әрбір дәуірде аталмыш ұғымға сол кезеңнің ойлау деңгейіне
сай түсініктемелер беріліп отырды. Ал бүгінгі таңдағы философиялық
дискурс шеңберінде өркениет дегеніміз әлемдік діндер мен өнер, құқық,
мораль жүйесінен орын алып, әмбебеп құндылықтар негізінде
қалыптасатын әлеуметтік-мәдени қауымдастық ретінде түсіндірілуде.
Сондықтан "өркениет" ұғымы қазіргі таңда тұрақты терминологиялық
статусқа ие болып, өркениеттер теориясы тұрғысында қарастырылуда
деп толық сеніммен айта аламыз.
Өркениет ұғымының этимологиялық мәнісіне келсек, философиялық
сөздікте өркениет латынның азаматтық, қоғамдық немесе қала тұрғыны,
қалалық өркениет деген сөзінен шыққан деген анықтама берілген. Осы
орайда көне грек тарихшысы Страбонның: "өркениет болу үшін бір ғана
қаланың болуы жеткілікті", – деген ойы анықтамамызды толықтыра
түсетін сияқты. Ал, бұл терминді XVІІІ ғасырда аталмыш ғылым
саласына тұңғыш рет енгізген А. Фергюссон болды. Шотланд ғалымы
Адам Фергюссон "Опыт истории гражданского общества" деген
еңбегінде адамзат мәдениетінің дамуына жалпы концепция жасауға
ұмтылады. Ғалымның пікіріне сүйенсек, қоғамдық даму дегеніміз
адамдардың "өмір сүру тәсілінің " өзгеруі. Сонымен қатар тарихты
эволюциялық үдеріс ретінде қарастыра отырып, А. Фергюссон оны үш
53
кезеңге бөледі: бірінші, екінші кезеңге жабайы және варвар ұғымдары
тән десе, үшінші кезеңге "азаматтық", "саяси құрылыс" мағынасында
өркениет ұғымын қолданады [53, 17 б.]. Ал Л. Морганның еңбектерінде
өркениет қоғам дамуының ерекше дәрежесі мен халықтың тұрмыс-
тіршілігінің жаңа сипатымен өзара байланыста қарастырылады. Н.А.
Бердяев өркениеттің құлдырап, тоқырауға ұшырауы – мәдениет
ақырының жалғыз ғана жолы емес деп санайды. Орыс ғалымы
өркениетке мынадай анықтама береді: "өркениет дегеніміз өмірлік
мүдде-мақсаттарды өмірлік әдістермен, өмірлік құралдармен жүзеге
асыру болып табылады" [54, 169 б.]. Түрік мәдениеттанушысы Зия
Көкалыптың пікірінше, "мәдениет ұлттық категория да, ал өркениет
халықаралық категория. Мәдениет бір ғана ұлттың, діни, адамгершілік,
құқық, ой-сана, эстетика, тіл, экономика және тұрмыс тіршілігінің
жиынтығы. Ал өркениет болса, дамудың ортақ деңгейінде тұрған
көптеген қоғамдық өмірдің жиынтығы болып табылады" [55, 26 б.].
Сондай-ақ бүгінгі таңда өркениет пен мәдениетке философиялық
тұрғыдан анықтама берудің ғылыми науқанынан қазақ ғалымдары да
тысқары қалмай, белсенділік танытып отырғандығы да белгілі. Мысалы,
қазақ философиясын зерттеуші Сәбетқазы Ақатай "өркениет – сыртқы
дүние, ноосфера біздің қолымыздан жасалған қоршаған орта: машина,
ғимарат, қондырғы, зымыран, ұшақ, киім-кешек, ішіп-жем т.т, ал
мәдениет – адамның ішкі дүниесі, сезімі, пайымы, көзқарасы, жан-
сыры, рухани тіршілігі, "сізі мен бізі" десе [56, 79 б.], тарихшы Манаш
Қозыбаев "өркениет шындығына келгенде мәдениет. Өркениет тірнек
(материалды), көрнек (рухани) мәдениеттерінің ұзақ мерзімді тарихи
дамуының нәтижесі" деген тұжырымға келеді [57, 16 б.]. Жалпы адамзат
тарихын мәдени және өркениеттік тұрғыда саралайтын ғалымдар саны
аз емес. Біздің санамызда өркениет ұғымы тек батыс ойшылдарына ғана
тән деген түсінік қалыптасқан, алайда сонау XІV ғасырдың өзінде араб
ғалымы Ибн Халдуннің өркениеттік даму туралы айтқан ойларын батыс
ойшылдарымен қатар қарастырғанымыз орынды.
О. Шпенглер өркениет көрінген мәдениеттің соңы деп сынаған, ал
өркениет өліп тынады. Барлық мәдениетте көркею, күрделену және
нақтылаудан кейін шығармашылық күштің сарқылуы, рухтың
аластауы мен сөнуі басталады. Мәдениеттің бүкіл бағыттары өзгереді,
ол өзінің қуаттылығын нақтылы іске асыруға, жер бетіне жайылып
өмірді практикада ұйымдастыруға ұмтылады. Нақтылы «өмірдің»
өзіне, «өмірдің» практикасы, күші мен қызығына бағытталған ерік
туады, «өмірге» билік ету ұмтылысы оянады. Күнделікті «өмірге»
арналған осы ерік-жігер мәдениетті аңсатады, оның өлуіне жеткізеді.
Мәдениеттің көркею кезеңі нақтылы өмірге табынудың ерік-
жігерін шектеуді талап етеді, өмірге құштарлықты тыюға жетелейді.
Мәдениет жаңа өмірді, жаңа болмысты орнату емес, ол бірінші
54
кезекте жаңа құндылықтарды игеру. Олар танымда, философия мен
ғылыми кітаптарда – ақиқат, әдет-ғұрып, қоғамдық қатынас;
моральда, құқылық заңдарда – игілік, ән-күй, өлең, сурет,
архитектура, театрда – сұлулық болып беріледі. Шығармашылық акт
төменгі әлеуметтік топтарға тарайды. Жаңа өмір жоғарғы болмыста,
бейне мен рәміздерде беріле бастайды. Танымдағы шығармашылық
ғылыми кітаптарда, көркемдік шығармашылық акт догматтар мен
символдық шіркеу құрылымында (онда аспандағы, о дүниедегі
бағыныштылық тек ұқсастық күйде берілген) көрініс табады.
Мәдениеттің ішкі диалектикалық қозғалысы, өзінің кристалданған
формаларымен, міндетті түрде жаңаны мәдениет шеңберінен шығаруға
итермелейді, өмірге құштарлық практикада тарайды. Осы жолмен
мәдениет өркениетке өтеді.
Өмірге құштарлық бұқара халық арасында кең тарағанда мақсат
жоғарғы рухани мәдениетке ұмтылуын тоқтатады, соңғысы әрқашан
аристократтық, саны емес сапалығымен құнды. Мақсат күнделікті
өмірге, оның практикасы, өмір күші мен бақытқа бағытталады.
Мәдениет өзіндік құндылық болудан қалады, сондықтан мәдениетке
деген ерік-жігер тоқтайды. Мәдениет жоғарғы деңгейде қала алмайды,
міндетті түрде төмен құлдырайды. Әлеуметтік энтропия басталады,
мәдениеттің шығармашылық энергиясы шашырап күші кетеді.
Мәдениетті жасаушылардың рухындағы мақсат пен міндеттердің іске
асыруы мәдениеттің шексіз дамып жетілуін тоқтатады.
Мәдениеттің ерекше гүлденуін біз XVIII ғ. соңы мен ХІХ ғ.
басында Германияда көреміз. Аса дарындылыққа ұмтылу жігерін басқа
тарихи кезеңде көру өте қиын. Германия осы кезде «ақындар мен
философтар» деген атышулы елге айналды. Аздаған онжылдықтарда
әлем Гердер, Гете мен Шиллер, Кант пен Фихте, Гегель мен Шеллинг,
Шлейермахер мен Шопенгауэр, Новалис және бүкіл романтиктерді
таныды. Келесі тарихта осы әлемдік мәні бар кезеңге үлкен
қызғанышпен қарады. Виндельбанд, мәдениеттің өшу заманындағы
философ, осы кезді рухани құндылық пен дарындылықтың уақыты
деп, жоғалған жұмақ ретінде таниды. Ал нақтылы өмір сол кездегі
Германияда кедей, мешандық қыспақта болғанын әркім де біледі.
Еуропа тарихында шығармашылықтың шыңына жеткен
Ренессанс дәуірінде де нақтылы өмір адам шошырлық, қатыгез
болды. Леонардо да Винчи мен Микеланджело өмірлері түгелдей азап
пен трагедияда өтті. Бұл әрқашан осылай, мәдениет өмірдің үлкен
сәтсіздігі болып келеді. Бұны өмір мен мәдениеттің қарама-қарсылығы
десе де болады. Өркениет өмірді қалыптастыруға ұмтылады, әлемдік
билік пен ұйымдасуды қалайды. Бірақ енді сол қуатты Германияда Гете,
ұлы неміс идеалистері мен романтиктері, асқақтаған философия,
Ренессанстық өнер т.б. қайтып көркеймейді – бәрі де техникалық
55
күйге көшеді, философиялық ойлар гнесеологияда, өнерде
техникалыққа айналады. Шекспир мен Байронның болуы, Италияда
Данте мен Петрарканың болуы енді мүмкін болмай қалады. Бұл
мәдениеттің трагедиясы, және өркениеттің де трагедиясы.
Мәдениет наным, рәміздермен байланысты, діни сенімнен
басталады. Ол осы культтің мазмұнын жан-жақты айқындау,
жіктеуден шығады. Философиялық ойлар, ғылыми таным, сәулет,
сурет, мүсін, ән, өлең, мораль – органикалық біртұтастық қалыпта, әлі
бөлінбеген, ашылмаған түрде діни культта қалыптасқан. Ең ежелгі
мемлекеттің бірі Египетте мәдениет Храмда басталды, оны
жасаушылар абыздар болды. Мәдениет ата-баба культі? өсиеті және
дәстүрмен байланысты. Ол киелі символдарға толы, онда өзгеше
рухани шындықтың белгілері мен нұсқалары берілген. Барлық
мәдениет, тіпті материалдық болса да – рух мәдениеті: көрінген
мәдениеттің рухани негізі бар, ол рухтың табиғат стихияларына
бағытталған шығармашылық жұмысының нәтижесі. Бірақ
мәдениеттің өзінде осы діни және рухани негіздерді бөлшектеуге,
символдарды жоюға бағытталған тенденциялар бар. Антикалық және
батыс еуропалық мәдениеттер «ағартушылық» үрдістен өтті, онда
діни ақиқаттардан арылу, мәдениеттің символдарын ыдырату жүрді.
Мұнда мәдениеттің тағдырдан қаша алмайтын диалектикасы
байқалады. Мәдениетке, белгілі-бір кезеңінде, өзінің негіздеріне
күмән келтіріп, оны бөлшектеу тән. Сөйтіп ол өзінің өмірлік
бастауларынан бөлініп өз өлімін дайындайды. Өз рухын жоғалтып,
энергиясын шашыратып алады. «Органикалық» сатысынан ол
«сыншылдық» сатыға өтеді.
Мәдениет тірі үрдіс, тірі халықтардың тағдыры. Бірақ мәдениет
өзінің гүлденген кезеңіндегі орталық биіктік деңгейінде сақтала
алмайды, оның тұрақтылығы мәңгі емес. Мәдениеттің барлық тарихи
типтерінде үзіліс, кері кету байқалады, осы қашып құтыла алмайтын
күйге өту жағдайын «мәдениетті» деп атай алмайсың. Мәдениеттің
өз ішінде жаңа «өмірге», билік пен қуаттылыққа, практикаға, бақыт
пен рахаттылыққа аса зор ынтық-жігер байқалады. Не болса да
билікке жету еркі – мәдениеттегі өркениеттілік бастама, тенденция.
Мәдениет өзінің жоғарғы жетістіктерінде еш пайда іздемейді, ол
өркениетке әрқашан мүдделі. «Ағартушылық» ақыл-ой «өмірді»
пайдалану, «өмірмен» рахаттану жолындағы рухани кедергілерді
ысырып тастағаннан кейін, билік және өмірді ұйымдастырып игеру
еркі өзінің жоғарғы күйіне жетеді, мәдениет тоқтап өркениет
басталады. Өркениет – мәдениеттен, тікелей қабылдаудан, құндылық
шығармашылығынан «өмірдің» өзінен «өмірді» іздеуге, «өмірді
ұйымдастыруға», оның ағымына еріп өмір күшіне ынтығуға өту.
56
Мәдениетте утилитарлық, «нақтылы», яғни өркениеттік қисаю
байқалады.
Үлкен философия мен үлкен өнер, діни символдар сияқты, енді
қажетсіз, олар «өмірге» жатпайды. Мәдениеттің жоғары саналатын
үлкен жетістігін сынау басталады. Әртүрлі жолдармен мәдениеттің
киелі емес, символдыққа жатпайтын сипаты ашылады. Өркениет
кезінде рухани мәдениет қияли саналады, еркіндікке жетпеген,
тәуелді сананың өзін-өзі алдауы, ұйымдаспаған әлеуметтіліктің
алдамшы жемісі деп есептеледі. Ұйымдасқан өмір техникасы
адамзатты мәдениет қиялы мен алдауынан толық босатуы керек; ол
шынайы «нақтылы» өркениет жасауы тиіс. Мәдениеттің рухани
қиялдары ұйымдастырылмаған өмірде, оның әлсіз техникасының
салдары өркениетте жоғалады. Экономикалық материализм -
цивилизация кезеңіндегі философия типі. Бұл ілім өркениеттің құпиясын
ашады. Бірақ рухани өмірді кемсіткен осы ілім емес, шындық өмірде
экономизм билігі, рухани мәдениеттің «қондырмаға» айналуы
әлдеқайда ерте басталған, экономикалық материализм соның бейнесі
ғана. Экономикалық материализм - өркениетке тән идеология, оның
радикалды түрі. Өркениет өз табиғатында техникалық, барлық
идеология, рухани мәдениет тек қондырма, қиял – ол осында
дәлелденеді. Өркениет «өмірдің» өзіне билікті ұйымдастыру мен
техникаға осы «өмірді» шынайы жасаушы ретінде өтеді.
Өркениет мәдениетке қарама-қарсы болғандықтан негізінде діншіл
емес, «ағартушылық» ақыл жеңіске жетеді, ақылдың өзі де
абстракциялық емес, прагматикалық. Ол символдық бағынышты
қатынаста үйлесімді де емес. Өркениет – нақтылық, демократиялық,
механикалық, ол басқа рухани дүниенің символын, белгілерін қажет
етпей, нақтылы өмірге бағытталады. Мұнда жекенің
шығармашылығы ысырылады, өзіндік ерекшілігі жойылады. Жеке адам
тек мәдениетте ашылып көрінген, «өмір» қызығы мен күші кісілікті
құртады. Өркениет адам бостандығын мақсат тұта отырып жекенің
қайталанбастығын жоқ етеді. Тарих парадоксы осында.
Мәдениеттің өркениетке өтуі адамның табиғатқа қатынасының
түбегейлі өзгеруімен байланысты. Өркениет дәуірі адам өміріне
машинаның жеңіспен енуінен басталды. Өмір табиғатпен
үйлесімділігін жоғалтады, олардың ырғақтары сәйкес келмейді. Адам
мен табиғат аралығында табиғатты бағындыруға арналған
құралдардың жасанды ортасы пайда болады. Мұнда билікке ұмтылу,
ортағасырлық аскеттік санаға қарсы өмірді нақтылы пайдалану
көрініс табады. Табиғатты бақылаудан адам оны игеруге көшеді,
өмірді ұйымдастыруға, күшін өсіруге ұмтылады. Бұл адамды
табиғатқа, оның ішкі дүниесіне, рухына жақындатпайды. Ол
табиғаттан техникалық игеру үрдісінде мүлдем бөлінеді.
57
Ұйымдастырушылық үйлесімділікті өлтіреді, өмір техникалыққа
айнала береді. Машина өз бейнесін адам рухына, барлық іс-әрекетіне
көшіреді. Өркениет табиғи және рухани негіздердің орнына
машиналыққа көп сүйенеді. Осы техникалық рухты, организмді
жеңеді. Өркениетте ойлаудың өзі техникалыққа айналады, барлық
шығармашылық пен өнер техникалық сипатқа ие болады, мәдениеттің
символдық өнері құрылады. «Ғылыми» философия идеясының өзі
өркениеттің қуаттылыққа ұмтылу еркінің туындысы, ол күш беретін
әдістерді табудан шығады. Мұнда мәдениеттің рухани тұтастығын
мамандану жеңеді, бар жерде мамандықты қажет етеді.
Машина мен техника мәдениет ақылының жемісі ұлы жаңалықты
ашудың нәтижесі. Бірақ мәдениеттің бұл жемістері оның
біртұтастың негізін шайқалтады, рухын азайта береді. Сапа санмен
алмастырылады.
Таным, ғылым үстемдік пен бақытқа ұмтылу еркінің құралына,
өмір техникасының билігіне, өмір үрдісімен рахаттанудың ерекше
қаруына айналады. Өмір де өмір техникасы мен оны
ұйымдастырудың әшекейіне баланады. Храм, ғимараттармен
байланысқан мәдениеттің сұлулықтары мұражайларға көшеді, олар
мәйіттің ғана сұлулықтары, Өркениет – мұражайлық, оны өткенмен
тек осы байланыстырады. Мәні жоқ өмірге табыну басталады.
Ешнәрсенің де өзіндік құндылығы қалмайды. Өмірдің ешбір сәті,
еш күйзелісінің тереңдігі жоқ, ол мәңгілікпен қабыспаған, ол тек
мәнсіз мәңгілікке ұмтылған өмір үрдісінің құралы ғана. Қарқыны
үдеген өркениеттің тарихы мен мәңгілікке жолы жоқ, тек
«болашағы» бар, ал мәдениет әрқашан мәңгілікті табуға талпынған.
Өркениеттің осы үдемелі дамуы, тек болашаққа ұмтылуы
машина мен техниканың туындысы. Организм өмірі баяулау.
Өркениетте өмір ішкі дүниеден сыртқа бағытталады, өмірдің
мақсаты өмір құралдарымен алмастырылады. Өмір мақсаттары қияли
саналады, құралдар нақтылық болып есептеледі. Техника, ұйымдасу,
өндіріс – нақтылық, ал рухани мәдениет нақтылық емес. Яғни
мәдениет өмір техникасының тек құралы ғана. Бәрі «өмір» үшін,
оның күші мен ұйымдасуына, рахаттылығына бағытталған. «Өмірдің»
өзі не үшін керек, оның мақсаты мен мәні бар ма? – сұрақтары
ұмытылады. Осыдан мәдениеттің жаны өледі, мәні өтеді. Машина
адамды магиялық билігімен орап алды.
Өркениетті жәй жоққа шығару, машинаға жәй романтикалық
қарсы шығу нәтиже бермейді. Мәдениетті тек жаңғырту да мүмкін
емес. Мәдениет әрқашан романтикалық, ал соңғысы мәңгілікке
ұмтылудың нәтижесі. Бұл толық мәнінде тек жан-жақты
үйлесімділікті қамтамасыз ететін дінде беріледі. Көптеген елдердің
дінге бет бұруы кездейсоқтық, уақытша құбылыс емес, ол біржақты,
58
прагматикалық, машиналық «өмірден» шаршағандықтың белгісі.
Бұған ғылыми білімнің шектеулі екенін, үзіліссіз қозғалысты, өмірді
бөлшектеп өлітіріп, бөлшектерін кейін механикалық жолмен қайта
қосатынын, яғни нақтылы дүниенің толық бейнесін бермей өлі
схемасын (кестесін) ғана қарастыратынын, табиғаттың, тіршіліктің
шексіз көп құпияларын аша алмайтынын қоссақ, діннің мәні әлі де
ұзақ уақыт жоғалмайтынын байқаймыз. Оның этиканың, ал өнеге –
моральдың, мәдениеттің ең басты тұтқасы екенін ескерсек, дін нақты
білімді жинақтайтын ғылым сияқты адамзаттың мәңгі бір тірегі
екенін дәлелдей аламыз. Мәдениеттің күйреуін тоқтататын нақтылы
жол біреу-ақ, ол – діни жаңару, оны ғылыммен үйлестіру жолы.
Әлемнің барлық халықтары сияқты біз де мәдениетке құштармыз,
біздің де өркениет сатысынан өтуіміз керек. Бірақ Шығыс
мәдениетінің барлық жетістіктерін бойымызға жинай білген біздің
халық ешқашан батыстың өркениетіндегі табиғатты бағындыруды (ол
үшін сол жердегі ұлттарды да бағындыру) өзара ғана емес, олармен де
соғысу, қанағатсыздық, біржақты ойлау дәстүрімен ғылым мен дінді
тікелей қарсы қоюды, жалаң прагматизмді т.б. толық қабылдай
алмайды. Еуроүлгі, соның негізіндегі жаһандану мәдениет және
өркениет қатынасын түсінбеген атеист-коммунист, технократ –
бюрократтардың ғана ұраны – бұл уақытша, өткінші бұрмалаулар.
Бірақ олардың тасасында жасырын саяси ұйымдардың, мәдениеттің
тек белгілерін қабылдаған бар. Абайдың «Адам бол!» – деп бір
сөзбен шығыс мәдениетінің өзіндік тәрбиеге бірінші қатардан орын
беруін қорытындылағанын ұқпаған шала адамдардың (мәдениет –
өңдеу, яғни табиғилықтан, биозаңнан асып, өңделіп, рухани,
қоғамдық жанға айналу), тән мен нәпсінің құлдарының әлі де алда
көп екенін ұмытпағанымыз жөн.
Қазіргі уақытта инновациялық үрдіс қоғам өмірінің саяси,
экономикалық, мәдени, ғылыми салаларында көптеп кездесуде.
Мәдениеттегі инновациялық үрдісінің алғышарттарын анықтаудан
бұрын «инновация» сөзінің түп-тамырын және мән-мағынасын ашып
алу қажет. Қазіргі уақытта бірқатар әдебиеттерде бұл сөздің
анықтамалары беріледі. Шыныменде, «инновация» терминінің
анықтамалары көп. Алдымен, оған сөздіктер қандай түсінік беретінін
қарастыралық.
Ағылшын-орыс
сөздігінде
былай
жазылған:
«инновация – бұл жаңалықтың енгізілуі, өзгеріс, жаңалық».
«Инновация» термині көп жағдайда ғылыммен және техникамен
байланыстырылады. Бизнестің түсіндірмелі үлкен сөздігі «инновация»
терминімен «жаңалық» терминін байланыстырады және инновацияны
зерттеу нәтижесінде туған жаңалықтарды нарық аумағына жеткізу
процесімен қатар қояды. Сонымен қатар, «жаңалық» деп жаңа
59
өнімдерді өндірудің жаңа тәсілдері мен техникаларын ашудың факті
ретінде түсінеді.
«Инновация» термині «innovus» (novus – жаңа, innovare – жаңаны
жасау) латын сөзінен шыққан, ол «жаңару» немесе «жақсару» деген
мағыналарды береді. Сонымен қатар, бұл терминнің кең мән-
мағынасын Оксфордтың түсіндірме сөздігі былай деп береді:
«конструкттық әрекетте, өндірісте және тауарды өткізуде қандай да
бір жаңа ыңғайлар, нәтижесінде, инноватор немесе оның компаниясы
бәсекелестеріне қарағанда белгілі бір артықшылдықтарға ие болады.
Патенттерді пайдалана отырып, жетістіктерге қол жеткізген новатор
уақытша монополияны қамтамасыз етеді, бірақ та, кей жағдайларда
оның бәсекелестері басқа пайдалы нарыққа шығуға мүмкіндіктерді
іздейді. Кейбір компаниялар қалыптасып қалған сұранысқа
бағытталған жаңа өнімдерді шығара бастайды, ал екінші біреулері
жаңа нарықтарды қалыптастыратын технологиялық жаңалықтарды
ойлап табады» [58, 53 б.].
«Инновация» терминін жаңа экономикалық категория ретінде ХХ
ғасырдың бірінші онжылдығында ғылымға енгізген австриялық
(кейіннен американдық) ғалым Йозеф Алоиз Шумпетер (J. A.
Schumpeter, 1883-1950) болатын. Ол өзінің «Экономикалық даму
теориясы» (1911) деген еңбегінде алғаш рет дамудағы өзгерістердің
жаңа топтамасы (яғни, инновация мәселелерін) мәселесін қарастыра
отырып, инновациялық процестің толық бейнесін берді. Сөйтіп, Й.
Шумпетер дамудағы бес өзгерістерді атап көрсетті:
1. жаңа техниканың, технологиялық үдерістердің пайдалануы
немесе өндірістің жаңа нарығын қамтамасыз етілуі;
2. жаңа қасиеттерге ие өнімдердің енгізілуі;
3. жаңа шикізаттың пайдалануы;
4. өндірісті ұйымдастыруда және оның материалды-техникалық
қамтамасыз етуде өзгерістің болуы;
5. жаңа нарықтың пайда болуы.
«Инновация» терминінің өзін Й. Шумпетер ХХ ғасырдың
отызыншы жылдарында пайдалана бастады. Ол инновация деп
тұтынушылық тауарлардың жаңа түрлерін, жаңа өндірістік,
транспорттық құралдар мен нарығын, өндірісті ұйымдастырудың жаңа
түрлерін енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістерді түсінген
болатын. Й. Шумпетердің ойы бойынша, инновация пайданың басты
қайнары болып табылады: «пайда, табиғатынан, жаңа топтамаларды
орындаудың нәтижесі болып табылады», «дамусыз пайда жоқ,
пайдасыз даму жоқ».
Негізінде, инновация тек экономика ғылым саласында ғана емес,
сонымен қатар, қоғамның басқа да салаларында әрекет етеді. Мысалы,
адамдар өмірінде саяси қарым-қатынастар, өнер, қоршаған ортаны
60
сақтау мәселелері, мәдениаралық қарым-қатынастар және т.б.
инновациялық туындылар дүниеге келіп жатады.
«Қазіргі заман ұғымдары мен терминдерінің қысқаша сөздігінде»
инновация терминіне мынадай анықтама берілген: «Инновация
(ағылынша «innovation» – жаңалық, жаңа енгізулер, латын тілінен
innovation – жаңғырту, жаңарту) бірнеше мағыналарды береді.
1. техника мен технологияның заман талабына сай ауысуын
қамтамасыз ететін экономикаға қаражаттың құйылуы;
2. ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің нәтижесі болып
табылатын жаңа техника мен технология;
3. жаңа идеялардың дүниеге келуі, жаңа теориялар мен
модельдердің қалыптасуы және олардың қоғам өмірінде қызмет етуі;
4. морфологияда жаңадан қалыптасқан құбылыс» [59, 198 б.].
Осы сөздіктерде берілген анықтамаларға негізделе отырып,
инновациялар – бұл әлеуметтік-мәдени өзгерістер үшін қажетті
алғышарттарды тудыратын жаңа технологиялар мен жаңа мінез
әрекеттерді қалыптастыру механизмі деп ой тұжырымдалық.
Қоғамның бейімделуге деген қабілеттілігі, яғни адам баласына және
адамзатқа қиындық туғызатын мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін
қабілеттілігі, тарихи тұрғыда аса маңызды рольге ие емес, бірақ та
адам баласы мәдениетінде шынайы өмірді көрсететін, әрекеттерді
тасымалдайтын және жаңалықтың элементтерін ендіретін рәсім, ойын
процестерінде және тағы да басқа әрекеттерде туындайды. Инновация
адам баласының шығармашылыққа деген қабілеттілігіне және осы
шығармашылық нәтижелерін қауымдастықтың қабылдап алу немесе
бейімдеп алу мүмкіндігіне тәуелді болады.
Кейбір мәдениеттер қоғамның дәстүрлігіне және инновацияның
қолдауына ие болады. Индивидтің санасында туындайтын жаңа
идеялар қоғамда кең қолданысқа ие болып жатады, ал мұның өзі
әлеуметтік-мәдени өзгерістер үшін мүмкіндік туғызады. Тарату,
қабылдау немесе қабылдап алмау, модификация процестерінің өзі
шығармашылықты-инновациялық процестер болып табылады. Дәстүр
мен инновация арасындағы ара қатынас адамзат қауымдастығының
бейімделу стратегиясының дамуын анықтайтын тарихи жағдайларға
және шарттарға байланысты болады.
Адамдық мәдениет он мың жыл ішінде тас балтадан ғарышты
игеру жолын өтті. Мәдениет ешқашанда бір орында тұрған емес:
дүниеге келді, дамыды, бір аймақтан екінші бір аймаққа таралды,
ұрпақтан ұрпақққа мұра болып беріліп отырды; әр уақытта
материалды және рухани өнімдермен толықтырылып отырады.
Мәдени өзгерудің көптеген түрлері мәдениет антропологиясында
«мәдениет динамикасы» ұғымымен анықталады. Ал «мәдениет
динамикасы» деп сыртқы және ішкі себептер әсерімен жүретін адам
61
баласындағы және мәдениеттегі өзгерістердің барлық түрлерін
түсінуге болады.
Өз кезегінде өзгеріс мәдениеттің ажырамас бір бөлігі болып
табылады, оның құрамында мәдениет құбылыстарының ішкі
трансформациясы (олардың уақыт аралықтарында өзгеруі) және
сыртқы өзгерістер (өзара әрекеттесу, кеңістікте орын ауыстыру және
т.б.) бар. Осыған байланысты мәдениеттің бірсызықты, қалыпты
қозғалысы жүреді, яғни бір күйден екінші бір күйге ауысу процесі
жүреді.
Сыртқы өзгерістер бар мәдени қалыптардың кеңеюі арқылы да,
жаңа сапалы мәдениет формалардың дүниеге келуі арқылы да өздерін
көрсетеді. Бұл кезде мәдениеттегі өзгерістер белсенділік түрінде
немесе баяу қозғалыс түрінде жүреді және олар мәдениет
динамикасындағы «темп» пен «ритмде» өз бейнесін табады.
Мәдени өзгеріс процесінде мәдени тәжірибенің әр түрлі
элементтері дүниеге келіп, қалыптасып және кең таралады. Мәдениет
антропологиясы мәдениет динамикасының келесі бір бастауларын
айрықша атайды:
1. инновация;
2. мәдени мұраға бет бұру, еске алу;
3. өзгеден алу;
4. мәдени диффузия.
Инновация дегеніміз, жоғарыда айтылғандай, жаңа бейнелер,
рәміздер, ережелер жүйелері, адам баласының өмір өзгертуге
бағытталған іс-әрекеттердің жаңа түрлері; ойлау жүйесінің немесе
дүниетанымның жаңа түрінің қалыптасуы. Инновацияның дүниеге
келу себептерінің бірі – бұл белгілі бір индивидтердің, топтың
үстемдік етіп отырған мәдени құндылықтарды, регулятивті
ережелерді, дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды қабылдамауы және мәдени-
әлеуметтік тұрғыдан оларды көрсететін ерекше жолдарды іздеу. Ал
мұның өзі инновация тек дәстүрлі мәдениеттерде ғана емес, сонымен
қатар, модернизациялық мәдениеттерде де болатынын көрсетеді.
Бұқаралық деңгейдегі мәдени инновацияның туғызушылары кей
кездерде өзге мемлекеттің немесе өзге әлеуметтік-мәдени ортаның
өкілдері болып табылады.
Мәдени өзара әрекет ету – бұл мәдени «контакт», ол ешқандай
әсерсіз, өзгеріссіз болуы мүмкін немесе бір-бірімен мәдени сұхбатқа
түскен мәдениеттердің бір жақты әлде екі жақты өзгеріске ұшырауы
мүмкін. Мәдени сұхбат тек ұлттар арасында ғана жүрмейді, ол тіпті
жеке адамдар арасында да жүреді. Мәдени сұхбат процесінің нәтижесі
позитивті немесе негативті болады, ол әрине қабылдаушы институт
құрылымы мен тектілігіне де байланысты.
62
Адамзаттың барлық тарихы – бұл сұхбат процесі нәтижесінде
болатын оқиғалар. Сұхбат біздің өміріміздің барлық салаларын
қамтиды. Сұхбат арқылы адамзат бір-бірімен бір мәмлеге келіп, өзара
тығыз байланыста дамиды. Өзара түсіністік негізінде әлемдік
үйлесімділік (яғни, ұлттар, халықтар, мемлекеттер, этностар
арасында) қалыптасады. Мәдениеттердің өзара әрекет ету процестері
әлдеқайда күрделірек, бұл жерде бір мәдениеттен екінші бір
мәдениетке жай ғана тасымалдану процесі жүрмейді. Қазіргі уақытта
жаһандану процесінің қарқынды адым алып, дамып келе жатқан
уақытта мәдениеттің шекаралары, оның өзегі мен «перифериялары»
туралы мәселелер белсенді түрде зерттелініп отыр. Мысалы, Н.
Данилевский бойынша, мәдениеттер бір-бірінен оқшауланып дамиды
және алғашқы кездерде олар бір-біріне қарама-қарсы келеді. Осы
барлық айырмашылықтар негізінде, Н. Данилевский «халық рухын»
көрді. «Сұхбат – бұл мәдениетпен тығыз қарым-қатынаста болу, оның
жетістіктерін жүзеге асыру және қайта өндіру, өзге мәдениеттердің
құндылықтарын табу және түсіну, осы құндылықтарды селекциялық
жолмен бойға сіңіру, мемлекеттер мен этникалық топтар арасындағы
саяси қырғи-қабақты бейбітшілік жолмен шешу. Сұхбат – ақиқатты
ғылыми іздеудің және өнердегі шығармашылық процестің қажетті
шарты. Сұхбат – бұл өзіңнің «Меніңді» түсіну және өзгелермен
сұхбаттасу» [35, 74-75 бб.].
Сұхбат мәдениеттің көп қырлы және көп сырлы болуына негіз
болады. Осындай позицияны неміс философы, ағартушы Иоганн
Готфрид Гердер (1744-1803) ұстанады – «мәдениеттердің өзара әрекет
етуі мәдени көптүрлілікті сақтап қалудың амалы. Мәдени
оқшауланушылық мәдениеттің құлдырауына алып келеді. Бірақ,
мәдени өзгерістер мәдениеттің «ядросына» ешқандай әсер тигізбеуі
тиіс» [60, 76 б.]. Қазіргі таңдағы әлемдік мәдениеттер бірқатар және
ұзақ мерзімді алған мәдени өзара әрекеттердің нәтижесінде
қалыптасты.
Тарихи тұрғыдан қараған кезде, сұхбат әр уақыт кезеңінде
ғылыми парадигмалардың ауысуының куәгері болып табылады.
Мысалы, антика дәуірінде мәдени сұхбаттың пайда болуы, мифтік
сананың орнына философиялық-дискурстік, сыни сана келді. Қайта
өрлеу дәуіріндегі сұхбат жаңа парадигманы (антропоцентризм,
гуманизм) және сананың жаңа түрін (адам баласының бұл өмірдегі
мәртебесінің жоғарылауы) қалыптастырды. Қазіргі мәдениет те
мәдениеттегі адам баласы болмысының жаңа түріне ауыса бастады.
Яғни, ХХІ ғасырда мәдениет өмірдің барлық салаларында болып
жатқан адам баласы болмысының «эпицентріне» көше бастады.
Мәдениеттер сұхбаты кезінде әр ұлттық мәдениет өз өзгешілдігін
сақтап қалу мәселесі туындайтыны белгілі – бұл заңдылықты
63
құбылыс. Мұндай құбылыс өзгемен сұхбаттасуға ынта-жігері бар және
өз табиғатын жоғалтқысы келмейтін «жаны тірі» мәденитке тән.
Диалектика тұрғысынан дамитын әрбір процесс тәрізді мәдениет
феномені тұрақты және дамыйтын (жаңашылдық) белгілерге ие.
Мәдениеттің тұрақты белгісі – бұл мәдени дәстүр. Яғни, осы мәдени
дәстүр арқылы тарихта адамзат тәжірибелері жиналады және ұрпақтан
ұрпаққа беріліп отырады. Және әрбір жаңа ұрпақ ата-бабалары
жинақтап қалдырып кеткен тәжірибелерге өз іс-әрекеттерінде сүйеніп
осы тәжірибе, үлгі-өнегелердің, маңыздылығын арттыра түседі.
Дәстүрді қадірлеп ұстанатын қоғамда мәдениетті игеру кезінде
осы мәдениеттің үлгілері қайта жаңғыртылады, тіпті, қандай да бір
өзгерістерді енгізсе де, тек дәстүр шеңберіне сай қасиеттерді енгізеді.
Дәстүр негізінде мәдениет өз қызметін атқарады. Дәстүрдің
маңыздылығы, тіпті, шығармашылық маңыздылығынан да жоғары,
сонда, шығармашылық дегеніміз адам баласының өзін мәдениет
субъектісі ретінде қалыптастыруы болып табылады, ал мәдениеттің
өзі – материалды және идеалды объектілерге толы әрекеттердің дайын
және стереотипті бағдарламалар жинағы. Стеоретипті бағдарламалар –
бұл салт-дәстүрлер, рәсімдер және т.б. Бағдарламалардағы
өзгерістердің өзі өте баяу жүреді. Осылай алғашқы қауымдық қоғамда
және дәстүрлі мәдениеттің соңғы кезеңдерінде болады.
Бұндай тұрақты мәдени дәстүр белгілі бір жағдайларда адамдар
тобының өмір сүруі үшін қажет. Ал, егер қандай да бір қоғам
гипертрофиялық (шамадан тыс жоғарлату) дәстүрліктен бас тартып,
мәдениеттің динамикалық түрлерін ары қарай дамытса, онда адамдар
мәдени дәстүрлерден мүлдем бас тарта алады деген сөз емес. Ешбір
жеке адам, халық және мемлекет мәдениеті дәстүрсіз өмір сүре
алмайды.
Мәдени дәстүр тарихи естелік ретінде мәдениеттің өмір сүру
шарты ғана емес, сонымен қатар, мәдениеттің дамуына ықпал
жасайтын жағдай. Жаңа заман мәдениетін диалектика жолымен
теріске немесе жоққа шығара отырып, «ескі» мәдениеттің жақсы деген
қасиеттерін сараптап, зерттеп өз бойына сіңіреді. Бұл процесс –
қалыпты процесс, яғни мәдениет саласында әрекет ететін және аса
маңызды мәнге ие дамудың жалпы заңы болып табылады.
Мәдениеттегі дәстүрлер және мәдени мұраларға деген қарым-
қатынас мәдениеттің тек сақталуына ғана емес, сонымен қатар,
мәдениеттің ары қарай дамуына да септігін тигізеді, яғни «ескіні»
ескере отырып, жаңа мәдениетті шығармашылық әрекет барысында
қалыптастыру.
Дегенмен,
шығармашылық
процестің
өзі
шығармашылық әрекет субъектісі арқылы жүзеге асады. Бірақ, тағы
бір айтар жайт – барлық новаторлық (жаңашылдық) дүние мәдениет
шығармашылығы емес. Әрбір мәдениет шығармасы ерекшелік немесе
64
өзгешелікпен тығыз байланысты. Әрбір мәдени құндылықтар бір-бірін
қайталамайды (көркем шығармалар, әрбір мәдени жаңалық, т.б.).
Әлемге мәлім болған мәдени дүниені әр түрлі пішінде шығару – бұл
мәдениетті пайымдау нәтижесі емес, керісінше, тарату болып
табылады. Бірақ мұның өзі де қажет, өйткені қоғамдағы мәдениеттің
қызмет ету процесіне адамдарды әрекет етуге араластырады. Ал
мәдениет шығармашылығы адам баласының мәдениетті пайымдау
әрекетінің тарихи даму процесінің құрамында міндетті түрде жаңаның
болуын талап етеді, сөйтіп, ол инновацияның қайнар көзі болып
табылады. Жаңа дүниенің барлығы мәдениет құбылысы емес және
мәдени процестің құрамындағы барлық жаңалықтар мәдениеттің
гуманистік күштеріне жауап беретін және алдыңғы қатарлы болып
табылмайды. Мәдениетте прогрессивті және реакциялық (жауап
қайтару) үрдістер бар. Мәдениет дамуы – қарама-қайшылықты
процесс, мұнда белгілі бір тарихи кезеңнің әлеуметтік таптық, ұлттық
мүдделерінің қарама-қарсылығы көрінеді. Мәдениетте алдыңғы
қатарлы және прогрессивті нышанды бекіту үшін күресу керек.
Әрбір
ұлт мәдениетінде жалпы адамзаттық ұнамдылық
принциптеріне негізделген консервативті дәстүрлер еркін жеке
тұлғалық рухани ізденіспен бірлесіп, үйлесімділікті құраса, осы
мәдениеттің қайталанбас ерекшеліктері сақталады. Ұлт мәдениеті
оқшауланып өмір сүруі тиіс емес, оған сұхбат және жалғастық қажет.
Мәдениет сұхбаты көлденеңнен (бұл жерде, яғни бір уақыттық
кеңістікте сұхбат, өзара ықпал ету, өзара ену процестері жүреді) де,
тігінен (өткен уақыт осы шаққа және болашақ уақытқа тәжірибе, сабақ
ретінде қызмет етеді) де жүреді.
Өзгеріс мәдениеттің бөлінбес ерікшелігі болып есептелінеді және
оның бойында мәдени құбылыстардың ішкі «трансформациялық»
өзгерістер (белгілі бір уақыт аралығында олардың өзгеруі) мен сыртқы
өзгерістер (өзара әрекет ету, кеңістікте орын ауыстыру, т.б.) болады.
Осыған байланысты мәдениеттің біртіндеп жүретін қозғалыс және бір
күйден екінші бір күйге ауысу процестері жүреді.
Сыртқы өзгерістер бар мәдени қалыптардың кеңеюі арқылы және
сапасы жағынан жаңарған мәдени қалыптардың пайда болуымен
көрінеді. Осы арқылы өзгеріс мәдениетте мәдениет динамикасы
«темпте» және «ритмде» көрінетін белсенділік пен баяулау түрінде
жүреді.
Мәдени өзгеріс процесс мәдени тәжірибенің әр түрлі элементтері
туындайды, бектіледі және таратылады. Бұл элементтердің мәні,
ықпалы және дәрежесі көбінесе олардың пайда болу қайнар көздеріне
байланысты. Мәдени антропологияда мәдени динамиканың келесі
қайнар көздерін атап көрсетуге болады: инновация, мәдени мұраға бет
бұру, қабылдап алушылық, мәдени диффузия.
65
Инновация деп адамдар өміріндегі жағдайларды, ойлау жүйесінің
немесе дүниені қабылдаудың жаңа түрін қалыптастыруға бағытталған
кейіптердің, рәміздердің, әдеп-ғұрып ережелерінің, іс-әрекеттердің
жаңа түрлерін шығару және қалыптастыру процесінің нәтижесін
айтуға болады.
Жаңашылдықтың пайда болу себептерінің бірі – белгілі бір жеке
адамдардың немесе топтардың басқарушы позицияны алып отырған
мәдени құндылықтарды, тиянақтаушы ережелерді, салт-дәстүрлерді,
әдет-ғұрыптарды, әдеп ережелерін қабылдамауы, осының салдарынан
өзінің жеке мәдени және әлеуметтік институттарын ішкі рухани
әлеміне бейімдеп, қалыптастырады. Ал бұның өзі инновациялар
дәстүрлі
мәдениеттерде
және
қазіргі
уақыт
(модерндік)
мәдениеттерінде пайда болады дегенді білдіреді. Бұқаралық деңгейде
мәдени инновацияның тудырушылары көп жағдайларда белгілі бір
қоғамға гетероген болып табылатын басқа бір әлеуметтік-мәдени
ортаның немесе басқа бір мемлекеттің өкілдері болады.
Қандай да бір инновацияның шығу тарихы мәдени шынайлықта
немесе тіршілік етіп отырған мәдени әрекетте абыройлы орынға ие
бола алмаған қоғамның белгілі бір өкілдері осы новациялардың
тасымалдаушылары болып табылады.
Мәдениеттегі инновациялық үрдістің себебі – өндірістік құрал-
жабдықтар әр бір-екі жыл сайын өзгеріп отырады. Бұған (яғни,
өзгеріске) күш беретін – өндірістің және қоғамның барлық іс-
әрекеттерінде ақпараттың кең көлемділігі. Ал өндірістің жаңаруы мен
тиімділігінің жоғарлауына адам баласы, оның білімі, тәжірибесі,
қабілеті, шығармашылық мүмкіндіктері өз ықпалын тигізеді.
Осыған
байланысты
қоғамдық
ағза
тез
қарқынды
трансформацияға ұшырайды.
Инновациялық пен дәстүрлілік өндіріс, ғылым, техника,
мәдениет, экономика, өнер, т.б. дамуында өзарабайланысқан жүйелер
болып табылады. Мәдениеттанудың кең контекстінде дәстүрді
қандай да бір дамудың қажетті шарты деп қарастыру қажет. Дәстүрін,
өзінің тарихи ескерткішін жоғалтқан қоғам деградацияға ұшырайды.
Өйткені ұрпақтар арасындағы байланыс үзіледі және үлкен әлеуметтік
ортада маргинализация процесі, сонымен қатар, басқа да деструктивті
процестер жүреді. Екінші жағынан, қоғам өзгермей өмір сүре
алмайды. Сонымен, жалғастықтың жалпы мәдени принципінде
инновациялық пен дәстүрліктің бірлігі әлеуметтік прогрестің маңызды
алғышарты болып табылады. Динамикалық түрде өзгеретін бірлікте
келесі тізбек қатарына, әдеттегі, қазіргі (қазіргі ғылым, қазіргі
техника, қазіргі экономика, қазіргі саясат және т.б.) деп атайтын
мәдениеттің элементтері кіреді.
66
Инновациялық мәдениеттің негізгі мақсаты – ескі (өткен шақ,
«классика»), қазіргі (осы шақ, «модерн») және жаңа (болашақ,
«футур») арасындағы тепе-теңдікті қалыптастыру және оны сақтау.
Инновациялық қабылдау ескі, қазіргі және жаңадан алатыны тең
көлемді болмағандықтан, кей кездері, ескінің бөлінуіне, қазіргінің
мобильденуіне және жаңаның экспансиясына түрткі болады. Әрбір
ұлт, халық, қоғам, жеке адам мәдениеті өзгешелігін осы үштіктің
өзара тәуелділігі қамтамасыз етеді.
Американдық философ және әлеуметтанушы Р. Мертонның пікірі
бойынша, мәдениет құрамында тұрақты және өзгермелі қасиеттер бар.
Мәдениеттің тұрақтылығын және инертілігін қамтамасыз ететін – бұл
дәстүр. Дәстүр – бұл ұрпақтан ұрпаққа өзгермей, сол қалпында
беріліп отыратын мәдени мұра (идеялар, құндылықтар, әдет-ғұрып,
рәсімдер, т.б.) элементтері [61, 176 б.]. Дәстүр мәдениеттің барлық
формаларында бар, мысалы, ғылыми дәстүр, діни дәстүр, ұлттық
дәстүр, еңбек дәстүрі, ұнамдылық дәстүрі және т.б. Осы дәстүрлердің
арқасында жас буын ештеңені де ойлап таппай, адамзат тәжірибесі
арқылы қол жеткізген, уақыт илегінен өткен жетістіктерді игеріп,
оларды ары қарай позитивті түрде дамытуы қажет.
Дәстүрлер
жүйесі
қоғамдық
организмінің
тұтастығын,
тұрақтылығын, табандылығын бейнелейді. Ол жүйеге дөрекілікпен
араласудың қажеті жоқ, өйтпеген жағдайда бұл жүйенің үйлесімділігін
бұзып, мәдениеттің маңызды механизмдерін зақымдайды, сөйтіп,
жүйені ауруға ұшыратады.
Мәдениет
жаңармай өмір сүре алмайды. Өзгеріс және
шығармашылық қоғам дамуының екінші бір жағы болып табылады.
Жаңашылдық (инновация) мәдениеттің жаңару тәсілі. Дәстүрлік пен
жаңашылдықтың бірлігі әрбір мәдениеттің әмбебапты мінездемесін
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |