Тұрсын ғабитов қайрат затов



Pdf көрінісі
бет7/33
Дата17.10.2022
өлшемі2,57 Mb.
#43658
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Байланысты:
treatise14956

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


76 
 
2. ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ӨРКЕНИЕТТІК КЕҢІСТІГІ 
 
 2.1. Қазақ мәдениеті ғасырлар тоғысында 
 
Бүгінгі күнгі қазақ мәдениетін зерттеушілердің алдында тұрған 
методологиялық мәні бар өзекті мәселелердің бірі – қазақ өркениеті, 
Қазақстандық өркениет өзіндік зерттеуді талап етіп отырғаны белгілі. 
Батыстық өркениетшілердің еңбектері қазақ ойшылдарының арасында 
да кеңінен қолдау тапты. Олар өркениет теориясын өз бетінше зерделеп, 
өркениет ошақтарының дамуына өзіндік ерекше түсінік беруге тырысты. 
Қазақ ғалымы А. Байтұрсынов өркениетті жіктеудегі басты мәселе 
географиялық факторлар, яғни климат, жердің топырағы, суы, кені, жан-
жануары, демографиясы деп түсінген. Қазақ ғалымы өркениет 
дамуының алғышарттарын былайша сипаттайды: «Шаруашылық 
өзгерісі, шаруашылықтың бір түрінен екінші түріне түскенше талай 
ғасырлар өткен. Мұны Еуропа тілінде эволюция деп атайды. Дүние ісі 
секіріп алға баспайды, эволюция жолымен жылжып, жылысып өзгереді» 
[71, 32-38 бб.]. А. Байтұрсынов өркениеттің эволюциялық жолына 
талдау жасаған. Ол турасында ғалым «дүниеде тәркі етіп аса көзге 
көрінетін іс адам баласының тіршілік еткен тәсілі. Сол тіршілік тәсілінің 
жүзінде тастан жасалған балтадан бастап, осы күнгі сансыз құралдарға 
жетіп отыр. Ор сияқты үлкен шұңқырларды паналағаннан бастап, осы 
күнгі биіктігі аспанмен таласқан салтанатты сарайларға жетіп отыр. Сол 
тіршілік жүзіндегі адам баласының дүниелік табу жолында істеген 
істерін кәсіп деп, құралмен жасаған тәсілдерін шеберлік деп атаймыз» 
деген ерекше ойға келеді. Ары қарай өркениет дамуының басты 
себептері талданады.
Өндіріс-шаруашылық жайы табиғат жағдайымен кіндіктес екендігі 
даусыз. Дүние «жылылықтың» аз-көбіне қарай, экватордан әрі де, бері 
де қарай жер жүзі үйек-үйекке тілініп бөлінеді. Бел орталыққа таяу күн 
төбеге келетін нағыз ыстық жерлер «ыстық үйек» деп аталады. Оған 
таяу үйек «жылы үйек», оған таяу «салқын үйек», оған таяу «суық үйек» 
ең ақырында темірқазық. Біз жердің салқын үйегінде тұрамыз. Біздің 
оңтүстік жағымыздағы таяу үйек «жылы үйек», онан әрі «ыстық үйек». 
Өркениет пен мәдениет әуелі «жылы үйектен» көрінеді». Өркениеттің 
жемісі мол, аңы көп «ыстық үйектен» басталмау себебі, онда тамақ 
асырап, күн көру жеңіл, тіршілік етуге тәсіл қажет емес. Мәдениет ми 
мен аяқ-қол қатар істеген жерге орнамақшы деп өз тұжырымын 
дәлелдей келе, алғашқы төрт өркениеттің жердің жеті дариялы «жылы 
үйегінде» пайда болғанын атап көрсетеді. Ол өркениеттер: «Ніл 
дариясының бойындағы Мысыр мәдениеті, Ассирия һәм Вавилония 
мәдениеті, Тигр һәм Евфрат дарияларының бойында, Ант мәдениеті Ант 


77 
һәм Хуанхэ дарияларының бойында, Қытай мәдениеті Хуанхэ һәм 
Янцзы дарияларының бойында» [71, 32-38 бб.].
А. Байтұрсынов мәдениет дамуының факторларына көп көңіл бөле 
отырып, кейбір ғалымдар пікірлерінің біржақты екендігін баса айтады. 
Мәдениеттің ерте немесе кеш, жылдам не баяу дамуына табиғаттың 
ықпалы мол екендігін дәлелдейді. «Салқын үйек» пен «суық үйектегі» 
жерлерге мәдениет адам баласы табиғатпен тартысудың тәсіліне жетіп, 
ғылым, өнер біліп, табиғат жайсыздығын жағдайлы етуге жетілген кезде 
орнаған деген ғылыми тұжырым жасайды.
Өркениеттің дамуы қоғамды бөлшектейтінін, ол қоғамның таптық 
қоғамға айналатынын ойшыл ғалым А. Байтұрсынов ашық айтады. 
«Класқа бөліну реті біздің қазақтың төре-қара бөлінуі сияқты. Билеуші 
класс, көнуші класс болып бөліну. Бірақ Еуропа кластарының 
арасындағы жігі біздің төре мен қара арасындағы жігінен зор болған. 
Мәдениет жүзінде жоғары тұрған Еуропа жұрттарын алсақ, бұлардың 
класс жігіне бөлінбегені болмаған. Класс жігіне бөлінуге мемлекет қамы 
себеп болған» [72, 16-24 бб.]. Алғашқы қазақ ғалымдырының бірі А. 
Байтұрсыновтың өркениет дамуына және таптық бөлініске мұндай жетік 
зерттеу жүргізуі терең білім мен ізденімпаздықтың жемісі екенін 
дәлелдейді.
Өркениетшіл үлгіні ұстанып, өркениеттік іс тындырған тағы бір 
қазақ ғалымы, ағартушысы Ы. Алтынсарин. Нағыз педагог атына 
лайық Ыбырай қазақ халқы үшін өркениеттік үлгі ұсынды, ол білім мен 
ғылымға негізделген даму жолы еді. Ол орыс-қазақ мектептері, екі 
сыныптық мектептер мен қол өнер училищелерін ашып, көшпелі 
халыққа білім беріп, орыс халқының көш алды ғылымы мен мәдениетін 
үйретуге тырысты, осы мақсатта оқулықтар мен хрестоматиялар жазып, 
жаңа алфавит пен күнтізбені енгізді. Ы. Алтынсарин ел ішін мұғалім 
ретінде жиі аралай жүріп, халықтың өте ауыр тұрмысын өз
қолжазбаларында үнемі жазып жүрді және оның себептерін ашу 
жолында үлкен еңбек етті. 1879-80 жылдар аралығындағы жұт туралы 
ауқымды материалдар мен дерек көздерін жинақтаған да Ыбырай еді. 
Бұл мәліметтер қазіргі күні мұрағаттық сипатымен аса құнды. Ыбырай 
өркениетке барар бірден-бір жол халық арасында білім мен ғылымды, 
мәдениетті жетілдіру деп есептеді. Сонымен қатар, ол қазақ халқын 
отырықшылыққа шақырып, белгілі бір кәсіппен шұғылдануын арман 
етті және осы мақсатта тәлім-тәрбиеге толы көптеген әңгімелер жазып, 
жастар бойындағы еңбексүйгіштікті, кәсіпшілікті оятуға ұмтылды. 
Кәсіппен айналысқан адамның тұрмысы оңды болады деген қағиданы 
ұстанды [73, 25-28 бб.].
Ыбырайдың осы ойымен қазақтың ұлы ойшылы Абай ұсынған 
сауда, кәсіпшілік, өнертапқыштық, білімпаздық жолы ұштасады. Осы 
турасында Абай «адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ» деген өлең 


78 
жолдарын жазып, жастардың рухани, мәдени, әлеуметтік-экономикалық 
дамуына, азамат ретінде қалыптасуына, өркениеттік бағдарды ұстануына 
жол сілтейді. Абай еңбек ең жоғарғы игілік көзі, адам күшінің ең биік 
өлшемі, халқына қызмет етудің, ұлттық арман-мүддені жүзеге асырудың 
басты көрсеткіші, өркениетке жетудің хаһ жолы деп түсіндірді. Хакім 
Абай адамдардың жеке басының қажеттіліктерін өтеуге негізделген 
еңбектен қоғамның, халықтың мүддесіне бағытталған еңбекті бөліп 
қарайды. «Өзі үшін еңбек ететін адам малға ұқсайды, тек қарнын 
толтырады, ал нағыз адам адамшылық үшін, қоғам игілігі үшін еңбек 
етуі қажет» деген озық ойлы пікірін айтады. Абайды қазақ халқының 
әлем өркениетінде өз орнын табу мәселесі қатты толғандырды. Сол 
себепті ол өз заманындағы қазақ қоғамының кемшіліктерін қатаң сынға 
алды. Мол мұралы Ш. Құдайбердиев те қазақ қоғамының рухани өсуіне, 
жастардың ғылым-білімге, өнерге деген құштарлығын оятуда айтулы 
еңбек сіңірді. Орыстың солақай саясатына елітіп, қазақтар арасында 
іріткі салып жүрген пысықтарға байланысты «ар түзейтін ғылым» 
керектігін айтты, тобырға тоқтау салды. Шәкәрімнің өлеңдерінде, 
поэмаларында, тарихи-философиялық трактаттарында Шығыс пен Батыс 
елдері 
ойшылдарының, 
ғалымдарының, 
ақын-жазушыларының 
еңбектері мен шығармаларының аты аталып ғана қоймай, сонымен бірге 
мазмұн-мәні ашылып, кейде бірсыпыра ой-пікір жарыстырылып 
отырды.
Өркениеттік бағдарды ұстанушылар қатарында қазақтың тағы бір 
озық ойлы ұлы, тұңғыш қазақ зерттеушісі, ғалым Ш. Уәлиханов бар. 
Шоқан географ, этнограф ретінде қазақ халқының өнеркәсібі, 
ауылшаруашылығы, сауда қатынастары, діни сенімдері, асыл 
мұрағаттары жайлы зерттеулер жүргізді, ғылыми еңбектер жазды. Ш. 
Уәлиханов алғашқылардың бірі ретінде мемлекеттік сауда саясатына 
көңіл аударып, оның тиімді де тиімсіз тұстарын ғылыми түрде 
дәлелдеген. Бірақ, сол кездегі қазақ халқының жалғыз тіршілік ету көзі 
мал бағу еді. Шоқан осы мәселеге аса ден қойып, жайылымды көшпелі 
мал шаруашылығының жағдайын талдап, «мал шаруашылығы – халық 
байлығы» деген қанатты сөз қалдырды [74, 97 б.]. Қазақтар малды тек 
өнім ретінде ғана емес, өндіріс құралдары ретінде де пайдаланған. 
Мәселен малдың жүнінен киіз басып, үй жабдықтарын жасаса, терісін 
илеп ыдыс-аяқтар, жүнін түтіп, иіру арқылы киімдер тіккен, малдың 
сүйектерінен сабын жасаған. Жалпы алғанда, қазақтар шаруашылықпен 
айналысқан, шикізат өңдеген, өнімдер өндірген, ең бастысы мал арқылы 
сауда қатынастарын дамытып, айырбас немесе қазіргі ғылыми тілдегі 
«бартер» жасау жолдарын жүзеге асырған. Шаруашылық дамытудың 
тағы бір ерекшелігі малдардың жаз айларында солтүстіктің салқын 
аймақтарында, керісінше қыстың ызғарлы күндерінде оңтүстіктің жылы 
аймақтарында 
бағылуы. 
Мұндай 
тәжірибе 
қазақ 
халқының 


79 
георгафиялық және экологиялық ілім-білімдерінің табиғи түрде 
дамығандығын, дала өркениетін меңгергендігін байқатады. Орталық 
Азия елдерінде көшпелі шаруашылықтың басқалармен салыстырғанда 
Қазақстанда мейлінше дамығандығы анық. Бертін келе, мал 
шаруашылығының өрісі тарылып, одан әрі дами алмайтындығына көзі 
жеткен қазақтар тіршілік күйінің басқа арнаға өзгеру керектігін дөп 
басып, отырықшылыққа ауыса бастады. Бұл қадам прогрессивтілік 
мәнге толы шешім болды. Өздерінің төл шаруашылығын басқа түрге 
ауыстыру қазақтар үшін оңайға соқпады, дегенмен өмірге деген 
құштарлық пен қазақтың қанына біткен тәуекелділік отырықшылық, 
егіншілік сияқты жат шаруашылықты меңгеріп әкетуге бет бұрғызды. 
Егіншіліктің пайдасын білген халық, астық көлемін ұлғайтып, Орал, 
Орынбор, 
Семей 
қалаларын 
астықпен 
сауда 
жасаудың 
ірі 
орталықтарына айналдырды. Керекудегі «Қарқаралы», Қызылжардағы 
«Қоянды», жәрмеңкелері Орта Азияға танымал болды. Өркениеттік 
қадам 
ары 
қарайғы 
ақша 
тарихының 
толық 
қалыптасып, 
кооперациялардың, зауыт-фабрикалардың ашылуымен жалғасын тапты. 
Кооперацияны М. Дулатов қолдап, халыққа бірігіп жұмыс істеудің 
тиімді екенін баса айтса, М. Сералин өз еңбектерінде қазақ халқының 
отырықшылыққа, егіншілікке және интенсивті мал шаруашылығына 
көшуі сияқты келелі мәселелерді көтеріп, бұл мәселелердің объективті 
қажеттіліктерін дәлелдеп берген. Отырықшы болу мәдениетке жетудің 
шарты деп пайымдау негізсіз, сондықтанда жер мәселесін көшу жақсы 
ма, отырықшы болу жақсы ма деп шешуге емес, қазақ жерінде қай 
кәсіппен күн көруге болады деп шешу абзал [75, 16 б.]. деген ой айтады. 
Мұндай 
құнды 
мағлұматтар 
«Айқап», 
«Ұшқын», 
«Ауыл», 
«Еңбекшіқазақ» газет-журналдарында жарияланып, бұқаралық саяси 
мәні бар дерек көздеріне айналды. 
Өндіргіш күштердің қарқынды дамып, капиталистік қатынастардың 
біртіндеп күш алуы, қазақ қоғамында азиялық және еуропалық мәдениет 
пен өркениеттің ұшқындарын алып келді. Ұлттық менталитетімізге тән 
қазақылық қасиеттер бөтен ел өкілдерінің қазақтар арасына тез сіңіп 
кетуіне ықпал жасады. Қазақтардың аңғалдық, сенгіштік және елгезектік 
қасиеттері де сырт ел өкілдері үшін барынша тиімді болды. Осылайша 
қазақ даласында мәдениеттер сұхбаттастығы мен трансформациясы, 
өркениеттердің алмасуы мен қарым-қатынасы, дәстүрлік жаңашылдық 
пен сабақтастық өз жалғасын тапты.
Жоғарыда аталған қазақ ойшылдарының өркениеттік үлгісін 
ұстанып, оны ары қарай қарқынды дамытқан, Петербург, Мәскеу, 
Варшава, Қазан университеттерінен жоғары білім алған Ә. Бөкейханов, 
М. Дулатов, Мұстафа Шоқай, Ж. Аймауытов, Б. Сыртанов, Б. Қаратаев, 
М. Тынышбаев, С. Жантөрин, С. Асфендияров және т.б. ұлт зиялылары 
болды. Аты аталған алаш азаматтарының ойы бір жерде тоғысып, қазақ 


80 
халының өркениетті халық болып ары қарай қалыптасуына өз ықпалын 
тигізді. Олар қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, 
Еуропа мәдениетіне, өркениетіне жетуді мақсат етті.
Жалпы мәдениет пен өркениет деген ұғымдар біріне бірі өте жақын 
ұғымдар. Бірақ бір емес. Мәдениет – адам баласының ақылымен, 
қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өңдеген заты, құбылыс болса, ал 
өркениеттілік- мәдени табыстардың адам игілігіне жаратылуы. 
Қазақ мифологиясының және философиясының қайнар көздері 
ежелгі дүниеде, бұрынғы протоқазақтардың және қазақтардың 
мифологиялық алғашқы философиясында (б.э.д. І-ІІ мыңжылдықтар) 
жатыр. Қазақ халқы көптеген елдердің өзара әсерлесуі мен бірігуінің 
арқасында пайда болып, олардың әртүрлі мәдени қырларын мұралап, 
кезіндегі жетекші өркениеттің – сақ өркениетінің мұрагері болып 
табылады. Олар толық қанды қазақ өркениетін қалыптастырды. 
«Қазақ өркениеті» ұғымын нақты тарихи, рухани – мәдени және 
ғылыми тұрғыдан негіздеу бүкіл қазақстандық әлеуметтік және 
гуманитарлық ғылымдар жүйесінөзгертуге, көне заманнан бүгінгі күнге 
дейінгі ұлттық тарихымызға мәдени-өркениеттік тәсілмен жаңаша 
қарауға, ескірген Қазақстан тарихына деген бұрынғы батыстық немесе 
ресейлік көзқарастан мүмкіндігінше бас тартуға итермелейді. Кең байтақ 
Еуразия даласында отырықшылық мәдениетпен қолтықтаса отырып, 
көшпенділер мәдениеті де қалыптасып,айрықша қазақ-қыпшақ өркениеті 
өмір сүрген. Қазақ өркениетінде өркениетке тән тәңірлік дүниетанымы 
мен зороастірлік діні, өзіндік төл жазуы, рухани және материалдық 
мәдениеті, эпостары, философиясы, ғылымы, музыкасы, өнері, 
қалалары, архитектурасы, халықтары, мемлекеттері болған.
Ғылыми тұрғыдан діндер мен мифтерді зерттеуші ғылымдардың 
атасы Мирча Элиаденің пікірінше ең алғашқы діни нанымдар да, 
алғашқы әулиелер де осы далада туған. Элиаденің кітабын оқып өскен 
европалықтарға біздің сайын дала сағымдай көз алдарында елестеп 
тұрады. Ал енді жолдары түсіп келе қалса, – даланы көрсетіңдерші, деп 
жалынады, олар үшін дала бір қолжетпес арман сияқты болады да 
тұрады. Біз қазақ соған көбінесе мән бере бермейміз, шынымен қолда 
бар алтынның қадірі жоқ. Қалың қазақ дала емес, қалада тұратын заман 
болып бара жатыр. 
Өркениетті ел болғандықтан республиканың дамуы баянды 
болуының бір кепілі – өзіміздің рухани–мәдени дүниеміздің тарихи 
өткеніне қайта үңілу, оларды ой елегінен өткізу, тарих қатпарында 
қалған 
рухани 
дүниеміздің 
жанды 
тамырларын 
қайта 
қалыптастыруымыз керек. әрине келешекте мұндай руханияттылықтың 
зердеханасы толыққанды болып өсетін ұрпақтар, байырға қазақи тек 
емес, еліміздің қазіргі күрделі жағдаятынан туындайтын, келешектегі 
қазақ халқының әлем халықтары арасынан өзінің шығар төріндегі 


81 
орнын өз беделімен алатын, кейін кең өріс пен ұрпақтар жаятын жас 
буындар болады. 
Қазақтар – Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, 
әлемдегі жалпы саны 15 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің 
солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік 
мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік 
тобының қыпшақ топтамасына жатады. Қазақ мәдениеті еуразиялық 
Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы 
ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет 
ерекшеліктерінен бастайық. Бір кезде қала адамы ауыл адамына 
қарағанда мәдениетті денген пікірлердің болғаны анық. Алайда соған 
қарап өркениеттілік қалада деп түсіндік. Бүгіндері сол ұғым 
нақтыланды,ауыл мәдениетінің қоғам дамуы үшін тигізер пайдасы 
орасан екендігі айқындалды. Қазақ халқы ертеректе отырықшы егін 
және көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Еуропаорталық 
теория бойынша, көшпелілер мәдениеті төмен, өркениеттен жұрдай деп 
топшыланды. Тек соңғы онжылдықтарда ғана біз Қазақстан 
территориясында көптеген ірі қалалардың болғанын естіп, біле 
бастадық. Қазақстанның бір кездері астанасы болған бір ғана 
Отырардың өзі неге тұрады. Ал ертеректе бабаларымыз батыс Қытай 
қорғанынан Карпатқа, тундрадан ірі қалаларға толы Иранға дейінгі 
орасан зор территорияны мекен еткен.
Қазіргі таңдағы коғамдағы өзекті мөселенің бірі - Қазақстан 
өркениеті, оның деңгейі, дәрежесі, мәдениеті, мәдениет пен өркениет 
тең ұғьмдар ма, т.с.с сұрақтарға жауап іздеу болып отыр. Өркениет 
мәселесі бұрыннан-ақ зерттеліп келеді. О. Шпенглер «Өркениет 
мәдениеттің ақыры» десе, И. Гердер «Өркениет мәдениеттің прогрессі»
дейді. Өркениет – өз зандылықтары бар социомәдени жүйе. Әрбір 
өркениеттің өзіндік болмысы бар, өз өмірімен өзінің тарихи тағдырын, 
институттық құндылықтарын өткізеді. Бір-бірімен байланыса отырып, 
өркениет ой қайталанбастығын сақтайды. Дәстүр механизмі арқылы 
мәдениетті беру сабақтастық өркениетке тән сипат. Жаңа өркениет 
жоғары технология мен ақпаратқа негізделеді. Өркениет пен мәдениет 
адамдардың шығармашылық күшін жүзеге асырудың 2 әртүрлі амалы. 
Мәдениетте барлық материалдық пен өндірістік рухқа қызмет етеді. 
Жұмысшы күшін қайта өндіру – өркениет белгісі, ал тәрбие мен білім 
арқылы адам тұлғасының құрылымын қайта өндіру – мәдениет белгісі, 
құндылығы дәстүрі. Өркениет технологиялыққа, институционалдыққа, 
мәдениет – адам мақсатын жүзеге асыруға ұмтылады [76, 117 б.] 
Қазіргі қоғамдық дамудың ең өзекті мәселесі – өркениет пен 
мәдениет бірлігі болып табылады. Өркениет – материалдық пен рухани 
мәдениеттің даму деңгейі. Өркениет прагматистік мақсаты белгілі ұғым. 
Өркениеттікке қайталанбас өзіндік ерекшелік беріп отырған ұлттық 


82 
этникалық сипат. Осы орайда елбасымыз айтуы бойынша: «Күллі 
ұлттық мәдениеттердің кедергісіз еркіндеп өмір сүруін камтамасыз 
ететін арнайы шарттардың бірі – оларға құқықтық жағдай беру. Қазіргі 
қазақ мәдениеті кәсіби театрдан операға дейінгі, сәулеткерлік мектептен 
көркем суреттегі соны өнер ізденістерге дейінгі мәдени құрылғылар мен 
жаңалықтардың алуан түрін көрсетеді. Қазақ мәдениеті мен өркениеті 
ашық сипат ұстанып, мәдени тың жаңалықгарды қабылдауға әркез әзір 
болуы тиіс. Қоғамдағы жаппай ақпараттану, қазақ қоғамының 
қалашылдануының мәдени салдары қалай, мәдениетті, өркениетті жаңа 
буын нарық дәуірінде қалай бейімделді сияқты мәселелер шығады» [77, 
17 б.] 
Әрбір елдің саналы азаматының алдында тұрған мақсат – 
дүниежүзілік қоғамдық құбылысқа өз болмысымызбен, тіліміз бен, 
дінімізбен ену. Бұл үшін өзіміздің бай мәдениетімізге сүйенеміз. 
Халқымыздың өзіне тон қайталанбас өнері, ешкімге ұқсамайтын 
мәдениеті мен өркениеті асқақ рухты болмысы бар. «Қазіргі замандағы 
өркениетті елдер дегенде екі мәселе бар: олар – адам құқының 
сақталуының стандарттық нормалары және өркениеттің технологиялық 
сапасы. Өркениетті болу әркімнің болғысы келетін психологиялық ерік 
пен мәдени ынта. Қазақстандық өркениет – халықгың ішкі бірлігі, оның 
азаматтық парасаттылығын нығайтатын қалыптастыратын әлеуметтік- 
мәдени шындық» [33, 22 б.] 
Өркениет – қоғамдық әлеуметтік даму көрінісі, ол белгілі бір 
қоғамдық өндірістің формасы технология жетістігі, мемлекеттің саяси 
жүйесінен байқалады.Өркениет те мәдениет те жеке адамның бойынан 
моралдығынан, ісінен, байқалады, бұл сол адамның мәдени-өркениеттік 
деңгейін аңғартады. 
Қазақстанның 
дәл 
қазіргі 
кезде 
әлемдік 
қоғамдастық 
интеграциялануы, ондағы саяси жөне экономикалық обьективті 
цроцеске жылдам интеграциялануға дайындығы кемел. Әлемдік 
тәжірибедегі жақсылық атаулыны бойға сіңіру және әлеуметтік 
экономикалық прогресс жолына озық терсң тамырлы ұлттық 
дәстүрімізді жұмылдыру – табыс кілті, Қазақстанның тұрақты гүлденіп 
көркейер жолы [78, 12-13 бб.]. 
Маңызды міндеттің бірі-жаһандану процесіне ілесу. Жаһандық 
өркениет қалың халық бұқарасының тұтыну сұранысын қамтамасыз 
етуді мақсат еткен «әмбебаптық мәдениет» болып табылады. 
Сондықтан жаһандық өркениет материя формасында біздің қоғамдық 
өмірімізде тіршілік саласында жүруде. Әлеуметтік коммуникацияның 
техникалық жабдықталуы, теледидар телефон, автокөліктер - ешқаңдай 
ұлттық ерекшелігі жоқ, жалпыға бірдей заттық бұйымдар болып қалды. 
Қаладағы тұрғын үйлер, үй жиһаздары барша халыққа ыңғайлы,
ұнамды үлгіде жасалынатын болды. Халықаралық сауда-саттық 


83 
тәсілдері, банкаралық есеп айырысу жүйелері де бірлікке келтірілуде. 
Халықаралық ұйымдарға мүше елдер өз институттарын да бір жүйеге 
келтіруде. Білім де өркениеттің бір белгісі десек, қазіргі білім саясаты 
аясында да бірқатар өзгерістер енген, атап кетсек, кредиттік технология 
жүйесі, оның мақсаты студенттердің мобилдігін арттыру, диплом 
конверттілігін, яғни халықаралық стандарттқа сай болуы,
дистанциялық оқыту жүйесі, интернетке үйрену бұл да әлемдік 
өркениеттен Қазақстанның қалып қоймауы, әрі білім сапасын арттыру 
мақсатындағы шаралар. Міне, бүгінгі таңдағы Қазақстанның 
өркениеттік дөрежесі осындай. Қазіргі Қазақстан бейбітшілік пен 
тұрақтылық қуатымен ерекшеленеді, бұл рухани күш-жігердің 
арқасында саяси ерік қуатты жұмылдыру арқылы мүмкін болып отыр. 
Ендеше қауіпсіздік жүйесі мен бейбітшілікті қамтамасыз ету 
жолында қалыптасқан дүниежүзіндегі әртүрлі елдердің тәжірибесін 
ескеруіміз керек. Өркениетке бастар жол – жаһандану біздің өмірімізді 
түбегейлі өзгертуге қабілетті құбылыс. Жаһандануда таза прагматизм 
де, технологиялық прогресс әлемінің реализмі де тұтыну мен өндірістің 
стандарттау режимі бар. Біздің алдыға қоятын мақсатымыз 
экономиканың нарықтық тетіктері мен адам шығармашылығының 
еркіндігіне негізделген демократиялық және азаматтық қоғамға жету 
[79, 4 б.]. 
Азаматтық қоғамға қоса демократия да өркениеттілік пен гуманизмге 
қадам жасаудың кепілі болып табылады. Себебі демократия адам 
құқықтарын 
сақгау 
арқылы 
бейбітшіл 
саяси 
мәдениетті 
қалыптастырумен айналысады. Демократиялық құндылықтар әлем 
мәдениетінің назарындада. Айтылғандардың бәрін қорытындылай 
келсек, Қазақстан өркениеті бүгін қандай дәрежеде екендігінен жауап 
алғандаймыз. Жақын жылдарда Қазақстанның ұлы, жоғары өркениеті, 
экономикасы мықты, табиғи ресурсқа бай, мол рухани және 
материалдық қазынасы болатын мемлекетке айналары даусыз. 
Қазір тұтас қазақ халқын қалыптастыру процесінде этникааралық 
және мәдениеттер аралық өзара әрекет процестері өтуде. Жаһанданудың 
мәнді негізі ақпараттық төңкеріс адам өмірінің барлық сферасына ықпал 
етеді. Ұлттық суверенитет пеи ұлттық «Меннен» өзіндік болмыс пен 
қайталанбас дәстүрлі мәдениеттің ұлы құндылықгарынан халық 
шығармашылығы мен даналығынын көп ғасырлық тәжірибесін көреміз. 
Жаһандану механизмінің мәдениеттің теңділігіне ықпалын зерттеу 
маңызды. Жаһандану парадоксалды, олай деуімізге негіз бар.
Мәдениет аумағындағы гуманитарлық ғылым өкілдерінің өткізген 
зерттеулері бойынша, мәдениет пен өркениет ұғымы тең емес және бір 
уақытта өзара тығыз байланысты ұғым. Өркениет термині материалдық 
және рухани мәдениеттің нақты өсу деңгейін білдіреді. Неміс ғалымы О. 
Шпенглердің (1888-1936) айтуы бойынша, әрбір мәдениеттің бірегей 


84 
және қайталанбас тағдыры бар. Әрбір мәдениет дамуының соңы 
өркениет сатысы, О. Шпенглер бойынша оған Европа кірді. 
Бұл сатыда ғылым мен техника жоғарғы дәрежеде дамыды, әдебиет 
пен өнер саласында құлдырау болып, қалалар саны тез өседі 
(урбанизация) деген мінездеме сай келеді. О. Шпенглер бойынша, бұл 
жолда ұлт «мәдениет жанын» жоғалтады. Зерттеушілер өркениетті адам 
катынасында сыртқы әлемге әсер етуші ғана емес, сонымен бірге, оған 
қарсы тұрушы ретінде қарастырған. Өркениет – мемлекет, ұлт, 
әлеуметтік топ заңдылықтарына қызмет етуші мәдени жүйе [19, 91 б.]. 
Американдық социолог О. Тоффлердің көзқарасын негізге алсақ, бүгінгі 
таңда жоғары технология мен ақпаратқа негізделген жаңа, өркениет 
құрылуда. Техника мен оның өзгерістері әлем бейнесінің толық 
өзгеруіне әкеледі. Өркениетке бастайтын жолда «технологиялық 
мәдениет тұр; одан өтпеген» халық өркениеттік, әсіресе техногендік 
өркениеттің өгей баласы сияқты болмақ. «Технолоиялық мәдениетте» 
ғылым мен техника кең өріс ала алмайды, натуралдық қалпымыз көп 
өзгерістерге түспейді. 
3. Бжезинскийдің айтуы бойынша, жоғарғы ірі мемлектке төменгі 
келгірілген мінездеме тән: Бірінші, әлемдік деңгейде және өзге елдерге 
экономикалық үстемдік жүргізе алу мүмкінділігінің болуы. Екіншіден, 
өндірістік және өзге де халық шаруашьшығының салаларында үздік 
әлемдік технологияньщ болуы. Үшіншіден, өте жоғары қарқында 
әлемдік деңгейде мәдени үстемдіктің болуы. Төртіншіден, өзгелер жете 
алмайтын әскери үстемдіктің болуы [80, 2-3 б]. 
Жаһандану дегеніміз қазір американдық үлгіге көшу. Жаһандану біз 
сияқты кенже ұлттарға арналған идеология. Батысты ешқашан жоққа 
шығара алмаймыз, ол мүмкін де емес. Дәстүріміз сақталды деп ырза 
болғанымызбен, өзге алдыңғы қагарлы ұлттардың бізден алыстап бара 
жатқанын қалайша білмеген-көрмегенсіп отыра бермекпіз. Ғылымға 
"қазақстандық өркениет" деген ұғымды енгізудің уақыты келді. 
Бір ғана өркениет жетегінде кету, өзге өркениетті көрмеу – 
мәдениетсіздіктің белгісі. М. Хайдеггердің пікірі бойынша, өткен 
өркениетті терең зерттеп, құндылықтар мен әлемдік құндылықтардың 
табиғи үйлесімділігін адам-мәдениетті адам деп көрсеткен болатын. [81, 
31 б.] 
2011 жылды БҰҰ өркениеттер диалогы жылы деп жариялады. 
Көптеген халықаралық конференция, симпозиум, семинарлар әр түрлі 
өркениет байланысы мен даму процесін анализдеуге арналды. 
Өркениетіліктің Орта Азиялық тәуелсіз мемлекеттері аспектілермен 
карасақ: экономикалық саяси, мәдени, лингвистикалық, құқықтық, 
гендерлік, этнопсихологиялық, халықаралық болып табылады. 
Әлемдегі адам болмысының радикалды өзгерісінің объективті 
процесі жалпы планетарлы масштабта тұлға аралық қатынас типі мен 


85 
амалдарымен жүзеге асады. XX ғасырдың аяғындағы ақпараттық 
төңкеріс өзара тәуелді және өзара келісуші әлем идеясын шындықка 
айландырады. 
«Жаһандану» мәнінің негізінде ақпараттық революция жатыр. 
Адамзат өмірінің экономика, саясат, мәдениет, тіл, білім, рухани-
өнегелік саласының дамуы мен аралық жөне конфессия аралық 
қатынастарына ықпал етеді. Жаһанданудың ұлттық мемлекет пеп оның 
қызығушылықтарын жоймауына бір жол бар, Жаһандану үлгісінің өзін 
өзгерту. Бұл жаңа қатынас типіне байланысты жүргізілуі тиіс: жалпы – 
ерекше – жеке, ерекше мен жекені ассимиляциялағанда, бірақ жекенің 
экстремалдық көрсетуі мен дамуының нәтижесіңде, оның бірегейлігі 
мен қайталанбастығын жүзеге асырады. Бұл жаңа қатынас типі 
әлеуметтік-философиялық 
концепцияларда 
талданған. 
Соңғы 
жылдардың қайғылы жағдайлары көрсеткендей, изоляционистік 
орнатулар, жабық және қозғалмайтын мономәдениет талаптарының 
шекті мәні , кез-келген құралды әлдебір ұйымдастырған түрде, яғни 
халықаралық масштабта фанатизмге, терроризмге, экстремизмге, 
радикализмге әкеледі. Бірақ бұл өзін шынайы адамшылықтан, 
ашықгықтан, толеранттылықтан, сенімнен, адамның тірілік шырынынан 
айырған мәдениет. Мәдениет сөздің турасына қарағанда адамның 
адамгершілік мәні руханилығының іске асуы мен сыртқы, заттық-
практикалық көрінісі. Керісінше, бүгінгі әлемдегі жағдайда мәдениет 
өзіндік мақсат ретінде жалаңаштанған жансыз шеберлігімен сыртқы 
форманың соңынан жүруі – бұл руханисыздық мәдениет жағдайлары. 
Бұл соңғысы «антимәдениет», немесе «мәдениет еліктіруі» деп аталады. 
Батыстың қолдайтын бағыты-құндылықтарға сәйкес ортаны өзгерту 
болса, Шығыстың бетке ұстар құңдылығы-адамды өзгертіп, жетілдіру 
болмақ. Жалпы ұлтына, дініне, саясатына қарамай қазіргі 
Қазақстанның жалпы ортада тұрған құндылықтарын атап өтейік: 
Бірінші, демократиялық, экономикалық күшті мемлекет құру; 
Екіншіден, халықтың руханилығының қайта тудыру идеясы; 
Үшіншіден, ұлттық түп тамырының шарықтауы республикада тұрып 
жатқан басқа ұлт өкілдернің арасындағы ынтымақтасгық қазақ 
ұлтының келешегіне көп әсер етеді. Төртіншіден, республикадағы басқа 
ұлт өкілдері Қазақстанды демократиялық, унитарлы, зиялы мемлекет, 
оның территориясы бөлінбейтін, бүтін, мызғымайтындығына сеніммен 
қарау керекпіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет