15
әлеуметтік индивидке айналады. П.Б. Вейльдің түсінігінде, «мәдениет –
бұл артефакттер, әрекеттер және қарым-қатынастар жүйесі, өз кезегінде,
ол уақыт сынағынан өтіп, белгілі бір мәдени қауымдастыққа тән жалпы
психологияны қалыптастырады» [17, 124 б.]. Адам баласы күнделікті
өмір практикасында қоғамдық өмірдің әр саласынан ақпарат жинайды.
Американдық мәдениеттанушы А.
Кребердің тұжырымы
бойынша, әрбір мәдениеттің негізінде қандай да бір модель жатыр, ал
ол модель болса, өзгере отырып оның ерекшелігіне және мінез-
құлқына сәйкес келетін дүниені бойына қабылдайды. Уақыт өте келе
модельдің мүмкіншілік көлемі кеміп, адам баласының іс-әрекеттер
аумағына және жүйелеріне ықпал ете алмайды. Сонда мәдениеттің
ескірген моделінің «өмір сүруі» тоқтайды. «Мәдениет
өмірінің
тоқтауы» оның толық жойылуын білдірмейді, өйткені ескі модельдің
орнына ескі мәдениет негізінде қалыптасқан жаңа (инновациялық)
модель келеді.
Мәдениет адамзат әрекетінің нәтижесі болып табылғандықтан
адамдар жиынтығысыз тіршілік ете алмайды. Бұл жиынтық, тұтастық
мәдениет субъектісі және оның жаратушысы, сонымен қатар,
мәдениет тасымалдаушысы болып табылады. Сондықтан жеке адам
баласы өз-өзін әрдайым тек ұлттық нышандарға негізделген нормалар
жүйесімен ғана тәрбиелемеуі тиіс, ол керісінше,
жалпы адами
қасиеттерді дәріптейтін, арттыратын нормалар жүйесімен де
тәрбиеленуі тиіс. Бұл – адамгершіліктің басты бағыты. Өйткені
оқшауланушылық менмендікке, рухани және материалды дағдарысқа
әкеледі. Адамзат бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, оларға әрдайым
сұхбат қажет. Сұхбат арқылы адам баласы, ұлт, мемлекет өзінің
табиғатын, мәнін, «Менін» анықтап, танып, оны ары қарай өсіріп,
дамытып отырады.
Сұхбат әскери жорықтар, миграция, туризм,
ақпарат алмасу және т.б. үдерістер арқылы жүреді. Мәдениеттің басты
қызметі – бұл адамзатты адамгершілікке тәрбиелеу.
Адамзаттың даму тарихы бірнеше уақыт кезеңдерін басынан
кешірді және әр кезең адамзатқа үлгі-өнеге, сабақ болар оқиғаларға
толы. Мәдениет осы әр уақыт кезеңінде өзіндік ерекшеліктерге ие болып
отырды, осындай күйлерге ие болған мәдениетті әмбебапты мәдениет
деп атайды. Әмбебапты мәдениеттер дегеніміз белгілі бір кезеңдерге
және ғылыми білімдер мен техникалық құралдарының белгілі бір даму
сатыларына тән эпистемалық ұстындар жүйесі.
Мәдениеттің қалыптасуы – бұл абсолюттік дамудағы ашық
тұтастық. Ендеше, мәдениет өркениеттің қуаттылығы негізінде
жетіліп, дамып, жүзеге асуы қажет. Ал
адамзаттық мәдениет
заңдылығы мен тұтастық бірлігі ерекше дүниелер болып есептелінеді.
Мәдениет тұтас және әр алуан, ерекше мәдениеттердің көпжақтылығы
біртұтас адамзаттық мәдениеттердің болмыстық тәсілі болып
16
табылады. Демек, мәдениеттің өркениет негізінде дамып, жетілетіндігі
даусыз. Ерекше мәдениеттер ғана өзекті, әрі оқшауланған. М.М.
Бахтиннің пікірінше, «бөгде мәдениет – тек өзге мәдениеттің алдында
ғана өз мәніне тереңірек үңілуге тырысады». Яғни, бір мәдениеттің
ерекшелігі екінші бір мәдениет арқылы танылмақ. Бір мән екінші бір
өзге, бөгде мәдениетпен кездесіп, сұхбаттасу және жанасу арқылы
өзінің шынайы табиғи мән-сырын ашады. Нәтижесінде, олардың
арасында мәдениеттердің біржақтылығын, оқшаулығын,
томаға-
тұйықтығын игеретін диалог, яғни сұхбаттастық пайда болады.
Мәдени диалогтың немесе мәдениеттер арасындағы сұхбаттастықтың
туындауы осыдан бастау алады. Біз бөтен мәдениетке жаңа сауалдар
қоямыз, олар қалай қабылдаса да, біз осы қойған сауалдарымызға
өзімізше жауап іздейміз. Бөтен мәдениет біздің осы мақсат-
мүддемізге, еркімізге көніп, өз құшағын айқара ашып,
жаңа мәндік
тұрғысынан бізге жауап береді. Осындай диалогтық кездесуде екі
мәдениет бір-бірімен өзара араласып, қабаттасып кетпей, әрқайсысы
өз бірлігі мен ашық тұтастығын сақтай отырып, бір-бірін өзара байыта
түседі [18, 333-334 бб.]. Сонымен бірге, адамзаттық мәдениет те
жетіліп, кемелдене бермек.
Мәдениеттің әлеуметтік рөлін ары қарай анықтар болсақ, оның
ролі зор екенін байқаймыз. Яғни, мәдениет адам баласын жабайылық
пен тұрпайылыққа, еріншектік пен зұлымдылыққа, менменшілдік пен
жауапкершіліксіздікке жол бермейді. Адам баласы өмірінде маңызды
рөл атқаратыны – бұл еңбек. Марксистік ілімге сүйенер болсақ,
«адамды адам ететін – еңбек».
Адам баласының жануарлардан
ерекшеленетін бір сипаты оның еңбек етуінде. Әлеуметтілік пен
мәдениеттіліктің генезисі адам баласының еңбегімен байланысты. Ал
өз кезегінде жеке адамдық өмір тіршілігін қоғамдық өмір тіршілігіне
айналдырады. Сөйте отырып, нәтижесінде, адам баласы мәдениеттің
агенті және қоғам адамы болады.
Достарыңызбен бөлісу: