2.2. Қазақ өркениеті ғасырлар сынында
86
Ежелгі діни нанымдар, мифтер мен аңыздар адамдардың рухын
көтеру үшін, табиғатпен өзара байланысын қалыптастыру үшін
қолданыста болған , әрі халықтың тарихи тағдырына, дамуына әсер
еткен. Олардың мән-жайын идеялық тегі мен тарихи тұрпатын ашып
көрсету аса күрделі, себебі сырттай қарағанда кез-келген діннің
болмысы ессіздік сияқты немесе тіпті бір түсініксіз нәрсе болып
көрінеді. Ал сол ессіздіктің өзін танып білу үшін кемел зерде қажет.
Мұны түсіну үшін көне этнографиялық материалдарға, ертегілер мен
аңыздарға, мифтерге жүгініп терең зерттеуді талап етеді. Олардың түп-
тамырын тарихи этникалық кең аяда танып түсіндіруге болады. Ұлтық
маңызы бар мифтер мен аңыздар діни наныммен байланысты
аңыздармен сәйкес келе бермейді, тіпті қайшы келуі де ғажап емес.
Мысалы, қазақтың болмысы ежелден әулиеге немесе аруаққа сену,
әулиелер арқылы емдеу сияқты мықты дәстүрлері мұсылмандыққа
қайшы келеді. Біздің мақсатьмыз халқымыздың дәстүрлі рухани жөн-
жорасын суреттеп беру емес, оның әлеуметтік мәніне ғылыми талдау
жасап, жарамды жақтарын ашып беру арқылы, қалайда өсіп келе жатқан
ұрпақтың сана-сезімін, рухын, талғамын кетеру. Осы баяндамада казақ
өркениетінің қалыптасуында үлкен орын алған ұлттық рух, ұлттық сана,
қала берді философиясы, мифологиясы туралы біраз сөз қозғамақпыз.
Сенім-нанымдардың тамыры сонау көне заманның тарихи
койнауында жатыр. Ежелгі заманнан бізге там-тұмдап жеткен тарихи
мұрағаттар (ескерткіштер) тас пен қола дәуірлер кезеңінде даламызда
анимистік (өлі заттар мен процессгерді жанды деп пайымдау)
табиғатпен сырласып, сіңісе білгенінің айғағы. Табиғаттың тылсым
күштерін жанды деп түсініп, оларға адам қасиетін, белгісін телу
дәстүрлері болған. Ол құбылыстарға жан бітіріп, иесі бар - мыс, олардың
тәңірі бар деп, тәңір иеге бағыну туындаған. Элиаденің сөзімен
айтқанда, «күнделікті өмір тіршілігінде орын алған сыртқы күштердін
адам бойында қайта қиял түрінде бейнеленуі, жаратушыға еліктеп жер
бетінде моделін жасай білген» [82, 65 б. ]
Сонымен, дәстүрлі-наным сенім, ырым мен жораның, әдет
ғүрыптың, талғам мен түйсіктің, наным мен танымның сипаты
табиғилықтан бастау алып, көшпелі өмір салтымен қойындасу, ал заттар
мен өмір құбылыстарының тіршілік талабымен үйлесе сүрыпталуынан
туындаған. Алматы маңында табылған Таңбалы баурайындағы тасқа
қашалған құдай түлғалары күн дидарлы адам пішінді болып келетіндігі
сондықтан. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде бұл діни түсініктер одан әрі
дамыған. Мұнда затты пір тұту, затты киелеу, бірте-бірте сол затгы
құдірет күш иесі деп тануға ұласады. Төрт-түлік малдың иелеріне деген
мадақ-сенімнің белең алған тұсы да осы кез. Сенім-нанымның түп
төркіні, діни-идеяларды адамдардың әлеуметтік қарым-қатнасымен
87
сабақтастыра отырып, қазіргі таңда оған басқа сипатта қарауды талап
етеді.
Ғасырлар қатарынан бізге жеткен ежелгі рухани мұрағаттар
қатарына жататын салт-санамен дәстүр әлеуметгік психологияның
саласы. Бұл бай мұраларды игеру, әлем заңдылықтарын игеру, қиял мен
шындықты, жарық жалғанның болмысы мен бопсасын, күйкілігі мен
құдіреттілігін таба аламыз. Адам баласы қашаннан-ақ дүниені ақиқат
қалпында қабылдауға құштар. Адамдар қоршаған ортаны ғылыми
таным ретінде білмей жатып-ақ, диалектикалық әдіспен ойлайтын
болған, себебі табиғатқа өте жақын, табиғаттың тылсым сырымен
астасып, бірлесіп өмір сүріп, табиғаттан үйреніп, өмір сүруі, халықтың
рухани болмысының өзегі. Халықтық бұл ақыл-ой, зерделі, өмірлік
тәжірибесі (фольклор, музыка, би, сәулет өнерінде) жинақталған.
Қазақ мифологиясының және философиясының қайнар көздері
ежелгі дүниеде, бұрынғы протоқазақтардың және қазақтардың
мифологиялық алғашқы философиясында (б.э. д. І-ІІ мыңжылдықтар)
жатыр. Қазақ халқы көптеген елдердің өзара әсерлесуі мен бірігуінің
арқасында пайда болып, олардың әртүрлі мәдени қырларын мұралап,
кезіндегі жетекші өркениеттің – сақ өркениетінің мұрагері болып
табылады. Олар толық қанды қазақ өркениетін қалыптастырды.
«Қазақ өркениеті» ұғымын нақты – тарихи, рухани-мәдени және
ғылыми тұрғыдан негіздеу бүкіл қазақстандық әлеуметтік және
гуманитарлық ғылымдар жүйесін өзгертуге, көне заманнан бүгінгі күнге
дейінгі ұлттық тарихымызға мәдени-өркениетгік тәсілмен жаңаша
қарауға, ескірген Қазақстан тарихына деген бұрынғы батыстық немесе
ресейлік көзқарастан мүмкіндігінше бас тартуға итермелейді. Кең байтақ
Еуразия даласында отырықшылық мәдениетпен қолтықтаса отырып,
көшпенділер мәдениеті де қалыптасып, айрықша қазақ-қыпшақ
өркениеті өмір сүрген. Қазақ өркениетіде өркениетке төн тәңірлік
дүниетанымы мен зороастрлік діні, өзіндік тел жазуы, рухани және
материалдық мәдениеті, эпостары, философиясы, ғылымы, музыкасы,
өнері, қалалары, архитектурасы, халықтары, мемлекеттері болған.
Ғылыми тұрғыдан діндер мен мифтерді зертеуші ғалымдардың
атасы Мирча Элиаденің пікірінше ең алғашқы діни нанымдарда,
алғашқы әулиелерде осы далада туған. Элиаденің кітабын оқып өскен
европалықтарға біздің сайын дала сағымдай көз алдарында елестеп
тұрады. Ал енді жолдары түсіп келе қалса, даланы керсетіңдерші деп
жалынады, олар үшін дала бір Қолжетпес арман сияқты болады да
тұрады. Біз қазақ соған көбінесе мән бере-бермейміз; шынымен қолда
бар алтыннын қадыры жоқ. Қалың қазақ Дала емес қалада тұратын
заман болып барады, осы жерде не істеуіміз керек? Өркениетті ел
болғандықтан республиканың дамуы баянды болуының бір кепілі -
езіміздің рухани-мәдени дүниеміздің тарихи еткеніне қайта үңілу,
88
оларды ой елегінен қайта-қайта өткізу, тарих қатпарында қалған рухани
дүниеміздің жанды тамырларын қайта калыптастыруымыз керек. Әрине,
келешекте мұндай руханияттылықтың зердеханасы толыққанды болып
өсетін ұрпақтар, байырғы қазақи тек емес, еліміздің қазіргі күрделі
жағдаятынынан туындайтын, келешектегі қазақ халқының әлем
халықтары арасынан өзінің шығар төріндегі орнын өз беделімен алатын,
кейін кең өріс пен ұрпақтар жаятын жас буындар болады.
Өркениет тарихында рухты халықтардың аты калды, заты қалды.
Рухты халықтың алды жарық, Рухты халық жасампаз алып, тарих
рухтың еңсесі биік, есесі мол екенін ертедегі гректер, римдіктер,
византийліктер, ежелгі ғұндар, түріктер, Шыңғыс хан дәуіріндегі
моңғолдар дәлелдеді.
Ең алдымен біздің қазақ, Шоқан айтқандай даланың рыцары -
серісі, сайын даланың иесі. «Қазақ» деген айбынды да айдынды ұлт
есімі. Екіншіден, қазақ үш жүзден құралған құрама халық емес, тұтас
халық. Біз бір атадан тараған үш баланың, үш атаның ұлымыз. Түбіміз
бір, түбіріміз бір Азия сахарасындағы іргелі халықпыз. Ортақ тіл,
Қасымхан салған касқа жол, Есімхан салған ескі жол, Тәуке ханның
«Жеті Жарғысы», бүкіл халықтық құрылтай, хан сайлау, жылдық
миграция жолын бекіту - осының бәрі біртектілікті, тұтастықты, баршаға
ортақ заңдылықты, әдет-салтты іске асырады. Үш ғасыр бойы моңғол
тектес тайпаларды бойына сіңіріп, енді өзінің ұлы шаңырағынан
өзбекке, ноғайға, башқұртқа, т.б. түркі тектес халықтарға енші берген
қазақ, ұлы Мағжан айтқандай, қара шаңыраққа ие болып, ұлт больш
қалыптасты. Біз қазақ болғанымызға мақтан ете алатын бақытты
жандармыз. Тарихымыз ертеден басталатын қазақ өркениеттінің
ұрпақтарының жаңа кезеңі орнықты. Сонымен рухты қалай түсінуіміз
керек, жас ұрпақтың рухын калай көтереміз. Бұл мәселенің маңызы өте
зор, себебі Қазақстан жаңа мемлекет екенін сылтауратып, қазақтар бұған
дейін мемлекет құрмаған деген сөздер оқта-текте айтылып қалып та
жатыр.
Рух, жан мен тән арақатынастары философияда адам мәселесімен
сипатталатын негізгі іргелі тақырыптардың бірі болып табылады. Соңғы
дәуірде адамды зерттеу саласындағы жетістіктерге қарамастан бұл
мәселелердің арақатынасын, олардың шығу тегінен түсіндіріп беруге
қабілетті, теріске шығарылмайтындай айғақтар және дәлелдермен
бекітілген сенімді теория болмай отыр. Адам туралы бар
көзқарастар негізінен болжамдар мен үсыныстарға ғана сүйенеді.
Бұған таңдануға болмайды, өйткені әлем туралы қазіргі ғылыми
көзқарастар осыдан 300-400 жыл бұрын ғана қалыптаса бастады, ал бұл
адамзаттың көп ғасырлык тарихындағы аз ғана мезет. Алайда осыған
қарамастан адам табиғатын философиялық түсіндіру жалпы теориялық
деңгейге үлкен сенімге ие бола отырып, дұрыс бағыт сілтейді.
89
Адам мен оның рухы туралы идеялар ерте кезден-ақ пайда бола
бастады. Мысалы, ежелгі үнді философиясында адам жанының көшуі
туралы ілімге сәйкес рухтың субъективтілігі ретінде қарастырылса, ал
қытайдың ертедегі бүкіл даналығы адамгершілікпен байланыстағы
антропоцентристік
сипатта
болды.
Космологиялық
грек
натурфилософиясында рух гилозоизм позициясына негізделді, яғни тірі
мен елі арасындағы шекара теріске шығарылып, универсумньщ жалпы
жандылығы, әсіресе милет мектебі өкілдерінде мойындалды. Антикалық
философияда антропологиялық проблематикаға өту софистердің
ағартушылығымен және Сократтың этикалық рационализмімен
басталады. Ортағасырлардағы діни философия рухқа басымдылық бере
отырьш, жан мен тәннің антропологиялық дуализмі арқылы түсіндірсе,
ал Қайта өрлеу мен Жаңа заманның философиясы адамды аспаннан
жерге түсіріп, оның мәселесін теоцентристік емес, антропоцентристік,
гуманистік мағынада шешуге тырысты.
Қазіргі кездегі ғылымда адамның биоәлеуметтік табиғаты туралы
пікір қалыптасты. Адам пайда болуының биологиялық алғышартын
ешкім теріске шығара алмайды, алайда адамды тұлға ретінде
қалыптастыратын әлеуметтілік екені де сөзсіз. Адам өмір сүруінің
табиғи-биологиялық
жағы
әлеуметтік-мәдени
факторлармен
«адамданады» және ортаға түсіріледі.
Ал осы адамзаттың ең кеңінен таралған әлеуметтік-мәдени
қауымдастығы этнос немесе ұлт. Этнос немесе ұлт тарихи-мәдени айғақ
болғандықтан кез-келген мәдениеттің түбірін құрайды. Этнологияда
қалыптасқан дәстүр бойынша мәдениет үғымы берілген этносты
құрайтын қауымның қоғамдық қатынастары түсінігімен өте ұқсас.
Сондықтан да әлеуметтік антропология мен мәдени антропология
арасындағы айырмашылық шартты.
Осы жерде мен үлкен мәселе көтерейін деп отырмын, ол – ұлт
өркениет субъектісі, өркеннеттің қозғаушы күші. Ұлт жоқ жерде
өркениет те жоқ. Ұлттық сана тек қана өркениетті елде қалыптасады.
Бізге белгілі әдебиеттерде ұлт мәселесі өркениет субъектісі ретінде
қарастырылмаған.
Публицистика мен көпшілік басылымдарда этнос жөне ұлт
үғымдары бір мағынада қолданылғанымен, арнаулы ғылыми
әдебиеттерде бүл екі түсінік арасында елеулі айырмашылық бар.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше ұлт – бұл этностық емес,
мемлекеттік саяси категория, этникалық емес, азаматтылық. Дегенмен
ғылыми әлемде Э. Ренанның классикалық анықтамасы мойындалады:
«Ұлт – бұл жан, рухани принцип... Жанды қалыптастыратын екі нәрсе
бар. Біріншісі – бұл ес пен жадының бай мұрасын игеру, екіншісі –
шынайы келісім, бірге тұруға ұмтылу және барынша өз үлесіңді қосуға
ұмтылу». Демек, бұл жерде ұлттық бірегейліктің белгісі тек тілдің,
90
территорияның, шаруашылық-мәдени өмірдің орталықтылығынан ғана
емес, этникалық өзіндік сананың, ұлттық рух пен мінез-құлықтың,
этнопсихологиясы мен менталитетінің жалпылығынан көрінеді.
Рух ұғымы батыстың классикалык идеалистік философиясында
абсолюттік тарихи идеямен байланыстырылса, XIX ғасырдың
ортасына қарай әр-түрлі халықтардың өдет-ғұрыптары, діни жөне
көркем шығармашылық жүйесі туралы жинақталған мәліметтер мен
білім мөлшерінен әрбір халыққа тән оның сапалық айырмашылығын
табу мақсатында алынған бастапқы психикалық байланыстар –
«халықтар рухы» ретінде түсіндіріле бастады. Философиялық, тарихи-
филологиялық зерттеулерді психологиямен байланыстыра отырып,
«халықтар психологиясы» не этнопсихология деп аталған арнайы ғылым
саласы пайда болды. Бұл бағыттың жақтаушылары қатарына: Т. Вейц, Т.
Штейнталь, А. Потебня, Э. Дюркгейм, Л. Леви-Брюль, П. Жане т.б.
кіреді. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында адам мен қоғам,
адам мен рух арақатынастарын зерттеуде екі бағыт бөлініп шықты:
инстинктер концепциясы және құндылықтар концепциясы. Соңғы
бағыттың өкілдері В. Дильтей, В. Виндельбант, Г. Риккерт және т.б.
адамның рухани өмірін сипаттау барысында нақты ғылыми тәсілден
ерекше идеографиялық тәсілді қолданды.
Әрбір халықтың ұлттық рухын этностың маңызды сипаттамалары
болып табылатын менталитеттен және ұлттық мінез-құлықтан аңғаруға
болады. Соңғы уақытта кең қолданысқа түскен менталитет жеке
адамның ғана емес, әлеуметтік бірліктің өзіндік ойлау жүйесі,
эмоционалдық және құндылықтық бағдары деген менде түсіндіріледі.
Менталитет адамның рухани өміріндегі бүкіл құбылыстардың
жиынтығы ретінде қарапайым әдеттен сенімге дейінгі, әлемді
қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерінен моральдық нормаларға
дейінгі өте үлкен ауқымды қамтиды. Негізінен ойлау жүйесінің,
тәртібінің, тәсілінің қайталанбас ерекшелігін белгілеу мақсатында
пайдаланылады.
Ұлттық мінез-құлык ұғымы да менталитет түсінігіне жатады. Ол
әрбір халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде, дауысы мен сөйлеу
мәнерінде, жүріс-тұрысы мен іс-әрекетінде, талғамы мен таңдауында
байқалатын өзгеше қасиеттері мен ерекшеліктерін білдіреді. М.М.
Бахтиннің айтуынша, ұлттың құпиясы оның дастархан мәзірінде де,
киімінде де, биінде де, ұлттық Бахус пен ұлттық Эроста да кездеседі.
Белгілі отандық зерттеуші Сәбетқазы Ақатай өз мақаласында
ұлттық рухты казақша өмір сүру дәстүрімен байланыстыра отырып,
қазіргі мәдениетіміздегі қос ағымды – қазақ немесе казах (ресми) және
қазақы (этникалық) ағымдарды даралап керсетеді [83, 82 б. ].
Осыған ұқсас ой профессор А.Х. Қасымжановтың еңбегінде де
ұшырасады. Ол — «нағыз қазақ» пен «шала» қазақ арасындағы
91
өлшемдер көбіне ұмытылған, шіріген дәстүршілдік пен «Тамаша» деп
аталатын
театрландырылған
шоудың
тақырыбын
қамтитын
трагикомедиялық модерннің шекараларын сипаттайды» [84, 214 б. ], –
деп жазады .
Батыстан енген жаңашылдықтардың салдарынан дәстүрлі
мәдениеттің эрозияға ұшырауы барысындағы құндылықтар жүйесіндегі
өзгерістерді он тоғызыншы ғасырдың зар-заман ақындары мен Абай
жырлаған еді. Халқымыздың бойындағы жат қылықтарды саралай келе
«ел қыдырып ас ішіп», еркек арын сататын, ел бұзатын тентектерді Абай
«пысықтар» атап, оның типін ерекшелейді (серілікпен шатастырмайық).
Ұлы ақынның «Пысықтар» туралы сөздері бүгінгі күні де
өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ұзакқа созылған трансформациялық
кезеңдерден соң ұлттық рух пен дәстүрлі құндылықтар жүйесі үлкен
өзгерістерге ұшырадық. Нәтижеде халқымызға тән қанағатшылдық
(қанағат қарын тойғызады) тойымсыздыққа, имандылық имансыздықты,
жанынан жоғары тұратын ар көрсеқызарлыққа, байтақ далаға тән кең
пейіл күншілдікке, жомарттық бақай есепке, қонақжайлық сараңдыққа
қара қылды қақ жаратын әділеттілік пәлеқорлық пен жалақорлыққа,
батырға тән аңғалдық қулық-сұмдыққа, жаңалыққа құштарлық өсек-
аяңға, сабырлылық күйгелектікке, уәде мен антқа беріктілік (ең жаман
қарғыс — «ант ұрсын») өтірік пен сатқындыққа, ер мінезділік
пысықтыққа, үлкенге деген құрмет көргенсіздікке, төзімділік
шыдамсыздыққа, қарапайымдылық даңғойлыққа айналды. Бүгінгі
әлеуметтік және антроппия жағдайында жоғарыдағы жат қасиеттерге
бұрын құлақ естіп, көз кермеген қылықтар мен құбылыстар қосылды:
жыныстық бағдарын өзгерту, жезөкшелік, зинақорлықпен қатар,
қылмысгық әлемде кісі өлтіру, әйел зорлау, өз-өзіне қол жұмсау т.с.с.
Дүниеқорлық батыстық өркениеттің негізгі қағидасы болғандықтан
біздің ұлтымызға жат құбылыс.
Атақты Мәшкүр Жүсіп Көпей де «бір замандар келер сонда
қазақтар өзбектен асқан саудагер болады», деп болжап кеткен екен.
Қазақтың пысықтығы, екінші жағынан осы заман талаптарына сайма-сай
келе қалғанын да мойындауымыз керек, не дегемен басқа елдің
босағасын жағалап жүрген жок. Ежелден келе жатқан ақылдылығы,
парасаттылығы, төзімділігі қала берді өркениеттілігі де шығар.
Бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің әсерінен,
ұлттық рухтың танымастай трансформациялануы мен санаға терең ұялап
алған құлдық вирустың салдары рухтың, күнәхарлықтың кірі мен шаңы
басып өзінің жеңіл әрі ұшқырлық қасиетінен жартылай арылуына әкелді.
Ұлттың шынайы рухы соғыс (қазақтардың бес каруынан) пен
өнерде (домбырасынан) айқын көрінеді және ұлттық мінез-құлық ең
соңынан өледі. Қазақтар әскери-демократиялық өркениет өкілі екенін
ескерсек олардың бойында батырлық пен батылдық рухы ежелден
92
басым болған деп айта аламыз. Иран ұлт азаттық қозғалысы кезінде
олардың көсемдері әскердің рухын көтеру үшін армиясын Қазақ деп
атағаны тарихтан белгілі емес пе.
Осындай, қазақ өркениетінің жетістіктеріне еліктеудін мысалы
жалғыз мұнымен шектелмейді, мысалы: бірінші, орыс қазақтары қазақ
батырлары сияқты ер жүректі екен, рухтары биік көрінсін деп, басқа ат
таппағандай өздерін бізге еліктеп «қазақ» атауын алды ғой; екінші
Украинаға көшіп келген армяндар мен гректер қьшшақтардың рухына
табынғандары сонша қыпшақша сөйлеп қана қоймай өз діндеріне
қыпшақ тілінде шоқынды емес пе. Қайрат Бегалиннің «Мамлюктер»
деген кітабында, мамлюктер билік басына келгеннен бастап тек қана
қыпшақ тілінде сөйлейтін болғандығы айтылады. Бұрында өзара қыпшақ
тілінде сейлейтін олар, енді мемлекеттік істі мүлде қыпшақ тіліне
ауыстырды. Олар араб тілін біле тұра сөйлеуге арланды. Бұл жағдай
XVI ғасырға дейін жалғасты.
Қазақтың рухы алдыңғы ұлт-азаттық күрестен өзге, екінші
дүниежүзілік соғыста өзін әлемге паш етсе, ал дәстүрдің телегей-теңізі
(А. Затаевич айткандай) XIX ғасырдағы әнші, күйші композиторлардың
шығармашылығы-нан, сал-серілік дәстүрден бір көрінсе, оның замана
лебін қабылдаған түрі өз бояуы мен нақышын жоғалтпаған күйі кейінгі
Н.Тілендиевтің, Ш.Қалдаяқовтың шығармашылықтарында, қазіргі
Р.Стамғазиевтің, «Музарт», «Нұрмақасан» және т.б. орындауларында
ерекше қырынан көрінеді.
«Тарих толқынында» атты кітапты талдай отырып М. Қозыбаев
былай дейді: «Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев азаттыққа,
Қазақстан аумағының тұтастығына, нақтылы экономикалық, әскери,
ақпараттық дербестікке қол жеткізу дегеніміз өте күрделі және ұзақ
уақытқа созылатын құбылыс екенін айта келіп осының бәрі баянды
болуы үшін ұлттың ұлттылығы керек екендігін, оның қажыр-қайратын
еселейтін ұлттық рух керек екендігін баса көрсетеді. Автор сонымен
қатар «қазақы төлтумалықты» - ұлттық үрдістерді ұлы өркениеттердің
мұрагерлері санатында сақтап қана қоймай, оны еселеп жаңғырта алатын
қасиетіне табынады» [85, 110 б. ]. Әрине осы арада қазақ өркениетінің
алатын орны ерекше. Қазақ өркениеті ішінен: дала өркениетін,
көшпенділер, әскери-демократиялык, қалалық, егіншілік және өзен
өркениеттерін таба аламыз. Қазақ өркениеті - қазақ халқының және
олардың ертедегі бабалары қассақтардан (касситтерден), шумер, арий,
скиф, сақ, ғүндардан одан бері хорезм, қазар, түрік, қыпшақтардан
көздің қарашығындай сақталып келе жатқан, өзіне тән ұлттық генотипі,
ерекшелігі, шектелген үлкен кеңістігі бар, әлемде өзінің нық орнын
алған мемлекеттігі бар, тұрмысының, мәдениетінің даму тарихының
нәтижесі. Қазақ өркениеті сақ, оның ішінде қассак,-массагеттер және
ғүндар өркениетінің мұрагері. Қазақ өркениеті жаңа ғьілыми бағыт әрі
93
методология ретінде енді қалыптасып келе жатса да оның жасы үлкен
әрі тәрбиелік маңызы зор.
Әр халықтың, өркениетінің, мәдениетінің, дінінің өз мифтері мен
аңыздары бар. Тек осы мифтің танымал болу дәрежесі әр халықта әр
түрлі. Біреулер оны дамыған күйінде сақтай алса, екіншілері оны сақтай
алмаған, ал үшіншілері - өздерінің фольклорындағы, тіліндегі, мәдениеті
мен өнеріндегі мифті, тани таба алмайды. Бұйырғанда қазақ халқы өзінің
аңыздарын үлкен парасаттылықтың арқасында сақтай білді, осы күнге
дейін жеткізді.
Аңыз демекші, кезінде қазақтың жазба әдебиетінен гөрі ауызша
әдебиетке беймділігін кемшілік ретінде керсетіп, тіпті оны
сауатсыздықпен түсіндірмекші болды. Ендігі уақытта белгілі жатыр
жалғыз қазақ қана ауызша әдебиетке, әңгімеге және аңыздарға әуес
болмаған екен. Мысалы: европа халықтары, әсіресе, венгірлер, еврейлер,
ертедегі кельттерді атап кетсе болады. Әңгімешілік дәстүрі әлемде
қайтадан
жаңғыртылып
жатыр,
әңгімешілдердің
дүниежүзілік
ассоциасиясы құрылған, құрушылардың бірі атақты жазушы, философия
докторы, әңгімешілік дәстүрдің ең белді өкілі Кларисса Пинкола Эстес
«Дар рассказа» кітабының авторы. Ертегі және әңгіме айту арқылы
емдеу әдістері де бар (сказкотерапия) екенін біреу білсе, біреу білмейді.
Халқымыздың өркениеті мүмкіндігінше заман ағымына орай
жаңа мәнге ие болып жетіліп келеді, бірақ жалпы Қазақстандақ өркениет
туралы тұғырлы ойлар әлі де болса өз мәресіне жете қойған жоқ. Түп
тамыры «түрік өркениетіне» келіп тірелетін қазақ мәдениеті ұлттық
мүдде аясында философиялық тұрғыда зерттеуді талап етеді.
Сондықтан болар ұлтымыздың тарихи-мәдени тұлғасы мен
табиғи өркениеттік болмысын ғылыми тұрғыдан тану заман талабына
орай күрделеніп, тереңдей түсуде. Қазіргі кезде қазақ өркениетіне
қатысты
мәселелер
шыңырау
шегіне
жетіп,
Қазақстандық
мәдениеттанушылар мен ғалымдарымыздың қызығушылығын тудырып,
теоретикалық пікірталастардың зерттеу объектісіне айналып отырған
шағы. Демек, сындарлы дәуірлерде қуаң тарта бастаған төлтума
мәдениетімізге жан бітіріп одан әрі нәрлендіре түсу, сондай-ақ ғасырлар
қойнауының қалтарысында ескерусіз қалған ұлттық мәдениетіміз бен
өркениетіміздің баға жетпес асыл мұраларын заңды иесіне қайта
ұсынуға талпынған Қазақстандық ғалымдардың еңбегі зор. Сондықтан
біздің философиялық ізденісіміздің негізгі міндеті - әлемдік өркениеттер
тарихынан ерекше орын алатын және өзіндік шежіресі мол
көшпелілердің даланың өркениетіне тарихи-философиялық және
методологиялық түсіндірме беру.
Еуразия ұлы дала кеңістігінде орын алған этностардың
өркениеттік дәстүрін жалғастырушы қазақ өркениетінің өзіндік болмысы
айрықша сипатқа ие. Отырықшы, жартылай отырықшы және көшпелі
94
өмір салты үйлестіре білген түркі мәдениетінің негізінде номадалардың
мәдени-дүниетанымдық философиясы жатыр. Қарапайым мысал ретінде
Қорқыт ата туралы аңызды алып көрейік. Аңыздың мазмұнына терең
үнілсек көшпеліліктен бастау алатындығын көреміз. Себебі, Қорқыт ата
болған жерлерді отырықшы адам түсіндіріп бере алмаған болар еді.
Өйткені көшпелілерге тән ерекшеліктің өзі осы көшпелі халық
болғандығында.
Біздің өмір сүріп отырған өркениет кеңістігін Қазақстандық
өркениет деп толық айта аламыз. Біз «өркенің өссін» деп бата алып,
соның негізінде тәрбиеленген ұрпақпыз. Біздің алдыға қойған
мақсатымыз отандық ұғымдарды жүйелеп, ой елегінен өткізу арқылы
халыққа жеткізу. Ең негізгісі басты ұғымдарды анықтау. «Өркен» деген
өсу деген мағынаны білдіреді. Демек, сол айтылған тілекке сай
болуымыз керек [87].
Өркениет деген мәдениеттің кеңістігі, өркениет мәдениеттің
формасы. Кезкелген ұлтта, этноста сол ұлттың өзіне тән мәдениеті
болады, яғни мәдениет ол бар нәрсе, ал өркениет болса соның жалғасы
іспеттес. Сонда мәдениет дегеніміз процесс, ал өркениет нәтиже.
Қазақстанда өркениет деңгейі қалай? - деген сұраққа оралсақ,
бұл күрделі де маңызды мәселе. Бұл тұрғыда бірқатар міндеттерді ашып
алуымыз керек, жаһанданудың өркениетке ықпалын көрсетуіміз керек.
Елбасымыз «Сындарлы 10 жыл» еңбегінде осы тұрғыда ой тастар
орынды ой толғандырып айтады: «Әрбір мәдениет, этнос, әрбір
өркениет қаншалықты артта қалғанымен, өзін өзгелермен теңестіруге,
өзіндік орнын айқындауға хақылы. Қазақ халқы өзіміздің бай
мәдениетімізге, адамгершілік ресурстық мүмкіндіктерімізге табан
тіреуіміз қажет. Мәдени мұраның мәнді саласының бірі – дін, қазақ
халқының рухани жаңғыруына тегеурінді ықпал ететін қазақтар үшін бір
кездері ұмыт болуға айналған бабаларымыздың рухы мен аса бай
мұсылман мәдениетіне халықтың бағасын беруге мүмкіндік тудырған
биік идеал мен фактор, символ» [88, 2-3 бб.].
Қазір Қазақстанда біртіндеп жаңа өркениет қалыптасып келеді,
азаматтық қоғамның нышандары беки түсуде. Өркениеттің өркен
жаюына ықпал ететін фактор – ұлттық қауіпсіздік болып табылады. Қай
кезде болмасын заманымыз тыныш болса, халқымыз сауатты өмір
салтымен өмір сүрсе, білімді азаматтар мен мықты саясаткерлер
көбейсе, кәсіби мамандар мен өркениетті, мәдениетті жас ұрпақтар өссе,
Қазақстан болашақта әлемдік деңгейде үлгі етер мемлекет қатарына
қосылар деп үміттенемін. Сонымен қатар экономикамыз бен тұрмыс
деңгейіміз көтеріліп, рухани кемелденген мемлекетке айналар болсақ
нұр емес пе?
Ендеше, сөз түркі әлемінің, оның ішінде қазақ елінің әлемдік
тарихтағы орны қандай деген мәселеге тіреледі. Жалпы, ол оған не
95
қосты, қандай өрнек салды? Дала өркениеті тиісті салалардан өте алды
ма? Әлде А. Тойнби айтқандай, тұрпайы қалпында қалды ма? Қазіргі
кезде негізі әлі далалық болып табылатын Шығыс халықта-рының
өркениетін батыл айтып жүрген ғалымдар баршылық. Батыс Сібір
өркениеті деген де бар: «Ежелгі түрік Сібірі шығысқа карағанда
батыспен тығыз байланыста болған сияқгы. Оның мәдениеті бұрын
болжағанымыздан элдеқайда бай. Байқал жағасында. Ангара мен Лена
бойларында ежелгі Шығыс пен Батыстың мәдениеттері тоқайласып, сол
кездің деңгейімен қарағанда қуатты мәдени ошақтары болған. Оларсыз
Еуразия тарихын толық түсіну қиын. Табылған археологиялық
олжаларға қарағанда, Дон мен Дунайга барар жолдың өзі Байқал
өңіріндегі түрік бекіністерінен шыққан» [89, 87 б.]. Көшпенділер
мәдениеті өзінің 3000 жылдық ғұмырьнда Жерорта теңізі мен Қиыр
Шығыс елдеріне қарағанда творчестволық эволюцияны бастан өткерді»
[90, 75 б.]. Евразия сахарасындағы бұл көшпенділер өркениетін біздің
дәуірімізге дейінгі ХІ ғасьгрдан бастап, біздің заманымыздың XVIII
ғасьгрьна дейін жеткізеді.
«Көшпенділер өркениеті» деген ұғымды Ә. Марғұлан, К. Ақышев,
К. Байпақов сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланып келді.
Соңғы жьлдары К. Байпақов Евразия сахарасыңда көшпенділер
өркениетінің орнына Дала өркениеті деген ұғымды қолдануды орынды
санайды [92, 19 б.].
Ең алдымен «Дала» деген ұғымның басын ашып алу керек.
Оны тек бір шөл деп ұғуға болмайды. Дешті Қыпшақ жерін басып
не сан өзендер өтеді. Бір шеті Енесай, Лена, Онон, Керулен, Ертіс,
Тобыл, Жайық, Объ, Каспий, Арал, Еділ, Дон, Дунай, Днепр ұлы
сахараның сәні мен әні еді ғой. Қазақстан жерінде 45000 өзен мен
өзен аңғарлары, 85 мың көл бар екен. Осы ұлан- ғайыр далада
өркениет орнауға себеп болған факторлар қандай?
1. Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықтың
басын қосты. Ол Европа мен Азияның қақпасы, тоқсан тоғыз
жолдың торабы. А. Тойнби: « аңдарды үйретіп, қол малы жасауы,
өсімдік жинауға үйреніп,оны өсіріп қорек етуден гөрі биігірек
өнер, өйткені ол адамның, ақыл – ойы мен ерік- күшін қажет етеді,
- дей келіп, - «көшпенділер ат болмағанда мұншама маң даланы
бағындырып, керемет қатаң табиғи жағдайда өмір сүре алмас еді,
олардың сұңғыла да ұстамды, күшті де төзімді болып келуі сол ат
үсті өмірінен» [31, 122 б. ], - деп түйеді.
2. Сайын дала Әму мен сыр бойы арқылы қытай, парсы, үнді,
араб өркениеттерімен тоғысты.
3. Сыр мен Әмудария аралығында пайда болған Зәрдеш
(зороастр) тәңірлік дүниетаным христиан, будда, ислам сияқты
әлемдік діндердің өзекті қағидаларына негіз болды. Дала
96
өркениетін рухы биік халық жасады. Олар тәңірге табынды.
Әлемдік діннің қайсысы болса да сахарада орын алды.
4. Қыр баласы табиғи ортамен толық жарасымды болды. Дала
перзенті ешбір шектелу дегенді білмеді, бостандықта өсті,
төзімтал, өжет болып өсті. Оларға творчествалық эволюция тән еді.
5. Л. Н. Гумилев, т.б. зерттеушілер «көшпенділер» деген
ұғымды абсолюттандырады. Шын мәнінде ұлы сахарадағы
халықтың негізгі кәсібі мал бағу болғаны рас. Сонымен бірге ол
егін де екті, қолөнерін де дамытты, қала да салды.
Бір сөзбен айтсақ атқа қонған көшпенді географиялық
кеңістікті игерді, астраномиялық білімге ұмтылды, зат айырбастау,
жаудан қорғану мен шабуылға шығу, металл балқытуды игеру,
әскери өнерді жетілдіру, атты әскер мен әскери арбаларды
қолданып, бұрын- соңды болмаған жеңіске жету – көшпенділерді
замананың иесі етті. Азияның көне көшпенділері еш жерде
қайталанбайтын скиф-сібірлік «аң өрнекті» ғажайып бейнелеу
өнерін жасады. Бұл өнерді игерген сақ, үйсін, сармат, ғұн сияқты
тайпалардың творчествасында көне Қытайдың, Орта Азияның,
Таяу Шығыстың, Грецияның отырықшы халықтарының ықпалы
байқалады. Алайда, олар жасаған өнердің болмысы өзгеше, дара
ғажайып баға жетпес ұлы өнер еді.
Сайын даладағы көшіп қону, экологияны сақтау, ұрпақ
тәрбиелеу, демографиялық үрдісті жолға қою сал-серілік дәстүр
сияқты дала этикасын, менталитетін орнатты [93, 15-17 б.]
Біздің өркениетіміз өте ерте дамыған және ол қала мен
даланың синтезі. Ендеше, біздің жерімізде мемлекеттің жабайы
түрі емес, кемеліне жеткен түрі болған. Б.з.д. V ғасырда бұрынғы
үйсін мемлекеті жөніндегі қазіргі Қытай жерінде көптеген
зерттеулер бар. Түрік қағанаты кейінгі түргеш, ұйғыр, қарахан,
қырғыз, хазар қағанаттарына қарлық, оғыз, қимақ мемлекеттеріне,
Алтын Орда, Жошы ұлысына, қазақ хандықтарына жол салды.
Л.Н. Гумилевтің пікірінше тәңірге табынушылық аспан мен жер
арасындағы көзқарастардың басын қосқан дүние деп мойындайды
[94, 135 б.].
Л.Н. Гумилев ғұндар туралы айта келіп, Қытай елшісі (245-
250 ж.ж.) Кампучияда болған кезінде ғұндардың жазуына ұқсас
жазу көргенін ескертеді. Ендеше Орхон-Енесай жазуының
түпнұсқасы тым алыста жатыр. Қ.И. Сатпаев өзінің 1942-жылғы
өкіметке жолдаған хатында 81 жастағы Мұрын Сеңгірбаев
жыраудың 18 жастан бастап «Қырымның 40 батыры туралы»
сияқты жырларды орындағанын жазыпты. Ол Сыпыра жыраудың,
Әбіл жыраудың, Нұрым жыраудың мұрагері. Мұрын жырау әрбір
жырды 7-10 күннен жырлайды екен [95, 132 б. ]. Сонда 40 жырға
97
400 күн керек емес пе? Бұл жырлар Гомер жырлаған Илиада мен
Одиссей жырларынан несі кем? Түркі тектес халықтардың
эпостары не сан! Халқымыздың ауыз әдебиетінің байлығын ұлы
Шоқан мақтанышпен жазып, ол халықтың парасаттылығын, дана
болмысын, кең мәдени-рухани өрісін, биік өркениеттік тұғырын
көрсететінін айтып, европалық менменсінген зерттеушілердің
демін басуы осыдан. Сайын далада әуез (музыка) өнері шарықтады.
Қазақ хандығы тұсында бес мыңдай күй (аспапты музыка) дүниеге
келіпті.
Міне, осылай Қытай, Иран, Византиялық өркениеттермен
тоғысқан түркілер жаңа мәдениет типін қалыптастырды. Егер
бірінші түркі қағанатында соғды тілі үстемдік етсе, екінші түркі
қағанатында руналық жазу тарады. VІІ-ХІІІ ғ. қалған Монғолия
мен Алтайда, Хакасия мен Тувада, Шығыс Түркістан мен Жетісуда
көне түркі алфавитімен жазылған 200-ден астам ескерткіштер
қалды. Ал біздің жыл санауымызға дейін V ғасырда өмір сурген
Есік жазуындағы 17 әріптің 13 көне түркі руникалық алфавиті
екенін айтсақ түркілердің жазуы, өнері тым ерте екендігі көрінеді.
Д. Клеменецтің көне түркілерді «тамаша халық» деуі осыдан.
VІ ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты, көрші шығыс
мәдениеті игеріле бастады. С.Г. Кляшторныйдың «VІ ғасырдағы
мәдени өрлеудің нәтижесінде ежелгі түрік өркениеті қалыптаса
бастады» [94, 287 б. ] деген тұжырымы өркениеттің басы емес,
келесі биігіне жеткен кезі десек дұрыс болар еді. Кезінде кеңестік
шығыстанушылар орта ғасыр дәуірінде жеті тарихи-мәдени
өлкелер
қалыптасқанын
мойындағанды:
еуропалық,
араб-
исламдық, орташығыстық, Оңтүстік Азиялық, Орталық Азиялық,
Қиыр Шығыстық, Оңтүстік Шығыс Азиялық. Академик Н.И.
Конрад алғашқы кезде мәдени қарым-қатынаста көне халықтардың
мәдениеті үстем болды, ал екінші кезеңде жаңа ортағасырлық
әдебиет туындаған кезл\де жас халықтарға кезек тиді, олар
ортағасырлық әдебиет жасады – жапондық, жаңа үнділік, жаңа
түркілік, жаңа ирандық, арабтық, армяндық, грузиндік, славяндық,
романдық, германдық [96, 403 б.], – деп атап көрсетті.Міне, осылай
түркі өркениетінің қанат жайып, түркі әдебиетінің өскен кезеңі
Түркі қағанатының тұсына келеді. Егер біз Египет өркениеті 6000
жыл бойы дамып, өзін танытты десек, жас түркі өркениеті алда
кеткен өркениетті аса жылдамдықпен қуып, баса көктеп өркендеді.
Түркі қағанатының ғажабы – тайпалық томаға тұйықтық
көзқарас орнына жалпы империялық, жалпы түркілік идеология
орнады. Кейін империя құлаған кезде бұл тайпалардың
мемлекеттігінде бір әдеби тіл, жазу, бірегей саяси-әлеуметтік жүйе,
материалдлық мәдениеттің бірегей нормалары сақталды. Сайын
98
даладағы халықтар өздерінің бір мәдени ортаға қосылатынын білді,
осының негізінде болашақ түркі тектес халықтардың бірегейлігі
беки түсті. Ал бірегейлік Алтайдан Дунайға дейінгі қыпшақ
даласында одан әрі жалғасын тапты. Ұлы Жібек жолы
трансконтиненталды трасса сайын сахарада дала мәдениетіне қала
мәдениетін қосты.
Соларды тұтастырып мәдениет жасауда жарқын тұлғалардың
еңбегінде айтпай кетуге болмас. Әлгі А. Тойнбиіңіз айтқандай
прометейлік қамал бұзушылық жеке тұлғаға байланысты. Кезінде
Г.Дж. Уэллс ұлы мақсатқа еңбек ететін ойшылдарды «жердің нәрі»
дегені белгілі. Бирунидің «Минерологиясы», Жүсіп Баласағұнның
«Құтты білігі», Махмұд Қашқаридің «Түркі тілдерінің сөздігі»,
Мұхаммед
Қайдар
Дулатидің
«Тарих-и-Рашидиі»
сияқты
туындылар әлемдік өркениеттің қазынасына айналған.
Сол Тойнби өркениетті қиратушы соғыс деп әділ есептейді.
Сырқаты бар өркениетті варварлар жаулау арқылы тірілікке
ұмтылдырды дей келіп евразияның көшпенділері басқа біреуден
алған қару-жарақсыз айдынды қорғаныс соғыстарын да жүргізе
алмайтын еді деп санайды. Сөз жоқ, дала өркениетінің халықтары
жауынгер болды. Олардың сайын даласына Иран да, Греция да,
Ресей де қызықты. Сондықтан ол соғыстардың ішінде әр
өркениеттің жүргізген соғысымен, елін-жерін қорғаған табиғи әділ
соғыстарда да ашып айту керек.
Дала өркениетінің бір белесі моңғол шапқыншылығы
тарихына байланысты. Сөз жоқ, бұл шапқыншылықты Европа
варварлардың ісі деп біледі. Ұлы Евразия даласында пайда болған
мемлекеттер жаңа мәдени-әлеуметтік тұтастықтың көрінісі болды:
«...Түріктер мен татарлар бәр-бәрі Кіндік Азиядан келіп, тарихта
елеулі рөл атқарды. Көпшілігі олар көшпенді болғандықтан варвар
болуға тиіс деп ойлайды, ал бұл қате түсінік» [97, 87 б.]. Моңғолдар
сан емес, жауларын сапамен жеңді, онда да тәртіп, ғажайып
ұйымшылдықта болды. Әлемді таңдандырған жеңіс Шыңғыс
ханның асқан қолбасшылық өнерінің арқасы еді.
Бұл арада Шыңғыс ханның жиһангерлігін емес, өркениеттік
дәрежедегі жасампаз қайраткерлігін айту керек. Далалық мемлекет
басқару жүйесі сол кезде шыңдала түсті. Моңғолдардың адат заңы
ғасырлық халық тәжірибесі үлкен Ясыға – Кодекске айналды. Оған
бас қағанның өзі бағынуға тиіс болды. Моңғолдардың Ұлы мәжілісі
– Құрылтай хан сайлады, іргелі мәселелерді шешті. Бұл тәртіп
империя өз құрамына отырқшы халықты қосып алып, мемлекет
көшпелілік сипатын жоғалта бастаған кезде де өзгермеді. М. Аджи
Шыңғысханның түбі түркі екендігіне назар аударды [98, 21 б.]. Бұл
пікрді кезінде академик В. Бартольд та айтқан-ды. З.В. Тоганның
99
айтуынша Шыңғыстың бабалары өздерін Эргунекуннен шыққан
көктүрікпіз деп санаған [99, 50 б. ].
Орыс әскери ғалымы М.Н. Иванин көрсеткендей, Әмір Темір
Ұлы Шыңғыстың заңдарын одан әрі дамыта түсті. Моңғол
мемлекеттік жүйесі Алтын Орда мен Мәскеу Русінің державалығын
шыңдады. Мәскеу мемлекеттігіне самодержавие, орталықтандыру,
басыбайлық, почта бекеттері, көлік салығы, халықты жалпылай
санақтау, әскери-әкімшілік жүйе, орыстың ақшасы – күміс теңгесі
моңғолдар арқылы тарады. Эренжен Хара-Даван моңғолдан сабақ
алған орыс елі шашырап жатқан жұртын біріктіріп, Ұлы Мәскеу
мемлекеті болып қалыптастыруға әкелді деп санайды.
Басқаша айтқанда, Шыңғыс хан бұл арада ғасырға созылған
дала әлемінің тәжірибесін жинақтап, жасампаздық қасиетін
танытты. Ендеше, өркениеттің эволюциялық даму барысында
болған тарихты даяр қалыпқа бағындырып, қатырып тастамай,
салыстырмалы, жүйелі қараған жөн.
Ал сайын даладағы өркениеттің тұтастығы Ресейдің
құрамына енген кезде бұзылды. Ол Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан
хандықтарын жаулап алудан басталды. 35 миллион Ресей
мұсылмандарының ұлт-азаттық күресінің өркениеттік мәні бар еді.
Олар ұлттық мемлекет үшін, түркі халықтарынң біртұтас
мәселелері үшін, діні үшін, тілі үшін күресті. Біздер осы уақытқа
дейін жеке-жеке ұлттардың азаттық күресін үзік-үзік алып
қарағанда өркениет үшін болған азаматтық соғысының да қадыр-
қасиеті төмендейтіні байқағандаймыз.
Қорытып айтсақ Үйсін мемлекеті шығып, өркендеп, шығанға
шыға бастаған кезде көне түрік өркениеті бой көтерді. Түрік
қағанаты – империя құрып, түркі нәсілі бір тудың астына жиналған
сәтте өркениет өзін әлемге танытты. Сонымен Алтайдан Донға,
кейде Дунайға серпілген бұл өркениет 2500-3000 жылдық тарихы
бар өркениет. Ендеше қазақ тарихы әлемдік тарихтың құрамдас
бөлігі, оның әлемдік дамуға қосқан үлесі- адамзат баласының
мақтанышы, болашақ даму, шарықтау басқышы. Біз тәуелсіз елдің
перзенті Отан тарихын мақтан ете аламыз. Қиялымызға серпін,
ісімізге екпін, рухымызға қуат берер Отан тарихы - өркениет
перзенті.
Достарыңызбен бөлісу: |