Тұрсын ғабитов қайрат затов



Pdf көрінісі
бет10/33
Дата17.10.2022
өлшемі2,57 Mb.
#43658
түріМонография
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Байланысты:
treatise14956

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3. ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ӘДЕПТІК КЕҢІСТІГІ 
 
3.1. Әдеп мәдениетінің ұлттық негіздері 
Қазақ мәдениетін әдептік құндықтылықтардан тыс талдау 
сыңаржақтылық болып табылады. «Этика» термині ежелгі грек тілінде 


118 
«бірлесе өмір сүруші адамдар тобының мекен-жайы» дегенді білдіреді, 
кейін әдеп туралы ілім мағынасына ие болды. «Әдеп» термині түркі 
халықтарының тіліне орта ғасырлардағы араб-мұсылман мәдениетінің 
ықпалымен енген. Көптеген мамандар этиканы әдептану деп аударып 
жүр. Қазақ этикасы туралы басылымдарда «әдеп», «ақылақ», «мораль» 
«адамгершілік» сияқты ұғымдар қолданыла береді және оларға әртүрлі 
анықтамалар беріледі. Кейде бұл терминдер бірге өмір сүру барысында 
қалыптасқан мінез-құлық, іс-әрекет ұқсастықтарын білдіретін әдет-
ғұрып деген мағынаға ие болған. 
Қазақ ділінде әдептік бастаулар басымдылық танытады. «Адам 
әдебімен көрікті» дейді қазақ. Зерттеушілер де этиканың қазақ 
болмысындағы 
шешуші 
рөліне 
назар 
аударады. 
Мысалы, 
«Мәдениеттану» (Алматы: Раритет, 2007) оқулығының авторлары, егер 
Батыста рационалды ғылым, Шығыста – жантану өрістесе, онда қазақ 
сахарасында «адам болу» ұстанымы алдағы қатарға шықты дейді. 
Екіншіден, қазақы бірегейленуде синкретизм анық байқалады. Бұл әдеп 
пен құқыққа да қатысты. Екеуі де күнделікті әдеттің реттеу тетіктері 
деп түсіндіріледі. Мәселен, имандылық пен имансыздық, ар мен ұят, 
обал мен сауап, жақсылық пен жамандық, кие мен кесір, құт пен бақыт 
т.б. олардың төл тіліміздегі іргелі атаулары. Имандылық қасиет, әділетті 
істер адамдардың күнделікті өмір тіршілігінде тұрақтап, олар қалыпты 
іс-әрекетке айналғанда, әдет деп аталады. Әдет - адамның қажеттілігіне 
айналып қалыптасып кеткен тұрақты қасиеті. «Халықта ауру қалса да, 
әдет қалмайды» деген мәтел осы жәйттің мәнін айқындай түседі. 
Жағымды әдет адамның бар күш-жігерін пайдалы істерді тындыруға 
көмектеседі. Ал жағымсыз әдет, керісінше, адамның іс-әрекетіне, мінез-
құлқына нұқсан келтіреді.
Мәдениеттің өзегін салт-дәстүр, әдет-ғұрып құрастырады. Егер 
соқыр сезім (инстинкт) жануар-тіршілігіне қалай әсер етсе, салт-дәстүр 
де алғашқы адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқына, ақыл-ойына 
сондай әсер етті. Алғашқы рулық қоғамдағы әдеп көріністері: «қанға 
қан, жанға жан», кек алу, яғни, түйсіктердің ақылдан жоғары тұруы, 
жеке бас бостандығының рулық мүдделермен тежелуі, құн төлеу, т.б. 
осындай жәйттерден байқалады. 
Біз бұл кітапта “әдептік-құқықтық реттеу” түсінігін адамдық 
ынтымақтастық пен бірегейленудің, адамдардың бірлесе өмір сүруінің 
ерекше формасы ретінде қолданамыз. Кезінде Э. Дюркгейм адамдық 
қауымдасудың органикалық түрі туралы арнаулы пікір айтқан. Ол 
мұндай тұтастықты биологиялық организммен салыстырады: онда 
барлық мүшелер бір-біріне ұқсамайды, бірақ барлығы бірігіп 
организмннің 
өмір 
сүруін 
қамтамасыз 
етеді. 
Органикалық 
ынтамастықтың әлеуметтік-мәдени негізінде әдеп, тұлғалық еркіндік, 
мүдделер келісімі және заң жатады. Осындай тұлға жалпы келісімге 


119 
негізделген императивтер аймағында еркін әрекет ете алады. Бұл 
қоғамның жетекші принципі – дарашылдық. Ф. Хайек те қазіргі кезде 
“капитализм” мен “социализм” деген атаулардың ескіргенін және 
бүгінгі адамдар бірлігін “адамдық қауымдасу мен ынтымақтастықтың 
кеңейтілген тәртібі” деп атау керек деген.
Қазақтың дәстүрлі әдеп мәдениеті дүниенің екі бөлігі табиғат пен 
адамның етене тығыз байланысты болғандығы мен олардың еншісі 
бөлінбеген күйде өмір сүргендігін куәлайды. Мұның басты негізіне 
көшпелілік өмір салты жатады. Көшпелілер өздерін табиғаттың тікелей 
жалғасы, соның төл баласы ретінде сезінді. Өздеріне дейін қолданысқа 
енбеген, қуаң дала мен шөлейтті тек көшпелі ғана меңгере алды. «Бірақ 
сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлілігін 
тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және 
парасаттылық қасиеттерді өзінде қалыптастырды», – дейді А.Тойнби 
(Постижение истории. М., 1990). Осындай қатал табиғи ортада өмір 
сүрген көшпелі айналасындағы мәдени арнаға ерекше бір икемділікпен 
қараған және бұл атадан балаға үлгі ретінде беріліп отырған. 
Жер-Ана қазақтың саяси-әлеуметтік мәдениетінде ата-бабадан 
қалған басты мұра, аруақтар мекені деп бағаланған. «Қазақ әдебиеті» 
газетінде А. Сейдімбек сақтардың жерді қалай қастерлегені туралы 
Геродоттан мынадай бір мысал келтіреді: «Сырға дейін барлық жерді 
жаулап алған парсы патшасы Дарий Сақ еліне жорыққа шығады. 
Алайда сақтар шешуші шайқасқа бармай, жауды шөлде титықтату үшін 
жалтара береді және сақ патшасы Иданфирс онысын Дарийге былай 
түсіндіреді: «Патша, менің айтарым мынау. Мен бұрын да ешкімнен 
қорқып қашып көрген жоқ едім, енді де сенен қашып жүргенім жоқ. 
Алайда сені көрген бетте неге шайқасқа түспегенімді айтайын. Бізде не 
қалаларымыз, не өңделген жеріміз жоқ. Біз талан-таражға түсуден 
қорықпаймыз, сондықтан да сендермен соғысуға асыға қойғанымыз жоқ. 
Егер, сендер қайтсек те бізбен соғысамыз деп өңмеңдеп қоймасаңдар
онда жолдарыңда біздің ата-бабамыздың бейіттері бар. Соны тауып 
алып, бірінің мұртын сындырып көріңдерші, сол кезде біздің қалай-
қалай соғысқанымызды көресіңдер». 
Этика ұлттық сипаты айқындалған ілімдер қатарына жатады. 
Өйткені әр халықтың орналасу аймағына, тіршілік салтына, өмір сүру 
дағдыларына байланысты ортақ мінез-құлық ережелері, жүріс-тұрысы, 
тыныс-тіршілігі қалыптасады. Қазақ этикасы өзінің көл-көсір 
молдығымен 
де, 
адамгершілік 
қуат-тегеурінімен 
де, 
тарихи 
айқындылығымен де халықтың рухани өмірінде ерекше орын алды. 
Қазақ этикасының ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жылдай 
Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мен 
түрік бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алады. Осыдан 2600 жыл 
бұрын өмір сүрген скиф-сақ ойшылы, “ұлы жеті ғұламаның бірі” 


120 
Анахарсис (Анарыс) өзінің әдеп және адамгершілік туралы терең 
пікірлерін айтқан. Мысалы, маскүнемдік туралы ол былай деген: 
“Бірінші тостақты, әдетте, денсаулық үшін, екіншісін – рахатқа бату 
үшін, үшіншісін – ардан таза болу үшін, төртіншісін – ақылдан алжасу 
үшін ішеді”. Кіндік Азиядан табылған түріктердің атақты Құлтегін, 
Тоңыкөк жазуларында татулық, бақыт, дәулет секілді әдеп ұғымдары 
жиі кездеседі. Қазақ этикасының қалыптасуына Қорқыт ата үлкен үлес 
қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл сөздері қазақтармен қатар барша 
түрік халықтарында кең таралған. Қазақ топырағында әдептануды 
арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама-философ, әмбебап ғалым –
Әбу Насыр әл-Фараби. Ол этиканы жақсылық пен жамандықты айыруға 
мүмкіндік беретін ғылым деп қарастырды. Оның түсінігінше, адам 
жаратылыстағы ең қасиетті жан. Сондықтан оған үлкен құрметпен қарау 
керек. Жақсылық дегеніміз білім, мейірбандық, сұлулық бірлігінде 
жатыр. “Бақытқа жол сілтеу» трактатында ойшыл баянды тіршіліктегі 
адами бақыт туралы сөз қозғайды. Түрік халықтарының этикасын 
дамытуға үлкен үлес қосқан ғұламалар қатарына Жүсіп Баласағұн, 
Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен 
Бақырғани және т.б. жатады. Қазақ хандығы қалыптасқан кезден бастап 
қазақ этикасы негізінен ақын-жыраулардың даналық насихат 
жырларында дамыды. Олардың ауызекі мәдени мұралары - ұлттық 
қадір-қасиет пен өнегелі әдепті ғасырлар бойы жоғалтпай сақтап қалуға 
үлкен қызмет етті. Атақты қазақ ақын-жыраулары Асан қайғы, Шалкиіз, 
Ақтамберді, Бұқар жырау, Дулат, Шортанбай т.б. ұлттық әдеп жүйесін 
заман талаптарына сәйкес жоғары тұғырға көтере білді. Олардың 
әлеуметтік-этикалық ойлары қазақ халқының әдептік сана-сезімінің 
қалыптасуына, кейінгі ұрпақты адамгершілік және ұлтжандылық рухта 
тәрбиелеуге үлкен әсерін тигізді. 
Рулық қоғамдығы әдептің қарапайым түрін кейін жүйелі моральдық 
қағидалар алмастырды. Алайда бұдан көне әдеп жүйесі жоғалып кетті 
деген ой тумайды. Себебі, көне мәдениет қазіргі ұлттық мәдениеттердің 
архетипі (ескі негізі) қызметін атқарады. Халқымыздың ұлттық әдеп-
ғұрып жүйесі сонау көшпелілер мәдениетінен үзілмей сақталып 
келгендігі осының айғағы.
Адам үшін оның өміріне мән беріп тұрған негізгі нәрсе - өз 
бойындағы адамшылықты жоймау, бүкіл өмір бойында адамға 
лайықты өмір сүру. Осы дүниеге адам болып келгендіктен, осы 
дүниеден адам болып кету керек. Адамның адамдық қасиетін өмір сүру 
барысында жоғалтып алмау, бұл да адамның ең алдымен өз алдында, 
басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі, ол адам тарапынан белгілі бір 
ерік- жігерді, қайратты қажет етеді. Адам баласы ежелден-ақ бақытты 
өмірді, бейбіт тіршілікті, берекелі тұрмысты аңсап-армандап, іздеген. 
Қайткенде адам бақытты болады? Қай жерде, қандай жағдайда ол өзін 


121 
бақытты сезінеді? Міне мұндай сұрақтар әр заманның данышпанын да, 
қарапайым жұртын да толғандырған. 
Табиғатпен үйлесімділік рухынын қазіргі тәуелсіздікке енді ғана 
қолы жеткен Қазақстан үшін ғибраты мол. М.М. Қаратаев пен С.Е 
Нұрмұратов осы жөнінде мынадай тиімді ой айтады: "Еңбекке, 
жаугершілікке деген ұмтылыс көпенді қазақтар арасында батырлықтың 
дүниетанымдық, аксиологтялық, эстетикалық ұғымын сараптап щығады. 
Құба далада, шетсіз-шексіз жерінде, төбесінде тек қана көгілдір аспаны 
бар. Осындай табиғатта күнелтіп жүрген, өзінің батырлығына сүйенген, 
өзін аман сақтап қалатын әдіс-жұдырығының мықтылығына, өз 
түйелеріне, жылқыларына, садағы мен жебесіне сүйенген көшпелінің 
бейнесіе елестете аламыз. Ондай тарихи кезең болмаса, ондай тарихи 
тұлғалар болмаса халқымыздың қазіргідей жері, территориясы, егеменді 
мемлекеті де болмас еді. Міне, жауынгерлік дүниетанымының тарихи 
қызметі де осында" [111, 164 б.]. 
Қазақ 
сахарасынды 
болған 
ресейлік 
немесе 
батыстық 
саяхатшылырда алаш жұртына тән еркіндікті шексіз бағалып, таң 
қалған. А. Левшин сияқты қазақ тыныс-тіршілігін терең зерделеген 
кейбір ғалымдар бұл үйлесімділікті, тіпті, түсіндре алмаған. Қазақтың 
дәстүрлі мәдениеті туралы кереғар пікірлерді аз кездестірмейміз. 
Мәселенің анық қанығына жету үшін мәдени мәтінге жүгінейік.
Дәстүрлі қазақ қоғамндағы адами еркіндік пен табиғи тәртіп бір-
бірмен қайшы келеді дәу дұрыс емес. Қазақтар, А. Солженицын 
айтқандай, малы қалай жайылса, солай көше бермейді. Көшпелілік 
еркіндік белгілері бір тәртіп жолымен жүзеге асқан. Қазақ ұлты ру 
бойынша, қанаттас көшіп қонады. Көктеулі, жайлау, күзеу, 
қыстаулықтар үлкен жағынан ру негізінен болады. Тек қора-жайлар 
ғана, жеке семьяның меншігінде болған. Осындай болғандықтан 
руларара көктеулік, жайлау, күзеу, қыстаулық жерлерге және рулар 
ішінде қонысқа таласу кезігіп отырған. Жер туралы белгілемеде: 
қонысқа кім бұрын қонса, жер ошақ қазып күл төксе, қоныс сол 
адамдыкі, қонысқа иелік етуші басқаларды өрістен қууға болмайды. 
"Алдымен қонғандар қоныс алса, сонғы қонғандар өріс алады ", – дейтін 
сөз содан қалса керек. 
Егіндік жерге кім еңбек етіп, тоған қазып су шығарса жер соныкі 
болсын: Басқалар таласпасын. Бастау, бұлақ суларын кім бұрын тауып 
көзін ашса, иегерлік ету сол адамда болады. Біреудің меншіктенген жер-
суына, қонысына таласуға болмайды. Егер зорлық істеп тартып 
алушылар болса, оның кім болуына қарамай тартып алған, зорлық етіп 
алған жер-суын қайтарып берумен бірге, зорлығының сипатына қарай 
айыпқа кесіледі [112, 92 б.] .


122 
Егер көшпелілердегі табиғи қатыгездік туралы пікірсымақтарға 
келсек, онда оны бекерге шығаратын мынадай қағидаларды есте ұстаған 
жөн болар: 
1. Көшпелілер айыптыны тар қапаста ұстамаған, түрме 
бомаған. 
2. Көптеген қылиыс қатыгездік емес, керісінше, ру аясындағы 
мәмлеге келумен шешілген. 
3. Өзгеше қылмыстар, тіпті кісі өліміне дейінгі айыпты мен 
жәбірленушіні татуластырып, табыстыру, достатыру құдандалар ету, 
бірінен бала асырап алу секілді ізгі ниетке шешім табатын. Кішігірім 
өкпе-араз, жанжал-ұрыс аяққа жығылу, ат мінгізіп шапан жабу, бас иіп 
тағзым ету, иіліп ас ұсыну секілді әдетке баулу, бірлікке достыққа 
келтіру, кеңдік пен біліктілік таныту арқылы шешімін тапқан. 
Кейін, қазақ халқы бостандығынан айырылғаннан кейін дәстүрлі 
мәдени реттеу тетіктері күйзеліске ұшырап, әдептік ауытқу белең алып 
кеткен. Осы жөнінде белгілі жазушы-тарихшы Қ. Салғараұлы "Ана 
тілі" газетінде мынадай жыр шумақтарын жариялайды: 
Көрген жоқ ұлдаймыз. 
Болымсызды пұлдаймыз. 
Күні үшін бас бұққан, 
Намысы өлген құлдаймыз. 
Теңсіздікке жол беріп, 
Құнсыздықты құндаймыз. 
Ардақ тұтар асылдың, 
Енесінде ұрмаймыз. 
Ата салты дәстүрлі, 
Бәрінен де жұрдаймыз. 
Айтыңдарщы ағайын, 
Неге біздер мұндаймыз [113, 3 б.] . 
Жақында ғана адамзатты барлық нәрселердің өлшемі деп алып, 
оның ақыл парасатының шексіздігіне кәміл сенген ғылым, ХХ 
ғасырдың ортасынан бастап ғылыми-техникалық экспансияға шектеу 
қою керек дегенге жетті. Одан түңілген кейбір ғалымдар «адамзат 
табиғат денесіне жабысқан кесел, түбінде оны құртпай тынбайды» 
дегенге дейін барды. 
Табиғат және адам қоғамы жағындағы ғылымның толық мән-
мағынасын, байлығын түсінбегендіктен, олар өмірге әлемдік экология, 
адам экологиясы, әлеуметтік экология, өндірістік экология, 
экологиялық мәдениет, экологиялық тәрбие тағы да сол сияқты мән-
мағынасыз сөз тіркестерін енгізіп экология ғылымын бос сөзге 
айналдырып жіберді. Әрине сын айтқанның жөні бар және барлық 
жүйелерге экология деген айдар таға бергеннен еш пайда болмас. 
Алайда экологиялық мәдениет қоғам және табиғат талаптарына 


123 
адамзаттың білікті берген жауабынан қалыптасып отыр. Еске алатын 
жайт: мәдени адамның болмыстағы өмір сүру тәсілі болып табылады 
және адамдық әрекеттің бар түрін қамтиды. Экологияның басты 
ұғымдарына популяция, экологиялық жүйелер мен құрылымдар, 
гомеостазис – (динамикалық тепе-теңдік), орнықтылық және тағы 
басқалар жатады. Популяция деп белгілі бір ареалда тіршілік ететін 
организмдердің тобын айтады. Биоценоз деп осы ареалдағы барлық 
өсімдіктер мен жануарлардың тұтастығын айтады. 
Біз табиғаттың бір бөлігі екендігімізді ұмытпауымыз және 
мойындауымыз керек және тек осы арқылы нәзік табиғи жүйелерді 
сақтай аламыз. Мәселе, әрине тек мойындаумен ғана шектелмейді, 
қоршаған ортаға деген теріс қатынас экологиялық ақпараттардың 
жетіспеушілігінен емес, сол ақпаратты дұрыс түсінбеу мен 
қолданбаудан туындайды.
Фаустық адам типі ұлы географиялық жаңалықтарды ашқызды, 
саяхатшылар европалықтардан өзге, осыған дейін естілмеген 
мәдениеттерді ашып сипаттады, олармен байланысу қажеттігі туындады. 
Еуропалықтардың бөгде елдердің мәдениетіне үстемдік көзқарастарына 
қараастан Жер бетінде көптеген мәдениетошақтарының барлығы 
мойындалды. Экзотикалық тамаша іздеу әрекеттері батыстық емес 
мәдениеттерді рәзімдік құпиясына үңілдірді. Ж.Ж. Руссо сияқты 
ойшылар ״жабайы тайпалардың״ өмірінің қарапайым ағысын қызықтап, 
олардың 
табиғатқа 
жақындылығын 
атап 
өтті, 
салттарының 
қарапайымдылығы мен шынайылығын айтты. Адамзаттың ашу 
мәдениетті ашуға әкелді. Өзге әлеуметтік мәдениеттердің ашылуы жаңа 
мәдени философиялық парадигманың – өз мәдениетінің жан-жақты 
негіздерін тану және ״ескілік ұғымдарды сынау ״ арқылы жаңа мәдени 
үлгілерді (адам, қоғам, ғылым, мемлекет т.с.с.) қалыптастыру пайда 
болды.
Қазақ дүниетанымында өмір мәселесі күрделі этикалық ұстаным 
өмірдің жалғастығы, мәңгі тіршілік ету ұстанымдарына әкеледі. Өлімді 
адам жеңе ала ма? – деген сұрақты Қорқыт ата да, Асан Қайғы да, 
Шәкәрім де қойған. Тек ізгі рух мәңгілікке апаратын көпір дейді 
ғұламалар. Адам ажалды болса да, дейді Ж. Баласағұн, егер тірілердің 
есінде жақсы істері, ойлары, білімі, қайырымдылығы арқылы қалатын 
болса, ол қайта тууы мүмкін. Сөйтіп адам өмірінің мәні алдыңғы 
ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін белсенді түрде игеруде, ізгілікті 
істерінде екен; сонда тән өлгенімен жан мәңгі қалады: 
Тәннің үйі – қара жердің аясы, 
Шыбын жанның тән – баспана, саясы. 
Биік ұшса, жәннатқа енгені, 
Төмен түссе, бір пәленің келгені. 
Екеуінің бірі болар, алайда, 


124 
Жаның мәңгі қалар тірі қалайда! 
Адам мұңлық болғанымен күнәсіз, 
Құрып тәні, өшер сөзі, шүбәсіз! 
Қайдан келді? Енді қайда барады? 
Қай жерде тұр? Енді қанша қалады? 
Біліктілер айта ала ма әрдайым? 
Білікті жоқ шешер мұның жұмбағын, 
Жалғыз алла қанық, білер сырларын [114]. 
Бұл сұрақтарға жауап іздеген біздің ғұламалар "мәңгілік –
адамгершілікте" деген түйінге келген. Абай айтқан "Адам бол!" 
ұстанымының мәнісі де осында жатыр. Адам болудың маңызды бір 
шарты- өзіндегі нәпсіқұмарлықты тежеу. Бұл жолда, деген Қ.А. Яссауи, 
адам өзіне өзі соғыс (жиһад) жариялауы керек. Нәпсіқұмарлықты 
тежеуде дін үлкен рөл атқарған. Әрине, исламда әкстремистік кейбір 
сарындардың болуы мүмкін. Бірақ, жалпы алғанда, этикалық мазмұны 
бойынша исламдық құндылықтар қазақ әдеп жүйесінде оң қызмет 
атқарған. Ойымыз көрнекі болуы үшін жоғарыдағы ақын ойларын ары 
қарай жалғастырайық: 
Рухым айтады: діннің ісін жақсылап жолға қойып, 
Ізгілік, жақсылық, жауыздық атаулыны айырып. 
Түн болса, тағат ғибадатпен тік отырып, 
Күндіз болса, салауат айтып ораза тұтамын [115]. 
Алайда, жалғыз діни көзқарастар о дүниедегі жақсылық пен 
жамандық төңірегінде ақырына дейін анығын айта алмайды. Сондықтан 
өмірдің мазмұнына, оның мәніне өте салауатты, шынайы қарау керек. 
Бабамыз Жүсіп өзіне тән мысқылмен, адам өледі, егер дәрі өлімнен 
құтқаратын болса, онда дәрігерлер мәңгі өмір сүретін еді ғой деді. 
Халықтық дүниетанымда адамның тәндік бастаулары да ақталып 
шығады. Қазақтың әдеп жүйесінде аскеттік мұраттар терең ұяланбаған. 
Тән жеке даралық, өзімшілдік сипатта емес, керісінше, жалпы әлемдік, 
ғарыштық, халықтық тұрғыдан қарастырғанда толассыз жаңғыртулар 
мен өзгерістердің, жетілудің кепіліне айналады. Тән өмір мен өлімнің, 
мола мен аналық жасампаздықтың, өткіншілік пен мәңгіліктің рәмізіне 
айналады.Ең бастысы – тән бүкіл табиғаттың толассыз жаңғыртушылық 
қабілеттілігінің адамдандырылған бітіміне жатады. Ол молшылық, 
құттылық, 
дәулеттілік, 
шаттылық, 
көтеріңкілік, 
ләззат 
т.т. 
құндылықтардың отауы болып табылады. Ол – адам тіршілігінің 
салтанаты. 
Тәннің төменділігі шартты болып келеді. Төмендеу, бұл 
мағынада, Жер-Анаға жақындау, оның сіңіруші және қайтадан 
тудырушы стихиясымен бірегейленуді білдіреді. Тіпті, өлу дегеніміз 
(қазақша: "қайтыс болу") табиғатқа қайтып келуді білдіреді. Төмендеу 
дегеніміз тәннің төменгі мүшелерінің (ішек-қарынның, жыныстық 


125 
мүшелердің) асты қорыту, оны табиғатқа шығару, махаббаттан ләззат 
алу, жүкті болу, нәрестені дүниеге әкелу сияқты қызметтерін түсіну 
деген сөз. "Ұлы сөзде ұят жоқ" дейді қазақ. Жоғарыда аталған нәрселер 
адамның қабілетін төмендетіп жібермейді( төмен ұғымын амбивалентті 
мағынада қолданып тұрмыз). Тұлғаның фәниден бақиға дейінгі 
тірлігінде аса маңызды оқиғалар мен оларды атап өту астарында 
"төменгі тән" құндылықтары тұр (құда түсу, үйлену, шілдехана, тұсау 
кесу, қайтыс болу, ас беру). Халық дәстүрінде астан жоғары құндылық 
сирек кездеседі. Сөйтіп төменгі жоғары болып шыға келеді. Тек адам 
санасында төменгі дене құнсыздандырылып, тыйым салынған 
игіліктерге айналып келеді. Халық түсінігінде, тән тұрмыстық жиі 
қолдануда біртіндеп қарадүрсінделуі мүмкін, ол тоғышар адамдардың 
топастықпен қайталайтын нәпсіқұмарлығына айналуы да ғажап емес. 
Бірақ, тәнді бұл үшін жаратқан жоқ, тәнқұмарлығын рухани 
бастаулардан алыстату мүмкін емес.
Адам өмір бойына өзінің мерейін жоғары ұстауы қажет. "Бір рет 
рахаттану үшін, өзіңнің абыройыңды төкпе", – дейді халық. Табиғаттың 
жоғары жаратылысы бола тұрып, адам өтірік, алдап-арбаудан аулақ 
жүруі керек, өйткені өтірік адамның абыройын төгеді, кемсітеді. Адам 
табиғатына теріс әсерін тигізетін қасиеттердің бірі жалқаулық, 
әдепсіздік. Осындай қасиеттері бар адамдар, Жүсіп Баласағұнның 
ойынша, – "малмен" тең. Көргенсіздікті шеней отырып, ол былай дейді: 
Сұғанақтық – құл қылатын пендеңді, 
Көзім де тоқ, сұркөздік жоқ менде енді!.. 
Бұл жаһанда тілегіме жетемін, 
Жанарымнан ашкөздікті кетірдім. 
Егінжай бір бұл дүние көлемі, 
Немене ексең, соның ертең өнеді. 
Жақсы ұрықтың жақсы болар шығымы,
Жақсы өнімнің жақсы түсім шырыны. 
Жаман ұрық ексең жаман өседі,
Жаман жүк боп, өз мойныңды кеседі. 
Тия алмасам, бүгін нәпсі, сезімді, 
Қиямет күні қинармын тек өзімді [114]. 
Жүсіп зорлықпен басып алу соғыстарының нәтижесінде байып 
отырған билеушілердің қатал саясатының сырын әшкерелейді. Шектен 
тыс байлықтың теріс жақтарын қарай отырып, ол материалдық игіліктің 
белгілі бір өлшеміне тоқталады. Байлық дегеніміз әлемдегі ащы тұзды 
су тәріздес, байқа, оны қанша ішсең де шөліңді қандырмайды, – дейді. 
Аталған деректер мен куәліктерді біз қазақтың дәстүрлі әдеп 
жүйесін оның көрнекті өкілдерінің өмірлік ұстанымдарын талдау 
мақсатында келтірдік. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде тек әдеп пен 
құқық емес, сонымен бірге саяси-әлеуметтік құндылықтар да мораль 


126 
құдіреттілігімен баяндалған. Мысалы, «қарға тамырлы» қазақта 
отансүйгіштік пен ұлтшылдық басты кісілік қасиеттер болып 
марапатталған. Қазақ халқының ұлтжандылық дәстүрлері, отансүйгіштік 
қасиеті сонау көшпелілік заманнан бастау алған. Көшпелі қазақтар 
қоршаған ортаны, табиғатты өздеріне қарсы қоймаған. Табиғатты 
қастерлеу адамдық парыздан пайда болады. «Дүниенің көрінген һәм 
көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың 
орны толмайды», – дейді Абай жетінші сөзінде. Көшпелілер түсінігінде 
жер жай ғана қоршаған орта емес, ол – тірі, жанды бейне, «Жер-Ана». 
Көшпелі өзін сол Жер-Ананың перзентімін деп есептейді. «Туған жер 
топырағынан жаралдым» дейтін адам табиғатқа қарсы қиянатқа бара 
алмаған. Сондықтан да туған жерді қорғау анаңды қорғау, арыңды, өз 
өміріңді қорғау деп халық санасында есептеледі. «Ер – туған жеріне, ит 
– тойған жеріне», «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» 
дейтін халық мақалдары жоғарыда айтқанды дәлелдеп отыр. Жер-Ана 
қазақтың саяси-әлеуметтік мәдениетінде ата-бабадан қалған басты мұра, 
аруақтар мекені деп бағаланған.
Этика ұлттық сипаты айқындалған ілімдер қатарына жатады. 
Өйткені әр халықтың орналасу аймағына, тіршілік салтына, өмір сүру 
дағдыларына байланысты ортақ мінез-құлық ережелері, жүріс-тұрысы, 
тыныс-тіршілігі қалыптасады. Қазақ этикасы өзінің көл-көсір 
молдығымен 
де, 
адамгершілік 
қуат-тегеурінімен 
де, 
тарихи 
айқындылығымен де халықтың рухани өмірінде ерекше орын алды. 
Қазақ этикасының ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жылдай 
Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мен 
түрік бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алады. Осыдан 2600 жыл 
бұрын өмір сүрген скиф-сақ ойшылы, “ұлы жеті ғұламаның бірі” 
Анахарсис (Анарыс) өзінің әдеп және адамгершілік туралы терең 
пікірлерін айтқан. Кіндік Азиядан табылған түріктердің атақты Құлтегін, 
Тоңыкөк жазуларында татулық, бақыт, дәулет секілді әдеп ұғымдары 
жиі кездеседі. Қазақ этикасының қалыптасуына Қорқыт ата үлкен үлес 
қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл сөздері қазақтармен қатар барша 
түрік халықтарында кең таралған. Қазақ топырағында әдептануды 
арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама-философ, әмбебап ғалым – 
Әбу Насыр әл-Фараби. Ол этиканы жақсылық пен жамандықты айыруға 
мүмкіндік беретін ғылым деп қарастырды. Оның түсінігінше, адам 
жаратылыстағы ең қасиетті жан. Сондықтан оған үлкен құрметпен қарау 
керек. Жақсылық дегеніміз білім, мейірбандық, сұлулық бірлігінде 
жатыр. “Бақытқа жол сілтеу» трактатында ойшыл баянды тіршіліктегі 
адами бақыт туралы сөз қозғайды. Түрік халықтарының этикасын 
дамытуға үлкен үлес қосқан ғұламалар қатарына Жүсіп Баласағұн, 
Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен 
Бақырғани және т.б. жатады. Қазақ хандығы қалыптасқан кезден бастап 


127 
қазақ этикасы негізінен ақын-жыраулардың даналық насихат 
жырларында дамыды. Олардың ауызекі мәдени мұралары – ұлттық 
қадір-қасиет пен өнегелі әдепті ғасырлар бойы жоғалтпай сақтап қалуға 
үлкен қызмет етті. Атақты қазақ ақын-жыраулары Асан қайғы, Шалкиіз, 
Ақтамберді, Бұқар жырау, Дулат, Шортанбай т.б. ұлттық әдеп жүйесін 
заман талаптарына сәйкес жоғары тұғырға көтере білді. Олардың 
әлеуметтік-этикалық ойлары қазақ халқының әдептік сана-сезімінің 
қалыптасуына, кейінгі ұрпақты адамгершілік және ұлтжандылық рухта 
тәрбиелеуге үлкен әсерін тигізді. 
Моральдық құқықтар мен міндеттер сапасында орын алған, салттар 
мен дәстүрлерді билеуші топ өз мұқтаждарына пайдаланады. Ерекше 
әлеуметтік топ – билер – халық салттарының сақтаушылары және 
білгірлері болып есептелді. Оларға әрекет етуші нормаларды анықтауда 
және тағайындауда шешуші орын берілді, мүліктік, отбасылық-некелік 
таластарды шешуде өтімді сөз солардікі болды. Олардың шешімдеріне, 
дәстүр-салттарына іс жүзінде кәдімгі-құқықтық нормалар күші берілді.
Шынында да, қазақтың дәстүрлі этикасы бодандық пен конформизмге 
негізделмеген, 
ол 
өзіне 
еркіндік 
сүйгіш 
дәстүрлерді, 
демократияшылдықты енгізді. Бұл дәстүрлер хан сайлау рәсімінде 
көрініс табады. Соңғы болып, қасиетті харизмалық сапаларға ие 
индивид; халық тағдыры, игілігі және гүлденуі үшін өзіне жауапкерлікті 
қабылдайтын көшбасшы сайланады. Ал сонымен бірге өз пікірін жеткізу 
және лайық еместердің бетіне сын айтуға құқын заңдастыратын, айтыс 
сияқты, ауызекі халық шығармашылығында да осылай болды. 
Көшпелі қауымдастықта жеке-дара моральдық қасиет жоғары 
бағаланған. Мәдени қаһарман көлеңкеде емес, тіршілік майданында 
толыққанды өмір сүріп, бұл дүниеден өкінбей өткен. Дәстүрлі қазақ 
қоғамындағы тұлғаны “Шығыста тек енжар, еріктілігі шектелген, 
жасампаздыққа бара алмайтын, мүлгіген адамдарды кездестіреміз” 
деушілер ақиқаттан алыс. Тұлға топ бастаған, жауды қайтарған, ару 
сүйген, өзін елі мен мұраты жолында құрбандыққа шалуға да дайын. 
Осындай даралану эгоцентризмге емес, керісінше интерсубъектілікке 
сүйенеді. Батырлық рухпен қуатталған жырау үшін тек көпшіліктің 
мүддесін білу және қорғау маңызды емес. Ол коллективтік ұмтылыстың 
бір мүшесі де емес. Оған сана мен ерік дербестілігі тән. Сондықтан 
жауаптылықты да өзіне ала алады.
Қазақ халқының бұл қадірменді билері ел басында күн туған 
қиыншылық кездерінде, ел жиналған айт, той тұсында, жер дауы, жесір 
дауы, барымта дауы көтерілген жерлерде ауыл ақсақалдарымен кеңесіп, 
ел тағдырын бірге шешісіп келген. Кейде ауыл ақсақалдары, билері бір 
шешімге келе алмай қалғанда ортадан билік айтып дауды тындырып 
отырған. Алайда отарлық әлеуметтік құрылымда қазақ биінің қоғамдық 
қызметі кейін орыс әкімшілігі тарапынан “болыс”, “старшина”, “ояз”, 


128 
“аудармашы”, “писарь” сияқты функционерлермен ығыстырылған. 
Билік 
айту 
мен 
әкімшілік 
басқарудың 
арасында 
түбегейлі 
айырмашылықтар бар. Біздің зерттеу тақырыбымызға қатысты 
мынандай тұжырым айтуға болса: болыс әкімшілдік тұлға болса, онда би 
– мәдени тұлға. Өйткені бидің билігі сөз (шешендік өнер) қасиеттілігіне 
жүгінетін ынтымақтастықтың қауымдық тәртібіне негізделгенін мына 
мақалдардан көруге болады; “Бір ғылымнан басқаның бәрі тұл”, 
“Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып, салпылдап сағым қуған бойыңа епті 
ме?” (Абай).
Қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрыптық және әдептік жүйесі қазак 
хандығы Ресейдің құрамына енген кезден бастап түбегейлі өзгерістерге 
ұшырады. Еуразия даласын жаулап алған славяндық мәдениет осы 
даланың байырғы тұрғындарын ноқталап қоюға тырысты. Ресей 
империясы өз қарауындағы халықтарды «ақ патшаға» берілгендік 
идеясында тәрбиелеу мақсатымен әр түрлі миссионерлік тәсілдерді
шебер қолдана білді. Осындай ілімдердің бірі – Ресейдің басқа халықтар 
алдындағы 
тарихи-мәдени 
миссиясы 
деген 
бүркеніш 
уағыз. 
Ағылшындардың бай мәдени мұрасы бар үнділерді шырмағаны сияқты 
орыстар Орталық Азия мен Қазақстанды отарлау және ассимиляциялау 
полигоны бейнесінде қарастырды. 
Қазақ халқының біртіндеп тәуелсіздіктен айырыла бастауы 
этикалық санада да нышан бере бастады. Асан Қайғы іздеген 
«Жерұйық» Зар заман кейіпкерлеріне орын бере бастады Болашақты 
сүреңсіз етіп, ақырзаман түрінде елестету Зар заман ақындарында үлкен 
орын алатын тақырып. Фольклордың осы бір байырғы дәстүрі халықтың 
отаршылықа түсіп, одан құтылар жол таппай аласұрған тұсында күшейе 
түскендей. Расында да бүкіл халықтың қол-аяғы тұсалып, жіптің енді 
шешілместей күрмелгенін олар өз көзімен көріп, арқасымен сезіп 
отырған заманда жарқық болашақ туралы сөз қозғауды көпшілік 
түсінбеген де, қабылдамаған да болар еді. Болашақты ғажайып 
мамыражай заман түрінде елестету үшін алдымен сондай үмітке 
жетелейтін осы шақтағы шындық керек. Ал отарлау дәуірінің шындығы 
құлаған хандықтан, ондаған сәтсіз күрестен, күннен күнге күшейген 
темір құрсаудан тұрғандықтан келе жатқан жақсы өмір туралы көсіліп 
жырлауды көпшілік берісі – қиялилыққа, арысы – көз жұмбай 
алдаушылыққа жорыған болар еді. 
Отарлық әдеп мәдениетінің төмендегідей ерекшеліктерін атап өтуге 
болады: 
1. Қазақ хандығының Ресей империясы құрамына енуіне байланысты 
қазақтың дәстүрлі әдет құқығы мен көшпелілік әдебі оның табиғатынан 
мүлдем бөлек отарлық құқық пен христиандық моральдық экспансияға 
ұшырай бастады. В. Радлов былай жазды: «Біз бұл жерде отырықшы 
халықтардың мәдениетіне пара-пар қарсы тұрган өркениеттің 


129 
сатысымен істес болып отырмыз. Қазақ қоғамында үстемдік құрып 
отырған анархия емес, тек өзіне ғана тән, біздікінен өзгеше және 
барынша өзінше реттелген мәдени қатынастар» (Қазақ. Мақалалар 
жинағы. – Алматы: Білім, 1994). 
Бұл 
пікірді қазақтың әдет құқығын арнаулы зерттеген 
В.Дингельштад та қолдайды: «Ұзақ уақыт өркениетті дүниеден 
оқшауланып келген қазақтар, қазіргі кезде өздерінің келешектегі 
тағдырына күйретуші әсер ететін ықпалдарға ұшырамау үшін өзгеру 
жолына түсуге дайын тұр. Көптеген қазақтар осы уақытқа дейін өмір 
сүріп келген өз ұлтының көшпелі құрылымының әрі қарай өмір сүре 
алмайтындырын мойындап отыр» (Қазақ. Мақалалар жинағы. –
Алматы: Білім, 1994). 
Ресейдің әкімшілік және құқықтық шараларының нығаюына 
байланысты қазақ әдебінің қолданыс аймағы тек салт-дәстүр 
шеңберімен шектеле бастады, рухани мәдениетте бодандық нышандары 
мен маргиналдану процесі бастадды. 
2. Жалпы маргиналдану тек әдептік мәдениетке емес, сонымен бірге 
инновацияға ұшырап отырған бүкіл руханилық пен тұлғалық қылыққа 
сай нәрсе. Алайда Қазақстан жағдайында дәстүрлі мәдениеттен 
батыстық (ресейлік арқылы) құрылымдарға өту табиғи жолмен емес, 
үстем мәдениеттің үлгілерін әкімшілік жолмен тану арқылы жүргізілді. 
Маргиналдық белгілерді қазақ қоғамының патшалық Ресейдің әкімшілік 
жүйесімен тікелей қатысы бар тұлғалар (болыс, тілмаш, шенеуніктер 
ж.т.б.) бірінші ретте қабылдады. Қазақ қоғамын зерттеген А. Боджер бұл 
туралы былай деді: «Қазақтың көш бастаушылары үшін бұл өзгеріс таза 
формальды түрде болды. Олар орыс көмегін өз жауларына қарсы қоюға 
үміттенді. Патша үкіметі бұл өтінішке барынша көңіл бөліп, қазақтар өз 
еркімен орыстың боданына айналды деп есептеді. Бірақ, Ресейдің іс 
жүзінде ықпал етуі XIX ғ. ортасында бүкіл қазақ жерінде әскери басқару 
жүйесін енгізгеннен кейін күшейді» (Қазақ. Мақалалар жинағы. –
Алматы: Білім, 1994). Абай айтқандай, білім алудың мақсаты лауазымға 
жету болып шықты, ұлттық нигилистер қалыптаса бастады. 
3. ХVІІІ ғасырдың 30-ы жылдарында қазақ бастаушылары Ресейден 
отар болуды емес, протекторат (қамқоршы) болуды өтінді. XIX 
ғасырдың ортасына дейін Ресей әкімшілігі қазақтардың ішкі істеріне көп 
араласпады. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінің құндылықтарын Ресей 
әкімшілігі өз мүддесі көлемінде пайдалануға тырысты, оның ішкі 
потенциалын, құндылығын өз көкжиегі көлемімен шектеді. 
Қазақтың дәстүрлі әдебін заманның жаңа талаптарына сай әрі 
үйлесімді өзгертудің бір бағдарламасын қазақ ағартушылары негіздеген. 
Егер Зар заман өкілдері ресейлік ықпалды түгелімен теріске шығарып, 
өткен 
уақыт 
құндылықтарын 
жандандыруға 
шақырса, 
қазақ 
ағартушылары екі Ресейді айыра білді (орыс білімділері және әкімшіл 


130 
жүйе). Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев орыс 
мәдениеті мен білімінен нәр алуға шақырды. Олардың арасында 
қазақтың дәстүрлі құқығын арнаулы зерттеген ғалым – Шоқан 
Уәлиханов. Ол өзінің «Сол реформасы жөніндегі жазбасында» қазақтың 
дәстүрлі әдебіне терең талдау бере келе, оны бұрынғы заман 
талаптарына сәйкес болды және қоғамдық ынтымақтастықты 
нығайтудың басты құралы болды деді. Оның пікірінше, Ресей 
империясы халықтарының ішінде қазақтар жаңашылдықты қабылдауға 
бейім тұрады. Шоқанның айтуынша, біз жақсы деп есептейтін белгілі 
бір жағдайларда адам кім бола алатындығы туралы сенімді білімнің бар 
екендігін мойындаған кезде және адам өзі кім бола алатынымен өзі 
шұғылданған кезде ғана оның жаны тынышталады деп, сондай-ақ жеке 
тұлғалар мен мәдениеттердің түпкі этикалық мақсаттарының арасында 
айтарлықтай айырмашылық жоқ деп, құндылықтарда мәдени 
өзгешеліктер өзара үйлесімді келеді, өйткені әрекет құндылықтары 
жөніндегі пікір өзі пайда болатын белгілі жағдайларды есепке алады, 
оның салдары – сол әрекеттің өзі жағдайлардың бір жиынтығына сәйкес 
келсе – дұрыс, ал жағдайлардың басқа бір жиынтығына қайшы келсе 
бұрыс болады деп мойындаған кезде ғана жақсы мен жаман, дұрыс пен 
бұрыс, ұнамды мен ұнамсыз нәрселер жөнінде сөз етуге болады. 
Отарлық жағдайдағы дәстүрлі әдептегі өзгерістер жөнінде Абай 
шығармашылығында көптеген құнды пікірлер айтылған. Зерттеушілер 
атап өткендей, өзінің жалпы мәдени ілімінде Абай үш негізге сүйенеді. 
Ресей арқылы қабылданатын батыстық білім, исламның жалпы 
өркениеттілік қағидалары және қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесі. Абай 
дәстүрлі әдептің басты тұлғасы – билер қызметіне жаңаша баға береді. 
Оның пікірінше, көшпелілер үшін сыртқы сот – билер соты қоғамдық 
қажеттіліктен туындайтын құбылыс. Олар оны әлеуметтік қажеттілік 
есебінде ғана мойындайды. Бірақ сыртқы сотты (сот үдерісін) онша 
«жақтыра, құптай» бермейді Оның қоғамдағы орнын амалсыз 
мойындайды, бірақ асыра бағаламайды. Керісінше, егер мүмкіндік 
болып жатса, әр адам өз ісін өзі сотсыз-ақ тікелей шешкенді қалайды. 
Сот тек басқа жол болмағанда (талас-дауды шешудің, бітімге келудің) 
ғана қолданылатын шара деп қарастырылады. 
Абай қазақтың әдептік мәдениетіндегі теріс қылықтарды тек 
айыптап қана қоймай, оның себептерін де ашып көрсетеді. Абайдың 
түсінігі бойынша, ешбір адам туған күннен бастап қылмыскер 
болмайды. Олай тұжырым жасаудың ешқандай да негізі жоқ, яғни 
жалған. Зар заман ақындарынан Абайдың бір айырмашылығы, ол 
құрыған уайым мен мұңның орнына қазақ әдебінің кертартпа жақтары 
мен кемшіліктерін түсінетін көз ашықтық пен оларды емдеу жолдарын 
көрсетеді. Мәдениетті елдер қатарына қосылу үшін, дейді Абай, ең 
алдымен қазақ халқы төмендегідей кеселді қылықтардан құтылу керек: 


131 
«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. 
Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. 
Надандық – білім-ғылымның
жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз 
біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік – күллі 
дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, 
кедейлік – бәрі осыдан шығады. Залымдық – адам баласының дұшпаны. 
Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан 
хисабына қосылады» (Абай Құнанбаев. Шығармалары. – Алматы: Мөр, 
1994). 
Абай өз шығармашылығында ауытқушылдықтың отаршылдық 
қоғамда белең алуына өз алаңдауын білдіреді. Әрине, ауытқушыл 
(девианттық) әрекет дәстүрлі әдепте де орын алып келген. Бірақ, 
жүгенсізідік пен әдепсіздік көріністері бодандық жағдайда тым көбейіп 
кетіп еді. 
XX ғасырдың басында қазақтың әдептік мәдениетінде жаңа 
нышандар пайда бола бастады. Біріншіден Ресей Қазақстанды толық 
отарлау саясаты көшті. Бұрынғы дәстүрлі басқару мен реттеу 
тетіктерінің орнына империялық заңдар енгізілді. Билер соты өз 
функциясынан айырылып қалды. Оны әлсірету мақсатында Ресей 
әкімшілігі билер сотының шешіміне аппеляция (шағым) беруді ресми 
бекітті, яғни барлық мәселені түбінде болыстар мен ояз әкімшілігі 
шешіп отырды. Алайда кейінгі Кеңес өкіметіндей Ресей дәстүрлік 
мәдени реттеу тетіктерін толық жоймады. 
Ресей өкіметі өзінің Қазақстан жеріндегі мүдде-мұратына қарсы 
келмейтін, олардың іске асуына кедергі жасамайтын әдептік 
«аудандардың», принциптердің, нормалардың өмір сүруіне бейтараптық 
танытты, «көнбістік» көрсетті. Мүмкіндігінше оларды «көрмеуте», 
«байқамауға», не болмаса «айналып өтуге» тырысты. Мұндай 
аймақтардың, қағида-жарғылардың тыныштығын бұзбауға, «мазасын 
алмауға», «қытығына тимеуге» ұмтылды. Тіптен, мұндай әдет-ғұрып
нормаларымен 
жергілікті 
халықты 
«игеріп», 
басқарып, 
оны 
«тыныштықты ұстап тұру» мүддесі тұрғысынан келіп, осы көзқарас 
аясында бағалап, пайдалануға тырысты. Яғни, аталмыш әдеп 
нормаларының мәдени-рухани, реттеушілік-басқару, іс-қимылдық 
бағдар беру потенциалын Ресей мемлекеті мүддесі шеңберінде қолдап, 
қолданып отырды. 
Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі түбегейлі өзгерістер, сонымен, 
табиғи жолмен емес, күштеу принципі арқылы жүргізіліп отырылды. 
XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басы – қазақ халқының 
отаршылдыққа қарсы толассыз көтерілістер кезеңі. Қазақтың дәстүрлі 
әдептік реттеу тетіктерінің біртіндеп істен шығуы далада тек мінез-
құлықтық ретсіздік ғана емес, сонымен бірге ұлттық сананың оянуына 
әкелді. Қазақ мәдениетінде ұлт-азаттық қозғалыс дүмпуі басталды және 


132 
бұл қазіргі тәуелсіз Қазақстанға дейін апарған сара жолға жатады. Қазақ 
қайраткері М. Дулатов ғасыр басында өзінің атақты «Оян, қазақ!» деген 
мәдени бағдарламасын жариялады. Одан бір үзінді келтірейік: 
«Қазақстаннан болған социал-демократтарға бірауыз сөз айтамын: 
Еуропаның пролетариясы үшін қанды жастар төгуіңіз пайдалы, бірақ өз 
халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқы мазлүм 
күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір 
ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып 
кетер» (Дулатов М. Оян, қазақ! – Алматы: Алтын Орда, 1991. – 80 б. ). 
Ресей патшалығы отарланған қазақ халқын қанды шеңгелінен 
шығармау мақсатымен үш түрлі қанды қақпанға құрылған түбірлі саясат 
ұстанған. Олары: қазақ жеріне келімсектерді қоныстандыру тәсілімен 
тартып алып түпкілікті меңгеру; өздерінің рухани сағын сындыру үшін, 
христиан дініне шоқындыру арқылы орыстандыру; ең қауіпті нәрсе – 
қазақтардың ұлттық санасын оятпау, азаматтық сезімін өшіріп рухани 
құлдыққа таңудың таптырмас құралы территориялық ұстынға 
негізделген болыстық сатылы сайлау жүйесін орнықтыру арқылы 
рушылдықтың отына май құйып, өздерімен өздерін жауластырып 
қоюдан басқа ешнәрсе де емес. 
Қазақ зиялылары бұл саясатқа қарсы тұра білді. Мысалы, Шәкәрім 
Құдайбердіұлы қазақ тілінде «Мұсылмандық шарты» атты дінді қазақ 
әдебімен үйлесімді қосуға арналған еңбегін жариялады. Аталған еңбегін 
жазылу себебін Шәкәрім былай түсіндіреді: «Оқығандарыңыз кітаптан, 
оқымағандарыңыз молдалардан есітіп білген шығарсыздар. Олай болса 
біздің қазақ халқының өз тіліменен жазылған кітап жоқ болған соң, араб, 
парсы кітабын білмек түгіл ноғай тіліменен жазылған кітаптарды да 
анықтап ұға алған жоқ шығар деп ойлаймын. Сол себептен иман-ғибадат 
туралы шамам келгенше қазақ тіліменен жазайын деп ойландым. Бұл 
кітап әрбір қазақ үшін оқуға оңай болып, әрі оларға пайда әрі өзіме 
сауап болар ма екен деп үміт еттім» (Шәкәрім. Шығармалары. – 
Алматы: Жазушы, 1988. – 560 б. ). 
Шәкәрім ықшамдаған мұсылмандық құқық қағидаларында екі нәрсе 
қатал сақтанған: а) қазақы салт-дәстүр мен исламдық нормалардың 
арасындағы үйлесімдік; ә) жалпыадамзаттық мораль құндылықтарының 
әмбебаптылығы. Мысалы, адам еркінділігін алайық. Исламның 
фундаменталистік түсініктері бәрі алдын-ала жазылған деп адам 
еркіндігіне шек қояды. Шәкәрім еркіндікті жақсылық пен жамандықтың 
арасындары таңдау деп қарастырады. 
Әрине, біз бұл жерде канондық құқықты мұрат ретінде ұсынып 
отырғанымыз жоқ. Мұсылмандық құқықтың да кертартпа жақтары 
жеткілікті. Әңгіме канондық құқықтың әдептік-өркениеттік нормалары 
туралы болып отыр. Және Ресей боданы Қазақстан үшін бұл құқық 


133 
мәдени қорғаушы қызметін атқарды дейміз. Осы туралы М. Дулатов 
мынадай сындарлы жолдарын қалдырған: 
Әуелі үйренетін бір ғылымың, 
Өзіңнің мұсылманша дін ғылымың. 
Шарттарын исламның кәміл білсең, 
Ахиреттік азық берер шын ғылымың. 
Екінші хажет ғылымың – орысша дүр, 
Өзіңе бек файдалы тіл білуің. 
Қараған мемлекеттің низамы не? 
Мұны білсең сақталар дүниелігің 
Кеш біліп, кенже қалып көп файдадан, 
Жібергені сол емес пе жер мен суын. 
Жол тауып әлде болса данышпандар, 
Дұшманның құлатқай-ды тіккен туын (Дулатов М. Оян, қазақ! – 
Алматы: Алтын Орда, 1991. – 80 б.). 
Социалистік құрылыстың теріс әсерлері, әсіресе, қазақы әдеп пен 
мінез-құлық жүйесіне тиді. Ұлан-ғайыр, кең-байтақ жерді иеленіп 
келген қазақ табиғатынан батыр мінезді, бостандық пен еркіндікті 
қастерлеген қайсар халық еді. Бірақ 270 жылға созылған тәуелділік 
жылқы мінезді халықты момын, қой мінездіге айналдыра бастады. 
«Жаман үйді қонағы билейдінің», «Есіктен кіріп, төр менікінің» күйіне 
түсе бастады. Озбырлық саясат нәтижесінде халқымыз құнарлы, сулы, 
нулы жерлерінен шөл, шөлейт жерлерге ығыстырылды, тек мал бағумен 
күн кешкен елге күн көрудің өзі қиын болды. Бұрын «у ішсең – 
руыңмен», «ағайынның аты озғанша – ауылдастың тайы озсың» деп, 
елдік пен бірлікті мұрат еткен қазақтардың арасында өзімшілдік, 
дарашылдық өріс алды. Кейбіреу ақты – қара, қараны – ақ деп бірінің 
үстінен бірі арыз жазса, басқалары бастықтың алдында майлы қасықтай 
құрша жорғалап, жылпылдаған жағымсыз қылықты бойына дарытты. 
Шолақ белсенділер, «пысықтар», «шаш ал десе, бас алуға» дайын 
тұратындар пайда болды. «Адам адамға дос, бауыр», «Барлық адам тең 
құқықты» деп ұрандатқанымен, қолында билігі барлардың арасында 
екіжүзділік, озбырлық, тамыр-таныстық, жүгенсіздік, парақорлық өріс 
алды. «Ортақ мүдде жеке адам мүддесінен жоғары» деген ұран адам 
бостандығына нұқсан келтірді, «қуыршақ-адамдарды» көбейтті. 
Әкімшіл-әміршіл жүйе «ескінің қалдықтарымен күресуді» желеу етіп, 
халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасын жойып жіберуге 
барынша тырысты. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның 
садағасы» деп келген халықтың ішінен сан мыңдаған мәңгүрттер 
шықты». 
Социалистік әдептің басты кемшілігіне жүйеорталықтық 
ұстанымды қолдау жатады. Яғни, қоғам мүддесі жеке адам мүддесінен 
жоғары қойылады. Бұл жүйеде адам құқықтары кейін шегіндіріледі. 


134 
В.И.Ленин айтқандай, жалғыз моральдық критерий коммунизм үшін 
күрес болып табылады. Бұл иезуитшілдіктің жаңа түріне әкеледі. Мақсат 
барлық құралдарды ақтауға себеп бола алады. Социалистік әдептің 
мәдени негізінде теріс таңбалы сенім мен наным жатыр. Бұл жүйеде 
жазылған заң (партия құптаған) құдай сөзі іспеттес болып келеді. Дүние 
күйіп кетсе де нұсқау-инструкция орындалуы қажет. Сөз жүзінде 
құдайды терістегенімен, социалистік жүйеде діннің барлық белгілері 
болды (пайғамбарлар, рухани көсемдер, идеологияны жүзеге 
асырушылар т.т.). 
Әрине, бұл заманда қазақ этикасы таза құлдырау жағдайында болды 
деу cыңаржақтылық болар еді. Жалпы сауаттылықтың артуы, 
қалалардың өсуі, орыс тілі арқылы әлемдік рухани мұрамен таныса 
бастау әмбебап әдептілік жүйесін қалыптастыра бастады. Қазақстанда 
кәсіби философтарды дайындау ісі де жүргізілді. Бұл қазақ этикасын 
зерделеген кәсіби мамандардың пайда болуына оң ықпалын тигізді. 
Қазақстан әдептанушылары мораль философиясы және қазақ 
этикасының тарихы мәселелерімен шұғылданды. 
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды енгізу мен 
азаматтық-құқықтық қоғам құру міндеттеріне байланысты кәсіптік 
этикалық алғашқы зерттеулер жарияланды. Бұл еңбектерде еліміздегі 
моральдық ахуалға ғылыми талдау беріліп, өтпелі қоғамға тән 
ауытқушыл қылықтың өрістеп кетуінің себептері мен халықтың әдеп 
мәдениетін жоғары деңгейге көтерудің жолдары қарастырылды. Қазақ 
этикасын заман талаптарына сәйкес қалыптастыру мен дамыту қазақ 
зиялыларының келелі міндетіне айналып отыр. 
Азаматтық қоғам бірден жеке меншік институтының дамуы және 
индивидтер мүдделерінің өзара әрекеттері нәтижесінде қалыптаспайды. 
Субъективтік сипаттамаларды қабылдауға себебін тигізетін, меншік 
формаларының 
жеке 
тұлға 
құқықтары 
мен 
еркіндіктерінің 
либерализациясы қоғамның демократиялық жаңғыруының негізгі 
факторлары болып табылмайды, адамгершілік қатардағы факторлар 
одан да мәнділеу. Шынында да, оның негізінде экономикалық еркіндік 
пен азаматтардың іскерлік белсенділігі жататын нарық жүйесі, рухани 
мәдениеттің шектеуші күшінсіз, қоғамдық өмірді «бәрінің бәріне қарсы 
күресіне» айналдырып жіберуі мүмкін. «Құқықтық қоғам» деп аталатын, 
шындығында бәрі үшін ортақ мақсат, жалпыадамдық, корпоративтік 
және жеке мүдделер мен құндылықтардың үйлесуін жақтайтын, 
этиканың дүниетанымдық принциптеріне негізделген адамгершілік 
ұстанымдары арқылы «тұрақтанып» тұр. Тұтас халық пен дәуірдің 
құндылықтарын ашып көрсететін, адамгершілік әбмебаптары қоғамдық 
пен адамдықтың үйлесуінде құрастырылған. 


135 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет