Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Сондықтан да мақаланы жариялаған жөн болар еді деп есептейміз



бет153/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   273
Сондықтан да мақаланы жариялаған жөн болар еді деп есептейміз.

Л.Ильичев».

Мұның өзі Кенесары қозғалысын теріс бағалау арқылы қазақтың ұлт-азаттық идеясын мәңгілік өшіруге бағытталған «идеологиялық жазалау» саясатының, С.Сәдуақасовтың салыстырмалы бағасымен айтсақ, «патшалық отарлаудың» – «коммунистік – колонизаторлық» жүйеге ауысуын басқа ештеңе емес» екенін танытады. Әрине, «сұр кардинал» Суслов сумаңдаған жіңішке, арық, салалы саусақтарымен сондай бір сүйінішпен сүйкете қол қойғаны анық. Реті келгенде айта кетейік, ол араға тура отыз бес – отыз алты жыл өткен соң қазақ тарихын тағы да жоққа шығаруға ұмтылып, Олжас Сүлейменовтің «Әліп пен ақын» кітабі туралы тура осындай қаулыға қол қоюға тапсырма берді. «Сұр кардиналдың соңғы жазалау жарлығы» орындалмай қалды. Уақыттың екпіні мен ырғағы өзгерді, оның бойындағы «коммунистік-колонизаторлық» қуаты да сарқыла бастап еді.

Сонымен, 1950 жылы 26-желтоқсан күні партия мен кеңес өкіметі қазақ халқына аса қуатты әрі жазалаушы, халық жауларын әшкерелеулер мен алауыздыққа итермелеген, сөйтіп, ұлттың мәйегін іріткен арандатушы «жолдауы» арқылы жаңа жылға «тосын сый тартты».

Мақаладағы басты пікір: Кенесары Қасымовтың ұлт-азаттық көтерілісі қазақ халқын орыс халқына қарсы қойды, ол хандықты көксеген қозғалыс, қазақ ғалымдары мен шығармашылық иелері Кенесарыны ұлттық қаһарман ретінде әсіре мадақтайды – дегенге сайды. Онда:



«(...) Известно, что национальный вопрос в разные времена служат различным интересам и принимает различные оттенки, в зависимости от того, какой класс и когда выдвигает его. Кенесары Касымов и окружавшая его феодальная верхушка, увидев как невыгодно было им потерять старые привилегии и могучество начали борьбу за возрождение средневекового ханства. Все исторические данные говорят о том, что движение Кенесары не было ни революционным, ни прогрессивным. Это было реакционное движение, которые тянуло казахский народ назад, к укреплению патрихально-феодальных устоев, и реставрации средневековой ханской власти, и отрыву Казахстана от России и великого русского народа»,– деп (әдейі түпнұсқалық мәтін алынды) пікір білдірді.

«Правданың» мақаласы – сот үкімінен де пәрменді еді және Орталық комитеттің бірінші хатшысы да оның күшін жоя алмайтын. Сол үкім енді Қазақстанның тағдырын ұршықтай иірді.

КПСС Орталық комитетінің идеология жөніндегі хатшысы М.А.Сусловтың жетекшілігімен үгіт-насихат бөлімінің және «Правда» газетінің баспасөзде ұйымдастырған «науқандық шабуылын» әшкерелейтін хаттар мен құжаттардың, мағлұматтар мен түсініктердің, мақалалар мен домалақ арыздардың мазмұнына жүгінсек Ж.Шаяхметов пен І.Омаров Кенесары қозғалысын әшкерелеуге қарсы болған, олар үш айға дейін «Правданың» мақаласын бастауыш партия ұйымында талқылауға рұқсат бермеген, тек Шаяхметов ісспарға кеткен кезде екінші хатшы Кругловтың пәрменімен мақала Тарих институтының партия ұйымында асығыс талқыланған. Ал Д.А.Қонаевтің естелігінде: бұл науқанды өршітуге ұйытқы болған және осы мәселеде дұрыс бағыт ұстамаған – Ж.Шаяхметов басқарған Орталық комитеттің өзі – деген емеуірін танылады.

Сонымен, Қазақстанда бұл науқан ерекше екпін алып, құйындата жөнелді. «Қызыл өңешке сүйенген» жандайшап әшкерелеулер жаныға қарқын алды. Басында ғылыми мекемелерде ғылыми немесе шығармашылық мәселе ретінде талқыланған «идеясыздық» пен «буржуазияшыл, феодалшыл ұлтшылдықтар» зиялылардың жеке басын қатерге тігіп, сотталып, қуғынға ұшыратты. Қазақстанда солардың алғашқысы болып қарауылға Қаныш Сәтбаев пен Мұхтар Әуезов және оның осыдан жиырма жылдай бұрын жазылған «Хан Кене» пьесасы ілінді.

Соңы қызылкеңірдекке ұласып, ұлт көсемдері дәрежесіне көтерілген тұлғалардың өзі бірін-бірі көрсете бастады. Қазақстан зиялылары жаппай және жағаласа жау іздеуге көшті.

2.

Бұл жолы да «әйгілі жүйрік», Қазақстан қоғамдық ғылымдарының бас идеологі Сақтаған Бәйішев «жау шаптылап» шықты. Орталық комитеттің алдағы күндердегі найзағайлы дүлейінің (смерчь) жойқын екпіні мен шабуылдар майданының ауқымын белгілеп, «барлай отырып атой салған» бұл мақалаға сол кездегі «Социалистік Қазақстан» гезетінің бас редакторы Қасым Шәріпов пен Орталық комитеттің сол кездегі нұсқаушысы, тарихшы, кейіндері осы жолдардың авторына КПСС тарихынан дәріс оқыған А.Қайыргелдин қол қойды.



1951 жылы 21-ақпанда «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған бұл мақала «Ғылымдағы идеясыздық пен бисаясаттыққа жол берілмесін» деп аталды. Онда Тіл және әдебиет институты өзіне бөлінген қаржының барлығын ел арасына арнаулы экспедицияларын шығарып, күмәнді қолжазбалар мен жырларды жинауға Бекмаханов жұмсағандығын алға тарта келіп:

«... Алайда Тіл және әдебиет институты өткен дәуірдің мұрасын жөндеп игере алмады. Бұл әдеби материалдардың көпшілігі әлі зерттелмеген, олардың қаншалықты бағалы екендігі белгіленбеген. Ал кейбір шығармалардың («Есім хан», «Телағыс», «Жәнібек», «Ақалық» және басқалары) өткен дәуірдің ақындарының ауыздарынан шыққандығы күмәнді. Өйткені бұл шығармаларды қазіргі замандағы ақындар жинаған және бұл шығармалардың қайдан шыққандығы документ бойынша көрсетілмеген. Қазіргі замандағы ақындар жазған осы қиссалардың кейбіреуі өткен дәуірдің жырларына жатқызылған, ал, екінші жағынан, қазіргі замандағы жинаушы ақындардың өз шығармалары деп есептелген. Әрине, өткен дәуірдің әдеби мұраларын жинап, жариялау ісіндегі мұндай теріс әдістің түбінде қазақ әдебиетінің тарихын фальцификациялауға апарып соқтыратыны даусыз»,– деп шырға тастады.

Сонда, іргесі жаңадан құрылған Тіл және әдебиет институтының қолжазба қоры болмаса, фольклор мен ауыз әдебиетінің үлгілері, эпостық мұралар мен қиссалар, айтыстар мен халық ақындарының жырлары, тарихи оқиғалар мен шежірелер жиналмаса, онда қандай ғылыми тақырыппен айналысуы мүмкін? Араға жарты ғасыр өткеннен кейін бұл мұраны 100 томдығының шығуына негіз қалаған да сол тұстағы ғылыми экспедициялар жинақтаған халықтық шығармалар екенін ескерсек, жоғарыдағы үш ғалымның, соның ішінде мақаладағы материалдарды жинақтап берген С.Бәйішевтің бұл пікірі – пікір емес, арандатуға құрылған жалған жала екенін аңғару қиын емес. Бірақ та С.Бәйішевтің бұл пікірсымағы дұрыс емес деп өзгені былай қойғанда М.Әуезовтің өзі де қарсы шыға алмайтын. Ал ол мұралар жинақталмаса қалай ғылыми тұрғыдан «қаншалықты бағалы екендігі қалай белгіленбек»? Ал «фальцификациялауға апарып соқтырғандар» туралы:

С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин (жалғасы): «Тіл және әдебиет институты және оның ғылыми қызметкерлері өткен дәуірдің материалдарына, әсіресе, бұл материалдарды жинаушыларға сын көзімен қарау дегенді мүлде қойған. Ескі мұраларға осындай бипартиялық көзбен қарау салдарынан, жиналған материалдардың бәрі халық шығармасы деп танылған, ал материал жинаушылардың бәрі халық ақыны деп есептелген. Институттың халық ақыны деп жүрген адамдарының бірі Шәкір Әбенов ХІХ ғасырдың ақыны Дулаттың барлық өлеңдерін жазып берген; сөз ырғағының бәрі қазіргі заманға сәйкес келетіндігіне қарағанда, бұл өлеңдердің Дулаттікі екендігі өте күмәнді. Немесе, ХХ ғасырдың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туысы Шаймерден Торайғыров Сұлтанмахмұттың өлеңдерін өз қолымен қайта өңдеп, буржуазиялық-ұлтшылдық сарындағы шығармаларын қазіргі заманға сәйкестірген; осының нәтижесінде Сұлтанмахмұт Торайғыров ешбір қайшылығы жоқ, социалистік реализм бағытындағы таза совет ақыны болып шыға келген»,– деген жорамал жасайды.

Шындығында, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың екі томдық шығармаларының қолжазбасын Машһүр Жүсіппен ақылдаса отырып жинақтаған, баспаға дайындаған Жүсіпбек Аймауытов болатын. Ол қолжазбаны Ілияс Жансүгіровтің жары Фатима Ғабитова сақтап қалған мұрағаттардың ішінен алып, ғылыми айналымға түсірген Бейсенбай Кенжебаев еді. Ол кезде Ілиястың атын атауға тиым салынғандықтан да Шаймерден Торайғыровтың нұсқасының арасына кіріктіріп пайдалануға мәжбүр болды.

Ал күні бүгінге дейін анда-санда басы қылтиып қалатын Дулат мұрасын толықтай жинақтап өткізуші, тура осы жылы бесінші рет түрмеге қамалған Шәкір Әбеновпен арадағы бауырлық базынамызды пайдаланып, шындығын айтуын сұрағанымызда, Дулаттың өлеңдері мен дастандарына еш қиянат жасамағанын, оны осы көркемдік кестесі мен тілдік тазалығы үшін Абайдың ұстаз тұтқандығын, тек өзі жазған жалғыз өлеңді тұтқындалар алдында ішіне тығып кеткенін уәде бере айтып еді.

Ш.Әбенов: «– Е, бұлт адамның басына бір үйірілсе қашып құтылмайды екенсің. 1948 жылы тағы (бесінші рет!) ұсталдым. Сақтаған Бәйішевтің соның алдында Мұхтарды, Есмағамбетті сынаған мақаласы газетке басылған. Соның ішінде “буржуазияшыл – ұлтшыл, байшыл ақын Дулаттың өлеңдерін “Еспенбет” дастанын Есмағамбет Шәкірге әдейі тапсырма беріп жаздырды”, – деп сынады. Сол маған айыптау материалы болды. Шуға қарай бой тасалап ем, бәрібір, құтылмадым. Тергеуші: “Сен осыларды өзім ойдан шығардым. Ондай ақын жоқ деп бас тарт”,– дейді. Бар нәрсені қалай жоқ дейсің. Академияның қолжазба қорына Дулат жыраудың 6 000 жол өлеңін тапсырғаным рас. “Сен қазақтың мұңын Дулат боп жоқтап отырсың. Айт шыныңды”,– деп ақырады. Рас, қолжазбаның ішінде “Бәйбіше туралы”, “Тырнақтай кір қонған соң” деген өз өлеңім қоса тапсырылып кетіпті. Дулатты қалай жоққа шығарамын. Ал “Сабырбай мен Байбаланың” айтысын өңдеп жазғаным рас. Қойшы, содан 1948 жылы Кемерово облысындағы Марийнскі қаласындағы “Севлагқа” айдалдым. Содан 1955 жылы босадым».

Бұл пікір оның көзі тірісінде баспасөзде жарияланған болатын. Кейінгі толқынның қаперінде жүрсін деген ниетпен түсінік арасына кіргізіп отырмыз. Өйткені, бұл бопсаларға сенгенсіп, пікір қозғағансығандарың қазір де қылт ете қалып жүргені алаңдатады.

С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин (жалғасы): «Тіл және әдебиет институтының ескі мұраларға арналған материалдарының бәрінде де қазақ халқының өткендегі тұрмысы дәріптеледі, қанаушы таптардың өкілдері, хандар, билер мақталады; қазақ халқының бүкіл тарихы сыңаржақ көрсетіледі, қазақ ауылдарындағы тап күресі бүркеліп қалады. Институттың ғылыми қызметкерлері қазақтың феодалдық-рулық құрлысының тарихымен әуестеніп, соның сарынына түсіп кеткен. Институттың ғылыми қызметкерлерінің жеке еңбектерінде, сонымен қатар баспаға дайындалған «Қазақ әдебиеті тарихының» І томында қазақтың түрлі хандарының – Абылай, Кенесарының басқаларының заты асыл, данышпан адамдар еді деп дәріптейтін ертегілер, өтірік-аяң сөздер бар. Соқыр сенімдегі надан адамдардың бір кезде ойдан шығарған осындай жалған ертегілерін институттың ғылыми қызметкерлері халық шығармасының үлгісі деп таныған».

Бақастықпен сөз жарыстырғанымыз емес, бірақ та, ойдың орамына, қаламның ұшына оралып тұрып алған мына сұрақ емеуірін үшін болса да өз-өзінен сұранып тұр. Ең қауіпті надан – білімді надан. Ал «соқыр сенім» сол білімді наданның көзқарасының ащытқысы. Адамдық, тектік, ұлттық, халықтық қасиеттерді мәнсұқ етіп, тарихқа топырақ шашып, адамдардың тағдырын жалаң да жалған идея үшін талқан етудің өзі «соқыр сенімдегі надандық» емес пе?

С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин (жалғасы): «ҚК(б)П Орталық комитеті өзінің қаулысында былай деп жазды: Тіл және әдебиет институтының еңбектерінде, бірсыпыра ғылыми қызметкерлердің диссертацияларында «әдебиетті қоғамның материялық тұрмыс жағдайларынан ажыратушылық бар, қазақ ауылдарындағы тап күресін бекерге шығару немесе бүркемелеу бар, бұрынғы феодалдық-рулық құрылысты дәріптеушілік бар. Революциядан бұрынғы ақындардың ауызша шығармаларын, билердің шешендік сөздерін талдағанда олардың шығармаларының әлеуметтік мәні мүлде ашық көрсетілмеген. Тарихта белгілі феодалдар – Кеңгірбай, Қараменде, Шорман жән басқалар сияқты бұқара халықтың жаулары – халықтан шыққан данышпандар, халықтың қорғаушылары еді деп мақталады».

Бұл – кеңес өкіметінің идеологиясына жабысқан көкбауыр пікір. Сондықтан да оның айтылуы табиғи және әдеттегі тілге тиек ретінде алынатын басыртқы. Негізгі ойлары келесі сөйлемдерде ашылады.

С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин (жалғасы): «Қазақстандағы көрнекті тіл мамандарының бірі Кеңесбаев жолдас Қазақ ССР Ғылым Академиясының бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде былай дейді: «Қазақстанның тіл мамандарының алдында тұрған кезекті міндет – ертедегі тіл мамандарының – түркологтардың зерттеулерін қорыту, түріктердің (қазіргі қолданылып жүрген «түркі» ұғымы мағынасында – Т.Ж.) жазба мұраларын зерттеу жөніндегі түркологтардың бағалы еңбектері қазақ тілінің тарихын жасаудың негізі болуға тиіс» (астын сызған біз). Қазақстанның әдебиетшісі Әуезов жолдас та өзінің «Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу мәселелері» туралы баяндамасында тегінде осыны айтты. Әрине, әдебиет пен тіл тарихын зерттеуге, арғы замандағы түрік тұқымдарының әдебиет тарихы мен тіл тарихын зерттеулеріне ешкім де қарсы емес, бірақ біз Кеңесбаев жолдас пен Әуезов жолдасқа мынадай сұрақ қояр едік: қазіргі заманғы қазақ әдебиеті мен қазақ тілінің негізгі мәселелері осы ма, қазіргі тұрмысымыздың өте қажетті, кезекті міндеті осы ма? Бұл жолдастар мынадай даусыз фактыны елемей отыр: қазақтың жазба әдебиеті, қазақтың мемлекеттік әдеби тілі шынында Ұлы Октябрь Социалистік революциясынан кейін туып, өркендеді».

Бұл пікірлер алдағы уақытта әшкереленетін панисламизм, пантүркизм, әдебиеттің тапсыздығы, фольклор мен эпос туралы «ұйымдастырылатын тақырыптарға» көрсетілген нұсқау болатын. Бір таңданарлығы, осы «панисламизм мен пантүркизмнің» идеологтарының қатарына І.Кеңесбаевтің пікір иесі ретінде қосылып кетуінде. Әдетте, ол кісінің ашық және құпия майдандағы «қаракеттері» қарсы жақтан табылатын.

С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин (жалғасы): «Өте сауатсыз жазылған диссертациялық еңбектің бірі – Ә.Қоңыратбаевтің «Лироэпос» («Ғашықтық жыры») деген еңбегі. Диссертант өзінің еңбегінде қорытылмаған шикі материалдарды жинай берген, осы мағынада бұл еңбекті ғылыми еңбек деп атауға болмайды. Қоңыратбаевтың диссертациясы идеясыздықтың, бисаясаттықтың, бипартиялықтың үлгісі болып табылады. Қоңыратбаев жолдас өзінің еңбегінде көрінеу саяси қателер жіберген. Ол маркстік методологияны қолданудың орнына, бір кездерде буржуазияшыл ұлтшылдардың қатарында болып, солардың идеологиясын насихаттаған кейбір совет әдебиетшілерінің теріс, қате, зиянды пікірлерін қолдаған, саяси сезім дегеннен айырылғандықтан, автор буржуазиялық-ұлтшылдық былықтарды тарихқа енгізуге тырысқан. Сонсын, өзінің еңбегінде автор адамзат тарихының қоғамында болған өндірістік қатынастардың негізгі түрлерін шатастырып, қазақ өмірінде «бақташылар қоғамы», «көшпелі қоғам», «бектік қоғам» және осы сияқты ерекше қоғамдар болған деп былжырайды».

Алдындағы ағаларының барлығы халық жауы атанған Әуелбек Қоңыратбаевты басына сөйлеуі оңтайлы тәсіл. Бірақ «кімнің былжырағанын» тарих өзгеше көрсетіп берді.

С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин (жалғасы): «Б.Кенжебаев жолдастың «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ақындығы» деген еңбегі де қатеден сау емес. Кенжебаев жолдастың диссертациясында революциядан бұрынғы қазақ ауылындағы таптық жіктелу жоққа шығарылған, осының салдарынан ол ХХ ғасырдың басындағы бірсыпыра әдебиет өкілдерін жалпы ұлттық, жалпы халықтық қайраткерлер есебінде сипаттайды. Шығармасында талай қайшылықтар кездесетін демократ ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровты автор диалектикалық материализм позициясындағы, ғылыми коммунизмді таныған философ деп есептейді. Бұл, әрине, Торайғыровтың шығармаларын тым асыра бағалау болып табылады. Осындай бірсыпыра қателері бар диссертациялық еңбектердің жақсы бағалануы ғылыми қызметкерлер арасында принциптік сынның жоқтығын, қайта шірік либерализмнің бар екенін көрсетеді».

Иә, «шірік либерализм» мен «вульгарлық социалогизмнің» бірін-бірі жақтыра қоюы мүмкін емес. Ал өз дегенінен қайтпайтын Б.Кенжебаев араға бес жыл өткен соң Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық мұраларын әдебиет тарихына қайта енгізді.

С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин (жалғасы): «Тіл және әдебиет институтында ғылыми кадрлардың мамандығын арттыру ісі жолға қойылмаған. Институтың қызметкерлігіне немесе аспиранттығына кездейсоқ адамдар алынған. Институттағы ғылыми қызметкерлер мен аспиранттардың жалпы білім дәрежесі төмен, олардың бірде-бірі большевизм теориясы мен тарихын шындап үйреніп жүрген жоқ. Бекбергенов, Тәжібаев, Тұрысбекова, Нұрмағамбетова және басқалар сияқты көп аспиранттар марксизм-ленинизм негіздері мен ағымдағы саясаты жөнінен әліп-би мәселелерді де айыра алмайды... Филология ғылымдарының кандидаттары Шалабаев, Қоңыратбаев, Нұртазин сияқты институттың бірсыпыра басты қызметкерлері Сталин жолдастың шығармаларының бір томымен де таныс емес. Олар Маркстің: «Ғылымда даңғыл жол жоқ, кім де кім жалықпастан ғылымның тасты соқпақтарына түсіп тырмысса, тек сондай адам ғана ғылымның сәулелі шыңына жете алады»,– деген данышпандық нұсқауын ұмытқан. Олардың мұны ұмытқан себебі – институтта бипартиялық, идеясыздық күшті болған, бірінің қатесін бірі көрсетпей, кемшілікті жасыра түсу жұмыстың стиліне айналып, кейбіреулердің еңбексіз ғалымдыққа жетуіне жол ашылған».

Тағы да бақастық үшін емес, енді сөз жарыстыру үшін бір сауал қоюға тура келіп тұр. Мұндағы сыпыра сиырып, бисаясаткерлерді әшкерелеуді – партиялық тапсырма мен коммунистік қырағылыққа жатқызуға болады. Дегенмен де, осы үш автордың ішінде Т.Нұртазинмен білім жарыстыратындай оқымыстының жоғы анық. Сонда, «еңбексіз ғалымдыққа жеткен кейбіреулердің» жетесіне жетесі жетпеген С.Бәйішев қандай еңбегімен академиктікке қол жеткізді? Осындай «тісі қайралған» еңбектерімен бе, әлде саяси экономика саласындағы қисындырылған қисынсыз теориялық насихаттары ма? Егерде қағида ретінде зорлап жүзеге асырылған сол қисындар орынды болса, онда кеңес идеологиясы мен экономикасы неге тоқырауға ұшырады? «Еңбексіз ғалымдар» өздерінің «саяси ғылымын» дәлелдеу мақсатында кәдімгі әдеп сақтаудың өзін «ар санаған». Оған қазақ әйелдерінің арасындағы алғашқы сыни көркем ойдың иесі атанған, өзі де сөзі алаш идеясының аруына лайық, ер-азаматтың намысын алып берген қызды дүниеге келтіргені үшін де әел қамын ойлаған азаматтың» құрметтеуі тиіс кейуанаға қатысты мына пікір дәлел.

С.Бәйішев, Қ.Шәріпов, А.Қайыргелдин (жалғасы): «Осындай ғалымдардың бірі Ә. Маметова өзінің «Қазақтың шешен билерінің сөздері» деген диссертациялық еңбегінде халық мұңын қорғаған бір бидің сөзі еді деп мынаны айтады: «Ауыл құты – бәйбіше, ру құты – ақсақал, аймақ құты – би, ұлт құты – хан». Институттың басшылары мен оппоненттер Маметова жолдастың еңбегін мақтағанда, осы былығын көре тұрып мақтады ма екен! Өзінің тарихи дамуында талай заманды артта қалдырып, Советтік Отанымыздың саясында өсіп өркендеген қазақ халқына керегі – бұрынғының әдет-ғұрпы мен салт-санасы емес, бүгінгі күннің тіршілік мұқтажы екендігі Тіл және әдебиет институтындағы жолдастарға түсінікті емес пе екен!»

Қазақ ұлтының рухани мұраларының ғылыми тұрғыдан байыпты зерттелуінің қажеттілігі Тіл және әдебиет институтының ғалымдарына түсінікті болатын. Түсініксіздігі, Кеңес Одағының Батыры атанған Мәншүк Мәметова сияқты:

«Советтік Отанның саясында өсіп өркендеген, бұрынғының әдет-ғұрпы мен салт-санасын емес, қазақ халқына керекті –бүгінгі күннің тіршілік мұқтажын»,– арудың анасын идеологиялық арандатуы.

Әкесінің «халық жауы» емес, «халықтың досы» екенін дәлелдеу үшін майданға аттанған намысты қызды тәрбиелеген, жиырмасыншы жылдары қазақ әдебиетінің тарихы туралы Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ы.Мұстамбаев, Қ.Кемеңгеров, М.Әуезов, С.Мұқановпен пікір салыстырған Әмина Мәметкелінінің сол дұрыс ниетін:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет