Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Дариға, кешегі өткен әкем Шыңғыс



бет170/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

Дариға, кешегі өткен әкем Шыңғыс,

Ер еді-ау Күншығыстан шыққан тұнғыш (?).

Әлемді алқымға алып, айғай салып.

Жалғанды етіп еді-ау жалғыз уыс!

«Бұл менің сөзім емес, Жошының сөзі»,– деп таласар автор. Біздіңше, бұл автордың сөзі. Жошыға осыны айтқызып отырған автор. Ал, авторға мұндай сөздің неге керегі болды? Автордың мұндағы айтайын деп (айтып та) отырғаны: «Шыңғыс қазақ хандарының, яғни, бүкіл қазақтың әкесі еді. Ол біздің шығыстан шыққан тұнғыш ер еді»,– деу. Шыңғыстың «Әлемді алқымға алып», «жалғанда жалғыз уыс» еткеніне автор өте сүйсінеді.

Бұл жерде автор тарихи шындықтың өңін айналдырып жібергені былай тұрсын, тіпті, саяси қате ұғым тудырады. Қанды шеңгел; «Шыңғыс сенің әкең еді»,– деп халқымыздың тарихын кірлейді, жала жабады. Бекхожиннің бұл саяси қате пікірі оның екінші поэмасы «Батыр Науанда» да қайталанады.

Бұл поэмада Кенесары мен Наурызбай әңгіме болады. Әңгіме болғанда Кенесары мен Наурызбайдың тарихында болмаған, болған күнде де айтуға тұрмайтын бір ұшқалақ оқиға баяндалады. Күндердің бір күнінде Кенесарының құлағына мынадай бір сыбыс жетеді: пәлен деген ауылға орыстың бір офицері келіпті. Сол офицер қазақтың бір қызымен көңіл қосыпты-мыс. Бұл хабарға, автордың айтуынша, Кенесары қатты назаланады. «Дереу қызды өлтіріп, офицерді менің алдыма айдап алып кел»,– деп Кенесары Наурызбайға әмір етеді. Наурызбай Кененің айтқанын екі қылмай орындайды. Офицерді бірнеше күндік жерге жаяу айдайды, аттың баурына алып, ұрып-сабайды, арқандап таңады, терекке байлап қояды. Қысқасы, автор жазықсыз офицерге көрмегенді көрсеттіреді.

Ал, осындай сөлекет оқиғаның Бекхожинге неге керегі болды? Мұнымен не айтпақ болды? Бұл сұраққа жауапты Бекхожиннің өзінен естиміз:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет