Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, біркелкі болып қолданылуы. Үндестік заңының 2 түрі бар: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
67-тапсырма. Үндестік заңы деген не? Мысал келтіріңіздер.
68-тапсырма. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар араласып келген сөздерді жазыңыздар.
Үлгі: Астан-кестен (қос сөз)
Екібастұз (біріккен сөз)
\ Алгебра (басқа тілден енген сөз)
69-тапсырма. Үндестік заңының түрлерін айтыңыздар. Мысал келтіріңіздер.
70-тапсырма. Төмендегі мәтіннен сөздерге қосымшалардың жалғану ерекшелігін айтыңыздар.
Жиналған жұрт, театр келгеннен бері талай қойылымды көріп, ләззаттанған жұрт пьеса авторын, оны қойған режиссерді, бас рөлдерде ойнайтын Күләш, Құрманбек, Қанабектерді сахнаға шақырды.
– Міне, бұлар – республиканың халық әртістері, пьесадағы көркемөнердің жаршысы.
71-тапсырма. Соңғы буында ә, я және ю дыбысы бар, х дыбысы және ог, рк, рг, ск, нк, лк, нг, нкт, кт, зд сияқты дыбыстар тіркесінен аяқталған сөздерге қандай қосымшалар жалғанады? Мысалдармен дәлелдеңіздер. Үлгі: педагог, киоск, банк, ринг, пункт, факт, подъезд т.б.
72-тапсырма. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар араласып келетін сөздерге мысал жазыңыздар.
73-тапсырма. Тек жіңішке қосымша жалғанатын дыбыстар тіркесін жазып, мысал келтіріңіздер.
74-тапсырма. Отан туралы мақал-мәтелдер жазып, олардың мағынасын түсіндіріңіздер
75-тапсырма. Буындарға, дыбыстарға байланысты үндестік заңын қайталай отырып, көркем әдебиеттен мысал келтіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |