Тұрсынова Г. Т



бет13/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   180

Буын үндестігі




Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.

Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді.

Буын үндестігі сөз бен қосымша арасында да сақталады. Яғни, сөзге жалғанатын қосымша сөздің соңғы буынының жуан – жіңішкелігіне қарай жуан не жіңішке жалғанады.

76-тапсырма. Буын үндестігі туралы айт және төмендегі сөздерді буынға бөліңіздер.

Жарнама, алма, тау, құлын, жұлдыз, әке-шеше.



77-тапсырма. Жуан буынды сөзді бір бөлек, жіңішке буынды сөзді бір бөлек, аралас буынды сөзді бір бөлек жаз және мысал келтіріңіздер.

Аймақ, жұмыс, Кішітау, бүйір, Жезқазған, геометриялық, қазіргі, сал-сері, географияда, солтүстік, оңтүстік, кездесулер, қыз-келіншек.



78-тапсырма. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жазып, мысал келтіріңіздер.

79-тапсырма. Төмендегі сөздерден буын құрайтын дыбыстардың астын сызыңыздар.

Кезекшілер, тауға, аспан, көкпен, жазық, арыстан, аққу, айна, еңбекші, жылқы, күздеу, күлкі.



80-тапсырма. Төмендегі сөздерден буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды табыңыздар.

Университеттің, жүрекпен, түнімен, асхана, бейнет, сіңілімдікі, бикеш, арызқой, жалақор.



81-тапсырма. Мәтіннен буын түрлеріне мысал келтіріңіздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет