Тұрсынова Г. Т



бет88/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Салалас құрмалас сөйлем


Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде салаласа байланысады.



Құрамындағы жай сөйлемдері екі жолмен байланысады:

Құрамындағы жай сөйлемдері көбіне жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.

Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы байланысады.

Салалас құрмалас сөйлемнің алты түрі бар:





Түрі



Ереже

Құрамындағы жай сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтар



Мысал



Ыңғайлас

Бір-біріне жақын болған оқиғаларды білдіреді.

Және, әрі, да,де, та,те

Далада жел соғып тұр, әрі сіркіреп жаңбыр жауып тұр.



Қарсылықты

Жай сөйлемдерінің мағыналары бірбіріне қарамақарсы болып келеді.

Бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе де, әйтсе де, алайда

Есікті жауып қойған, сонда да ол ішке кіруден үмітін үзген жоқ.

Себеп-салдар

Жай сөйлемдерінің бірі екіншісінің себебін білдіреді.

Өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін

Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды.

Кезектес

Іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдіреді.

Бірде, біресе, кейде

Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүріп алады.

Талғаулы

Жай сөйлемдерінде айтылған ісәрекеттің біреуі ғана орындалады.

Не, немесе, әлде, я, яки, әйтпесе, не болмаса

Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруханаға бару керек.

Түсіндірмелі

Соңғы сөйлемі алдыңғы сөйлемнің мағынасын түсіндіріп тұрады.

Жалғаулығы жоқ

Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды.

332-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің екінші сыңарын өздеріңіз ойлап тауып, салалас құрмаласқа айналдырып жазыңыздар.

Үлгі: Еңбектің наны тәтті, ... (Жалқаудың жаны тәтті.)



Салалас құрмалас: еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Бірыңғай мүшелі жай сөйлем: Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті.

1. Еңбек ерлікке жеткізер, .... 2. Көз қорқақ, .... 3. Еңбек түбі – береке, ... 4. Қоянды қамыс өлтіреді, ... 5. Көп қорқытады, .... 6. Жалғыздың үні шықпас, ... 7. Атаның баласы болма, ... 8. Ат аяғынан семірер, .... 9. Ұста пышаққа жарымас, ... 10. Ата көрген – оқ жонар, ... 11. Білекті бірді жығар, ... 12. Қына тасқа бітеді, ... 13. Көп жасаған білмейді, ... 14. Оқу – білім азығы, ... 15. Шебердің қолы ортақ, ....



333-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерге ойларыңнан қарама-қарсы мәнді жай сөйлем ойлап жазып, қарсылықты салалас құраңыздар.

Жел саябырлаған сияқты, .... Теңіз тынышталды, .... Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс емес екен, .... Бұрын бай еді, .... Көп балалы үйдің шаңшұңы көп болушы еді, .... Жаз ортасы болып қалды, .....



334-тапсырма. Қайсысы ыңғайлас салалас, қайсысы себеп-салдар салалас, қайсысы қарсылықты салалас екенін табыңыздар. Әрбір салалас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу жолын түсіндіріңіздер.

Мұғалімнің жұмысында қиындықтар өте көп және мұғалімнің жауаптылығы да өте зор. Адамдарға мұғалімнің еткен әсері мәңгі қалып қояды, сондықтан да мұғалім өзін-өзі бақылай жүруге тиіс... Түсінен шошынып, дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да көретіні – қазып жатқан көр болады. Құдайдың қаһарынан жалбарынып құтылуға болады, халықтың қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды.



335-тапсырма. Түсіндірмелі салаластың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер. Тыныс белгісінің қойылу себебін айтыңыздар.

Опасыз адам жел сияқты: алдыңда құдық барда артыңнан итереді. Келіннің үш күйеуі болады: алғашқы күйеуі – алтын елі, екінші күйеуі – арнамысы, соңғы күйеуі – алған жары. Оның қорыққандығы сондай – не айтып, не қойғанын білген жоқ. Өтірік сөз жарақат сияқты: жазылса да орны қалады. Өзі сақ кісінің, ісі де сақ: жарамас іске жуымас. Үш нәрсе тұрақтамайды: бірі – саудаға түспеген мал, екіншісі – таласқа түспеген ғылым, үшіншісі – саясаты жоқ патша.



336-тапсырма. Мына сөздерді бастауыш етіп, салалас құрмалас сөйлемдер құрап жазыңыздар.

Үлгі: Күн, жаңбыр – Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жауған жоқ. Күн бұлттанды – жаңбыр жауған жоқ.

Дала егін; университет, кітапхана; өзен, балық; көл, қайық; студент, кітап; орман, отын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет