Етістіктің райлары орындаушының іс-қимылға байланысты ой-пікірін, қатынасын білдіреді. Етістіктің 4 рай түрі бар:
|
Ереже
|
Жасалу жолы
|
Ашық рай
|
Іс-қимылдың қай шақта екенін білдіреді.
|
Үш шақтың жасалу жолдары арқылы.
|
Бұйрық рай
|
Іс-қимылдың бұйыру, талап ету, өтіну ретінде айтылу мағынасын білдіреді.
|
Етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы. (Мен бар-айын
Сен бар
Сіз бар-ыңыз
Ол бар-сын)
|
Шартты рай
|
Іс-қимылдың орындалу-орындалмау шартын білдіреді.
|
Етістік + (-са,-се) +жіктік жалғауы. (Күн ашық бол-са, тауға шығамыз.)
|
Қалау рай
|
Қалау, тілекті
білдіреді
|
Етістік + (-ғы, -гі,-
қы,-кі) +тәуелдік жалғауы / кел
етістігі.(біздің сабақ оқығы-мыз келеді.)
|
258-тапсырма. М.Қашқаридің сөздерін есте ұстаңыздар. Көшіріп жазып, бұйрық райлы етістіктердің астын сызыңыздар.
Егер саған қиын күндер туса, қатыгездік басқа түссе, оны өтпелі қиындық, өтіп кетеді деп сабыр сақта. Тағдырдың ісін, уақыттың сыңайын түсініп, солай болатындығын біліп тұр. Соған сөйтіп қарсы тұр, мойыма. Кез келген қиындық, бейнетке бола қайғырып, қасірет шегіп, өзіңді жасытпа, қиындыққа бой алдырма.
Білімді (ғалым) адамға жолықсаң, оған күнде барып, өнер білген, үйренгін, кербез тәкаппарлықты қойғын, пейіл беріп, бойсұнып, мүләйім көңілмен табынғын.
Айламен арыстан тұтылар, күшпен тышқан да тұтылмас. Түйе мініп, қой арасына жасырынбас. Су бермеске, сүт бер. Адам көкке түкірсе, өзінің жүзіне түсер. Құс тұзаққа жем үшін ілінер. (М.Қашқари)
259-тапсырма. Батаны жаттап алыңыздар. Етістіктердің бұйрық райда тұрғанын дәлелдеңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |