Мазмұны Түсіндірме жазба _______________________________________________4
Оқу пәнінің жоспарланған нәтижесі _______________________________5
Пәннің тақырыптық жоспары және мазмұны _______________________6
Пәннің тақырыптық жоспары_____________________________________6
Пәннің оқу бағдарламасының мазмұны ____________________________7
Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау ______________________9
Әдебиеттер және оқу құралдардың тізбесі ________________________17
Түсіндірме жазба
Ұсынылған жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына (ҚР үкіметінің 23.08.2012 ж. №1080 қаулысы) сай әзірленді. Жалпы көлемі – 36 сағат, барлығы теориялық.
Баағдарламаның мақсаты – философиялық білімнің базалық құндылық құрылымын – адам мен қоғам өміріндегі ролін, адамның әлемге деген танымдық қатынасын, әлемнің ғылыми және діни көрінісін философиялық негізде оқыту, адам өмірінің мәні мен мағынасын көрсету, философияның типтері арқылы білім алушылардың мәдениетінің құрылымы мен дамуына көмектесу, тез өзгеретін қарама-қайшылықты әлемде құндылықтарды бағалауға үйрету. Пәнді оқытудың міндеттері:
-философиялық тұжырымдамалар мен заңдылықтарды қалыптастыру;
-философиялық білімнің дамуының маңызды кезеңдерін, оның мектеп бағыттарын, тұжырымдамалар көздерін еңгізу маңызын оқып үйрету;
-әлемді тану, дін мен ғылыми таным, антропология мен философия арасындағы байланыстарды анықтау;
-өркениттің дамуымен байланысты әлеуметтік және этникалық мәселелерді, ғылым мен техниканың рөлін түсіну;
-замануи қоғамда адам өміріне қажетті философиялық шешу мен жалпы бағдарға қажетті ойлау қасиеттерін қалыптастыру;
-адам құндылығын рухани, биологиялық және әлеуметтік қарым-қатынас мағынасын білуге үйрету;
-табиғат пен адамның философиялық көзқарасын талдау;
-философиялық жоғары моральдік сапаларды, белсенді азаматтық ұстанымдар мен патриоттық сезімді қалыптастыру;
-этникалық, толерантталық пен тұлғааралық қарым-қатынастарды құрметтеу;
-адам құқықтары мен еркіндігін, философиялық құндылықтардың маңыздылығын бағалау қабілеті.